Ес процестері.Оған есте сақтау,сақтау,қалпына келтіру, ұмыту жатады. Есте сақтау – бұл ескі ақпараттың жаңасыменен байланысып есте бекітілу үрдісі. Бұл есте сақтаудың түріне байланысты ерікті және еріксіз, ұзақ, қысқа және оперативті есте сақтау бөлінеді. Қалпына келтіру ерте есте сақталған ақпаратты психикалық жолмен ұзақ естен оперативті еске бекіту болып табылады. Белсендіру процессі қиын немесе оңай жолмен өзгеру деңгейімен сипатталады: ұмытылған затты еске тез түсіру немесе еске түсіре алмай қиналу. Осыған байланысты қалпына келтіру тану, жеке қалпына келтіру және еске түсіру сияқты болып бөлінеді. Объектке субъектті қайта көрсету кезінде тану үрдісі жүреді. Адам бұрын көрген затын қайта көргенде есіне түсіреді. Жеке қалпына келтіру объектке субъектті қайта ұсынусыз өтеді. Адам бәрін өзі еске түсіреді. Ол бұрын көрген нарсесін жай есіне ерікті түрде алады немесе, еске түсіру мақсатында еріксіз түрде күш салу арқылы түсіреді.
Кейде реминисценция құбылысы болады – адам өзінің еске түсіре алмаған ақпаратын жақсы жағдайда еш күш салусыз еске түсіреді. Ұмыту жартылай немесе толық болады. Жартылай ұмыту қалпына келтіре алмаған ақпаратты тану арқылы өтеді. Ақпаратты қайта тыңдау немесе оқу үрдісі адамға оны таныс екенін көрсетеді, бірақ оны өз бетімен қайталауға мүмкіндігі келмейді. Толық ұмыту ақпаратты қалпына келтіру, тану мүмкіндігінен айырады. Неміс психологы Г. Эббингауз көптеген тәжірибесінің нәтижесінде ақпаратты 72 сағат көлемінде мүмкіндігіміз бар екенін анықтаған.
Сақтау. Ұмытылмаған ақпараттың бәрі сақталады. Адамның қажеттілігіне байланысты ақпарат жаймен ұмытылады. Адамға өмірлік маңызы бар ақпарат ешқашан ұмытылмайды. Ақпаратты сақтау адамның әрекет деңгейіне байланысты.Ақпараттың естен ерікті немесе еркінен тыс алынуы сақтаудың ашық әдісі көмегімен іске асады. Алайда сақтаудың жабық әдісі бар, ол адам есінен керек мәліметті гипноз арқылы еске түсіру. Есті жетілдірудің бір әдісі «жинақтау жүйесі» әдісі. Ес бұлшық ет тәрізді жеңіл жаттығуларды жиі қайталау барысында жаттығады. Ол үшін жақсы құрастырылған қызықты ақпаратты біртіндеп оқып, есте сақтау қажет. Жинақтау жүйесі есті ғана емес, қалпына келтіру мен назарды да шынықтырады.
Ойлау .Ойлау адамның жаңалық ашуының, шығармашылық жұмысының белсенді көрінісін және әрекеттерінің өзгеруін көрсетеді. Ойлау субъектте болмаған нәтижелерге жеткізеді. Ойлаудың басқа психологиялық үрдістерден айырмасы тапсырмаға жауап іздеу мен оның шарттарын өзгерту сияқты мәселелі жағдайлармен айналысуы болып табылады. Ойлау әрекеттердің жалпы, ортақ заңдылықтарымен байланысы. Бұл дегеніміз нақты жағдайлардағы әрекеттердәң шынайылығына бағытталады. Ойлауға екі белгі тән:
1. Жалпылық. Бұл дегеніміз ойлау кезінде ақпараттың әртүрлі қасиеттерінің әртүрлі көздерден алынып, көптеген өңдеуден өтіп, сығылып адамға берілуі. Ойлау тек адамға тән үрдіс.
Ортақтық. Ойлау шынайылықтың ортақ көрінісі. Бұл дегеніміз ойлау талдаушыларға әсер етпейтін тек қосымша белгілер көмегімен ғана ақпаратты түсінуге және анықтауға мүмкіндік беру. Адамның ойлау қабілеті сөздердің көмегімен жүзеге асатын түсінік арқылы беріледі. Түсіну – құбылыстар мен заттардың толық әрі нақты көрінісі.
Ойлауда әрекеттің шарттарының оның мақсаттарына қатынасын көрсетеді, яғни алынған ақпараттың бірінен екіншісіне өзгеруі, жағдайдың қажетті жалпылама сызбаға өңделуі.Ортақ байланыс орнату, құбылыстардың бірнұсқалы топтарының қасиеттерін жалпылау, нақты бір құбылыстың жаратылысын белгілі бір құблыстар тобының әртүрлігі екенін түсіну адамның ойлау қабілетінің қасиеті. Ойлау әрекеті әртүрлі операция құрылымдары арқылы жүзеге асады.Алгоритмдік ойлау берілген тапсырманы қарапайым операциялар тізбектері арқылы орындау.
Эвристикалық ойлау – қиын тапсырмалардың шешімін шығармашылық жолмен табу.Дискурсивты ойлау (есті) –логикалық талдаудың тізбекті қатарынан ақыл қорытындысы жүйесіне құрылған, есті ойлау сипатына ие ойлау түрі. Дискурсивты ойлау түрі қорытынды шығаруда қолданыладды.Ойлаудың тарихында баланың ойлау қабілеті ойлаудың бір – бірін алмастыратын үш түрі бар :
көрнекі – әрекетті
көрнекі – бейнелік
абстрактілі – логикалық.
Ойлаудың бірнеше түрі бар: теоретикалық түсінікті ойлау – адам тапсырманы орындау барысында ақылмен әрекет етіп түсінігіне жүгінеді, бірақ ол сезім мүшелерінің тәжірибесі көмегімен шешуге тырыспайды. Теоретикалық ойлау түрі теоретикалық ғылыми зерттеулерде қолданылады.Көрнекі – бейнелік ойлау үрдісі адамның қоршаған ортаны шынай қабылдайтын ойларымен байланысты, олар адам көменгінсіз шешілмейді. Көрнекі – әрекетті ойлау үрдісі шынай құбылыстарды адамның тәжірибелі ойларға өңдеуімен анықталады. Бұл ойлау түрі өндірістік қызметпен айналысатындарға тән.
Ойлау қабілетіне байланысты адамды екі типқа бөледі:
Интуитивті тип. Сезімнің ақылды бағындыруымен және мидың оң жақ бөлігінің сол жағына үстемдік етуімен сипатталады.
Ойлы тип. Ақылдың сезім мен интуициядан басым болуы мен сол жақ ми бөлігінің оң жақты тиімді пайдалануымен сипатталады.
Шығармашылық ойлау ойлаудың ерекше түріне жатады. Оның негізгі белгілері:
Біртуарлық, ойлардың ерекшелігі мен интелектуалды жаңалыққа тырысу.