ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Дифференциалды психология»


-тақырып . Жанұялық ұқсастық



бет3/4
Дата25.08.2017
өлшемі0,84 Mb.
#27206
1   2   3   4

9-тақырып . Жанұялық ұқсастық.

Жоспар:

  1. Ата-текті зерттеу мәселесі.

  2. Егіздердің психологиялық ұқсастықтары және корреляциялық зерттеулер.

  3. Асыранды балалар мәселесі.

Қабілеттер, тұлғалық қасиеттерге байланысты жанұялық ұқсастықты көбінесе тұқым қуалаушылық тұрғысынан ғана түсіндіріледі. Индивидтегі кемістіктер немесе таланттың көрінуінің себебін тұымқуалаушылық арқылы нақтылайтын көптеген мысалдар бар.

Егер жанұялық ортаның психологиялық өзіндік ерекшеліктерін талдап қарастыратын болсақ, ағайындылардың, ата-ана мен балалардың өзара ұқсастықтарына қоршаған ортаның әсер етуінің көптеген жолдары бар.

Біріншіден, бір жанұя мүшелері үшін ортақ болып келетін көптеген факторла бар.Олар:


  • Ортақ экономикалық деңгей;

  • Географиялық жағдай;

  • Мәдени жағдайлар;

  • Ағайындылар үшін ортақ перенантальды орта және т.б.

Екіншіден, жанұялық қарым-қатынас олардың өзара әсерлесуіне жағдай туғызады. Осылайша туыстар бір-біріне қоршаған орта әсерін қалыптастырады.

Үшіншіден, әлеуметтік бағыттаулар мен күтілімдер де маңызды психологиялық фактор болып табылады. Көбінесе балаға алдыңғы ата-тегінің ерекше жетістіктері мен кемшіліктерін “жапсырып” отырады, және қандайда бір осы белгілердің көрінісі бірден осы себептердің негізінде түсіндіріледі. Баланың өзіндік санасына бұл өз әсерін тигізіп, оның әрі қарайғы дамуына алғы шарт бола бастайды.

Сонымен қатар, жанұялық орта психологиялық қасиеттердегі нақты айырмашылықтардың себебі болып та табылады.. М-ы: ағасы інісі, балалар әр түрлі жас кезеңдерінде болғандықтан ата-ананың оларға түрліше қатынас жасауы, басқа да себептердің негізіндегі ата-ананың балаларына қатынасы (әсіресе бұндай қатынас ұлттық, менталитеттік өзгешеліктерге қатынасты болып келеді). Ендеше, көптеген мысалдар мен мәліметтерге сүйенетін болсақ жанұялық ұқсастық деңгейі өмірдің нақты ситуацияларына тәуелді болмақ.

Ата –текті ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысын ең алғаш қолға алған Ф.Гальтон (Наследственный гений) 1869 жылы жарияланды.

Бұл еңбегінде Англияда кең танымал деген 300 жанұядан 997 ер адамдар алынды. Олардың ішінде түрлі шенеуліктер, судьялар, теологтар, діни өкілдер, ғалым және суретшілер болды. Олар туралы мәліметтерді жинақтай келе, гальтон келесі қорытындыны жасады: танымал адамдардың танымал туыстары стстистикалық кездейсоқтықтан неғұрлым көп болып шыққан. Жанұядағы әрбір танымал адамды индекстік кездойсоқтық деп алып, басқа туыстық позициялар соған сәйкестендірілді. Сонда әрбір 100 жанұяға қанша танымал туыстардың келетіні анықталды: әрбір 100 танымал адам жанұясына 31 танымал әке, 41 танымал аға, 48 танымал ұл келген. Ал алыс туыстардың арасында танымал туыстар сирек кездесетін болған. Ендеше, танымалдылық танымал жанұялардың арасында көбірек тарайды.

Бұл әдіс интеллектуалдық деффектілерді, қылмысқа бейімділік сияқты көріністерді талдауда қолданылады.

Сонымен қатар асыранды балалардың психологиялық даму деңгейі де практикалық және теоретикалық мәселелерді қозғайды. Асыранды балалардың даму деңгейіне әсер ететін факторлар өте көп және олар өте күрделі. Тест мәліметтері б/ша асыранды балалардың ақыл-ой даму деңгейі осы класс деңгейіндегі “өзінің балаларына” қарағанда біршама төмен болатын болса, орташа алғандағы барлық тұрғылықты халықтың орта есебінен жоғары. Неліктен?



  • Асырап алу кезінде неғұрлым перспективті болып саналатын балалар іріктелінетіні белгілі.

  • Бұндай іріктеу асырап алушы жанұяға да қатынасты: тілек білдіруші жанұялардың ішінде неғұрлым даму деңгейі жоғарыларына ғана бұндай мүмкіндік беріледі.

  • Асырап алушы ата-аналардың өз есептері болғандықтан балаға ерекше көңіл бөледі.



10 тақырып . Ақыл-ой жетіпеушілігі.

Жоспар:

  1. Ақыл-ой жетіспеушілігі дәрежесі және оның негізгі критерилері.

  2. Клиникалық көптүрлілігі.

  3. Психологиялық сипаттама.

  4. Ақыл-ой жетіспеушілігін реабилитациялау.


11-тақырып. Қабілет – адамның дара психологиялық ерекшелігі ретінде.

Жоспар:

  1. Қабілет және дарындылыққа байланысты теориялар.

  2. Дарындылықты зерттеу әдістері.

  3. Дарынды балалар мәселесі.


Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам кабілеті деп аталады. Адам болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бі-рақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, се-бебі, біріншісі - психологиялық құбылыс емөс, екіншісі -баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілеттердің табысты іс-әрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиімді нә-тижеге негіз боларлық дара-өзгермелі адам қасиеттері-нің шеңберін тарылта қарастыру керек. Қабілетсіздерге қарағанда, қабілетті адам іс-әрекетті тезірек меңгереді, қажетті, мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішіне әр-түрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық процес-терді ғана емес, сонымен бірге жеке түлғаның барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі бірігім. Адамның сыртқы білім, ептілік, дағды әрекеттерінде көрінгенімен, қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулөр арнайы оқып, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебөр. Нақты көрінетін білім, ептілік және дағдылар қатарында қабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланғаны жөн, яғни қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса енеді, кері жағдайда көрінбей-ақ жойылады. Осыдан, қабілет - білім, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу, аспауы көп жәйттерге тәуелді. Мысалы, балада керемет математикалык, қабілет болуы ықтимал, бірақ ол сол баланың ғұлама-математик боларының кепілі емес. Арнайы шарттар (бағдарлы оқу, шығармашыл пе-дагоғ, отбасы мүмкіндіктері ж.т.б.) орындалмаса, қабілет дамымай жатып, өшеді. Қоғам қолдамауынан қаншама да-налардың болмай жатып, қурдымға кеткенін кім санапты? Ал мектепте "үштік" бағаға ептеп ілесіп жүрген Альберт Эйнштейн әлемге әйгілі ғалым-физик болыпты.

Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс-әрекетті игеру барысында қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиді, іс-әрекетке жаңа мазмүн мен сипат береді, Математиканы оқымаған адамның математикалық қабілеті ешқашан да жарыққа шықпайды: оны тек сандарды танып, олармен есеп қүрап, мәселе шешу және т.б. барысында ғана қалыптастыру мүмкін.

Сонымен, қабілет білім, ептілік және дағдылардың өздерінде көрінбей, танып үйренуге орай нақты әрекөтті игеру динамикасында (тез-шабан, оңай-қиын) байқалады. Іс-әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.

Қорытындылай келе, "қабілет" түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін (Б.М.Теплов) атайық:

  • Кабілет - бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән касиеттері қабілет бола алмайды.

  • Кдбілет - барша түлғаға тән бол-ған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.

  • Қабілет - нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.

Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам іс-әрекетке байланысты талаптар-ды орындай алмаса, оның қабілөтінің жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын жинақтап, ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшін талай күш салып, үзақ уақыт жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші-педагогтар оны оқытып, үйрету үшін үлкен шеберлік пайдалануы лазым. Әйгілі режисер В.Немирович-Данченко "Кім болса,сол режисер бола алады ма?" деген сұраққа "Әлбетте, әркімде болады, бірақ біреуге ол үшін 3 жыл оқып, тәрбиеленуі қажет, ал екіншіге - 30 жыл, үшіншіге - 300 жыл да аз" - деп жауап беріпті. Сонымен бірге, адам қабілеті уақыт өтумен пайда болып, немесе қандай да қызметке орай қалыптасуы мүмкін.

Көрінген іс-әрекет жеке адам қабілетін дамыта алмайды. Адам тіршілігінің жалпы құрылымына назар аудара отырып, қабілет дамуына ықпалсыз, керісінше. көрінген қабілет нышандарын тежеп, олардың жойылуына себепші іс-әрекеттер барын байқау қиын емес. Мысалы, егер ән-күй не шығармашылық қабілеті бар адам ауыр, қарапайым дене жүмыстарымен шұғылдануына тура келсе, әрине, кейінгі іс ондағы табиғи қаланған кдбілеттердің дамуына оң әсер етуі екіталай.

Жеке тұлғаға байланысты дамытушы іс-әрекет жайында әңгіме қозғалғанда, алдымен маңызды болуынан төңірегіне адамның барша мүмкіндіктерін жинақтай алатын іс-әрекет ескерілуі қажет. Сондықтан, нақты әрекеттің дамытушылық қасиетін тану үшін, оны жеке адаммен байланыстыра сипаттау керек. Бұл жағынан бүкіл адам өмірімен қабысқан кәсіби қызметтің өзі де иесі үшін аса мәнді де маңызды болмауы мүмкін. Өндірістік тапсырыстар мен қызметтік міндеттер адамның шығармашылық мүмкіндіктері мен тұрмыстық бай тәжірибесін толық және жан-жақты ашып бере алмайды.

Іс-әрекет адам қабілетін ұдайы дамыта бермейді, оның себебі - қабілет пен іс-әрекет арасында белгілі сәйкестіктің болмауы. Бұл сәйкессіздіктің мәні: әрқандай қабілет өзінде қалаған іс-әрекет мүмкіндіктерін қамтуынан қай бір жағынан нақты орындалып жатқан іске қарағанда ауқымда да кең мағыналы. Екінші жағынан, нақты іс-әрекет өзіне қатысты қабілеттен кеңірек болып, басқа да қабілеттерді қажетсінуі мүмкін. "Калыпты адам өзінің дене және ақыл қабілеттерінің он пайызын ғана пайдаланады. Қолданған және онда пайдаланбай қалған мүмкіндіктер айырмашылығы - адамның кім болып танылғаны мен әлі де кім болатынының көрсеткіші" (Коупленд П.)

Осыған орай қабілеттер нақты (актуальный) және мүмкін (потенциальные) болып екіге бөлінеді.


оол


Мүмкін болар қабілеттер нақты іс-әрекетгің қан-дай да түрінде көріне бермейді, алайда белгілі әлеумет-тік

Жағдайлардың өзгеруімен қызмет желісіне қосылуы мүмкін. Нақты қабілеттер қатарына жалпы қызмет бабында іске асатыны ғана емес, сонымен бірге дәл бір уақытта және нақты шақтағы әрекетке қажет болғандары да кіреді. Мүмкін болған және нақты қабілеттерді тұлға кабілетінің дамуына ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың жанама көрсеткіші ретінде тануға болады. Себебі қоғамның әр тарихи даму кезеңінде қалыптасқан әлеуметгік жағдайлардан мүмкін болар қабілеттер өрістей түседі не кедергілерден сөніп кетеді, нақты іс жүзінде көрініп не пайдалану сәтті болмай қалады.

Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтқысыз дәлелдеп отыр. Қабілеттердің тума берілмейтінін мойындаумен бірге психология белгілі іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын ми құрылымының тума ерекшеліктеріне шек кел-тірмейді. Қабілеттер дамуының табиғи негізі болған мидың құрылымы, сезім мүшелері мен қозғалыстардың анатомиялық-физиологиялық нәсілдік ерекшеліктері нышан деп аталады. Шын мәнінде, адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабілеттерде емес, дәл осы нышандар көрінісінде. Нышандар қабілет дамуының бастауы болғандықтан, адамның барынша жетіліп, кемелдену жолу осы екі құбылыстың өзара ұштасып, байланысқа келуінен болады. Нышанның арқасында дамығанымен, қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бастауын ғана алған даму процесінің нәтиже жемісі.

Мысалы, ақыл-ес қабілеттері ең алдымен ми қызметінен - қарқынды не бәсең қозулардан, жүйке процестерінің қозғалмалылығынан, уақытша байланыстар түзілімінің шапшаң не баяулығынан және т.б. - яғни И.П.Павлов генотип (жүйке жүйесінің тума ерекшеліктері) деп атаған құбылыстан көрінеді, Мидың қанмен қамтамасыз етілуі де ақыл-сана кабілетіне ықпал жасайды. Толық қан айналымы - ми қызметінің ақыл-ой, зейін шоғырландыру, жақсы есте қалдыру, жүйке байланыстарының (ассоциация) тез журуінің, сана жұмысымен шаршамай, мүлтіксіз жоғары тиімділікпен орындалуының кепілі.

Мидың тума қасиеттері адамның типологиялық ерек-шеліктерінде екі түрде көрінеді (И.П.Павлов):

1. Жоғары жүйке жүйесіне тәуелді;

2. Бірінші және екінші сигналдық жүйелердің арақатынасына байланысты.

Адам қабілеттерінің дамуында жоғары жүйке жүйесі қызметінің типі (күші, тепе-тендігі, қозғалмалылығы ж.т.б.) үлкен маңызға ие. Осыдан, жүйке процестерінің күші, тепе-теңдігі және қозғалмалылығымен (белсенді тип) байланыса отырып, адамның ұйымдастырушылық қабілеттерінің қалыптасуына қажет көптеген еріктік және тілдестік қасиеттердің түзіліп, орнығуына жәрдемін тигізеді.

Өздеріне тән бейнелеу мумкіндіктеріне орай бірінші не екінші сигнал жүйелерінің аз немесе көп әрекетке қатысуынан қабілеттердің 3 типі (И.П.Павлов) ажырала-ды: көркемөнерлік (көбіне бірінші сигналдық жүйеге негізделген); ой-саналық (көбіне екінші сигналдық жүйеге негізделген); аралас (екі жүйе де бірдей қатысқан). Осыдан, "суреткерлер" - объектті тұтас бейнелеуге бейім, "ойшылдар" - талдаумен, элементтерге ажырата тануға шебер, ал "аралас" қабілеттер қалыпты дамыған адамдардың бәріне тән құбылыс.

Нышандардың әртүрлі кабілеттерге байланысты маңызы бірдей емес. Көбіне нышандық қасиеттер музыкалық және суреткерлік өнерде қажет. Тума берілген нәзік есіту қасиеті - музыкант болудың, ал түр-түс айыра білу болашақ суреткер болудың алғы шарты.

Нышандар дамуы әлеуметтік процестерге тікелей тәуелді. Егер қоғамда белгілі бір кәсіпке қажеттік туып, қандай да адамның сол кәсіпке сай нышандық белгісі болса (музыкантқа кажет нәзік есту қасиеті), онда оның нақты еңбекке араласуға болған қабілеті тез әрі жоғары деңгейде қалыптасып, дамиды.

Нышан іс-әрекеттің нақты формасына байланыссыз көп мағыналы келеді; сондықтан, белгілі бір нышан негізінде іс-әрекет талабына орай әртүрлі қабілеттер қалануы мүмкін. Осыдан, жақсы есту әрі әуен ырғағын сезінуден адам күй орындаушы, дирижер, биші, әнші, му-зыка сыншысы, педагог, композитор ж.т.б. болары ықтимал. Сонымен бірге, болашақ қабілеттер мен іс-әрекет-тердің саналуан болуынан нышан жеке адамның дара таңдамалық қасиетіне негіз береді.

Дарындылық мәселесі.

Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектті жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік - нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы саладағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады,

Іс-әрекетпен айналысқанда адамның табыска же-туі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-қүлқында келесі сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен - еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтар-лықтай өнімге қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.

Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.

Әртүрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік-дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркемөнөр, адамаралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интөллекттік деңгейі анағұрлым жоғары.



Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта алады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі - 2-3 жасар баланың бір іспен үзбей шұғылдана алу уақыты. Басқа қатарларымен салыстырғанда дарынды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бірнеше күндер бойы қайта оралып, көздегеніне жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды.

Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдер мөн ептілік, дағдыларды игеріп әрі жетілдіріп баруға тікелей тәуелді.

Дарындылықтың өзіндік ерекшелігі ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Осыдан, біреу математикаға қүмар, екінші - тарихқа, және біреулөр – қоғамдық жұмыстарға бас (лидер) болуда өз дарындылығын іске қосып, оны нақты іс-әрекетте кейін дамыта түседі. Мысалы, мүғалім дарындылығының көрсеткіштері келесідей:

      1. оқу материалын шәкірттерге түсінікті күйге келтіру;

      2. оқушы көңіл-күйін қалтқысыз тану;

      3. жұмыста шығармашыл болу;

      4. балаларды өз еркіне көндіре алу;

      5. балалар ұжымын біріктіруге қабілетгілік;

      6. сөз мәнерлігі мен мазмұндылығы;

      7. сөйлеу көркемділігі мен нанымдылығы;

      8. педагогикалық әдептілік;

      9. оқу материалын түрмыспен байланыстыра алу;

      10. шәкірттерге кдратылған бай-қағыштық;

11) педагогикалық талапшаңдық (Ф.Н.Гоноболин).

Кабілеттер өз деңгейлері мен ауқымы жағынан ажыралады. Нақты іс-әрекет аймағында өте жоғары деңгейге көтерілген қабілет - шеберлік деп аталады. Шеберлік, яғни бір іс-әрекет аймағында жоғары жетілгендік үлкен де қажырлы еңбек негізінде пайда болады. Шеберлік көбіне өндірістік қайта жасау қызметтерімен байланысты келеді. Алайда, бүл шеберліктің дайын ептіліктер мен дағдылар бірлігінен туындайтынын білідірмейді.



Әрқандай кәсіптегі (мүғалім, дәрігер, үшқыш, спортшы ж.т.б.) шеберлік кез келген жаңа мәселелерді шешуге қажет болған психологиялық дайындықты қажет етеді. Шебер маман үшін шығармашылық міндетті түсіну мен оны орындау жолдарын табу - екеуі өзара байланыста қабылданады, іске асады, яғни "не істеу" және "қалай істеу" арасында жік болмайды.

Шеберлік деңгейі - өзгермелі, дамудағы құрылым. Іс-әрекет барысында адамның қабілет түзілімі, түлғалық мәні қалыптасып, бір деңгейден екіншісіне көтерілумен ұдайы ауысып барады. Өте дарынды адамдар да қарапайым еліктеуден бастап, кейін бірте-бірте тәжірибе жинақтаудан жасампаздық дәрежесіне көтеріледі.

Адам қабілетінің ерекше даралық сипатын көрсететін психологиялык, құбылыс - талант. "Талант" сөзінің төркін мәні: ежелгі грек қауымында бай-манап өзі жоқта жұмыстан қашқақтамасын деп еріншек құлына беретін күміс ақша бірлігі - талант аталады екен, ақылдан жұта құл оны алудан, пайдалы айналымға жіберудің орнына, топыраққа көміп, жасыратын болған. Осыдан халықта "таланты құм болды", "таланты көмілді" деген үғымдар сақталып қалған. Қазіргі күнде талант арнайы қабілеттердің (музыкалық, суреткерлік, әдеби шығармашылық ж.т.б.) жоғары деңгейлі дамуын білдіреді. Кабілеттер сияқты талант та іс-әрекетте көрініп, өрістейді. Талантты адамның қызметі өзінің жаңашылдығымен, қайталанбас мәнерімен ажыралады.

Таланттың оянуы тікелей қоғамдық болмысқа тәуелді. Кандай бағыттағы дарындылықтың жол алуы дәуір қажеттігі мен әлеумет алдында турған нақты міндеттерге байланысты. Мемлекеттің дамуы инженерлік және конструкторлық таланттардың жетілуінен, мемлекеттің көркейген кезеңіндө ән-күй, әдебиет таланттары шығады, ал соғыс уақытында - талантты әскери қолбасшы дүниеге келеді. Осыдан, қазақ арасынан шыққан Қ.Сатпаев, М.Әуезов, Б.Момышұлы, Қажымұқан - әрбірі өз дәуірінің саңлақтары.

Талант - көптеген қабілеттердің байланысы, біртұтастығы. Өте жоғары дамыған, бірақ оқшауланған бір қабілет талант дәрежесіне көтеріле алмайды, Мысалы, кейбіреулер 10 қаналы не оданда көп санды лезде көбейтеді не бөледі, бірақ математик емес, бола алмайды да.

Кабілеттердің даму барысындағы ең жоғары, шыңдалу деңгейі - данышпандық деп аталады. Шығармашылық қызметі қоғам өмірінің бір дәуірінде, адамзат мәдениетінің тарихында белгілі із калдырған адам ғана данышпан бола алады. Өркениеттің 5000 жылдық тарихында мүндай шыңға 400-ақ кемеңгер көтеріліпті (Котс). XX ғасыр саңлақтары атанған, арамызда жүрген замандастарымыз ақын Олжас Сүлейменов, сынаушы-ұшқыш, ғарышкер Тоқтар Әубакиров қазақ данышпандарының бірінші ондығынан.

Адамның шығармашылық іс-әрекетінің аса табысты болуына себепші рухи көтеріңкілік пен ерекше күш-қуат туындайтын кезендер болады. Бұл жағдайдағы адамды жаңа идеяларға жетектеп, оларды іске асыруға ынталандыратын психологиялық қалып - шабыт деп аталады. Шабыт шығармашыл түлғаның жоғары белсенділігінен, оның іс-әрекетінің жемістілігінен, жасампаздық ептілігінен, жаңалык, ойлап табу қызметіне толық берілуінен көрінеді. Өмір намашыларының айтуынша, И.С.Тургенев шығармаларын жазуды өзін-өзі зорлап, көндіруден емес, ішкі ниет қалауымен қалай бастағанын білмей қалады екен.

Шабыт пен еңбек - екеуі егіз, бір-бірінсіз аса алмайды. Осыдан, шабыт - қажырлы еңбек пен орасан бай білім қоры негізінде туындайтын мүмкіндік. "Шабыт - еріншектерден қашатын, шақырғанға баратын қонақ" (П.И.Чайковский). Сана айқындығы. ой мен бейнелер кернеуі; ес, зейін өткірлігі, мақсатқа бағыттайтын арнасына симаған ерік күші - шабыттанудың алғы шарттары.

12-13-тақырып. Дифференциалды психологиядағы гендерлік аспектілері
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет