Пәннің оқу-әдістемелік кешені 6В07366 (5В073000) -Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру мамандығының Жұмыс оқу бағдарламасы негізінде дайындалған


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет27/130
Дата12.09.2020
өлшемі0,75 Mb.
#78033
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   130
Байланысты:
умк псм-18-1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қоркыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Иненжерлі-технологиялық институты

Экология және химиялық технологиялар кафедрасы

Дәрістердің қысқаша мазмұны
КМН 2205 «Құрылыс материалдар химиясы»
«6В07366 (5В073000) – Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру» мамандығына арналған




Қызылорда

6. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

Дәріс №1 Тақырыбы: Физикалық химия

Мақсаты: физикалық химияның жалпы теориялық және практикалық мәнін түсіндіру

Терминдер: физикалық химия, фазалық тепе –теңдіктер

Жоспары:

1.Физикалық химия, жалпы теориялық және практикалық мәні.

2.Физикалық химияның технологиялық процестердегі ролі.

Физикалық химия- химия мен физиканың арасындағы аралық ғылым. Ол химиялық реакциялардың, олармен қоса жүретін физикалық құбылыстарын заңдылықтарын зерттейді. Соңғы кездерде физикалық химия, биохимия, биофизика, геохимия, геофизика т.б сияқты аралық ғылымдар тез дамып, көптеген қызықты ғылыми және іс-тәжірибелік мәліметтер жинақталуда. Физикалық химия заттың құрылысын, химиялық процестердің жүйедегі тепе-теңдік жағдайы мен олардың бір күйден екінші күйге ауысу мүмкіндігін, химиялық реакция жылдамдығының уақытқа байланысты өзгеруін, электрлік және химиялық энергиялардың өзара ауысу заңдылықтары сияқты мәселелерді қарастырады.

Физикалық химия тұжырымдаған заңдылықтар мен оның әдістері ғылымның барлық салаларында дерлік қолданылады. Ол физикалық химияның жалпы ғылымдық мәнін көрсетеді. Физикалық химия заттардың құрамы мен қасиеттерінің арасындағы байланыстарды зерттей отырып, әр түрлі физикалық- химиялық әдістерін жасады. Олар болса әдеттегі химиялық талдауды жылдан –жылға ығыстыруда. Физикалық химияда теориялықта, тәжірибелікте әдістер қолданылады. Тәжірибие мәліметтерін талдауда және хһимиялық реакциялар. Мәліметтерін жинақтап қорытуда физикалық үш түрлі: термодинамикалық, статистикалық және кванттық- механикалық тәсілдері қолданылады.

Термодинамикалық тәсіл әр түрлі энергияның өзара байланысы мен түрленулерін тұжырымдайтын термодинамикалық заңдарға негізделген. Бұл тәсіл заттарын түрленуі кезіндегі энергияларды есептеуде химиялық тепе- теңдікті есептеуде қолданылады.

Статистикалық тәсіл заттардың макроскопиялық қасиеттерін молекулалардың микроскопиялық қасиеттерімен байланыстыратын заттардың молекулалық табиғаты туралы ілімге негізделген. Бұл мақсатпен көбінде ықтималдылық теориясы қолданылады.

Кванттық- механикалық тәсіл энергияның ауысуы тек белгілі бір мөлшерде (квант күйінде) болады деген тұжырымға негізделген. Бұл тәсіл жылусыйымдылығын зерттеуде атом құрылысының сандық теориясын жасауда спектр туралы ілімде, фотоэлекторлық құбылыстарды түсіндіруде және т.б өте тиімді.Қазіргі кезде физикалық химиялық заңдылықтары мен әдістері қолданылмайтын ғылым мен тәжірибе алмасудың бірде-бір саласы жоқ джесе де болады.Физикалық химияда - заттардың агрегаттық күйлері(газ, сұйық, қатты денелер), олардың қасиеттері мен жалпы сипаттамалары қрастырылады. Химилық термодинамикада энергия түрленуі туралы, химиялық процестердің жылу эффектісі жөнінде айтылады. Мұнда көптеген оқулықтардағы сияқты тек термодинамиканың бірінші, екінші заңдары ғана емес, оған қоса термодинамиканың нөлінші үшінші заңдары да көрсетілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет