Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің



бет10/31
Дата06.02.2022
өлшемі495,5 Kb.
#81146
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
70b12e79-3327-11e3-9d7d-f6d299da70eeБиология оқытц әдістемесі УМКД.

Сабақтың негізгі элементтері:
1.Ұйымдастыру бөлімі;
2.Мұғалімнің жаңа сабақ материалын баяндауы;
3.Оқушылардың жаңа білімді ойша қорытындылауы;
4.Оқушылардың жаңа білмді пайдалануы;
5.Оқушылардың жаңа білімді меңгеруін мұғалімнің тексеруі;
6.Үйге тапсырма беру;
Осы құрылым элементтерінің сабақтағы барлығының өзара әрекеттесуі түрліше болады.
Сабақтың құрылымының негізгі үш элементі кез келген сабақта қатаң сақталуы керек, бұлар – сабақ ұйымдастыру,сабақты қорыту және үйге тапсырма беру.
Дүниетаным қабілеті жоғары

Д
Қазіргі оқушы


арынды Ізденімпаз,талапты
Ө нертапқыш
Өз алдына мақсат қоя білетін болуы тиіс
Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет.Оқу үрдісінде осындай әдіспен оқыту үшін мұғалім алдымен өзі оқып біліп,зерттеп тиімділігіне оқытып,өзінің шеберлігіне қарай таңдауы керек.Мұғалімнің ерекшелігі соны таңдай білуінде.Өйткені бір технологияның өзі мұғалімнің қолдану әдіс- тәсіліне,шеберлігіне қарай жүзеге асады.Мен өзімнің ұзақ жылдардағы іс-тәжірбиеме сүйене отырып сабағымда мына педагогикалық технологияларды басшылыққа аламын.
Д.В.Эльконин,
В .В.Давыдов В.Занков

Қазіргі оқушы
Дамыта оқыту технологиясы” “Дамыта оқыту
Жүйесі”

Ж.Қараев “Деңгейлеп оқыту “ Сын тұрғысынан ойлау И.Б.Первин


“Топтық оқыту”
Осы технологиялардың тиімділігіне тоқталар болсақ:
1.Дамыта оқыту-жеке тұлғаны жетілдіреді,оның дамуына бағыт беріп, олардың әуестік,белсенділік,адамгершілік,батылдық сияқты қасиеттерін қалыптастырады.
А.С.Выготскийдің Білім беру тек дамудың алдында болғаны пайдалы болады дегенін ескере отырып,оларды дамыта оқытудың бағдарламалық, проблемалық,ақпараттық,т.б. түрлеріне негіздеп күнделікті сабақтың тиімді бөлімдеріне қарай бағдарлап оқыту қажет.
2.Деңгейлеп саралау-мұғалімнің де,оқушының да белсенді шығармашылық қызметін дамытады.
С
Деңгейлеп саралау
абаққа қызығушылығы Жеке қабілеті
артады айқындалады

Өз бетімен жұмыс істеуге Даму мониторингі Нақты өз деңгейінде


үйренеді айқын көрінеді бағаланады

Бұл жөнінде әр баланың өз деңгейі болатындай,әр балаға берілетін тапсырманың көлемі лайықтап беріледі.Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек деген А.С.Выготский зерттеулері өте құнды.Деңгейлеп оқытудың тиімділігі өте көп.


3.Топтық оқыту-бірлесіп жұмыс істеуге,өз ойын дәлелдеуге,өз пікірін қосуға үйретеді.Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді.
4.Сын тұрғысынан ойлау-бұл кез-келген мазмұнды сынау емес,оны зерттеу, бақылау,талдау әр-түрлі стратегиялар арқылы ойлау негіздерін сыни тұрғыдан дамыту.
Е
СТО
ркін ойлауға мүмкіндік береді Ақыл – ойын дамытады

Оқу мен жазу сауаттылығын Шығармагылық белсенділі-


арттырады гін арттырады
Осы педагогикалық технологияның ерекшелігіне сүйене отырып,оның тиімді әдіс-тәсілдерін жетілдіруге болады.Атап айтқанда:
-дарынды оқушыны дамытады,оқушылар шығармашылығын арттырады;
-оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп,білім сапасын көтереді;
-пәнге деген бейімділігі,қызығушылығы артады;
Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып,жан-жақты талдауға,өз ойын ашық айтуға,оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты,білімді оқушылар тәрбиелеуге болады.Ол үшін мұғалім көп ізденіп,көп оқып,ізденіс үстінде болу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет