ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қазақстанның физикалық географиясы» «5В016600 – География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Тапсырма. Қазақ ССР Атласын қолдана отырып, Балқаш – Іле ойпаты рельефінің генетикалық типін көрсетіңдер



бет5/6
Дата26.08.2017
өлшемі1,28 Mb.
#28214
1   2   3   4   5   6

4 Тапсырма. Қазақ ССР Атласын қолдана отырып, Балқаш – Іле ойпаты рельефінің генетикалық типін көрсетіңдер.
5 САБАҚ

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар картасын құру
Сабақтың мақсаты: ҚР пайдалы қазбаларын анықтауда әр түрлі карталармен жұміс істеу қабілетін дамыту. Пайдалы қазбалар шартты белгілерін қайталау.

Құрал - жабдықтар: ҚР атлас картасы, кескін карта

1 Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. Темір рудасының кен орындары қай орогендік белдеуге тән?

  2. Түсті металдардың кен орындары қай орогендік белдеуге тән?

  3. Боксит, фосфорит, калий тұзының жалпы белгілері қандай?

  4. Темір рудалы кен орындары мен полиметалл кен орындарының айырмашылық белгілері қандай?

  5. Пайдалы қазбалар кен орындарын (олардың қалыптасуымен байланысты) вулкандық әрекетпен қалай байланыстырамыз?

  6. ҚР территориясында мұнай газ кен орындарының көптігін немен түсіндіреміз?

  7. Түсті және қымбат металдардың қалыптасуы қалай жүзеге асады?

2 Тапсырма. Кескін картаға полиметалл кен орындарын және тас пен қоңыр көмір, мұнай, газ кен орындарын арнайы белгілермен түсіріңдер (рудалы пайдалы қазбалар – қызыл түспен, рудасыз – жасыл, жанатын – қара).

3 Тапсырма. Кестені толтырыңдар. Біздің еліміздің жеке аймақтарының тектоникалық құрылымы, рельефі мен пайдалы қазбалар арасындағы байланыс.

Тектоникалық құрылым

Оған сәйкес келетін рельеф формасы

Кең таралған пайдалы қазбалар




























Қалыптасқан тәуелділік туралы қорытынды:



4 Тапсырма. Кескін картаға каледондық, герциндік және альпілік орогенді циклдардағы процестермен байланысты кен орындарын түсіріңдер.
6 САБАҚ

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан табиғи ортасының климаттық көрсеткіштері

Сабақтың мақсаты: ҚР климаттық көрсеткіштерін анықтауда, әр түрлі карталармен жұміс істеу қабілетін дамыту.

Құрал - жабдықтар: ҚР атлас картасы, кескін карта

1 Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. Қазақстан климаттық жағдайлары деп нелерді айтамыз және неліктен олар табиғи жағдайлардың құрамдық бөлігі болып табылады?

  2. Қазақстан климаттық жағдайы несімен ерекшеленеді және олар нелер арқылы түсіндіріледі?

  3. Қазақстанның климаттық жағдайы аймақ және мерзім бойынша қалай өзгереді: солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай және керісінше?

  4. Неліктен Қазақстанның климаттық зоналары мен климатының континентальдылығы Қазақстан территориясының табиғи жағдайының негізгі көрсеткіші болып табылады?

  5. Қазақстан территориясы қандай климаттық белдеуде орналасқан және қандай климаттық облыстарға бөлінеді?

2 Тапсырма. Кескін картаға Қазақстан территориясы бойынша шілде және қаңтар айларының күн радиациясының таралуы, ауа ылғалдылығы мен температурасын түсіріңдер.

3 Тапсырма. Павлодар мен Қызылорда қалалары аймағының жиынтық радиациясы мен ылғалдану коэффициентін анықтаңдар, алынған мәліметтерді салыстырыңдар, әртүрлілік себебі туралы қорытынды жасаңдар. Жұмысты келесі үлгіде орындауға болады:




Аймақ

( қала)


Жиынтық радиация (ккал/см 2)

Жауын – шашынның жылдық мөлшері (мм)

Буланушылық

(мм)


Ылғалдану

коэффициенті



Павлодар










Қызылорда













Әртүрлілік себептері туралы қорытынды:


4 Тапсырма. Кескін картаға Қазақстан территориясы бойынша жылдық жауын – шашынның таралуын түсіріңдер.

5 Тапсырма. Қазақстанның бес аймағының жауын - шашыны бойынша диаграмма құрыңдар (С, О, Ш, Б, Орталық Қазақстан).

6 Тапсырма. Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Қазақстан бойынша климаттық қима сызыңдар, ол үшін:

А) таңдалған линия бойынша гипсометриялық қима сызыңдар;

Б) гипсометриялық қиманың үстінен шілде айының орташа температурасын көрсететін линияны қызыл түспен, қаңтар айының орташа температурасын көк түспен түсіріңдер;

В) жоғарыға изогиета бойынша жылдық жауын – шашынның мөлшерін көрсететін линияны сызыңдар;

Г) қимаға климаттық облыстардың шекараларын түсіріңдер;



Д) қиманың соңына жауын – шашынның, температураның жылдық жүрісі ерекшелігін, климаттық – диаграммаларды салыңдар (мәліметтерді анықтамалық таблицалар мен атластардан алыңдар).
7 САБАҚ

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан табиғи ортасының гидрологиялық көрсеткіштері

Сабақтың мақсаты: ҚР гидрологиялық көрсеткіштерін анықтауда, әр түрлі карталармен жұміс істеу қабілетін дамыту, Қазақстанның су ресурстарының ерекшеліктерін анықтау

Құрал - жабдықтар: ҚР атлас картасы, кескін карта, түрлі түсті қарандаштар

1 Тапсырма. Кескін картаға түсіріңдер: а) Қазақстанның қазіргі мұзданған аймақтарын; б) негізгі бассейндер шекараларын және осы бассейндердің ірі өзендерін көрсетіңдер; в) әр түрлі шартты белгілерді қолдана отырып, кескін картаға жаратылысы әр түрлі өзендерді түсіріңдер (тектоникалық және т.б.); г) кескін картаға жасанды су объектілерін түсіріңдер (каналдар, су қоймалары және т.б.). Олардың халық – шаруашылық маңызын айтыңдар.

2 Тапсырма. Қазақстанның бірнеше ірі өзендерін алып, кестені толтырыңдар. Оқулықтар мен атлас карталар негізінде өзеннің төмендеуін, қоректенуін, жылдық ағысы мен режимін анықтаңдар. Кесте мәліметтері негізінде қорытынды жасаңдар.


Өзен атауы

Бассейн

Өзеннің төмендеуі

Өзеннің қоректенуі

Режим

Биологиялық ресурстары

Жылдық ағысы

Шаруашылықта қолданылуы

Мұз қату ұзақтығы

Тасуы

Жиегі


























































































































3 Тапсырма. Қазақстан Атласы карталарын қолдана отырып, республиканың территориясында әр түрлі ландшафттық зоналардағы өзендердің жеке бассейндерінің су балансын есептеп шығарыңдар.

4 Тапсырма. Өзендердің жыл ішіндегі ағысының таралуын табыңдар:

а) қармен қоректенетін – Орал, Сарысу, Нұра,

б) қар – мұздықпен қоректенетін – Сырдария, Іле.

5 Тапсырма. Қазақстанның ірі көлдеріне сипаттама беріңдер, ол үшін ең алдымен жоспар құрып алыңдар.
8 САБАҚ

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстанның топырақтары

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның топырақ картасымен жұмыс істеу, топырақ түрлерін анықтау және оларды сипаттау

Құрал - жабдықтар: атлас карталар, миллиметрлік қағаз, сызғыш, өлшеуіш циркуль, түрлі түсті қарындаштар, ҚР кескін картасы

1 Тапсырма. Қазақстанның топырақ картасын қолдана отырып, кескін картаға топырақтық – географиялық зоналар және зона тармақтарының шекараларын түсіріңдер. Зональды топырақты, сонымен бірге интразональды топырақтарды көрсетіңдер.

2 Тапсырма. а) Атлас карталарды қолдана отырып, «Қазақстан топырақтарының сандық және сапалық көрсеткіштері» атты кестеге жазған мәліметтерің бойынша Қазақстан топырағына анализ жасаңдар.


Топырақ типі

Қайда таралған

Алып жатқан ауданы S (%)

Құрылымдық құрамы

Шаруашылықта қолданылуы














б) Топырақтың әр түрлі типіндегі проценттік ара қатысты көрсететін дөңгелек диаграмма құрыңдар.

3 Тапсырма. Топырақтық – географиялық зоналар және зона тармақтары бойынша топырақ қимасын құрыңдар (таңдау бойынша). Жұмысты орындау үшін топырақ қимасын құру әдістемесін қайталап, оқып шығыңдар.

Топырақ қимасы – зерттелетін ауданның топырақ жамылғысының ерекшеліктерін көрсететін, гипсометриялық қиманың жоғарғы жағында орналасатын сызбаның шартты сызығы.

Қимада жалпы қабылданған топырақ жамылғысының картасына сәйкес топырақтың типтері мен шекаралары көрсетіледі.

1. Қажетті картографиялық материал (топырақ картасы) таңдалынып алынады, топырақ типтері, олардың шекаралары, шартты белгілері көрсетілген жұмысқа жарамды масштабтағы сызба алынады.

2. Картада қима сызығы жүргізіледі, ол топырақ типтерінің шекарасын қиып өтеді.

3. Қима сызығының шекарамен түйіскен нүктелері анықталып, нөмірленеді, №1 нүкте алдын – ала табылады. Нүктелер нөміреленеді.

4. Өлшегіштің көмегімен табылған нүктелер шартты сызыққа көшіріледі, ол карта мен горизонталь масштабына сәйкес гипсометриялық қима сызығының бойында орналасқан. Нүктелер қиғаш сызық ретінде белгіленеді, сан есім болған жерде – номер, бөлгіш болған жерде - топырақ типінің бастапқы әріптері (1/Қ,2/ҚҚ,...т.б.). Қ- қарашірік, ҚҚ- қоюқоңыр және т.б.

5. Табылған нүктелер топырақ қимасы сызығының үстіне түсіріледі.

6. Қимадағы топырақ типтерінің шекаралары жасалынады және де ол топырақ картасына сәйкес түске боялады (3 - сурет).




3- сурет. Топырақ қимасының сызбасы

Шартты белгілер

Топырақ типтері



Ш

шалғындық


тК

таулы күлгін





ҚҚ

қою қоңыр


I I

топырақ типтерінің шекаралары





АҚ

ашық қоңыр



4 Тапсырма. Батыс – Тянь Шань, Солтүстік – Тянь Шань және Алтай оропедобиоклиматтық аймақтардың топырақтарының вертикальды зональдылық схемасын орындаңдар. Олардың әр қайсысының топырақ жамылғысының спецификалық ерекшелігін көрсетіңдер.

5 Тапсырма. Орташа шілделік температура мен ылғалдылық режимі негізіндегі топырақ типтерінің сәйкестілігін табыңдар. Ол үшін кестені толтырыңдар:




Орташа шілделік температура

Жауын - шашын

Топырақ типтерінің сәйкестілігі











Топырақтың түзілуіне климаттың әсері туралы қорытынды жасаңдар:

9 САБАҚ



ТАҚЫРЫБЫ: Табиғи ортаның биотикалық факторлары

Сабақтың мақсаты: табиғи ортаның биотикалық факторларын анықтауда, әр түрлі карталармен жұміс істеу қабілетін дамыту

Құрал - жабдықтар: атлас карталар, миллиметрлік қағаз, сызғыш, өлшеуіш циркуль, түрлі түсті қарындаштар, ҚР кескін картасы

1 Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер:

1. Қазақстан территроиясында өсімдіктертің қандай түрлері бар?

2. Өсімдік бірлестігі, қай аймақтарда едәуір эндемик болып саналады? Неліктен?

3. Қазақстан Республикасының пайдаланылатын жерлерінің сапалық сипаттамасы қандай?

4. Дегумификация деген не? Оның себептерін көрсетіңдер?

5. Жер ресурстарын пайдаланудың әртүрлілік себептері қандай?

6. Дала зонасының өсімдік жамылғысы динамикалылығының себебі неде?

7. Дала зонасында қандай өсімдік ассоциациясы басым келеді?

8. Шөл зонасында қандай өсімдік ассоциациясы басым келеді?

10. Қазақстан Республикасының ірі сүт қоректілері үшін қандай мекен ету жағдайы тән?

11. Орнито – және ихтиофаунаның түр құрамының азаюы немен түсіндіріледі?

2 Тапсырма. а) Негізгі ботаникалық – географиялық провинцияларға салыстырмалы сипаттама беріңдер.

б) дала және шөл табиғи зоналарының фаунасына салыстырмалы сипаттама беріңдер.

в) Орнито – және ихтиофауналардың эндемик түрлерінің тізімін құрыңдар.

3 Тапсырма. Кескін картаға негізгі ауылшаруашылық дақылдар – жазғы бидай, қант қызылшасы, күріш, мақта, темекі мен жүгерілерді өңдеу ареалдарын көрсетіңдер.

4 Тапсырма. Әр түрлі карталарға анализ жасау арқылы Қазақстанның табиғи зоналарына сипаттама беріңдер және табиғи компоненттер арасындағы байланысты көрсетіңдер. Ол үшін кестені толтырыңдар:

Табиғи жағдайлар мен табиғи компоненттер

Ұқсастық белгілері

Айырмашылық белгілері

Табиғи зона

Табиғи зона

Табиғи зона

Табиғи зона

1.Географиялық орны

2. Табиғи компоненттер

А) Рельеф

Б) Климат

В) Топырақ

Г) Ішкі сулар

Д)Өсімдік

Е) Жануарлар әлемі



















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет