Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қазақстанның физикалық географиясы» «5В016600 – География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет24/27
Дата26.08.2020
өлшемі87,89 Kb.
#76940
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
қоршаған ортаны қорғауdocx

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

  1. Географиялық орналасу ерекшелігі қандай?

2. Физикалық-географиялық сипаттамасы?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
20 дәріс Жонғар Алатауы, Жетісу таулы аймағы
Мақсаты: Физикалық-географиялық ауданға жалпы географиялық сипаттама беру

Жоспар:

1. Географиялық орны. Тектоникалык - геологиялық құрылымы. Рельефі.

2. Пайдалы қазбалары. Климатының ерекшелігі. Өзендері, көлдері, мұздықтары. Биіктік белдеулері. Жануарлар дүниесі.
20 дәрістің қысқаша конспектісі

Жоңғар Алатауы кембрийге дейінгі және палеозойлық жыныстардан тұрады. Тау жоталары кембрийге дейінгі граниттер мен кристалдық гранитті тақтатастардан құралған. Жоңғар Алатауының солтүстік және солтүстік-батыс бөліктерінде силур мен девонның құмтастары, сазды тақтатастарынан тұратын негізгі жыныстардан басқа төменгі және орта палеозойдың шөгінді жыныстары да кездеседі. Тау жүйесінің оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерінде тас көмір және пермь дәуірлерінің құмтасы, тақтатасы, әктасы мен конгломераттарынан тұратын жоғарғы палеозой жыныстары таралған. Тау аралық қазыншұңқырлар мен аңғарларда, тау етектерінде палеоген мен неогеннің шөгінді жыныстары кездеседі.

Жоңғар Алатауы каледон және герцин тау жасалулары кезінде қатпарлы тауларға айналды, ал мезозой мен төменгі кайнозойда сыртқы күштер әсерінен бұзылып, біртіндеп тегістелді. Қарқынды жүрген альпі қатпарлығы нәтижесінде кейіннен қатпарлы-жақпарлы биік тауға айналды. Жер бедерінің қалыптасуына ежелгі және қазіргі мұз басулар да ықпал етті. Мұз басу іздері әртүрлі жерлерде байқалады.

Полиметалл кен орындары бар. Кен құрамында кадмий, иңций, висмут, селен, сынап сияқты сирек металдар да кездеседі. Аумақта алтынның кварц желілі шағын кен орындары бар. Тау аралық ойыстарда көмір қоры табылған.

Климат ерекшеліктеріне байланысты Жоңғар Алатауы су қорына бай. Тарихи-табиғи аймақ - Жетісудың басты өзендері осы таудан бастау алады. Мұндағы өзендер жергілікті көлдерге құяды. Лепсі, Қаратал, Сарқан, Бүйен, Ақсу сияқты тау өзендері Балқаш көліне құяды. Жоңғар Алатауынан Іленің салалары Қорғас, Өсек, Бурақожыр өзендері бастау алады.

Жоңғар Алатауында жалпы ауданы 1000 км2 болатын 1369 мұздық бар. Ең ірі мұздықтар Лепсі өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан. Жоңғар Алатауының баурайында көптеген минералды су көздері табылған, олардың негізінде Жаркентарасан, Қапаларасан емдеу орындары жұмыс істейді.



Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

  1. Географиялық орналасу ерекшелігі қандай?

2. Физикалық-географиялық сипаттамасы?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
21 дәріс Тянь - Шань, таулы аймағы.
Мақсаты: Физикалық-географиялық ауданға жалпы географиялық сипаттама беру

Жоспар:

1. Географиялық орны. Тсктоникалық - геологиялық құрылымы. Рельефі.

2. Пайдалы казбалары. Климатының ерекшелігі. Өзендері, көлдері, мұздыктары. Биіктік белдеулері. Жануарлар дүниесі. Солтүстік Тянь –Шань, Оңтүстік Тянь – ІІІань.
21 дәрістің қысқаша конспектісі
Тянь- Шаньнің жеке бөліктері жыныстарының құрамы жөнінен айырмашылық жасайды. Іле Алатауы мен Кетпен жотасы палеозойдың эффузивті шөгінді жыныстарынан түзілген. Кейбір бөліктерінде ежелгі граниттер мен гнейстер кездеседі.

Шу-Іле таулары кембрийге дейінгі метаморфтық жыныстар мен гнейстің қалың қабаттарынан құралған. Беткі бөліктері төменгі палеозойдың шөгінді-эффузивті жыныстарынан — тақтатас пен құмтастан тұрады. Қырғыз Алатауы тас көмір дәуірінің құмтасынан, әктасы мен граниттерінен тұрады.

Қаратаудың оңтүстік-батысы протерозойдың метаморфтық жыныстарынан түзілсе, солтүстік-шығысы палеозойдың құмтасы мен тақтатасынан құралған. Екі жота аралығында орналасқан аңғарлар девонның қызыл түсті шөгінді жыныстарынан түзілген. Сондай ақ, әктастардан, құмтас пен саздан тұратын мезозой мен кайнозойдың шөгінділері де кеңінен таралған.

Палеозойда каледон және герцин қатпарлықтары кезінде көтерілген тау кейіннен альпі тау жасалуы барысында қайта көтерілуге ұшырап, қатпарлы-жақпарлы тауға айналды. Тау төбелерінде жер бедерінің альпілік типі қалыптасты. Мұнда үшкір шыңдар тау аралық жазықтармен кезектесіп келеді. Таудың жекелеген бөліктері біртіндеп сатыланып аласарады.

Қаратау аумағында пайдалы қазбалардың мол қоры табылған. Олар Шымкент қорғасын-мырыш комбинатында қорғасын, мырыш алу үшін және Тараздың химиялық комбинаттарын фосфор шикізатымен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Кендер ашық әдіспен өндіріледі. Тянь-Шань таулары гипс, цемент жөне т.б. құрылыс материалдарының көзі болып табылады.

Тянь-Шаньнан көптеген өзендер бастау алады. Іле Алатауының солтүстік беткейлерінен Үлкен және Кіші Алматы, Талғар, Есік, Шелек, Қаскелең, шығыс беткейлерден Шарын өзені бастау алады.

Шу өзені бастауын Қырғыз және Іле Алатауында алады және Қырғызстан шекарасын кесіп өткеннен соң Қазақстан аумағы арқылы ағады. Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінен Арыс, Боралдай, Бөген өзендері басталады. Таудың солтүстік-батыс беткейінен көктемде еріген қар суымен қоректеніп, жазда кеуіп қалатын өзендер бастау алады.

Тянь-Шаньнің көптеген сілемдеріңде тау шыңдары аралығындағы ойыстарда көлдер орналасқан.

Тянь-Шань тауларының биік шыңдары мұздықтармен көмкерілген. Тянь-Шаньнің Қазақстандық бөлігінде жалпы ауданы 857 км2 болатын 1009 мұздық бар. Мұздықтардың көпшілігі Іле Алатауында шоғырланған. Мұнда 380-нен астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 478 км2. Бұл мұздықтардан өзендер бастау алады. Ең ірі мұздық — Корженев мұздығы (ұзындығы 11,7 км).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет