2. Басшылық ерекшелігі Психологтар бір адамды басшы етіп таңдаудағы басты кешенді ерекшелікке өзгеріске ұшырауға бейім қасиеттер саналып, ол әр уақытта басшының табиғатын анықтауға көмектеседі деп тұжырымдаған. Ондай айнымалылар:
Басшының тұлғасы, оның шығу тегі, әлеуметтану үрдісі және алға жылжуы;
Соңынан ерушілердің сипаты;
Басшы мен соңынан ерушілердің қатынасы;
Басшылық орын алатын контекст;
Белгілі бір жағдайлардағы басшы мен бағынушының қатынасының нәтижесі.
Басшының тұлғасы Басшының ерекшеліктерін зерттеуде оның тұлғасына баса назар аударылады. Басшылық жүйесіндегі тұлға менеджерлердің шын басшы болуына көмектесетін қасиеттер кешенін дамытуымен көрсетіледі. Осыған орай биліктің басты қасиеттері ретінде мыналар саналады:
Басшының тұлғалық белгілері;
Тұлғаның өзі туралы түсінігі;
Тәртібіне әсер етуші қажеттіліктер мен алға ұмтылушылықтар;