3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СҰРАҚТАР
Тақырып 2.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
Білім берудің ұлттық жүйесі: түсінік және құрылым
Жалпы білім беретін мектептерді басқару.
Білім беру министрлігі: міндеттері мен қызметтері. Білім берушілік мекемелердің түрлері. Жалпы білім беретін мекемелердің ұйымдастырушылық мәдениеті.
Тақырып 3. Менеджменттің маңызы,кәсіби білім беру жүйесіндегі рөлі мен орны
Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, дамуы және тарихы, оның кәсіби білім беру жүйесіндегі түрленуі. Ғылыми менеджмент мектептері.Педагогикалык менеджменттің ұғымдық аппараты. «Менеджмент» ұғымынаберілген анықтамалар. Менеджердің басқару стилі. Менеджмент әдістері. Басқарушылық іс әрекеттер дау дамай.
Тақырып 4. Кәсіби білім беру мекемелеріндегі басқаруға жүйелі көз қарастар
Әлеуметтік-педагогикалық жүйелер, ұғымдар және түрлер. Жүйелердің мақсаты және маңызы, олардың түрлері және даму заңдылықтары. Білім беру жүйесі әлеуметтік жүйенің түрі ретінде, оның атқарушы жұмыстары: мақсатты, мазмұны, қызметті, талдау-нәтижелік.
Тақырып 5.Жүйе және басқару.
Білім беру мекемелерін басқару. Білім беру жүйелерін басқару.
Басқару қызметі ұғымы және маңызы.Басқарудың негізгі мақсаты және міндеттері. Білім беру мекемелерін басқару қағидалары. Білім беру қағидалары және функциялары.Басқару әдістері: психологиялық-педагогикалық, экономикалық, ұйымдастыру-ұйғарымдық.
Тақырып 6. Білім беру мекемелерін басқарудың құрылымы
Басқару құрылымы. Білім беру мекемелеріндегі басқару құрылымын анықтайтын кадрлар. Кадрлық саясат. Мектеп кеңесі. Педагогикалық кеңес. Әдістемелік кеңес. Ата аналар комитеті.
Тақырып 7. Нарықтық экономика жағдайындағы оқу орындарының даму стратегиясы.
Білім беру мекемелері қызметінің басымдық бағыттарын таңдау. Білім беру мекемелерінің стратегиялық даму жоспарларын жасау. Оқу орындарының стратегиялық дамуына сыртқы ортаның әсері.
Тақырып 8. Педагогикалық менеджментте білім беру сапасын басқару.
Білім беру мекемелерін басқарудың ғылыми-теориялық негіздері және басқарудың әдіснамасы. Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ), оны білім берудің және білім беру үрдісін жоспарлауға, басқаруға, білім беру нәтижелерінің сапасын бағалауға ендіру.
Тақырып 9. Педагогикалық қадрларды аттестациялау.
Ұстаз еңбегін бағалауға қойылатан жалпы талаптар. Ұстаз еңбегін бағалаудың дараландырылған көрсеткіштері. Педагогикалық кадрларды аттестациялау технологиялары. Педагогикалық кадрларды біліктілігін арттыру және өздігінен білімін жетілдіру.
Тақырып 10. Педагогикалық менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету.
Ақпарат ұғымы, оның педагогикалық менеджменттегі рөлі мен маңызы. Басқарушылық ақпарат. Білім беру саласы басқарушының ақпаратты қажеттілігі. Ақпараттық қажеттілікті қалыптастыруға әсер ететін объективтіжәне субъективті факторлар. Менеджментті ақпараттық қамтамасыз етудің тиімділігі. Жаңа ақпараттық технологиялар, оларды басқару қызметіақпараттандыру үрдісіне қолдану.
Тақырып 11. Педагогикалық ұжымдағы тұлғаларарық қатынастар.
Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климат. Білім беру мекемелеріндегі педагогикалық ұжым, оның қызметіндегі ерекшеліктері «Тұлғалараралық қатынастар» ұғымы.
Тақырып 12. Тұлғааралық қатынастардың оқытушылар қызметіне , оқу-тәрбие үрдісіне әсері.
Тұлғалараралық қатынастар ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық реңкті қалыптастыру негізі ретінде, оның функциялары. Педагогикалық ұжымда түсініспеушіліктер және оларды шешу.
4 КУРС ЖҰМЫСЫ (ЖОБА)
Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?
Магистранттар дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз.
Сабақ барысы.
Магистранттар белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20 минутта дискуссия барысында өздерінін көзқарастарын дәлелдеп шығатын сұрақтар тізімін белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген дәлелдемелердін дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде алатын орны қандай? Бір проблемаға байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз.
Практикалық сабақтарды өткізуге арналған жалпы әдістемелік нұсқау
Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.
1-кезең. 10- минут. Зерттелетін проблемаға кіріспе.
Осы кезеңде тақырыптың өзектілігі айқындалып, оның күрделілігі, практикамен теорияда шешілу деңгейі ашылуы қажет және ағымдағы өмірдің түрлі аспектілерімен болашақ әрекетімен байланысы проблемалары көрсетілуі тиіс.
2-кезең. 3- минут. Мақсат қою.
Топ бірнеше шағын топқа бөлінеді. Әр топтың тапсырма шеңбері анықталады (жағдаятты зерттеу. өз жауабымен шешімін нақтылау, өз көзқарасын публикалық қорғауға даярлану), шешім іздеу және талдау шекарасы, өздік жұмыс уақыты белгіленеді.
3-кезең. 10-15 минут. Жағдаятпен топтық жұмыс.
Оқытушы топтың жұмысын бақылайды, туындаған сұрақтарға жауап береді, нұсқаулар береді.
4-кезең. 15-20 минут. Топтық пікірталас.
Шағын топтардың өкілдері кезек-кезек жұмыс нәтижесі туралы хабарламаларымен таныстырады, жағдай туралы жалпы көзқараспен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап береді, ұсынылған альтернативті шешімдерге талдау жасайды.
Топ өкілдері сөздерінен кейін, жалпы пікірталас басталады. Көзқараспен шешімді талдау, нәтижені талдауды бағалау, мәселені шешу жолын қарастыру,, тиімді шешімге келу.
5-кезең. 10 минут. Қорытынды әңгіме.
Оқытушы жағдаятпен жұмыс барысындағы ұжым жұмысының жақсы нәтижесін ерекше көрсетеді. Дұрыс және қате шешімдерді бөліп көрсетеді.
5 БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
5.1. БӨЖ және БӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
Магистранттардың өздік жұмысы (БӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).
Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, магистранттардың міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.
БӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Магистрант өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.
І. Берілген тақырыпты конспектілеу.
Негізгі талаптар:
Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.
Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
Магистранттардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Магистранттардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
Магистранттардың өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
Магистранттардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
Магистранттардың табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
Магистранттардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
Магистранттардың оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
Магистранттардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.
5.2. БӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары
БӨЖ тақырыптарының тізімі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңы
Білім беру мақсаттары
Мектептен тыс білім жүйесін жетілдіру
Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретінде
Жалпы білім беретін мектепті басқару
Білім беру мекемелерінің стратегиялық даму жоспарларын жасау.
Білім беру мекемелерін басқарудың құрылымын моделдеу
Педагогикалық кадрлардың біліктігін арттыруы және өздігінен білімжетілдіруі
Білім беру үдерісін басқаруды құжаттармен қамтамасыз ету.
Басқарушылық қызметтегі келіспеушіліктер
Білім беруде қазіргі ұйымдастыру менеджменті пәнінен магистранттардың білімін бағалауға арналған сұрақтар
Тест сұрақтары:
1. Педагогикалық менеджмент бұл-
A) Білім беру менеджменті
B) Әлеуметтік менеджмент
C) Оқу тәрбие процесі
D) Педагогтар мен студенттерді басқару
E) Басшылық жасау
2. «Менеджмент» сөзі қандай мағына білдіреді?
A) «басқару» , «меңгеру»
B) «шебер»
C) «білікті маман»
D) «ұйымдастыру»
E) «түзету », « реттеу»
3.Педагогикалық менеджментің негізгі міндеттерінің бірі?
A) Басқару шешімдерін рәсімдеу
B) Тексеру жҥргізу қызметі стилін жетілдіру
C) Ұйымдастыру- басқару
D) Оқу- тәрбие процесін жетілдіру
E) Педагогтар мен студенттерді басқару
4. «Өз ісінің мән- жайын жетік білетін маман»
A) Менеджер
B) Білікті маман
C) Шебер
D) Жаңашыл ұстаз
E) Кәсіби әдіскер
5.Педагогикалық менеджмент міндеттері қалай анықталады?
A) Басқару мазмұнымен
B) Оқу тәрбие процесімен
C) Басшылық жасаумен
D) Білім мазмұнымен
E) Білім беру процесін басқарумен
6.Педагогикалық менеджмент принципі дегеніміз?
A) Білім беру менеджерінің қызметіне тән маңызды талаптар мен ережелердің жиынтығы,
жеке тұлғалар арасындағы психологиялық қарым қатынасқа негізделген пед. процесс
B) Білім беру менеджерінің қызметіне тән маңызды талаптар мен ережелер
C) Білім беру менеджерінің педагогикалық бағыттау принципі
D) Білім беру процесін басқарудың кешенді принципі
E) Педагогикалық жүйелерді ғылыми негізде басқару
7.Білім беру менеджері қызметінің негізгі принциптерінің бірі?
A)Менеджменттің педагогикалық бағыттылығы
B) Басқару шешімдерін рәсімдеу
C) Ұйымдастыру- басқару
D) Есеп жүргізу
E) Психо- педагогикалық әсер ету
8.Менеджердің өзін- өзі жетілдірудің жүйелі принципі неге негізделген?
A) Теорияда қол жеткен табыстарын алдыңғы қатарлы практикаға ендіру
B) Менеджердің тұрақты шығармашылық ізденісіне
C) Педагогикалық жүйелерді ғылыми негізде басқаруға
D) Білім беру процесін басқарудың кешенді принципіне
E) Білім беру мекемесінің жұмысын жоспарлауға
9.Басқару функциясының компоненттері:
A) жоспарлау,ұйымдастыру
B) қоғамдық әсер ету
C) психо педагогикалық әсер ету
D) басшылық жасау
E) басқару шешімдерін рәсімдеу
10.Басқару үрдісінің пәрменділік принципі нені талап етеді?
A) Басқару қызметі мен әкімшілік басшылықтың сатылық үлгісінің өзара үйлесімді әрекет етуін
B) Жас ұрпақтың кәсіби біліктілігін жоғары деңгейде оқытуға қол жеткізуді
C) Теорияда қол жеткен табыстарын алдыңғы қатарлы практикага ендіруді
D) Менеджердің тұрақты шығармашылық ізденісін
E) Білім беру процесін басқарудың кешенді принципін
11.Қызметтік мақсатқа лайықтылық принципі неге негізделген?
A) Жас ұрпақтың кәсіби біліктілігін жоғары деңгейде оқытуға қол жеткізуге
B) Басқару қызметі мен әкімшілік басшылықтың сатылық үлгісінің өзара үйлесімділігіне
C) Теорияда қол жеткен табыстарын алдыңғы қатарлы практикага ендіруге
D) Менеджердің тұрақты шығармашылық ізденісіне
E) Білім беру процесін басқарудың кешенді принципіне
12.Білім беру менеджері қызметінің принципіне жатпайды:
A) Қоғамдық пікір арқылы әсер ету
B) Менеджменттің педагогикалық бағытылығы
C) Қызметтік мақсатқа лайықтылығы
D) Басқару үрдісінің пәрменділігі
E) өзін өзі жүйелі жетілдіру
13.Менеджмент сөзінің жалпы түсінігі?
A) Басшының алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуде, басқа адамдардың еңбектерін,
қабілеттерін жұмылдыра білуі
B) Білім беру мекемесінің жұмысын жоспарлау, реттеу
C) Білім беру процесін басқарудың принциптері мен технологиялық тәсілдерін анықтау
D) Педагогикалық жүйелерді ғылыми негізде басқару
E) Басқару шешімдерін рәсімдеу
14.Педагогикалық менеджмент әдісі:
A) Психо педагогикалық әсер ету
B) Өзін өзі жүйелі жетілдіру
C) реттеу
D) жүйелеу
E) жоспарлау
15.Ұйымдастыру- жарлықтық іс әрекеттерінің мазмұны педагогикалық менеджменттің қай
әдісіне жатады?
A) Менеджердің әкімшілік жұмыс әдісіне
B) Психо педагогикалық әсер ету әдісіне
C) Экономикалық әдіске
D) Қоғамдық әсер әдісіне
E) Өзін өзі жүйелі жетілдіру әдісіне
16.Басқару функциясының компоненттеріне жатпайды:
A) жоспарлау
B) нұсқау беру
C) ұйымдыстыру
D) реттеу
E) бақылау
17.Басқару функциясының компоненттеріне жатады:
A) басқару деңгейлері
B) бақылау
C) нұсқау беру
D) білімді жетілдіру
E) оқыту
18.Кәсіптік білім беру менеджментінің педагогикалық бағыттау принципы:
A) басшылық қызметті негізгі сала кәсіптік оқыту мен тәрбиелеу ісі төнірегінде топтасуы
B) өзін-өзі сынай білу
C) менеджердің тұрақты шығармашылық ізденісі
D) басқару қызметі мен әкімшілік басшылықтың өзара үйлесімді әрекет етуі
E) менеджердің психологиялық және педагогикалық заңдылықтарды игеруі
19.Менеджердің басқару қызметін өзара бөлісу принципі:
A) басшылық қызметті негізгі сала кәсіптік оқыту мен тәрбиелеу ісі төнірегінде топтасуы
B) өзін-өзі сынай білу
C) менеджердің тұрақты шығармашылық ізденісі
D) басқару қызметі мен әкімшілік басшылықтың өзара үйлесімді әрекет етуі
E) ұжымдық шығармашылық пен ұжымдық саналы қызметіне арқа сүйеуді талап ету
20.Басқару үрдісінің пәрменділік принципі
A) басшылық қызметті негізгі сала кәсіптік оқыту мен тәрбиелеу ісі төнірегінде топтасуы
B) өзін-өзі сынай білу
C) менеджердің тұрақты шығармашылық ізденісі
D) басқару қызметі мен әкімшілік басшылықтың өзара үйлесімді әрекет етуі
E) менеджердің психологиялық және педагогикалық заңдылықтарды игеруі
21.Менеджердің өзін-өзі жетілдірудің жүйелі принципі:
A) басшылық қызметті негізгі сала кәсіптік оқыту мен тәрбиелеу ісі төнірегінде топтасуы
B) өзін-өзі сынай білу
C) менеджердің тұрақты шығармашылық ізденісі
D) басқару қызметі мен әкімшілік басшылықтың өзара үйлесімді әрекет етуі
E) менеджердің психологиялық және педагогикалық заңдылықтарды игеруі
22.Менеджердің қызметтік мақсатына лайықтылық принципі:
A) басшылық қызметті негізгі сала кәсіптік оқыту мен тәрбиелеу ісі төнірегінде топтасуы
B) өзін-өзі сынай білу
C) менеджердің тұрақты шығармашылық ізденісі
D) басқару қызметі мен әкімшілік басшылықтың өзара үйлесімді әрекет етуі
E) менеджердің психологиялық және педагогикалық заңдылықтарды игеруі
23.Педагогикалық менеджмент әдістеріне жатпайды:
A) психо-педагогикалық әсерету әдісі
B) әкімшілік басқару әдісі
C) экономикалық әдістер
D) қоғамдық пікір арқылы әсер ету әдісі
E) ұғымдық басқару әдісі
24.Педагогикалық менеджмент әдістеріне жатпайды:
A) психо-педагогикалық әсерету әдісі
B) әкімшілік басқару әдісі
C) экономикалық әдістер
D) қоғамдық пікір арқылы әсер ету әдісі
E) педагогикалық және психологиялық заңдарды қолдану әдістері
25.Педагогикалық менеджмент әдістеріне жатпайды:
A) психо-педагогикалық әсерету әдісі
B) әкімшілік басқару әдісі
C) экономикалық әдістер
D) қоғамдық пікір арқылы әсер ету әдісі
E) баскару кызметн өз ара болсу
26.Педагогикалық менеджмент әдістеріне жатпайды:
A) психо-педагогикалық әсерету әдісі
B) әкімшілік басқару әдісі
C) экономикалық әдістер
D) қоғамдық пікір арқылы әсер ету әдісі
E) менеджердің өзін-өзі жүйелі жетілдіру әдісі
27.Педагогикалық менеджмент әдістеріне жатады:
A) ұғымдық басқару әдісі
B) педагогикалық және психологиялық заңдарды қолдану әдістері
C) басқару қызметін өзара бөлісу әдісі
D) қоғамдық пікір арқылы әсер ету әдісі
E) менеджердің өзін-өзі жүйелі жетілдіру әдісі
28.Томендегі аталган кай адіс педагогикалық менеджмент әдістеріне жатады:
A) қоғамдық пікір арқылы әсер ету әдісі
B) басқару қызметін өзара бөлісу әдісі
C) өзін-өзі сынай білу әдісі
D) басқару денейлерін қолдану әдісі
E) талдау, реттеу әдісі
29.Педагогикалық менеджмент әдістеріне жатады:
A) экономикалық әдістер
B) басқару қызметін өзара бөлісу әдісі
C) өзін-өзі сынай білу әдісі
D) басқару денейлерін қолдану әдісі
E) талдау, реттеу әдісі
30.Жоспарлау, реттеу, бақылау педагогикалық менеджментің
A) функциялары
B) компоненттері
C) басқару функциясының компоненттері
D) әдістері
E) принциптері
31.Есеп жүргізу, талдау педагогикалық мнеджментінің
A) басқару функциясының компоненттері
B) функциялары
C) принциптері
D) әдістері
E) компоненттері
32.Менеджер қызметін жетістіктерге жету мүмкіндіктерін тежейтін факторлар:
A) өзін-өзі дамытуды тоқтату
B) ұжыммен тіл таба білу қабілеттілігі
C) инновацияға көзқарасы
D) өз саласында жетекші маман болуы
E) ұжымның басқару ерекшілігін білуі
33.Педагогикалық менеджердің дамуына қолайлы факторлар:
A) барлық жауабы дұрыс
B) ұжыммен тіл таба білу қабілеттілігі
C) инновацияға көзқарасы
D) өз саласында жетекші маман болуы
E) ұжымның басқару ерекшілігін білуі
34.Мектепті басқару ....
A) мектеп әкімшілігінің іс-әрекеті
B) педагогикалық кенестер, семинарлар өткізу
C) педагогикалық талдау, жобалау
D) мектеп құрылымын байланыстыру тәсілі
E) қарым-қатынастарды жүйелеу
35.Директор қызметінің педагогикалық блогы:
A) басшылық жасау, зерттеушілік, қарым-қатынас
B) педагогикалық талдау, жобалау
C) оқытушылар ҧжымын топтастыру, тұлжарлық қарым-қатынас
D) дербес басшылық жасау әрекеттері
E) мектеп жұмысының сапасын арттыратын жаңа әдіс-тәсілдер
36.Директор қызметінің қарым қатынатың (комуникативтік) блогы:
A) басшылық жасау, зерттеушілік, қарым-қатынас
B) педагогикалық талдау, жобалау
C) оқытушылар ұжымын топтастыру, тұлжарлық қарым-қатынас
D) дербес басшылық жасау әрекеттері
E) мектеп жұмысының сапасын арттыратын жаңа әдіс-тәсілдер
37.Директор қызметінің зерттеушілік блогы:
A) басшылық жасау, зерттеушілік, қарым-қатынас
B) педагогикалық талдау, жобалау
C) оқытушылар ұжымын топтастыру, тұлжарлық қарым-қатынас
D) дербес басшылық жасау әрекеттері
E) мектеп жұмысының сапасын арттыратын жаңа әдіс-тәсілдер
38.Өзара қарым-қатынас түрлерінін дұрыс аталуы:
A) үйлесімділік, бағыныштылық
B) әрекеттік, құзырлық
C) субординациалық, координациалық, кері байланыс
D) координациалық, әрекеттік
E) ынтымақтыстық, командалық
39.Мектеп басшыларына қойылатын негізгі талаптар:
A) мұғалімдер мен оқушылар арасында қарым-қатынасты орната білу
B) мұғалімдер белсендіре білу
C) қатынас стратегиясын, құралдарын білу
D) іскерлік қатынас, өзін-өзі дамыту, жігерлі дағдыларды меңгеру
E) барлық жауап дұрыс
40.Қатынас құралдарына жатпайды:
A) тіл, дауыс
B) ырғағ
C) мимика, ым
D) құзырлық
E) дене қимылы
41.Қарым-қатынас түрлеріне жатпайды:
A) қарапайым
B) ашық-жабық
C) формальды
D) іскерлік
E) рухани
42.Сабаққа қеңейтілген педагогикалық талдау жасау
A) тәрбиелік талаптарын талдау
B) дидактикалық талаптарын талдау
C) санитарлық-гигиеналық талаптарын талдау
D) психологиялық талаптарын талдау
E) барлық жауабы дұрыс
43.Тексері-бақылаулардың топтарын ата
A) өзін-өзі бақылау
B) өзара бақылаулар
C) әкімшілік тарапынан бақылау
D) өзара бақылау, өзін-өзі бақылау
E) өзін-өзі бақылау, өзара бақылаулар, әкімшілік тарапынан бақылау
44.Кешенді бақылау
A) педагогикалық ұжымды жан-жақты зерттеу
B) белгілі бір пән, курс мақсатының орындалуын зерттеу
C) тек бір пән, курс мақсатының орындалуын зерттеу
D) мамандық атауы бойынша, бір пән циклын тексеру
E) бір топтағы жұмыс істейтін оқушыны тексеру
45.Тақырыптық бақылау
A) педагогикалық ұжымды жан-жақты зерттеу
B) белгілі бір пән, курс мақсатының орындалуын зерттеу
C) тек бір пән, курс мақсатының орындалуын зерттеу
D) мамандық атауы бойынша, бір пән циклын тексеру
E) бір топтағы жұмыс істейтін оқушыны тексеру
46.Жеке тексеру, бақылау
A) педагогикалық ұжымды жан-жақты зерттеу
B) белгілі бір пән, курс мақсатының орындалуын зерттеу
C) тек бір окушыны тексеру
D) мамандық атауы бойынша, бір пән циклын тексеру
E) бір топтағы жұмыс істейтін оқушыны тексеру
47.Пәндік жалпылама бақылау
A) педагогикалық ұжымды жан-жақты зерттеу
B) белгілі бір пән, курс мақсатының орындалуын зерттеу
C) тек бір пән, курс мақсатының орындалуын зерттеу
D) мамандық атауы бойынша, бір пән циклын тексеру
E) бір топтағы жұмыс істейтін оқушыны тексеру
48.Топтық-жалпылама бақылау
A) педагогикалық ұжымды жан-жақты зерттеу
B) белгілі бір пән, курс мақсатының орындалуын зерттеу
C) тек бір пән, курс мақсатының орындалуын зерттеу
D) мамандық атауы бойынша, бір пән циклын тексеру
E) бір топтағы жұмыс істейтін оқушыны тексеру
49.Ішкі бақылау функцияларына жатпайды:
A) ақпараттық
B) тәрбиелік
C) дамытушылық
D) іскерлік
E) ұйымдастырушылық
50.Негізгі мәліметтер ағымы:
A) Оқытудың мазмұнына бағытталған;
Достарыңызбен бөлісу: |