Диссоциациялану дәрежесі - диссоциацияланған молекулалар саны-
ның жалпы еріген молекулалар санына қатынасы.
Еріткіш – ішінде еріген зат молекула, не тіпті ион түрінде біркелкі болып араласатын орта.
Ерітінді – ең кемі екі компоненттен тұратын біртекті жүйе.
Ерітіндінің концентрациясы – ерітіндінің белгілі көлем не салмақ бірлігіндегі еріген заттың мөлшері.
Индикатор – сутек иондарының концентрациясына қарай өз түсін өзгертіп, ерітіндінің қышқыл, бейтарап, не сілтілік екенін көрсететін арнаулы реактивтер.
Калориметр – физикалық не химиялық процесте бөлініп шығатын немесе сіңірілетін жылудың мөлшерін өлшейтін құрал.
Катализ – катализатордың әсерінен реакция жылдамдығы өзгеретін процесс.
Катализатор – реакцияның жылдамдығын өзгертіп, бірақ реакция нәтижесінде өздері химиялық өзгермей қалатын заттар.
Катод – тотықсыздану процесі жүретін электрод.
Достарыңызбен бөлісу: |