Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Басқару психологиясы»


Түсінік – шынайы құбылыстар мен заттардың жалпы, нақты, ерекше белгілері көрінетін ойлар. Талқылау



бет46/135
Дата07.02.2022
өлшемі382,43 Kb.
#84148
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   135
Байланысты:
Басқару психологиясы

Түсінікшынайы құбылыстар мен заттардың жалпы, нақты, ерекше белгілері көрінетін ойлар.

  • Талқылау – құбылыстар мен заттар арасындағы байланыс немесе олардың белгілері мен қасиеттерінің байланысы. Жалпы, жеке, жалғыз болып бөлінеді. Тікелей немесе жанама түрде құрылады.

  • Ақыл-ой қорытындысы – бірнеше талқылаулардың нәтижесінде басқа талқылауға қол жеткізу. Әдеттегі және қарапайым қорытынды үлгісі негізінде туындаған жекелік силлогизм болып саналады.

    Ақыл қорытындысының екі түрін ажыратады: индуктивті және дедуктивті. Индуктивті ақыл қорытындысы жалпы жағдайға қатысты жеке жағдайлардан құралады. Дедуктивті ақыл қорытындысы керісінше, жалпы жағдайлардан жеке жағдайларға құралады. Ойлау логика мен ақыл әрекет ететін үрдіс ретінде әрдайым санала бермейді. Ойлау үрдісіне оның сезімінің өзгеруі көп араласады. Сезімдер ойлау қабілетін бұрмалап, зиян келтіреді. Ойлау қабілетінің бұрмалануының біртүрі ретінде аутизмді алуға болады. Аутистік ойлау кезінде ақылға емес, аффективті қажеттіліктерге бағанып, оның күші мен динамикасын көрсетеді. Аутисттік ойлау беталысты. Оның мақсаты қажеттіліктер қауымдастығын логиамен емес, ерікті ойлау қабілетімен қамтамасыз ету. Шынайы ойлау шындықты нақты көрсетсе, аутистік ойлау афффекті объекттерге сүйенеді. Аутисттік ойлау иллюзиялар тудырып, шындықты қабылдамайды.
    Ойлау қабілетінің үрдіс ретінде жекеше ерекшеліктері бар:
    Ойлаудың ауқымы – барлық үрдісті жеке кезеңдерін жіберіп алмай толығымен қамту.
    Ойлау тереңдігі – қиын сұрақтарды түсіне алумен сипатталады.
    Ойлаудың дербестігі – басқа адамдардың көмегінсіз мәселені шеше алу үрдісі.
    Ойлаудың икемділігі – жағдай өзгерген сәтте әрекеттерді тез өзгерту қабілеті.
    Ақылдың тездігі – жаңа жағдайда адамның тез талдауы мен оның шешімін табу қабілеті.
    Ақылдың асығыстығы – жағдайды жан – жақты талқылап алмай шешім қабылдауға тырысу қабілеті.
    Ақылдың сынауы – өзінің және өзгелердің ойын жан – жақты ойлап талқылай білу.
    Қиял. Қиял – адам өмірінде шынай болмаған ойлар мен көріністерді құрастырудың психикалық әрекеті. Әлі күнге дейін ғалымдар елестетудің механизмін тапқан жоқ. Бұл үлгі адаммен оның ағза әрекетіне байланысты. қиял пассивті (түс көру,армандау), белсенді – құрастырылған ( заттың сипаттамасы бойынша үлгісін құрау), шығармашылық (ойдан шығарылған материалдарға байланысты жаңа үлгілер құру). Қиялдың бір түріне армандау жатады. Егер арман уақыт пен тәсілдері нақты болса ол мақсатқа айналады.
    Шығармашылық қиял бірнее этаптан тұрады:
    1– шығармашылық ойдың тууы;
    2 – ойлаған затты «көтеру»
    3 – ойды жүзеге асыру.
    Адам өмірінде елес ерекше орын алады. Біріншіден шындықты үлгі ретінде көріп, мәселені шешуде қолдана алу мүмкіндігі. Еіншіден, сезім күйін реттеу. Елестердің көмегімен адам өз қажеттіліктерін жүзеге сыра алады. Үшіншіден, елестету танымдық үрдістердің қатысуымен жүзеге асады. Төртіншіден, адамның ішінен әрекет жопарын құрып, оны үлгілерді басқара отырып ақылда жүзеге асыру.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   135




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет