ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бухгалтерлік есеп және аудит» пәні бойынша 5В0



бет8/17
Дата21.04.2017
өлшемі3,88 Mb.
#14359
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Алдағы кезең шығысының есебі

Жыл ішінде кәсіпорындарға қызмет көрсететін басқа ұйымдардан қарым-қатынастарды жеңілдік (тиімді) шарттарымен ұзарту туралы ұсыныстар келіп түседі. Кәсіпорынның басшылығы шығындарды барынша төмен деңгейде болуына тәуелді болатын болашақта ойлап, пайдалы, неғұрлым қолайлы ұсыныстарды қарастырады. Мысалы, жеңілдікпен жазылу, егер ол белгілі бір мерзімге дейін болса, сақтандыру кезіндегі жеңілдіктер, егер клиент қызметте бірнеше жыл қатарынан тұтынатын болса, беріледі.

Кез-келген кәсіпорынның қызметі оң қаржылық нәтижені, яғни табыс алуға бағытталған. Пайданы есептеген кезде бухгалтер өзгелерден басқа екі әдістемелік рұқсаттарды ұсталу қажет:

- Үздіксіздік, яғни қызметтің тоқталғаны туралы ешқандай белгі болмаса, кәсіпорын белгісіз кезең ішінде бар болады деген жөн.

- Сәйкестік, яғни шығыстар табыс алумен байланысты шығындардың пайда болған есепті кезеңіне жатқызылуға тиіс.

Бұл рұқсатар болашақ шығыстарды жоспарлауға, оларды жүргізуге ғана емес, сондай-ақ алдағы кезең шығындарына жатқызуға міндеттенеді. Яғни мұндай шығындар трансформациялау арқылы бір есепті кезеңнен артық кезеңдердің қаржылық нәтижелеріне әсер етеді, мұндайда шығыстар шоты дебеттеледі және пассивтер шоты кредитттеледі. Мұндай шығыстар авансталған шығыстар ретінде сыныпталады- алдын-ала төленеді және болашақ кезеңдерге жатқызылады. Болашақ кезең шығыстарының неғұрлым кең таралған түрлері- жалдық ақы, сақтандыру төлемдері, болашақ есепті кезеңдер есебіне жалақы есептеу (резервтеу), кепілді міндеттемелер бойынша шығыстар, жарнама жөніндегі шығыстар, жазылу жөніндегі, жұмсалатын материалдарды сатып алу жөніндегі шығыстар, өсімдердің жаңа түрлерін әзірлеумен және жаңа технологиялық процестерді игерумен байланысты шығыстар, кен әзірлеу жұмыстарына арналған шығыстар, салық міндеттемелерінің алдын-ала төленген сомалары және қалыптасуы қызметтің ерекшелігімен құрудың қажеттілігене тәуелді болатын басқа да шығыстар. Егер есепті кезеңнің аяғында авансталған шығыстарды тану жөніндегі түзетуші жазбалар жасалмаған болса, онда қаржылық есептілік, баланс, кірістер мен шығыстар қаржы жағдайын көрсетпейді.

Жалпы, алдағы кезең шығындары – есеп беретін кезеңде шығарылған, бірақ келесі есеп беретін кезеңнің шығындарына жатқызылатын шығындарына жатқызылатын шығындарды айтады.

- сақтандыру полисін алу барысында болған шығындар сомасы есеп беретін уақытта

Д-т 60200, 7210 К-т 1620

“Жал төлемі” алдағы кезеңдер үшін төленген жал төлемдерінің сомасын көрсетеді. Аталмыш шотқа байланысты төмендегідей бухгалтерлік жахулар жазылады:

- Алдағы кезеңдер үшін төленген жал төлеміне

Д-т 1620 К-т 102120, 1031, 1011

- Есепті кезеңге жатқызылатын жал төлемінің есепттен шығарылуына

Д-т 6020, 7210, 937 К-т 1620

- Жалға алушының жал ақысы 2 ай бұрын төленді

Д-т 1620 К-т 4430

Көбінесе бұл кен- дайындау жұмыстарымен байланысты, маусымдық өндірістік салаларындағы өндірістік жұмыстармен байланысты, жаңа технологияларды игеру жөніндегі, жердің рекультивациясына, жыл бойына негізгі құралдарды бірқалыпсыз жөндеу жұмыстарына байланысты (жөндеу қоры құрылмаса) болатын шығындар есептеледі.

Егер жоғарыда аталып кеткен алдағы кезең шығындарын бухгалтерлік есепте көрсетілуіне мысал келтірсек:

1) Кәсіпорын 2008 жылғы қарашада 2009 жыл үшін құны 150000 теңге тұратын жылдық сақтандыру полисін сатып алды. Шығыстарды тану біркелкі негізде жүргізіледі. Яғни, ай сайын сақтандырудың 1/12 бөлігі есептен шығарылады. Бұл ретте бухгалтерлік есепте мынадай жазбалар жазылады:

- Сақтандыру полисінің 150000 теңге сомасы аванс түрінде төленді

Д-т 1620 К-т 1021, 1031, 1011

- Сақтандырудың 12500 теңге сомасындағы алдын-ала төлемі шығыс ретінде танылады

Д-т шығын есебі жөніндегі шоттары, 7210 К-т 1620

2) Кәсіпорын “Бюлитень бухгалтера” апталығына 2010 жыл үшін жазылу ақысы төленді, оның құны 11960 теңге құрайды. Бұл ретте, егер төлем 1-қыркүйекке дейін жүргізілсе, баспа жазылым сомасынан 10%мөлшерінде жеңілдік береді. Жазылу үшін сома іс жүзінде 2009 жылғы 25-тамызда аударылған.

Бұл кезде бухгалтерлік есепте мынадай жазбалар жасалады:

- “ББ” –ге 2010 жылға жазылу үшін төлем жасалды

Д-т 1620 К-т 1031, 1011 сомасы 10764 теңге

Аталға шығыстар 2009 жылдық қаржы есептілігіндегі баланста “Болашақ кезең шығындары” шотының сальдосы ретінде көрсетілетін болады, салық есебінде жазбалар жасалмайды. Келесі, яғни 2010 жылы жазылу жөніндегі шығыстар кәсіпорынның шығытары ретінде қарастырылып, кезең шығыстары ретінде қаржы есептілігінде, пайдалар мен залалдар туралы есепте көрсетілетін болады, жыл аяғындағы баланста шоттың сальдосы танылып, шегерімге жатқызылады.

Болашақ кезең шығындарын жыл сайын түгендеп отыру осы шот бойынша қалдықтарын дұрыс есептелуіне, және олардың өндіріс шығындарына дұрыс жатқызылуына мүмкіндік береді. Түгендеу комиссиясы құжаттар бойынша “Болашақ кезең шығындары” шотында есептелінуге тиісті сомалардың толықтығын, ақиқаттығын тексереді.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Сатыпалушылармен тапсырыс берушілердің борыштарының есебін ұйымдастыру

2. Күмәнді дебиторлық борыштар бойынша резервтердің есебін ұйымдастыру

3. Еншілес тәуелді серіптестіктердің дебиторлық борыштарының есебін ұйымдастыру



4. Алдағы кезеңдердің шығындарының есебін ұйымдастыру
Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет.

  2. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2005.

  3. «Бухгалтерлік есеп стандарттары» Аламаты, 2010.



8-тақырып. Негізгі құралдар есебі
Дәріс мақсаты: Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілерді және негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктерін анықтау


  1. Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау

  2. Келіп түскен негізгі құралдардың есебін және оның аналитикалық есебін ұйымдастыру

  3. Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері

  4. Негізгі құралды есептен шығару




  1. Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау


Кез келген өндіріс өз қызметіне кұрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада енбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте кайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.

Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.

Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және кұрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және ретгеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.

Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №16 ХҚЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.

Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.

Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.



Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші — қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар — тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.



Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз — субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінін балансында есептейді, жалға алушы 001-ші "Жалға алынған негізгі құралдар" баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аякталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады.

Оларды

2410 "Жер",

2411 "Үйлермен ғимараттар",

2412 "Меншік және құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар",



2413 "Көлік құралдары",

2414 "Басқа да негізгі кұралдар" шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар — бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уакытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.

Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимаратгардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.

Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және аткаратын кызметтеріне қарай мынандай түрлерге (топтарға) бөлінеді:

-жер;


үйлер;

ғимараттар;

өткізгіш тетіктер;

-машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және кұрал-жабдық);



-күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы;

-басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары, құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар;

-шаруашылык мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимаратгарсыз) шыққан күрделі шығын; баска да негізгі кұралдар.



Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер: жер — субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады; үйлер -халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;

ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;

өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, кұбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;

тар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лаборато машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдық риялык жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті коса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;

күш беретін машиналар және жабдықтар - жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары;түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану двигательдері, электрлік двигательдер).

жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар);

өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар);

есептеу техникасы - процестерді жыддамдату және автоматгандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, баскарушы және басқа есептеу машиналары);

басқадай машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа құрал-жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар);

көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің козғалмалы кұрамы, жегін көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;

құрал-сайман—қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған кұралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары). Басқа мүліктік объектінің кұрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;

өндірістік мүлік және соған жататын заттар — өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті корғауға көмектесетін жабдықтар; сұйык, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;

шаруашылық мүлік — кеңсежәне шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект- мүліктік объекті бола алады;

жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал — ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал - мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен кошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;

көп жылдық өсімдіктер — қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер). Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;

жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) — ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан тазарту);

басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.

Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстык, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.

Бастапқы (тарихи) құны — негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан (мысалға, КҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы т.б.), сондай-ак орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:



Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы — актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілетін сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша кәрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т.б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;

құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып алынған маишналар мен құрал-жабдықтар бойынша — сатып алу құны, тасымалдау, соның ішінде тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын, т.б. тексеру мақсатымен өткізілетін сынақтарға жұмсалатын шығындар. Машиналар мен құрал-жабдықтарды құрастыру кезінде олардың бұзылғандарына кеткен ағымдағы шығыстарын қоса есептегендегі жөндеу құны. Егер негізгі құралдар несие арқылы сатып алынған болса, онда төленген процентгер ағымдағы шығыстар болып табылады да объектінің бастапқы құнына қосылады;

үйлер мен ғимараттарды шаруашылық, әдіспен салу кезінде: құрылыс материалдары, құрал-жабдықтар, құрылыс машиналары мен механизмдерінің жұмысы, жұмысшылардың енбек ақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі, сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен кызметінің төлемі, құрылысты салу кезеңіндегі сақгандыруға жұмсалатын шығыстар, құрылыс салу кезеңінде берілген кредитгер бойынша процентгер, құрылыс салу үшін рұқсат алуға жұмсалатын шығыстар, жобалық-сметалық құжаттардың құны, т.б. — құрылыс бойынша жұмсалған шығыстардың барлығы да бастапқы кұнға қосылады;



жерді, үйлерді немесе ғимараттарды біртұтас мүлік ретінде иеленген кезде өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл объектілердің бастапқы құнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды. Егер пайдалануға тек жер ғана арналған болса, үйлер мен ғимараттар, жеміс ағаштары т.б. бұзуға (түбірімен жұлып алуға) жатады, демек құнға шектеулер қолданылмайды, ал жер сатып алынған объектіге жатады. Тозығы жеткен үйлерді бұзуға байланысты жұмсалған шығыстан, объектіні бөлшектеу барысында алынған құндылықтарды сатқаннан түскен табысты шегергеннен соң, жердің бастапқы құны есептелінеді;

мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойынша — объектіні тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген кұнына қүрал-жабдықтарды сатып алуға жүмсалған шығыстар қосылады, егер де оның құны тапсырыс беруші тарапынан теленген болса;

құрылтайшылардын, жарғылық, капиталына салынған негізгі құралдарөздерінің келісілген бағасы бойынша;



субъектінің өзі дайындаған немесе төлем арқылы сатып алынған негізгі құралдар бойынша — сатып алуға жүмсалған шығындардың нақты сомасы бойынша, жеткізу және сатып алынған объектілердін (алушының кұрал жабдықтарды орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде) тозу сомасын қоса есептелген басқа да сатып алуға байланысты жұмсалған шығыстар;

тегін алынған негізгі құралдардың объектілері бойынша— құжаттарда көрсетілген кұны алынады (құрал-жабдықтарды жеткізіп беру, орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде);

айырбас операциясы нәтижесінде алынған обьектілердің — бастапқы құны негізгі кұралдардың алынған ағымдағы құны бойынша анықталады, ал ол негізгі құралдардың берілген ағымдағы кұнына түзетулердің көмегімен алынған (берілген) ақша қаражаттарының сомасына тең болады. Айырбастауға бір мақсатқа пайдаланылатын объектілер де әртүрлі мақсатқа арналған объектілер де жатады.

Мысалы, бір-біріне ұқсас негізгі құралдар: тракторды жүк автомобиліне айырбастау кезінде алынған объект сатылған объектінің құны бойынша бағаланады, бірақ ол кезде тауардай немесе ақшалай салынған (түскен) сомасы ескеріледі;

жас малдарды негізгі табынға аударған кезде — малдарды әсірудің нақты өзіндік құны;

негізгі табынды қалыптастыру үшін алынган ересек малдар бойынша — жеткізуге кеткен шығындарды қоса есептегенде сатып алуға шыққан шығындар және сатып алуға байланысты басқа да шыққан шығындар;

жас өсімдіктер бойынша —өсімдіктерді еккен сәттен пайдалануға бергенге дейінгі егу, күтіп-баптау, көбейту, тазартуға кеткен (алынған өнімнің пайдалану немесе сату құнын алып тастағаннан кейінгі) нақты шығындар;

толық, төленген және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша олардың ұзақ мерзімге жалға алу шартында көрсетілген құны;

жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығындар бойынша — жүргізілген жұмыс бойынша шыққан нақты шығындар.

Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы, объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса, онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі кысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін.



Ағымды құн -бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.

Баланстық құн — бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.

Сату (өткізу) құны — бірін-бірі жаксы білетін және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың (тараптардың) негізгі кұралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.

Жою құны — тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және баска да материалдық құндылықтардың құны.

Амортизацияланған қүн — негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеніне субъектінің шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:

  • пайдалы кезең қызметі - бұл кезен ішінде негізгқұралдары пайдаланудан экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;

  • нормативтік қызмет кезеңі — бұл кезең ішінде белгіленген нормаға сәйкес кәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді.

Негізгі кұралдардың есебі 2410-ші "Негізгі құралдар" бөлімшесінің мынадай мүліктік активтік шоттарында жүргізіледі: 2411-ші "Жер, 2412-ші "Ғимараттар мен құрылғылар", 2413-ші "Машиналар мен жабдықтар, өткізгіштетіктер", 2414-ші "Көлік құралдары", 2415-ші "Басқа да негізгі кұралдар". Сонымен бірге, 2930-шы "Аяқталмаған құрылыс" шотында аяқталмаған күрделі салымдар, көпжылдық өсімдіктерді есіруге кеткен шығындар, жас малдарды өсіруге және бордақылауға кеткен шығындар есептелінеді.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін; негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.



2. Келіп түскен негізгі құралдардың есебін және оның аналитикалық есебін ұйымдастыру

Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстырудан; жас есімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен; басқа субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз (тегін) алынған негізгі кұралдардың келіп түсуінен; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан (келісімді құнын толық төлегеннен кейін); жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады.

Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді.



Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру) актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан (бөлімнен, учаскеден) екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құраддарды қоймадан (қордан) пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде (жарғылық капиталға косқан үлестерді, сатуды, сыйларды) оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.

Негізгі кұралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдыктардың және т.б. объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.

Алыс-беріс (орын ауыстыру) актісінде, міндетті реквизитгермен қоса, комиссия қызметету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызметету мерзімін шаруашылық жүргізуші субъекті дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен шаруашылык жүргізуші субъектінің есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен (визуально) анықтайды, не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден 2,0%-ке дейінгі сомасы алынады.

Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екіншісі тапсырушы цехта қалады.

Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалынады.

Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субъектіде қалады (онда бірінші дана негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі — есеп-айырысу төлем құжаттарына тіркеледі), үшінші дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.

Негізгі құралдардың алыс-беріс (орнын ауыстыру) актісі келесі бетте келтірілді.

Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір типті заттарымен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік карточкада жүргізіледі.

Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп, мүлікті Мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалады.

Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру (беру) кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай-ақ негізгі кұрал объектілерінің субъект ішінде орын ауыстыруы кезінде "Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру) актісі", ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға "Негізгі құраддар объектілерін есептен шығару актісі" негіз бола алады. Құрылысы салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілер туралы жазбаларды карточкаға жазу үшін "Жөнделген, қайта құрылған және жаңалаған объектілерді қабылдау-тапсыру актілері" негізінде жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет