ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Астрономия» «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет4/4
Дата28.01.2018
өлшемі0,87 Mb.
#34714
1   2   3   4

10.Тақырып:Галактика. Құсжолы.

10.1Галактика құрылымы

10.2Құсжолы-Галактика

10.3 Галактиканың спиральды құрылымы

Құсжолы-күндізгі іңірде шайдай ашық аспанға қарасақ оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып, тас төбемізді баса өткен бозарған қылаң жолақты көреміз. Ел мұны «Құсжол» не «Тырнажолы» дейді.

Ашык далада көп жүретін малшылар Құсжолын бақылап. оның орналасуының күрделі сипатын пайымдап, оны жер тараптарын айыру үшін пайдаланылады. Құсжолының керемет терең, зәулім ірі сырлары бар. Сол туралы баяндалады. Қазақ халқының бақылауына қарағанда Құсжолы күзге карай іңірде калай болып көрінсе. жазғытұрым таң алдында дәл сондай болып аспанда қак жарс қайтқан (не келетін) жыл құстарының ұшатын жолымен созыла көрінеді. Құстың екі ұшатын уақытында осылай орналасады. Ал кысты күні іңірде қиғаш тұрады, бір басы батысқа, екінші басы шығысқа қарап тұрады. Күн кысқа қарай бұрылғанда ол да бұрылады деп Құсжолының айналып тұратынын бақылаушылар тапжылтпай айтып береді.

Жаратылыстың неше түрл: қызық кұбылыстарыньң ішінде, әсіресе адамды таң калдыратындарының бірі- жыл құстарының қанша мың километр жер адаспай ұшып мекендерін тауып алуы.

Мал баққан шаруа адамдары жылқышылар, бақташылар, түңгі мал күзететін адамдар т.б. аспандағы жұлдыздар мен қабат Құсжолын да көп бакылап, оның орналасуын жыл кұстарының келіп, қайтуымен байланыстырады. Құстарды адастырмайтын аспанда жол бар, ол құсжолы мұнар тәріздес, тасжол мензелд ес «кұс соқпағы» «жыл кұстары соны сабақтап адаспай ұшады да отырады», -дейді казак малшылары.

Жыл құстары: коңыр қаз, аққу, қараша қаз, тырна, үйрек бәрі түнде қайтады, келгенде де түнғатып келетін көрінеді. Бір сөзбен көл құстарының кайсысы болса да қараңғы түнде, жауында да түнғатып қайтады. Тырна қиқу салып, шулап түнде де қайтатын көрінеді, сондықтан құсжолының «Тырнажолы» деп аталуы да содан көрінеді. Малшылардың айтуына қарағанда аққу құстың төресі, аққу түнде ұшқанда оның басшысы анда-санда қиқу салады. Аққудың дауысы қандай әйбәт: кеу-кеу дегені түйенің ботасының боздағанындай және құс көктемде келгенде екі екіден жүреді, ал қайтарда топтасып ұшады. Үйрек түнімен ұшады, ал кей құстар көз байланғанша ұшып, қонақтайды дейді оны бақылаушылар. Көкшымшық пен сарышымшық тырнаның, қарлығаштың, дуадуақтың аркасына мініп кайтады дейді елдің айтуына қарағанда.Бақылаушылардың Құсжолын ағарған, бозарған, қылан, шаы ... жол деп түстеп, оны тас жолға, аэропланның түтініне, бұлтқа ұқсатуы, бәрі де жобаға келеді.

Құсжолының құрылысы жайындағы малшылардын айтқаны негізінде ғылыми деректермен үйлеседі. Қазақ халқы Құсжолы дейтін қыаң жол ғылым тілінде Галактика деп аталады. Сөз түбірі грекше gа1а сүт деген. Ағарған жол сүт түстес болғандықтан ертедегі аспанды бақылаушылар оған «Сүт дөңгелек» орыс тілінде «Млечный путь» деп ат қойған. Құсжолының керемет терең, зәулім ірі сырлары бар.

Құсжолы дегеніміз-әлемнің бір тұрған бөлігінің арқауы,Құсжолын зерттеу астрономдар үшін ең ұлы, ең өрелі мәселенің бірі. Ғалымдар оның күрделі құрылысын талай мың жылдар бойы тексеріп келеді. Біздің эрамызға дейінгі бесінші ғасырда гректің кемеңгер ғалымы Демокрит аспандағы қылаң жол тұтасып көрінетін көп жүлдыздыр деп топшалаған. Италия ғалымы Г.Галилей 1609 жылы өзі қолдан жасаған дүрбісін (телескоп) Құсжолына бағыттап, шынында, оның жеке-жеке жұлдыздардан тұратынын айырып көріп, Демокриттің жорамалынын дұрыстығына көз жеткізді. Осы кездегі алып телескоптар арқылы түсірілген фотографиядан көк белдеулеген бозарған жолақ, қабаттасып көрінетін алып жұлдыздардың жиынтығы екені анық көрінеді. VIII ғасырдың аяғына, ағылшын астрономы Вильям Гершель өзі жасаған Обьективтің диаметрі 120 сантиметрлік айналы телескоп арқылы аспанда шаршылап, бөліп-бөліп қарап, телескоп өрісінен әрбір 15 минут сайын көрінетін жұлдыздарды есептеп бүкіл аспандағы жұлдыздардың дені осы құсжолы болатындығына көз жеткізеді. Осындай жүргізілген бақылаулар нәтижесінде В.Гершель мынадай қорытындыға келді: Құсжолы әрқайсысы біздің Күн катарлас жүз миллиардтан аста керемет үлкен жұлдыздыр жүйесі (системасы), оны Галактика деп атады, көрінетіндігін тұңғыш рет дәлелдеп айтты. В.Гершельдің жұлдыздар есебі бойынша, жұлдыздардың басым көпшілігі Галактиканың жалпақ жазықтығына жиіленіп орналасады, жерден караған бақылаушыға бүкіл аспанды қоршаған қылан жол (Құсжолы) ретінде алынады. В.Гершель біздің галактиканын сырттан қарағандағы формасы орасан үлкен полюстері жағынан сығылыңқы денеге ұқсас деп жорамалдады (үлкен дөңгелек сығылыңқы нан формасы тәріздес). В.Гершель Галактикадағы біздің Күннің орны оның центрінде деп жорамалдаған болды. В.Гершель зерттеулерінен жүз жылдан соң, әріқарайғы астрономдардың Галактика құрылысын, формасын зерттеу нәтижелері, Галактика құрылысының шынында да Гершель көрсеткеннен гөрі күрделі екендігін көрсетті және оның формасы да өзгешелеу болатындығы аныкталды. Қазіргі кездегі көзқарас бойынша біз Галактика дегенде ішіне Күн кіретін Құсжолының жүлдыздар жинтығын, онда жүз миллиардтан астам: дара, қос, еселік жұлдыздар, айналасына планеталары бар және бұған қоса жұлдыздар шоғырлары (бытыраңқы және шар тәрізді тұмандықтар (қоңыр және қылаң) мен жұлдыздар арасындағы тығыздығы өте аз материалдық ортадан тұрады. Ал формасына келетін болсақ, біздің Галактиканың сырттай қырынан қарағанда қазақтың жібі толған ұршығына үқсайды. Жіп толған дәл ортасында Галактика ядросы (центрі) бар, ол тек ғана жүлдыздардан шоғырланған. Галактиканың сызықтық мөлшерін ұршыктың бір басы мен екінші басының ақикатында сондай қарайған жерлер аржақтағы жұлдыздарды перделеп тұратын, ересек қалың газ-тозан тұмандыктар болып шықты. Галактикадағы мұндай қоңыр тұмандықтардың саны жүз миллион деуге болады.

Акқу шоқжұлдызынан бастап Құсжолы тармақталып, екі айырылып кетеді де (міне осындай екі айыр тұмандықтар бар), оңтүстік аспандағы Центавр шоқжұлдызына жеткенде қайта бірігеді. Құсжолының оңтүстік жак басы («таусылар аяғы») өте жарык. Мерген деп аталатын лек жүлдыздардын ішіндегі осы жарығырақ жерде, астрономдардың анықтауы бойынша, Галактиканың кіндігі (ядросы) бар. Совет ғалымдары инфракызыл сәуле арқылы ядроның фотосуретін де түсіріп алды. Барлык жұлдыз жүйесі (Құсжолы) , оның ішінде біздің Күн де Галактиканың ядросын айнала қозғалады. Бұл жұлдыздардың қозғалысын сараптап есептеу жолымен дәйектелді. Біздің Күн Галактикамен бірге Галактика центрін секундына 250 км жылдамдықпен айналады. Бір айналымды 200 миллион жылда жасайды- бұл галактикалық жыл деп аталады. Мұнымен бірге Күн Геркулес шоқжүлдызына қарай секундына 20 км/с жылдамдықпен қозғалады. Біздің Галактиканың массасы былай анықталады. Мөлшермен (Күн сияқты жұлдыздар саны 100 миллиардтай деп есептегенде) 2* 1О33 грамм.х 100 млрд.=2*1044 грамм Галактика ядросы ылғи ғана жұлдыздардан тұрады. Мәнерлеп айтқанда, күллі жұлдыздарды ыдыратпай тартып ұстап тұратын, сол ядроны дүниенің «тұтқасы» деуге болар еді. Біздің шексіз әлемде осы біздің Галактикадай дүниелер сансыз көп екен. Олардың әрқайсысында ядро бар.

Ұлы Әлем тек біздің Галактикамен түгесілмейді. Күздігүні іңірде, ауа ашықта, айсыз қараңғыда аспанның шығыс жағына көз тастап, Андромеда шоқжұлдызындағы бета жұлдызынын маңына анықтап сүзіп қарасақ, құстың мамығы тәрізді титімдей бозғылт дақ байкалады. Астрономдар оны «Андромедадағы тұмандык» дейді. Телескоппен үлкейтіп. фотосуреттерін түсіріп алып қарағанда әлгі титімдей дак шамасы біздің Галактикадай, бізден (жерден) сегіз жүз жарық жалындай қияндағы өз алдына галактика екен. Онда да миллиардтаған жұлдыздар бар. Егжей-тегжейлі зерттеулер, бұл галактиканың құрылысы біздің галактиканың құрылысына ұқсас екендігін көрсетеді, тек сызықтык мөлшері жағынан бір жарым еседей үлкен.

Фотография тәсілімен мұқият зерттеп қарағанда Әлемдегі галактикалардың саны қазір жүз миллионнан асты. Телескоптың куаты артқан сайын сұмдық кашықтыктағы галактикалар ашылып келеді. Әлемдегі есепсіз көп галактикалардың жинағын астрономдар Метагалактика дейтін болды. Басқа сөзбен айтқанда Метагалактика қазіргі кездегі қуатты телескоптармен бақыланып, зерттеліп отырған Әлемнің бір бөлігі. Ал жалпы Әлем кеңістікте де, уақытта да шексіз. Адамзаттың Әлем тану саласындағы табыстары да ғаламат. Соның бірін осы арада еске түсіре кету орынды. Құдды жарық сияқты шапшаң тарайтын радиотолкындарын, адам аспаптар арқылы шығарып алып, оны катынас (радиокатынас) үшін пайдаланатын болды. Енді бір қызық нәрсе мынау: радиотолқындар бізге (жерге) Әлемдегі бағзыбір жұлдыздар мен тұмандықтардан да келіп тұрады екен. Оларды адам радиотелескоптармен түтып,(ұстап), ақтара тексеріп, Әлем туралы білімнің қорын молайтады. Дүниені танып білуде адам баласының білімінде шек жоқ. Бұған дәлел соңғы жылдарда Әлем зерттеу саласында ССРО-дағы істелген тамаша еңбектер толық айғак бола алады.

Енді неліктен құстардың Құсжолымен ұшатындығына тоқталайық. Онда қандай ғылыми деректер бар?

Құстарды адастырмайтын олардын жолбасшысы жер магнитизмі. Күннің орны, электр толқындары, деген әркім әртүрлі пікірлер үсынған. Бірақ кұстардың бағдарлау қабілетінің себебі қалай екені әзірше толық анықталмаған.

Құстарды адастырмайтын, малшылар айтқандай, аспандағы Құсжолы шығар деген пікірді жақтап, оның дәлелі есебінде мынадай жобаларды келтіріп көруге болады. Құсжолынын бойындағы калың жұлдыздар мен газ-тозаң материядан бізге радио сәулелері де, инфрақызыл, ультракүлгін, рентген сәулелері де келеді. Ондай сәулелер Галактиканың ядросы өте-мөте күшті шығарады. Құсжолының бойындағы Капелла маңында, Аққу шоқжұлдызының ішінде радиосәулелерді күшті тарата газ-тозаң шоғырлары бар екеніне соңғы жылдары радиотелескоптар ашып беріп отыр. Көзге көрінетін сәулелерден гөрі бұлар жүлдыздар арасындағы шашыранды газдардан және жер бетіндегі бұлттан жаксы өтеді. Құстардың қазіргі тор қабыршактарында жабысып тұратын сары және кызыл түсті май түйіріктері бар көрінеді. Бұлардың не үшін керек екендігі белгісіз. Мүмкін, әлгі түйіршіктер арқылы кұстар инфракызыл сәулелер мен радиосәулелері қабылдайтын шығар. Сайып келгенде сөз байламы былай. Кешкі кезден бастап әбден Күн көтерілгенше, яғни жыл кұстарының деген кауырт ұшатын кездерінде Құс жолы шыңында олардың (онтүстік терістік) жолына бейімделеді. Ендеше кұс жолының осы атырабынан шығатын инфрақызыл сәулелер кұстарға компас сияқты жуық бағдар бере алады. Осындай көктегі мен жердегіні септестіретін жоруды жасауға болады.

Су ішінде жүргенде көзінің төменгі жағымен, су бетінде жүргенде көзінің жоғарғы жағымен көретін балықтар бар екен. Ендеше құс көзінің ішінде де күндіз күн көретін, түнде инфрақызыл сәулелер мен радиосәулелерді (адам көзін көрінбейтін) тұтатын (ұстайтын) тетік бар шығар деп ойлауымыз қисынсыз емес қой.



3. ПӘНДІ ОҚУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

«Астрономия» пәні бойынша СОӨЖ өткізуге

арналған әдістемелік нұсқау

СОӨЖ жұмыстарын ұйымдастыру:



Студенттердің белгілі бір тақарыпта жасаған конспектісімен жұмыс жүргізулері.Жұмыс барысында оқытушы тақырып материалына қысқа шолу жасайды. Студентпен бірлесе отырып конспектіде жазылған формулалар, анықтамалар мен олардың физикалық мағанасы айқындалады. Сипатталған процестер мен құбылыстардың арасындағы логикалық байланыс нақтыланады.

- Студенттер орындаған лабораториялық жұмыстардың нәтижелерін,



өңдеу әдістерін талдау. Шамалардың физикалық мағанасын айқындау. Өлшеу нәтижелерін график арқылы көрсету. Алынған графиктер арқылы басқа физикуалық шамаларды өрнектеп, байланыстарын тағайындау.

- Студенттердің пәннің жеке тақырыптарды меңгеру нәтижелерін тексеру, яғни білімдерді бағалау (тест бақылау, жазбаша жұмыс).

- Компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану. Тақырыптарды меңгеру виртуаль компьютерлік демострациялар арқылы көрсетілетін электрондық оқулықтарды қолдану. Есептердің шығару жолдарын айқындайтын электрондық жетекшілірдің көмегін қолдану, яғну үйрету – көмекші программаларды пайдалану.

Студент СОӨЖ жұмыстарын орындау және өткізу графигіне сәйкес, әдебиеттер мен әдістемелік нұсқауларды қолданып, курстың жеке тақырыптары бойынша төмендегі тапсырмаларды орындайды:



1. Сфералық астрономия элемнттері. Астронмия пәні, қысқаша даму тарихы. Астрономия тараулары.. Астрономияның теориялық және танымдық мәні. Бақылаулар ролі.

2. . Уақытты өлшеу. Жұлдыздық және күндік уақыт. Орташа күн тәулігі, шын күн тәулігі. Уақыт тендеуі. Жергілікті, дүниежүзілік, белдеулік, декретті уақыттар. Уақыттың атомдық стандарты.

3.Күнтізбенің пайда болу және даму тарихы. Жаңа және ескі күнтізбе.Универсальды құрал. Географиялық координаттарды және күннің талтүс сызығының бағытталуын анықтаудың жуықтау әдістері.

4.Әлемнің құрылымы туралы көзқарастың дамуы. Күн жүйесінің кинематикасы.Астрономияның пайда болуы.Астрономияның ежелгі Грецияда дамуы. планеталар. Планеталардың көрнелік қозғалысы. Әлемнің Птолемей ұсынған геоцентрлік жүйесі. Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі.

5. Күн жүйесінің құрлысы,. Тәуліктік параллакс. Арақашықтықты анықтаудың радиолокациялық әдістемесі.Күн жүйесіндегі айдың өлшемін анықтау

6. Оптикалық телескоптар және олардың негізгі сипаттамалары.телескоп түрлері.Радиотелескоптар. Рогсон формуласы. Абсолютті жұлдыздық шамалар.

«Астрономия» пәні бойынша СӨЖ өткізуге арналған әдістемелік нұсқау

Студенттерге физикадан берілетін жеке үй тапсырмасы олардың осы пән бойынша орындайтын өзіндік жұмысының бір түрі болып табылады. Студентердің өзіндік жұмысы деп, олардың оқытушының тапсырмасымен және бақылауымен, бірақ оның қатысуынсыз, ол үшін арнайы бөлінген уақыт ішінде орындайтын жұмысын түсінеді. Мұнда студенттер ақыл-ой жігерін қолдана және ой мен қимыл әрекеттерін қандай да бір формада (мысалы, есеп шығарғанда оның мазмұнын талдау, мазмұнды қысқа ұтымды тәсілмен жазу, шешудің оңтайлы әдісін таңдап алу және т.б.) білдіре отырып қойылған мақсатқа саналы жетуге ұмтылады.

Студенттер шығарған жеке үй тапсырмасын бағалау өлшемінің негізіне осы белгілердің бәрін алуға болады: физикалық құбылыстың негізгі мәселесінің мазмұнын құрайтын физикалық шамалардың,

заңдардың молырақ қамтылуы; есептердің проблемалық (шығармашылық) деңгейі; мәселенің тереңірек талданып зерттелуі; шешу тәсілдерінің ең оңтайлысын таңдап алуы және т.б.

Әр студент орындайтын жеке үй тапсырмасына (бір жеке үй тапсырмасында физиканың бір бөлімі бойынша берілген 3-5 есеп болуы мүмкін) қойылатын максимал және миниамал баллдар силлабуста көрсетіледі. Әрбір жеке есептің шығарылуы бір есепке қатысты осы баллдар аралығында және айтылған өлшемдер (критерилер) бойынша бағаланады, сосын бүкіл тапсырмаға максимал және минимал баллдардың аралығында тиісті балл беріледі.

Максимал балл мысалы, «5» балл қатесіз және кемшіліксіз немесе бір ғана болымсыз кемшілікпен шығарылған есепке қойылады. Одан төменгі балл, мысалы «4» балл толық шығарылған, бірақ бірден аспайтын дөрекі емес және бір болымсыз қатемен немесе болымсыз қателер екіден аспаған жағдайда қойылады.

Одан төменгі балл мысалы «3» балл студент есептің тең жартысынан астамын дұрыс шығарғанда немесе дөрекі қатесі екіден (немесе дөрекі қатесі бірден және дөрекі емес қатесі бірден, сондай-ақ болымсыз қатесі бірден) аспаған жағдайда қойылады.

Тапсырма минимал баллдан төмен балмен бағаланған жағдайда ол студентке қайта шығару мақсатында қайтарылып беріледі.

Егер кейбір есептерді студенттің өз бетімен шығарғандығы күдік туғызса, онда одан оқытушы есепті қалай шығарғандығын түсіндіріп беруін талап ете алады. Бағаға көңілі толмаған студент оған қатысты оқытушыға тілегін білдіруіне болады. Студент СӨЖ тапсырмалары мен оларды орындау графигіне сәйкес төмендегі тапсырмаларды орындап тексеруге беруге міндетті:
1.Сфералық астрономия элементтері.

Астронмия пәні, қысқаша даму тарихы. Астрономия тараулары.. Астрономияның теориялық және танымдық мәні. Бақылаулар ролі.

2. Астрономияның пайда болуы.Астрономияның ежелгі Грецияда дамуы. планеталар. Планеталардың көрнелік қозғалысы. Әлемнің Птолемей ұсынған геоцентрлік жүйесі. Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі.

3. Күн жүйесінің құрлысы,. Тәуліктік параллакс. Арақашықтықты анықтаудың радиолокациялық әдістемесі.Күн жүйесіндегі айдың өлшемін анықтау.


  1. Айдың жұлдызға және Күнге қатысты көрінерлік қозғалысы., Ай фазалары. Ай жердің табиғи серігі. Айдың айналуының синоттық периоды. Ай мен Күннің тұтылулары, олардың жилігі және периоды

  2. Оптикалық телескоптар және олардың негізгі сипаттамалары.телескоп түрлері.Радиотелескоптар. Рогсон формуласы. Абсолютті жұлдыздық шамалар.

  3. Планеталардың жасанды серіктері және автоматты станциялар ұшыру.Айды зерттеу. Планеталар және олардың серіктері. Планеталардың физикалық қасиеттері, негізгі сипаттамалары. Кіші планеталар, кометалар. Сыртқы түрі.

  4. Галактикалар.Галактикалық жұлдыздар жүйесі.Галактикалардың түрлері және негізгі ерекшеліктері.

  5. Кұн жүйесінің космогониясы.Кант пен Лапластың космогониялық гипотезалары.Жер мен планеталардың жасы. Кеңейтілген Ғалам проблемасы.Жаңа Ғалам жәнеқалдықсәулелену жайында түсінік.

Білімдерді бақылау-өлшеу құралдары


1. Жер бетінен үшінші космостық жылдамдыкпен ұшырылған К.А. Жерге катасты қандай траекториямен ұшады?

А. Жерге қатысты параболамен ұшып Жер өрісінен шығады

Б. Жерге катысты параболамен ұшып Күннің тартылу өрісінен шығады

В. Жерге қатысты гиперболамен ұшып Күннің тартылыс өрісінен шығады

Г. Жерге қатысты созылыңқы элллипс орбитасымен ұшып, Жер өрісінен

шығады


Д. Жерге қатысты шеңбер бойымен үшып, Жер өрісінен шығады
2. Телескоп объективінің міндеті қандай?

А. Аспан денелерінің үлкейген кескінін алу үшін

Б. Аспан денелерінің жарығын жинап, кескінді үлкейтілген бүрышпен көру үшін

В. Аспан денелерінің шыгаратын жарығын жинап, кескін шығару үшін

Г. көру бұрышын үлкейту үшін

Д. А-Г жауаптарының арасында дұрысы жок
4. Жүлдызды аспанның оңтүстік жағынан неліктен әртүрлі жыл мезгілінде әртүрлі шоқ жүлдыздыр көрінеді?

А. Жердің өз осінен айналу салдары

Б. Күннің өз осінен айналу салдары

В. Жердін жарық қозғалыс салдары

Г. Айдың жерді айналу салдары

Д. А-Г арасында дұрыс жауап жоқ


5. Күн жарығы жерге канша уақытта келіп жетеді?

А. 32"'20л Б. 57"' В. 10,5"' Г. 8"'18л Д. 15'"


6. Базис өзгермегенде шырактың көрінетін арақашықтығы алыстаған сайын, оның параллакстық ығысу бүрышы қалай өзгереді?

А. Артады Б. Кемиді В. Өзгермейді

Г. Жарым есе ғана артады Д. Үштен біріне жетеді
7. Алтаир жүлдызының параллаксы к = 0", 20 Осы жүлдызға дейінгі

арақашықтықты жарық жылымен анықта?



А. 17,5 Б. 18 В. 16,3 Г. 19 Д. 20,5
8. Сириустың параллаксы л = 0", 37 Осыған дейінгі арақашыктықты парсекпен аңықтаңдар?

А. 1,5 Б. 5,5 В. 6 Г.2,7 Д. 7,5


9. Күн Айға қарағанда Жерден неше есе алыс?

А. 400 Б. 350 В. 109 Г. 60 Д. 200
10. Төменде күнге дейінгі арақашықтық келтірілген, бірлік атауы көрсетілмей «Жерден Күнге дейінгі емес» жалпы Күн жүйесіндегі: қандай бірлікпен, оны көрсет:

А. 80 Б. 40 В. 4 Г. 1300 Д. 60




  1. Төменде атауы көрсетілмей Айға дейінгі арақашықтықтар цифрлар келтірілген, солардың қайсысы дүрыс және қандай бірлікпен өлшенеді?

А. 80 Б. 4 В. 100000 Г. 400000 Д. 30


  1. Күн дақтары пайда болады:

А. Тәжде Б. Хромосферада В. Фотосферада

Г. Конвективті зонада Д. Сәуле шығару зонасында


13. Күнде протуберанецтер пайда болады:

А. Күн тәжінде Б. Хромосферада В. фотосферада Г. конвективті зонада Д. Сәуле шығару зонасында


14. Жүлдыздарды төтенше алып, алып және ергежейлі деп бөлу олардың:

А. Тығыздығына қарай Б. Температурасына қарай В. жарқырауына қарай


Г. массасына қарай Д. Химиялық күрамына қарай
15. Күн сияқты жұлдыздар жататын тізбектер:

А. Төтенше алыптар Б. Алыптар В. ергежейлілер Г. субенганттар

Д. Қызыл ергежейлілер


16. Қандай айнымалы жұлдыздар «әлемнің маяктары» атанды?

А. Жаңа жұлдыздар Б. Төтенше алыптар В. «Цефеид» типтес жұлдыздар Г. пульсарлар Д. Ақ ергежейлі тектес жұлдыздар


17. Жұлдыздырдың спектрлік кластарының температераларының кему ретіне сәйкес «ыстықтан суыққа қарай» орналасуын көрсетеді?

А. В.О.А.Ғ.К.О.М. Б. О.А.В.Ғ.К.М.О. В. О.В.Ғ.А.М.К.О. Г. О.В.А.Ғ.О.К.М. Д. А.В.О.О.К.М.Ғ.


  1. Төмендегі көрсетілген спектрлік класс белгілерінің қайсысы күнге тән?

А.Ғ5 Б.К2 В .С2 Г.В9 Д.А5


  1. Г-Г диаграммасында төтенше алып тізбегі сипатталады: А. Олар бас тізбектегі жұлдыздар болады

Б. Күнге қарағанда жарқыраулары артық жұлдыздар В. бұлар ақ түсті жұлдыздар

Г. олардың жарқыраулары өте көптігімен сипатталады Д. Олар сызықтық мөлшерлерінің көптігімен сипатталады


20. Г-Р диаграммасында қыжыл алыптар тізбегі сипатталады:

А. оладағы жұлдыздардың сызықтық мөлшерлері күнге карағанда кіші

Б. ондағы жұлдыздардың бетінің температуралары 10000 к шамалас

В. ондағы жұлдыздардың сызықтық мөлшері өте көп

Г. ондағы жұлдыздардың температурасы тым жоғары


21. Жұлдыздардың физикалық сипаттамасының арасында бірнеше заңдылықтар тағайындалған. Төмендегі келтірілген тұжырымдалардың қайсысы ондай заңдылықтарға жатпайды?

А. Жұлдыздардың жарқыруы массасына тәуелді

Б. Жүлдыздардың жарқыруы температурасына тәуелді

В. Жұлдыздардың жарқыруы тығыздығына тәуелді

Г. Жүлдыздардың жарқыруы спектрлік класына тәуелді
22. Метагалактика деп:

А. Біздің галактика сиякты әртүрлі жүлдыздар жүйелері



Б. Қазіргі кездегі оптикалық және радиотелескоптармен бақыланып отырылған әлемнің бөлігі

В. сондай галактикалар, олар оптикалық жарықпен бірге күшті радиосәулелердің көзі

Г. біздің галактикадан тыс галактикалар өте куатты радиосәулелердің көзі

және оптикалық сәулелер жағынан күшті қызыл жылысу байқалатын

Д. Төтенше галактикалар тобы
23. Біздің галактика дэңгелегінде дисксінде жұлдыздың таралып орналасуы.

А. Бірқалыпты кеңістіктегі тығыздығы бірдей тек центріне карай тығыздығы артып ядро құрайды



Б. барлық жерде кеңістіктегі тығыздықтары бірдей

В. бірқалыпты емес, жүлдыздар бүлты спирал құрайтындай ядро маңында Г. жүлдыздар, ойдым,ойдым немесе шекім, шекім орналасқан

Д. Жұлдыздар центрге қарай азая беріп орналасады


24. Галактикадағы күннің орнын көрсетіндер?

А. галактика центрінде

Б. галактика ядросында

В. күн галактика жазықтығына жақын, бірақ центрде емес

Г. күн галактика шегіне жақын орналаскан

Д. күн галактика жазықтында


25. Күн біздің галактика қай жаққа қарай 20 км-с жылдамдықпен қозғалып
барады?

А. Айдахар шоқжүлдызына қарай Б.Арыстан шокжүлдызына қарай

В. Геркулес шоқжүлдызына қарай Г. Ормон шоқжүлдызына қарай

Д. Бүркіт шоқжұлдызына қарай
26 Жарық жүлдыз Фомальгаут қай шоқ жұлдызда?

А. Торпақ Б. Бикеш В. Оңтүстік крест Г. Арыстан

Д. Оңтүстік балыктар
27 Қай шоқжүлдыздың жүлдызы Спика?

А. Сиыршы Б. Жетекші В. Бүркіт Г. Бикеш Д. Аққу


28 Регуль қай шоқжүлдыздың жарық жұлдызы?

А. Егіздер Б. Аққу В. Арыстан Г. Орион Д. Бүркіт


29 Сіз бір жүлдызды бақылап тұрсыз. Ол жұлдыз жоғары көтеріліп барады. Сонда бұл аспанның қай жағында болғаны?

А. Оңтүстік жағында Б. Батыс жағында В. Шығыс жағында Г. Солтүстік жағында Д. Солтүстік шығыс жағында


30. Қазір ғана кульминацияланған жүлдыз төмен қарай қозғалып барады, сонда ол аспанның қай жағында болғаны?

А. Шығыс жағында Б. Оңтүстік жағында В. Батыс жағында



Г. Солтүстік жағында Д. Солтүстік батыс жағында
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет