Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қазақстанның физикалық географиясы» «5В016600 – География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет23/27
Дата26.08.2020
өлшемі87,89 Kb.
#76940
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
қоршаған ортаны қорғауdocx

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

  1. Географиялық орналасу ерекшелігі қандай?

2. Физикалық-географиялық сипаттамасы?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
18 дәріс Қазакстандық Алтай таулы аймағы.
Мақсаты: Физикалық-географиялық ауданға жалпы географиялық сипаттама беру

Жоспар: 1. Географиялық орны. Тектоникалык - геологиялық кұрылымы. Рельефі.

2. Пайдалы казбалары. Климатының ерекшелігі. Өзендері, көлдері, мұздыкгары. Биіктік бслдеулері. Жануарлар дүниесі. Рудалы Алтай, Оңтустік Алтай, Қалба жотасы.


18 дәрістің қысқаша конспектісі

Геологиялық құрылысы бойынша бұл тау палеозойдың метаморфтық сазды кремнийлі тақтатастарынан, әктастан, гранитті және гранитоидты атпа жыныстардан, жанартаулық жыныстардан тұрады. Зайсан қазаншұңқыры мезозой-кайнозойдың континентті және көлдік шөгінділерімен толған.

Қазақстандық Алтай герцин қатпарлығы нәтижесінде қалыптасты. Бірнеше рет қайталанған көтерілулер үгілу процестерімен кезектесіп жүрді. Мезозой эрасының соңына қарай жазыққа айналған бұл өңір неоген мен антропогенде жаңа тектоникалық көтерілулерге ұшырады. Соның нәтижесінде Алтайдың қазіргі таулы жер бедері қалыптасты. Тау аңғарларының дамуына антропоген дәуірінде кеңінен таралған өзен эрозиясы (негізінен мұздықтық) ықпал етті. Ежелгі мұздықтардың әсері жер бедерінің цирктік және аралас пішіндерінде, тегістелген жазықтар мен тау шыңдарында кездеседі.

Алтай қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Кенді Алтайда сынап, күміс, вольфрам, қалайы, мырыш пен қорғасынның мол қоры бар. Нарын және Күршім жоталарында алтын мен сирек кездесетін металдар, Қалба жотасында қалайы мен вольфрам өндіріледі. Пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеуге байланысты бұл аумақтың экологиялық жағдайын нашарлауда. Сондықтан табиғи ортаны қорғау, заводтардан шығатын зиянды қалдықтар мен түтін мөлшерін азайту қазіргі күннің басты экологиялық міндетіне айналып отыр.

Алтайда басын таудағы қарлар мен мұздықтардан алатын өзендер көп. Ең ірі өзені — Ертіс. Оған Бұқтырма, Күршім, Үбі, Үлбі және т.б. өзендер құяды. Ұсақ өзендер қатарында Ақ Берел, Тұрғысын, Білезікті, Қайынды, Көкпекті, Кіші Үлбі, Қалжыр, Қалғұты, Ұлан, Аблайкетті, Қызылсу, Алқабек, Аққаба, Бөкен өзендерін атауға болады. Олар Ертіске, Бұқтырма, Нарын, Күршім өзендеріне және кішігірім көлдерге құяды.

Алтайдағы ең ірі көлдер — Зайсан (ауданы 5 мың км2) мен Марқакөл (ауданы 455 км2). Марқакөл тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан. Мұнда қорық ұйымдастырылған. Сондай ақ, ауданы 1 км-ден асатын Язеро, Чернове, Бұқтырма, Тораңғыкөл көлдері бар.

Қазақстандық Алтайда жалпы ауданы 89,6 мың км2 болатын 328 мұздық бар. Олар негізінен Катунь, Холзун, Иванов, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты жоталарында 2600 м-ден жоғарыда шоғырланған.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:


  1. Географиялық орналасу ерекшелігі қандай?

2. Физикалық-географиялық сипаттамасы?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
19 дәріс Сауыр – Тарбағатай таулы аймағы

Мақсаты: Физикалық-географиялық ауданға жалпы географиялық сипаттама беру

Жоспар:

1. Географиялық орны. Тектоникалык - геологиялық құрылымы. Рельефі. Пайдалы казбалары. Климатының ерекшелігі. Өзендері, көлдері, мұздықтары. Биіктік белдеулері. Жануарлар дүниесі. Сауыр, Тарбағатай, Маңырақ.


19 дәрістің қысқаша конспектісі

Сауыр-Тарбағатай негізінен палеозойдың сазды және кристалды тақтатастарынан, құмтас, әктас және конгломераттарынан түзілген. Сауыр және Маңырақ тауларында порфирлер мен порфириттерден тұратын эффузивті жыныстар кеңінен таралған. Оңтүстік беткейлерде әктас жиі кездеседі. Тарбағатайдың суайрық бөлігінде граниттер көп, олар Сауырда мүлде кездеспейді.

Сауыр-Тарбағатай — қатпарлы таулы өлке. Оның негізгі құрылымы жоғары палеозойда жүрген герцин қатпарлығы кезінде қалыптасқан. Алтай тауы көтерілген кезде ол жаңғыруға ұшырады. Қазіргі жер бедерінің қалыптасуына ежелгі мұз басулар, ағын сулардың эрозиялық әрекеті және жаңа тектоникалық процестер ықпал етті. Жер сілкінулер қазіргі кезде де байқалады. Мысалы, 1990 жылы Зайсанда болған жер сілкінудің күші 6-7 баллға жетті.

Сауыр тауында Кендірлік көмір кен орны ашылған. Мұнай қабаттары барлануда. Жанғыш тақтатастардың мол қоры табылған.

Жарма, Қайыңдысу, Көкпекті өзендері кезінде Зайсан көліне құйған, қазіргі кезде олар көлге жетпей қалады. Қарабұлақ, Жетіарал, Қарабұта, Базар тау арасымен ғана ағады, жазыққа шыққан соң кеуіп қалады. Тарбағатайдың оңтүстік беткейімен ағатын Үржар, Қатынсу, Еміл өзендері Алакөлге құяды. Аягөз өзені Балқаш көліне құяды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет