Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қазақстанның физикалық географиясы» «5В016600 – География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет25/27
Дата26.08.2020
өлшемі87,89 Kb.
#76940
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
қоршаған ортаны қорғауdocx

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

  1. Географиялық орналасу ерекшелігі қандай?

2. Физикалық-географиялық сипаттамасы?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
22 дәріс Қазақстанның физикалық географиясының негізгі мәселелері
Мақсаты: Физикалық-географиялық ауданға жалпы географиялық сипаттама беру

Жоспар:

1. Қазақстан территориясын аудандастыру мәселелері.

2. Казақстан климатының өзгеруі. Республика табиғатының антропогендік өзгерістері

22 дәрістің қысқаша конспектісі


Қазақстан жер шары биосферасының ғаламдық биомассасындағы ролі айтарлықтай емес, себебі территорияның басым бөлігі құрғақ-далалы ландшафт және орманды алқап қиыр солтүстікте ғана. Сонымен қатар табиғи жайылымдары адамзаттың жер қорының стратегиялық резервіне жатады. Қазақстанның табиғат ерекшеліктерін қорғайтын қорықтар территорияның тек 0,3 % құрайды.

Қазақстан қоршаған ортасның экологиялық ахуалын сыртқы және ішкі факторлар тудырады. Экологиялық қауіп факторына Қазақстанның басым бөлігін алып жатқан Орталық Азиялық Арал-Каспий ағынсыз облысы жатады. Арал-Каспий теңіздері мен Балқаш көлі сияқты ағынсыз су көздері өзен ағындарының аккумуляциялық бассейіне айналған, яки өндірістік және ауыл шаруашылық ағындар.

Қазақстан қоршаған орта жағдайының өзгеруіне трансшекаралық өзендерде маңызды рол атқарады. Көрші елдерден бастау алатын өзендер (Ертіс, Іле өзендері (Қытай); Сырдария мен Шу (Қырғызстан); Орал (Ресей)) техногенез өнімдірінің транзиті мен аккумуляция көзі болып табылады.

Қазақстанның солтүстік және батыс бөлігіне жақын орналасқан Ресейдің Жайық маңы, Оңтүстік Орал, Батыс Сібір өндірістік орталықтары трансшекаралық ауа «каналдарына» айналған, яғни өндірістік антропогендік ластаушы заттардың территьориямызға табиғи жолмен көшуі.

Территориямыздағы Арал теңізі, Семей ядролық сынақ полигоны мен басқа да әскери-сынақ обьектілері болуы тек Қазақстан үшін ішкі экологиялық қауіп қана емес, сонымен қатар бүкіл Жер шары биосферасы үшін қауіпті. Сондай-ақ оған еліміздің ірі өнеркәсіп орталықтары да енеді: Павлодар-Екібастұз, Қарағанды-Теміртау, Қаратау-Жамбыл, Маңғыстау, Кенді Алтай және т.б. қоршаған ортаға күшті техногендік ықпал етеді.

Осылайша, Қазақстанның географиялық орналасу ерекшелігі территориядағы табиғи-экологиялық құрылымын анықтайды: күрт континенттік климат; көптеген су көздерінің ағынсыз болуы; территорияның солтүстігі мен батысыдағы ауа массаларының еркін көшуі және т.с.с.

Жер шары биосферасындағы еліміздің экологиялық функциясы. Қазақстан территориясының басым бөлігін дала және шөл экожүйесі алып жатыр.Атмосфераға оттегі бөлетін ормандар мен шалғындар болғандықтан Қазақстан оттегіні тұтынушы болып саналады, өйткені орман еліміздің тек 5,2 % алады.

Экологиялық қауіп тудыратын сыртқы көздер. Қазақстанның саяси-географиялық жағдайының негізгі белгілері қоршаған ортаның экологиялық жағдайын анықтайды.



  1. Ресей Федерациясы.

  • Жайық маңы экономикалық ауданы. Қазақстанның қиыр батысы астрахан газконденсат зауытымен шекаралас болғандықтан зауыттың өндіріс және авариялық қалдықтары ауа массасында еркін көшіп, Атырау облысындағы Каспий маңы ойпатында қышқыл жаңбыр тудырады.

  • Капустин яр - әскери-сынақ полигоны. Орал өзенінің оң жағалауындағы Рын құмдарында ұзақ жылдар бойы рокеталық сынақ жүргізген.

  • Саратов және Самар өнеркәсіп орталықтары Қазақстанның солтүстік-батыс шекарасында орналасқан. Мұнай өндеуші өнеркәсіптен шыққан өндірістік химиялық газдар атмосфераны ластайды.

  • Орал экономикалық ауданы, Орынбор өнеркәсіп орталығындағы химиялық зауыттар, газконденсат зауыты ауа мен су көздеріне зиянды заттар тастайды.

  1. Қытай Халық Республикасы.

    • Ертістің жоғарғы ағысы (Қара Ертіс) Монғол Алтайынан бастау алады. Қытай территориясындағы Ертістің егіншілікке қолдануы оның денгейінің өзгеруіне әсер етеді. Бұхтырма суқоймасының денгейінің төмендеуі мен ластануының негізгі көзі - Синьцзяндағы су қоймасы болып табылады.

    • Іле өзенінің жоғарғы бөлігін Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында су шаруашылығында кең қолданғандықтан Балқаш акваториясының экологиялық жағдайы нашарлауда.

    • Лобнор ядролық сынақ полигоны Қазақстан шекарасынан 1000ш жерде орналасқанымен одан елімізге радиациялық зиянды заттар ауа массалары арқылы көшуде.

  2. Қырғызстан Республикасы

  • Шу және Талас өзендерінің жоғары ағысын Қырғызстан өзінің су шаруашылығында белсенді қолдану нәтижесінде ел территориясындағы өзен ағысы күрт төмендеп кеткен.

  1. Өзбекстан республикасы

  • Сырдария өзені Шардарьин су қоймасы маңындағы өндірістік-тұрмыс және ауыл шаруашылығы негізінде зиянды қалдықтармен ластануда. Өте күшті ластанған және су денгейі төмендеген Сырдаия өзені Арал теңізінің «жоғалуына» әкелді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет