ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бухгалтерлік есеп және аудит» пәні бойынша 5В0


Кесте 2. 1010 шотының кредиті бойынша кассадан төленген ақшалай қаражат сомасы



бет6/17
Дата21.04.2017
өлшемі3,88 Mb.
#14359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


Кесте 2. 1010 шотының кредиті бойынша кассадан төленген ақшалай қаражат сомасы.


Операциялар мазмұны


Дебет

Кредит

1

Қолма-қол ақша төленген НҚ, МЕА сатып алынды және кіріске алынды

2411-2417, 2730

1010

2

Кассадан шотқа ақшалай қаражат тапсырылды

1030

1010

3

Кассадан еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы берілді

3350

1010

4

Қолма-қол ақша төленген, өнімді тиеу мен өткізу шығындары

7110

1010

5

Қолма-қол есеп айырысумен алынған акциялар, облигациялар

1150

1010

6

Жабдықтаушылардың шоттарына кассадан қолма-қол ақша төлеу

3310

1010

7

Кассадан есеп ьерілетін ақша берілді

1250

1010

8

Жанға қолма-қол ақшамен төлегенде

3360

1010

9

ҚОРЛАР жабдықталған, орындалған жұмыспен көрсетілген қызмет үшін берілген аванстар сомасы

1610

1010

10

Қарыздарды (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімдік) жеке және заңды тұлғаларға кассадан берілген аванстар сомасы

3020

1010

11

Алынған аванстың қайтарылуы

3310,3320

10410

12

Түгендеу кезінде анықталған кассадағы ақшалай қаражаттың кем шығуы

2940

1010

13

Анықталған кем шығу кінәліге қойылады

1250

2940

14

Кінәлі кем шығуды өтеді

1010

1250

15

Егер кінәлі табылмаса немесе сот өндіруден бас тартса

7450

2940

16

Түсім банкке инкассатор арқылы тапсырылды

1030

1010




  1. Ағымдағы есеп айырылсу счетындағы ақша қаражаттарының есебі

Есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз түрі. Өзіндік балансы бар және меншікті айналымдық қаражатқа ие, заңды тұлға болып табылатын әрбір субъект Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Баскармасының 2010 ж. 2 маусымдағы №266 «Клиенттердің Қазақстан Республикасы банктерінде банктік шот ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулық» Қаулысына сәйкес бос ақшалай қаражатты сақтау мен есеп жүргізу үшін банктерде ағымдағы, корреспонденттелетін немесе жинақ шоттарын ашады.

Ағымдық және жинақ шоттары - жеке және заңды тұлғалардың заңды тұлғалардың жекелеген бөлімшелерінің (филиалдарының және өкілдіктерінің) банктік шоттары.

Корреспонденттік шоттар - банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын банктер мен ұйымдардың банктік шоттары. Аударылымдық операцияларды жүзеге асыратын субъектілерге корреспонденттік шоттар Ұлттық банктін операцияларға лицензиясы бар болса ғана ашылады.
Банктік шоттар банк шоты шарты бойынша ашылады.

Ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарды ашқан кезде банк клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомасын аудару туралы ұйғарымын орындауға және банктік шот шартында қарастырылған басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.

Банктік шотты ашу үшін клиент банкке мынадай құжаттар ұсынады:

1) Қазақстан Республикасының Заңды тұлғалары - резиденттер мен олардың жекелеген бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері): қаражат бөлушілердің (басшының, бас бухгалтердің) қойған колдарының үлгілері бар құжат және нотариалды куәландырылған, екі дана мөр бедерлемесі; клиенттің салықтық есепке қойылған фактісін растайтын салық кызметі органы берген құжаттың түпнұсқасы; мемлекеттік тіркеуден өту фактісін растайтын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, статистикалық карточка, уәкілетті орган берген, белгіленген формадағы құжаттың көшірмесі; фирмалар мсн өкілдіктер үшін - Қазақстан Республикасы заңды тұлға-резиденті филиал немесе өкілдік басшысына берген сенімхаттың көшірмесі; жарғынын нотариалды куәландырылған көшірмесі, не болмаса клиенттің үлгі жарғы негізіндегі қызмет фактісін растайтын құжат; банк белгілеген үлгідегі өтініш. [5, 78 бет]

Бірінші қол қою құқығы кәсіпорын басшысында, екіншісі бас бухгалтерде. Банктік шотқа субъектке хабарланатын нөмір беріледі және ол операцияны ресімдейтін барлық құжаттарға қойылады. Ағымдағы шотқа оның иесіне тиесілі төлемдерінің негізгі массасы - тауарларды, қызмет көрсетулерді, материалдық құндылықтарды өткізуден түскен түсімдер, банкте несие алу және т.б. түседі.

Ағымдағы шоттан жабдықтаушылардың алынған тауарлық-материалдық қорлар үшін қойған шоттары төленеді, бюджетпен есеп айырысулар, еңбекақыға, зейнетақыға, жәрдемакыға және шаруашылық қажеттіліктерге қолма-қол ақша беру жүргізіледі. Ағымдағы шотқа соманы есептеп жазу немесе есептен шығару жөніндегі операцияларды шоттың жазбаша өнімі негізінде ақшамен немесе олардың келісімімен, шаруашылық істері жөніндегі алқаның, соттардын, салық және қаржы органдарының шешімі бойынша даусыз тәртіппен өндірілетін төлемдерден басқасы, жүргізіледі. Ағымдық шоттағы қаражат жеткіліксіз немесе мерзімінде төленбеген барлық құжаттар қаржы түскен мүмкіндігіне қалай төленеді.

Банктегі ақшаны пайдаланғаны үшін банк шартпен белгіленетін мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлейді. Мұндайда мынадай бухгалтерлік жазба жасалады:

6110 «Ағымдық шоттағы ақша» шот кредиті

Клиент банктік қызмет ету шарты бойынша көрсеткен қызметі үшін шартта қарастырылған жағдайлармен, тәртіппен төлейді. Мұндайда мынадай бухгалтерлік жазба жасалады:

7210 «Жалпы және әкімшілік шығыстар» шот дебеті

1030 «Ағымдық шоттағы ақша» шот кредиті.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының 2008 ж. 29 маусымдағы №237-1«Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2010 ж. 25 сәуірдегі №179 «Қазақстан Республикасы территориясында төлемдік құжаттарды қолдану мен қолма-кол ақшасыз төлемдер мен аударымдарды атқару ережелері» атты қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы территориясындағы банктік шот ашпай, қолма-қол ақшасыз төлем мен ақша аударымдарын атқару Ережелерін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2010 ж. 25 қарашадағы №433 «Клиенттер мен оған қызмет ететін банк арасында қолма-қол ақшасыз төлем жүргізу Ережелерін бекіту туралы» атты қаулысына сәйкес жүзеге асады. Осы заңнамалық және нормативтік құжаттармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мынандай негізгі формалары ұсынылады: төлем тапсырмасы, чек, вексель, төлемдік талап-тапсырма, аккредитив, инкассолық өкім, салық қызметі органдары мен кеден органдарының инкассолық өкімі, ұлттық банктің құқықтык-нормативтік актілерімен белгіленген басқа да төлем құжаттары.

Төлеуші мен алушы арасындағы қаражат есептеу формалары шартпен немесе келісіммен белгіленеді. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу дегеніміз - ақша жіберушінің тапсырмада көрсетілген сомада бенефициар пайдасына ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы-банкке тапсырмалары. Ақша жіберуші «төлем белгілеуі» жолында атауды, негізінде ақша аудару атқарылатын құжаттың нөмірі мен ай-күні, жылын, сондай-ақ «Төлем белгілеуінің коды» жолында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2010 ж. 16 мамырындағы №195 қаулысына сай - төлемнің кодтық белгілерін көрсетуге міндетті.

Сонымен қатар төлем тапсырмаларына деректемелерді толтырғанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2010 ж. 15 қарашадағы №388 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышын - төлем белгілеудегі бірыңғай сыныптауышты қолдану ережелері» атты қаулысын басшылыққа алған жөн.

Төлем белгілеудегі бірыңғай жіктеуді кодтау құрылымы цифрлық және әріптік рәміздер жүйесінің көмегімен құрылған.

I - ақша жіберушінің резиденттік белгісі резидент - Қазақстан Республикасында мекен-тұрағы бар немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңдық және жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары тұратын дипломатиялық, сауда және басқа ресми өкілдіктер; резидент емес - Қазақстан Республикасындағы немесе одан тыс жерлердегі барлық заңдық және жеке тұлғалар, сондай-ақ «резидент» түсінігінде көрсетілмеген филиалдар мен өкілдіктер; II - ақша жіберушінің экономика секторы; III-бенефициардың резиденттік белгісі; IV-бенефидиар экономикасы секторы;V, ҮІ, ҮІІ - валюта мен бағалы металдардың коды; VI - операция түрлері; VII - төлем сипаты; VIII - төлемдерді нақтылау.

ТББС (төлем белгілерін бірыңғай сыныптауыш) қойғаны үшін жауапкершілікті төлем бастаушысы көтереді.

Жоғарыда аталған құжаттарға сәйкес төлем тапсырмасында Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сай анықталған резиденттіктің белгісі көрсетіледі және мынандай тәртіппен қойылады: «1» - резидент, «2» - резидент емес. Сонымен қатар субъектінің ұйымдастыру түріне мемлекеттік, мемлекеттік емес; қаржыландыру көзіне республикалық бюджет, жергілікті бюджет, өзін-өзі қаржыландыру; кызметтің негізгі түріне өндірістік, қоғамдық іс-әрекет, қаржылық немесе қаржылық емес қызмет көрсету байланысты көрсетіледі. [6, 99 бет]

Валюта кодтары тек қана шетелдік валютамен ақша аудару туралы өкініште көрсетіледі және ақ шетінде хальщаралық стандарттарға сәйкес «Валюта» деп қойылады. Тапсырмалар тауарлық емес есептеулер немесе көрсетілген қызметпен жұмыстарға алдын ала төлеу бойынша операциялар жүргізе алады. Бенефициар-резидент емес пайдасына ақша аударған кезде, банк ақша жүберуші болған жағдайларды есептемегенде, ақша жіберуші қызмет көрсететін банк-алушыға белгілеген формадағы бланкпен ақша аудару туралы өтінішті ұсынады. Мұндай өтініш қызмет көрсететін банк-алушыға акша жіберушінің ақша аудару туралы төлем тапсырмасы болып табылады.Төлем тапсырмасы/ақша аудару өтінішті банк жазылған ай-күні, жылы көрсетілуімен он күнтізбелік күн ішінде қабылдайды. Сонымен қатар төлем құжаттарына төлем негізділігін растайтын құжаттар тіркеледі.

Төлемдік талаптар-тапсырмалармен есеп айырысуда бенефициар банкке тиелген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін төлеу туралы ақша жіберушіге талабы бар, көрсетілген талапты растайтын құжаттар негізінде ұсынылатын есептік құжат береді.

Бұл есеп айырысулар төлеушінің акцепті бойынша немесе акцепсіз атқарылады. Төлемдік талап-тапсырмасын төлеуші толығымен немесе бөліп төлеуге қарсылығын оған қызмет көрсететін банк төлемдік талап-тапсырма алғаннан бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды. Төлеуге немесе төлеуші алған төлемдік-тапсырмасын тиісті қолдар қойылған, мөр бедерлемесімен барлық данада рәсімдейді, оны қызмет көрсететін банкке тапсырады.

Инкассолық өнім ақша өндіру туралы сот шешімдері, үкімдері, белгілеулері мен қаулылары немесе сот бұйрығы бойынша берілетін орындау қағазының түпнұсқаулары тіркеліп, заңнамалық актілерде қарастырылған жағдайларда, осы өндірудің негізділігін растайтын көшірмелерді қосып, сондай-ақ салық пен кеден қызметі органдарының инкассолық өкімдері, оларға растаушы құжаттар тіркелмейді, бюджеттік сыныптауыш код пен операция түрі көрсетіледі, ақша жіберушінің келісімінсіз банк шоттарынан ақша алу үшін қолданылады.Инкассолық өнім ақша жіберушінің банкісіне үш дана болып, ал бенефициар банкіне – төрт данамен ұсынылады.

Аккредитив дегеніміз - шарт бойынша контрагенттің пайдасына клиенттің талсырмасымен берілетін банктің шартты ақшалай міндеттемесі, ол бойынша аккредитив ашқан банк керсетілген бенефициармен төлем жасайды немесе аккредитивте көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда немесе аккредитивтің басқа шарттарын орындағанда басқа банкке мұндай төлемдерді атқаруға өкілеттілік беру

Банк Заңды тұлғалармен келісім бойынша белгіленген мерзімде немесе күнделікті оған үзінді көшірме, яғни банк шотындағы ақшалай қаражаттың қозғалысы жөнінде жазылған жазбалардың көшірмесін береді. Үзінді көшірмелерде Қазақстан Республикасьшың Ұлттық банкісінің 22.07.04 №102 (1.10.04 енгізіледі «Клиенттің жеке шотынан алынатын үзінді көшірменің оның банктік шоты бойынша ақша қозғалысы жайлы үзінді-көшірме мазмұнында болуға тиісті мәліметтерді белгілеу туралы» қаулысымен белгіленген деректемелер болуы керек. Мұнда негізіне сүйеніп, ақшалай қаражаттың есепке алынғаны немесе есептен шығарылған құжат нөмірлсрі көрсетіледі. Банк акшалай-есеп құжаттарын өзі жүргізген банк шоттары операцияларын дәлелдеу үшін үзінді көшірмеде көрсетілген сомалардың дұрыстығын тексереді және қате табылса, бұл жайында бірден банкке хабарлайды. Даулы сомаға заңдар мен және банктік қызмет туралы шартпен белгіленген мерзімде наразылық білдіруге болады.



Банктік шоттардағы ақшалай қаражатты есептеу үшін субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметі шоттарының Үлгі жоспарының 4 бөлігі шоты арналған. Ағымдық шоттағы операцияны көрсету үшін 1030 «Ағымдық, корреспонденттік шоттардағы ұлттық валюта ақша» шоты қолданылады. Бұл шоттың дебеті бойынша ақшалай қаражаттың түсуі, ал кредит бойынша - азаюы көрсетіледі. Банктің ақтаушы құжаттармен тіркелген үзінді көшірмелері есеп шот бойынша жазбаға негіз болады. Үзінді көшірмелердін 1030 шот кредиті бойынша №2 журнал-ордерге 1030 шот дебеті бойынша әр түрлі журнал-ордерлерде көрсетіледі. Алайда, есептің дәл болу маңызын және бақылау қажеттілігін ескере отырып, №2 журнал-ордерге қосымша №2 тізімдеме жүргізіледі, онда 1030 дебетіне жатқызылған барлық сома есептелінеді. Банктің үзінді кошірмелері тексеріледі және өңделеді, яғни сомалармен қатар шот корреспонденциялары жасалады. [7, 126 бет]

Кесте 5. 1030 шот бойынша субъектінің есеп шотына түскен сомасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет