Сейсмикалық белдеулер - литосфералық плиталардың шекараларындағы қозғалмалы аймақтар, мұнда тау жасалулар жүреді, жер сілкінулер жиі қайталанады.
Тақырлар - шөлдердің өсімдіксіз бөліктері, негізінен сазды шөлдерге тән. Суды нашар өткізетіндіктен бетіндегі ылғал тез буланып кетеді. Біртіндеп жер беті жарылып, тақырлар қалыптасады. Тақырлар көбінесе Батыс Қазақстанда таралған.
Тау жотасы - созыла орналасқан көтеріңкі жер бедері. Тау жотасының ең биік бөлігін қырқа деп атайды, мұнда шыңдар мен олардың арасындағы төмендеу бөліктер орналасады. Бірнеше тау жоталары түйісетін ауданды тау түйіндері деп атайды. Тау жоталары аралығында тауаралық аңғарлар орналасады.
Тау жыныстары - жер қыртысын құрайтын табиғи күйдегі минералдар. Шығу тегіне қарай магмалық, шөгінді және метаморфтық деп бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |