ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Ғылым философиясы мен тарихы» Барлық мамандық магистранттарына арналған



бет4/5
Дата29.01.2018
өлшемі0,83 Mb.
#35723
1   2   3   4   5


Бүгінгі химияның салыстырмалы жақындағы химияға қарғанда айқын айырмашылығы бар. ХІХ ғасыр химияның коптеген негізгі заңдары ен тоерияларын ашумен, өте маңызды түсініктер енгізумен, химиялық құрылыс теориясын құрумен, периодтық заңды ашумен әйгілі болған. ХІХ ғасырда ғылыми химияның ірге тасы қаланған. ХХ ғасыр химиясының материалдық өндірістің дамуы анықталған, жаңа актуальды мақсаттар қойылған. Ол біріншіден табиғатта кездесетін заттарды жасанды әдіспен алу. Екінші табиғатта жоқ материалдарды ситез әдісімен алу. Осы жағдай бүкіл ең жаңа химия ғылымы мен практикаға ерекше белгі салып отыр. Бүгінгі химияның сипаттамасына біріншіден қазіргі заманғы химиялық өндірістің негізін құратын әртүрлі ғылыми техника саласында қолданылатын жаңадан ашылған әлементтер кіреді. Егер ХХ ғасырдың (1900Ж.) басында 82 химиялық әлемент белгілі болса, олардың ішінен өнеркәсіпте 24-26 әлемент қолданса, 1965 жылы 104 әлементтен шамамен 100-і қолданылған. Майлар, спирттер крахмал сияқты қоректі өнімдер қазір принципиалды басқа жолмен алынады, біріншіден тағамдық шикі заттардан емес, екіншіден классикалық көп стадиалы синтез әдісімен. Химиялық процестер жүзеше асатын жағдайлар интервалы даөте кеңейдң. Егер ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында қалыпты жағдайда жүретін реакцияларға тән болса, қазір коптеген заттар мен әлементтердің алатропиялық модификациялары өте жоғары температура мен бірнеше мың атмосфералық қысым жағдайында өтеді. Бұндай жағдайда металл еместер металдық қасиеттерге ие болады. Жоғары температурада бүкіл процестер газ фазасында жүреді, сол себептен реакциялар тасқынды өтеді. Кейбір реакциялар керісінше төмен температурада жақсы жүреді. Мысалы радикалды полимеризация реакциялары. Жаңа химияның маңызды ерекшелігі- ол әксперименттік әдістің бұрын болмаған кешеніне жеткізілуі. Қазір химиктер 1х 10 . 7 г. салмақ мөлшерін пайдалануға мүмкіншіліктері бар. Осының нәтижесінде тазалылығы аса жоғары заттарды алу міселесі шешілді, бұл заттар мүлде басқа қасиеттерді көрсетеді. Заттардың мақсат қойып, бағытталған айналуын жүргізу туралы химиктердің бұрыннан келе жатқан идеясы осы күнде ойдағыдай жүзеге асырылып отыр. Химия дамуының одан арғы болашағында табиғаттағы материалдарды жасанды әдіспен алу, табиғи материалдардан жақсы материал құру. Мысалы табиғаттағы көміртек пен фтордың ешқандай қосылысы жоқ. Химиктер осындай жұмыстарды табысты жүзеге асырып жатыр. Кейіннен қолданылатын коптеген фторорганикалық қосылыстар алынған- олар жанбайды, шірімейді және олардың басқа да күллі қасиеттері бар. Органикалық синтезде күллі қасиеттері бар заттар түзуге жеткізетін процестер интенситі зерттеліп жатыр. ХХғасырда өте жетістіктерінің бірі - антиобиотиктерді алу -пеницелин, тетрацилин, стрептомицин сияқты қосылыстар. Тірі организмде маңызды роль ойнайтын стероидтер, мысалы холестерин , синтездеу әдісімен алынған. Бүгінгі органикалық синтездің жоғарғы сатысы ол белоктарды синтездеу - инсулин және т.б. күрделі белоктар алынған. Қазір химиктер назары физиологиялық - активті заттар алуға, жаңа әнергияны тікелей әлектр әнергиясына аудару әдістерін іздеуге бағытталған. Қазіргі заманғы химияның алдында орасан зор мақсаттар қойылған - олар: белок пен жасанды тағамдардың синтез!, сирек әлементтерді таза түрінде алу, қасиеттері күні бұрын берілген материалдарды алу. Химиялық реакцианы берілген бағытпен жүргізу мәселесін толық шешу. Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы физикалық және химиялық қасиеттерін жоғары температурада сақтай алатын химиялық берік материалдар, хладогенттер, кирамикалық және металкерамикалық заттарды синтездеуге көп назар аударады. Радиотехника мен радиоәлектрониканың өте тез өсуі жартылай өткізгіштер химиясының дамуына себеп болды. Жаңадан ашылған <<Сәндвич>> тәрізді металорганкалық қосылыстар негізінде жаңа бояғыш заттар, дәрілік препараттар жасау , жану процесін реттеушілер , матор жанар-жағар майлардың улы емес антдетонаторлары және т.б. алынған. Табиғатта түзелетін заттарды<<оңай>> жасанды түрде алу үшін (мысалы, қалыпты температура мен қасамды азотты ауадан өңдеу) химиктер химиялық әволюция механизмін дұрыс түсініп, дұрыс қолдануы керек.

8.9 Жаңа химияның негізгі ерекшеліктері мен бағыттары

Химиялық әволюция мәселесі - күрделі мәселе , сондықтан әртүрлі мамандарды: геохимиктерді, биохимиктерді, молекулярлы биологяның мамандарын қызықтырады. Бұл мәселе астрофизика мен космогония мәселелерінің аймағында да кең талқынданады.

Бтология мамандығы үшін әволюциялық ілім биология ғылымның негізі болса, химиктер сонғы уақытқа дейін химиялық қосылыстардың пайда болуы жөнінде сұрақ қоймаған , өойткені қандайда болмасын химиялық қосылыстың болымы химиктің таңдап адған синтездеу жолын; тәуелді есептелген . Әлем химизмнің әволюциясы химиялық процестің бүкіл әволюцясын қамтиды, ол ;

материяның химияға дейінгі жүйелерін химиялық жүйелерге айналуы;

химиялық әволюция нәтижесінде жай заттардан жоғары ұйымдасқан органикалық қосылыстарға дейін өзгеруі;

тірі материяның пайда болуы.

Тепе-теңдіктен алыс орналасатын ашық жүйелерді зерттейтін термодинамиканың бір бағытын синергетика бір бағытын синергетика деп атйды. Синергетика химияға әволюциялық көзқарас түсінігін енгізді. Ондағы негізгі түсінік-тұрақсыздық . Синергетика жай жүйелерден күрделі жүйелердің құрылуын , яғни әволюция жолын зерттейді. Ол біздің шіміздің және біздің өмір сүретін макрожүйелердің қалай пайда болып құрылғанына жауап беруге тырысады.

Синергетиканың болжауынша әлементарлы бөлшектер кванттық Вакумнан 15-18 миллиард жыл бұрын флуктуация нәтижесінде пайда болған , кеін олардан атомдарын ядролары синтезделген. Ядролық синтездер екстремалды шарттарда жұлдыз жүйелерде өтеді де химиялық әволюцияға дейінгі процестер болып табылады. Әволюциясының келесі сатысы - атомдардың әлектрондық қабаттарының қалыптасуы - 100.000 К температура шамасында жүред. Галактиканың шет жақтары, соның ішінде біздің Күн жүйеміз, осындай процестердің жүруіне идеалды сәйкес келеді.

10.000 К температура химиялық әволюция сатыларына мүмкіндік береді: ионизацияланған плазмадан нейтралды бөлшектер түзіле бастайды.



  • Тік жүру;

  • Қысқа қол, ұзын аяқ;

  • Аяғында үлкен саусағы табанына қарама-қарсы емес;

  • Қолында үлкен саусағы алақанына қарама-қарсы;

  • Денесінде жүн жамылғысы редукцияланған (жойылған);

  • Тер бездері бүкіл дене бойында;

  • Май ұлпаның жаңа типі, әсіресе балаларда;

  • Бас қаңқасы ірі, ми мөлшері үлкен;

  • Тістері кішірейген, әсіресе азу тістері;

  • Бет әлпеті жалпақ;

  • Таңдай жоғары орналасқан, тілі жаксы қозғалғыш;Мұрын сүйегі алдыға шығыңқы.

Айта кететін жағдай, жоғарыдағы кейбір қасиеттер сүйек қалдықтарында анық көрінбейді. Лсыған орай, ата тегіміздің сыртқы көрінісін анық біле алмаймыз.

Соңғы сыған орай, ата тегіміздің сыртқы көрінісін анық біле алмаймыз.

Соңғы 35 жыл ішіндегі палеонтологиялық және археологиялық жаңалықтар көптеген зерттеушілерді, адамның шығуының негізгі мәселесі – жоғарғы приматтардан гоминидтердің бөлініп шығу мәселесәне көп көңілдеріне бөлгізді. Бұл мәселеге қызығушылық сонау 1871 жылы Ч.Дарвиннің антропогенез теориясы, яғни адам мен қазіргі кездегі антропоидтардың филетикалық ата – тегі бір деген теория ашылғаннан бері бәсеңдеген емес.

Адамның ата – тектері:

Рамапитек. Ғылымға белгілі адамның өте ертедегі ата – тегі. Оның қалдықтары Солтүстік-Батыс Индияда және Шығыс Африкада табылған. Рамапитек 16-12 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Австралопитек: Шығыс Африканың екі аймағында табылған. Адамға жақын бұл жоғарғы приматтардың іздері Рудольф (Кения) өзенінің жағалауындағы бөлінділерінде табылған. Австралопитектер адамға тек сыртқы көрінісімен ғана жақын емес, олар қарапайым еңбек құрал-саймандарын да жасай алған. Австралопитек 6-2 млн. жыл бұрын өмір сүрген.

Хабилис. Хабилис адамның ертедегі ата тегі, ол питекантроппен салыстырғанда көне және қарапайым. Бұл туысқа Коби-Фордон (Кения) жасы 2,6 млн. жыл және Омо (Әфиопия) өзені маңы даласынан жасы 2 және 4 млн. жыл табылған қазбаларды жатқызады. Оның анатомиялық құрылысы өте қарапайым, жасаған құрал - саймандары да қарапайым, ал ми көлемі сынақ шектен төмен (750 см) Архантроп. Хабилистерді алмастыратын архантроптар Европа, Азия және Африканың Ява аралдарынан табылған питекантроп, синантроп, гейдельберг адамы және басқа да формалармен көрсетілген. Ява питекантроптың ашылуы – адамның ата – тегінің «жетіспей тұрған» бөлігінің ашылуы болды, бұл ғылымның үлкен жетістігі еді. 1891 жылы антрополог Ә.Дюбуа Ява аралында адамтәрізді мақұлықтың қаңқасының бөліктерін тапты. Оның жасы 1,5-1,9 млн жыл ал, миының көлемі  800 см3 . Еркектерінің бойының орташа ұзындығы 162-163 см, әйелдерінікі - 152 см болған.

Неандертальдықтар – ежелгі адамдар мен Ното заріештуысының өкілі – кроманьондықтардың аралық формасы болып табылады. Оның атауы Дюсселбдорф (ФРГ) жақын жатқан неандерталь үңгіріне байланысты қойылған. Оның бойы – 155-165см, ал ми көлемі – 1300-1600 см3 болды. Кроманьондықтар – Ното заріеш туысының өкілі. Неантроптық қалдықтары алғаш рет 1868 жылы Кроманьон (Франция) үңгірінен табылған, сондықтан да сапиенстің өкілдерін осылай атаған. Кроманьондықтардың неандертальдықтардың негізгі ерекшелігі - олардың еңбек етуінде.

8.12 Биосфера және ноосфера концепциялар.

«Биосфера» деген терминді тұңғыш рет 1875 жылы австриялық геолог Ә.Зюсс пайдаланған болатын. Биосфера деп барлық тірі организмдердің тіршілік ортасымен бірге алғандағы жиынтығын түсінеді. Олай болса, биосфераны түсіну үшін қоршаған сыртқы орта деген не , оның құрамдас бөліктері қандай деген сұрақтардың басын ашып алу керек сияқты. «Қоршаған сыртқы орта» географиялық ортадан гөрі әлдеқайда кеңірек ұғым – оның көлеміне Жердің сырт бедерімен қатар ішкі байлығы да, Күн системасының адамның іс – әрекетіне қатысты бөлігіде кіреді. Сыртқы ортаның құрамы үлкен екі бөліктен – табиғи және жасанды орталардан тұрады. Табиғи тіршілік ортасына табиғаттың тірі және өлі бөліктері – биосфера және геосфера жатады. Ол адамның қатысуынсыз өз бетінше өмір сүріп дамиды. Алайда, әволюцияның барысында адам табиғи тіршілік жағдайларын біртіндеп игере береді: алғашында табиғи байлықтарды (өсімдіктер мен хайуанаттар т.б.) жай пайдалануымен ғана шектелсе, кейіннен біртіндеп тіршілік құрал- жабдықтарын (қазба байлықтарды, әнергия көздерін т.б.) пайдаланып, оларды практикалық іс – әрекеттің барысында өзгерте бастады. Бұл әрекеттің нәтижесінде адам басқа жан – жануарлардан айрықша қасиетке – еңбек құралдарын өндіру, материалдық және рухани мәдениеттерді жасау, сөйтіп сыртқы ортаны мақсатқа сай өзгерту қабілеттеріне ие болды. Алайда, адам әволюция барысында табиғаттан керекті өнімдерді сол күцінде немесе өзгертілген түрде алумен шектеліп қана қойған жок. Ол сондай- ак табиғатта бұған дейін болмаған заттар мен нәрселерді жасауды үйренді, сөйтіп жасанды тіршілік ортасын жасауды үйретті өсімдіктер мен хайуанаттарды үй жағдайында үйретті, жер қыртысын өзгеотті, жасанды су каналдары мен қоймаларын қазды, зәулім биік үйлер салды т.б. жасады.



табылады. Адам табиғат пен биосфераның географиалық отра деп аталатын бөлігімен әсіресе тығыз байланысты. Георгафиалық орта дегеніміз табиғаттың адам өмірі тікелей іске асатын, ең алдымен өндірістік іс-әрекетті жүзеге асатын, (өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, су, топырақ, Жердің атмосферасы). Ол адам өмірінің алуан түрлі салаларының дамуына, оның ішінде әсіресе материалдық өндірістің дамуына әсерін тигізеді. Табиғаттың көп салалығы еңбек бөлісінің (аң аулаудың, балық аулаудың, егіншіліктің, мал бағушылықтың, пайдалы қазбалар өндірудің т.б) табиғи негізі болады. Адамның іс-әрекеттерінің нақты бағыттары, атап айтканда, түрлі ерлер мен аймақтарда, белгілі бір өндіріс салаларының дамуы географиалық ортаның ерекшеліктеріне тәуелділікте болады. Табиғаттың нақты географиялық ортасының түрлі халықтардың тарихи дамуына тигізетін әсері алуан түрлі, мәселен, ол ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін қолайлы жағдайлардың болу-болмауынан және басқа жағынан көрінеді. Бұл айырмашылық адамзат қоғамының даму кезеңдерінде әсіресе көп болады, өйткені ол кездердә адамдар табиғат нәрселерін өңдеп, өзгертіп пайдаланғаннан гөрі дайын өнімді пайдалануға бейім еді, себебі еңбек құралдары әлі нашар болатын. Сол себепті де алғашқы мәдени өркениет Ніл, Ефрат, Тигр, Инд өздерінің жағауларындағы оңтүстік елдерде дамыды, өйткені қолайлы табиғижағдайлар, атап айтканда, жылы климат жылы баспана мен киімді, азық-түлік өндіруді көп қажет етпеді. Еңбек бөлісін дамытуға , қосымша өнім өндіруге т.б өңтүстік елдерде мүмкіндік көп болды. Алайда, қолайлы табиғат жағдайлар тарихи даму ілгерілген сайын өзінің қарама-қарсылығына айналды, яғни кері тартатын факторға айналды, өйткені өндірісті жетілдіруге ынталандырмады. Сол себепті де оңтүстік аймақтардығы халыұтардың тарихи дамуы орта-ғасырлық дәуірден бастап кенжелеп қалды. Егер адам өз тіршілігі үшін қажетті нәрселерді табиғаттан дайын күйінде болса, онда өндірісті дамытуға оның ынтасы да болмайтыны соның салдарынан оның адамдық қабілеттеріде дамымай қалатыны түсінікті. Олай болса, өндіріс үшін қолайлы табиғат жағдайларының болуымен қатар олардың жетіспеуі де қоғам дамуына белгілі дәрежеде игі әсерін тигізеді екен. Мысалы, сондай елдердің бірінде Жапонияны жатқызуға болады. Табиғат – Биосфера – адам системасының құрамдас бөліктерінің өзара диалектикалық әрекеттесуінің мәні міне осында жатыр. Табиғаттың адамға тигізетін әсерін, адамның табиғаттан тәуелділігін мойындай отырып, бірақ сонымен бірге оны асыра дәріптеуге де болмайтынын ескерткен жөн. Географиалық ортаның қоғам дамуындағы рөлін асыра бағылау ғылымда географиалық детерминизм деп аталатын бағыттың тууына әкеп соқты. Бұл бағыттың өкілдері ( Платон, Аристотел, Ш.Монтескье, Г.Н.Мечников т.б) адамзат қоғамының дамуының ең шешуші күші географиалық (табиғи) факторлар деп санады. Олардың пікірінше, халықтардың дамуын ең алдымен анықтаушы географиалық ландшафт – жер бедері, топырақ, су, климат, өсімдіктер т.б дүниесі. Мысалы, француз ғалымы Ш.Монтескье климаты ыстық жерлердің халықтары қарттар сияқты жасқаншақ, ал суық жерлердің адамдары жастар сияқты ержүрек келеді деп есептеледі. Ал ағылшын тарихшысы-социологі Г.Т.Бокль Индияда құлдықтың болғаны, ондағы ыстық климаттың индустардың психикасына әсер етуінен деп түсіндірді. Ол кезде Индия Англияның отары еді, сондықтан бұл пікірдің саяси астарын түсіну қиын емес. Географиалық детерминизмнің дұрыс емес жақтары көп болғанымен, бірақ оның кейбір қисынды жерлері де жоқ емес. Түрлі елдер мен халықтардың даму тарихын мұқият зерттей отырып, олардың дамуы белгілі бір табиғи жағдайларға байланысты болғанын жоғарыда айттық. Содан кейіні Жерорта теңіздік өркениет болды, теңіз жолы олардың жағалауындағы елдердің өркендеуіне жағдай жасады, ал кейінгі мұхиттық өркениет Американың ашылуынан кейін мұхиттық қатынас жолының дамуына байланысты болды ( Испания, Португалия, Англия т.б ). Демек, географиялық фактордың қоғам дамуына тигізетін ықпалын мүлдем жоққа шығаруға болмайды, оны ақылға сыйымды деңгейде есепке алып отыру қажет.

Орыстың әтнограф ғалымы Л.Н.Гумилев халықтардың өсуіне, дамуына табиғат факторларының әсерін көп зерттеген адам. Ол әтногенездің географиялық ортадан тәуелділік байланысын зерттей келе, сыртқы орта Жердің биосферасының құрамдас бөлігі, ал Жер Күн системасына кіретінін, Күн системасы галактиканың бір бөлігі екенін дәлелді. Сөйтіп, адам мен қоғам әлемінің құрамдас бөлігі болғандықтан, адам микродүние ретінде космостық макродүниемен біртұтас иерархиялық системада өмір сүреді дейді.

Алайда, географиялық детерминизмге кіретін теориялар әртүрлі екенін де ескеру қажет. Қоғам дамуының географиялық ортадан салыстырмалы дербестігін мойындайтын теориялар бар да, ол дербестікті мойындамайтын, қоғам өмірін географиялық ортадан толық тәуелдікте санайтын теориялар бар. Бұл соңғыларды мемлекеттік саясатқа қолдану арқылы геополитиканы- басқа елдердің жерін басып алу саясатын табиғаттың заңы деп түсіндіретін саясатты- уағыздаушылар бар. Геосаясаттың негізін салушылар өмір сүрген неміст-фашист идеологы Ф.Ратцель және Р.Челлен (швед) т.б. Бұладың теориясы бойынша, барлық биологиялық организмдер сияқты, түрлі елдер мен халықтар да өзінің «тіршілік кеңістігін» ұлғайту үшін күреседі- бұл тіршілік заңдылығы. Геосаясаттың осы «қағидасын» бетке ұстай отырып, екінші дүниежүзілік соғыстың отын тұтандырушы Германия, Италия фашистері, ал қазір Израиль басқыншылары өздерінің агрессияшыл

Саясатын ақтауға тырысады: Батыс пен Шығыстың , дамыған Солтүстік мемлекеттер мен артта қалған Оңтүстік халықтары арасындағы ойдан шығарылған қазіргі «антагонизмнің» іс жүзіндегі саяси мәні айдан айқын көрініп отыр.

Қоғам дамуының табиғаттан, географиялық ортадан салыстырмалы тәуелсіздігін, адамның табиғаттан толық тәуелді болмай, материалдық өндірісті, ғылым мен техника, технологияны дамыту арқылы географиялық ортаны мақсатқа сай өзгерте алатынын, сөйтіп өзіне қолайлы жасанда орта жасай алатынын қоғамдық практика көрсетіп отыр. Мысалы, табиғи ортасы онша қолайлы емес, табиғи кен байлығы аз жапон халқы ғылыми-техникалық прогрестің шыңына жетіп отыр. Бұдан басқа да елдерді мысалға келтіруге болар еді, бірақ әңгіме биосфераны дұрыс пайдалана білуде екенін осы бір мысалдан-ақ көруге болады. Сондықтан енді адамның табиғатқа тигізер әсеріне тоқталалық.

Адам – биосфера – ноосфера. Адам әволюцияның барысында өз тіршілігіне керекті нәрселерді табиғаттан дайын күйінде алумен қанағаттанған жоқ. Ол ақыл-ой бар саналы жан ретінде өзінің еңбек құралдарын жасау, материалдық және рухани мәдениетті молайту, сыртқы ортаны мақсатқа сай өзгерту қабілеттерін пайдалана отырып, тіршіліктің жасанды ортасын жасады. Қоғам ілгері басқан сайын адам үшін бұл жасанды ортаның маңызы мен рөлі арта түсті. Қазір ірі-ірі қалаларсыз, зәулім биік уйлерсіз, телевизор, телефонсыз тағы басқа тұрмыстық техникасыз адамзат қоғамын көз алдына келтіру қиын. Мұның бәрі адамның ақыл-ойы мен еңбегінің жемісі екенін айттық жоғарыда.



Еңбек пен ақыл-ойдың биосфера шеңберінде планеталық геологиялық күшке айналуының маңызын атап көрсете келе В.И.Вернадский адамзат өсімдіктер мен жынуарлардың жаңа мәдени түрлерін жасау арқылы тіршілікті дамытуға қандай зор үлес қосқанын атап көрсетті. Француздың математигі әрі философы Әдуард Леруа 1927 жылы ғылымға ноосфера ұғымын еңгізгенде Вернадскийдің биосфераның биогеохимиялық идеяларына сүйене отырып, биосфераның дамуының қазіргі геологиялық стадиясын сипаттау үшін енгізген болатын.Вернадскийдің пікірін сондай-ақ француздың аса ірі геолог-палеонтологы Пьер Тейяр де Шарден де (1881-1955) қолдап, кейін өзінің «Феномен человека» деген еңбегінде ноосфераны дүние әволюциясының бір стадиясы деп анықтады. Адамның өзі сияқты, әволюцияның ол стадиясы да тірі организмдер дүниесінің мыңдаған жылдар бойғы даму тарихының нәтижесі дей отырып, Шарден әволюцияның қозғаушы күші мақсатты көздейтін сана деді. Ал В.И.Вернадский болса, керісінше, сананың шығуы биосфераның дамуының заңды нәтижесі деп санады, бірақ бір кездерде пайда болған сана кейіннен адамның еңбек қызметінің арқасында биосфераға барған сайын кұшті әсер ете бастайды. Сонымен, ноосфера- біздің планетамыздағы жаңа геологиялық құбылыс. Адам ноосферада тұңғыш аса ірі геологиялық күшке айналады. Адам өзінің еңбегі және ақыл-ойы арқылы өз тіршілік саласын қайта құра алады және қайта құруға тиісті, бұрынғымен салыстырғанда мүлдем басқаша құруға тиісті -деді В.И.Вернадский. Әволюциялық прецестің негізгі бағыты ой-санасы бар тірі жанның қалыптасуы және адамазаттың геологиялық рөлін мойындау екендігі туралы алғаш ой-пікірлер айтқан Вернадскийден бұрын да бірқатар ғалымдар болды. Бірақ олар жеке-дара фактілер келтірумен ғана шектеліп, оларды бір жуйеге келтірмеді, теориялық жағынан түсіндіре алмады. Ал Вернадскийдің концепциясы белгілі әмперикалық фактілер мен мәліметтерді, білімдерді біртұтас жуйеге келтіріп, ол білімдер жуйесі биосферадан ноосфераға өтуге қандай факторлар көмектескенін сенімді түрде түсіндіріп берді. Оның концепциясы адамның іс-әрекетінің, еңбегі мен ақыл-ойының биосфераның әволюциясында және сол арқылы Жердегі геологиялық процестердің өзгерісінде, букіл Жер бедерінің өзгерісінде шешуші рөл атқаратынын мойындауға негізделді. Сонымен қатар Вернадский адам еңбегінің , өндірістік қызметінің биосферада болып жатқан, бүкіл Жер бетінде болып жатқан процестерге тигізетін әсерін зерттеумен шектеліп қана қоймағанын атап көрсету қажет. Еңбек дегеніміз адамның ақыл-ой мен ерік күшіне негізделген мақсатты іс-әрекет екенін жақсы түсіне отырып, ол ноосфера, немесе ақыл-ойы сферасы, барған сайын қоғамдық прогресті ғана айқындап қоймайды, сондай-ақ бүкіл биосфераның әволюциясын және мол арқылы Жер бетінде болып жататын барлық процестерді де айқындап беретінін атап көрсетті. Сондықтан да оның ақыл-ойды планеталық құбылыс деп сипаттауы тегін емес. Әволюциялық процесс,-деді ол, әлеуметтік адамзаттың ғылыми ойлауы сияқты жаңа геологиялық күшті жасау арқылы ерекше геологиялық маңызға ие болды. Ғылыми ойдың және адам еңбегінің ықпалымен биосфера жаңа күйге-ноосфераға өтеді. Адамның іс-әрекеті биосфера процестеріне қалайша әсер етеді, ол әволюцияға қалай көмектеседі? Не себепті осы іс-әрекет биосфераның әволюциясына бағыт сілтейді ? Ең алдымен биологиялық әволюция тек биосфераның тірі заттарына ғана, яғни өсімдіктер мен жануарлардың турліше түрлеріне ғана қатысты екенін ескерткен жөн. Ол әволюция, әрине, адамға да қатысты, бірақ негізінен Homo sapiens деп аталатын ақыл-ойы бар адам қалыптасып, өркениет пайда болғанға дейінгі адамға қатысты болды. Кейіннен адамның биологиялық әволюциясы әлеуметтік әволюцияға өтті. Биосферадан ноосфераға өту кезеңінде егіншіліктің тез дамуы нәтижесінде егістіктің ауданы күрт өсуіне байланысты биосферада жасыл тірі заттардың көлемі үздіксіз артуы сияқты күшті геохимиялық фактор алға шықты. Өсімдіктердің жаңа сорттары мен жануарлардың жаңа тұқымдарын қолдан сұрыптаудың нәтижесінде әволюция процестері айтарлықтай жылдамдады, жаңа түрлердің шығуы тездеді. Ал бұл биосферада тірі организмдердің сыртқы ортамен зат алмасу процесін бұрынғыдан жылдамдата түсті. Адамның сыртқы ортаға әсер

етуінің дәрежесі ең алдымен қоғамның техникамен қарулану денгейіне байланысты. Адамзат дамуының алғашқы кезеңдерінде техникамен жарақтануы өте аз болды. Қоғам ілгері басқан сайын, оның өндіргіш күштері өскен сайын жағдай мүлдем өзгерді. XX-XXI-ғасырлар – ғылыми-техникалық революция ғасырлары: ғылымның, техника мен технологияның арасында өзара жаңа сапалық қарым-қатынастың тууы қоғамның табиғатқа тигізетін әсерінің аумағын бұрын болып көрмеген мөлшерде арттырады, адамзаттың алдына бір қатар жаңа, бұрын болып көрмеген аса шиеленісті проблемаларды ұсынды. Техниканың биосфераға және табиғатқа тигізетін әсерін зерттеу жалпы алғанда тек практикалық міндеттерді ғана қойып отырған жоқ, сондай-ақ терең теориялық талдау жасауды да талап етіп отыр. Биосфераның негізін құратын тірі заттар дүниесімен аналогиялық салыстыру жасай отырып, техносфера ұғымының мазмұнын техникалық заттар жайлы, яғни қоғамда бар барлық техникалық құралдар мен системалардың жиыны жайлы, олардың табиғатқа тигізіп отырған әсері жайлы көп әңгіме жасауға болады.Алайда, бұл мәселелер жайлы келесі тақырыпта жеткілікті көлемде әңгіме болатындықтан, біз бұл жерде мынаны ғана айтуды жөн көрдік. Планетаға тигізетін ықпалының күш-қуатының мөлшері жағынан алғанда, технозаттар системасы тірі заттар дүниесімен кем әсер етпейді деуге болады. Техниканың бұдан былайға дамуы техникалық заттардың құрамдас системаларының өзара әрекеттесуінің ең үйлесімді варианттарын және олардың табиғатқа тигізетін әсерін, ең алдымен, биосфераға тигізетін әсерін есептеп шығаруды талап ететіні сөзсіз. «Техносфера» ұғымы техникалық құрылыстар мен системалардың жиынымен бірге адамның техникалық қызметін және ақыл-ойын да қамтиды. Оның құрылымы айтарлықтай күрделі, өйткені ол техногендік заттарды, техникалық системаларды, тірі заттарды, жер қыртысының жоғары бөлігін және гидросфераны да қамтиды. Ал космостық ұшулар дәуірінің басталуына байланысты техносфера биосфераның шеңберінен тыс шығып, енді Жер айналасындағы космосты да қамтитын болды, ал бұл ноосфера аспан әлеміне де аяқ басты деген сөз. Ноосфераның аспан әлеміне тарауына байланысты ғалымдар космостың Жердегі түрлі тіршілік процестеріне тигізетін әсерін жан-жақты зерттей бастады. Мысалы, В. И. Вернадский биосфераның дамуына әсер ететін факторлардың қатарына космосты да қосқан болатын. Ол космос сәулесінсіз, оның ішінде Күннің сәулесінсіз Жердегі тіршіліктің мүмкін еместігін атап көрсетті. Тірі организмдер космос сәулелерін биосфераның өмір сүру қажетіне қарай жер әнергияларына (жылу, әлектр, химиялық, механикалық әнергияларға) айналдырып өзгереді.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет