ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Ғылым философиясы мен тарихы» Барлық мамандық магистранттарына арналған



бет1/5
Дата29.01.2018
өлшемі0,83 Mb.
#35723
  1   2   3   4   5

ПОӘК 042-18-19.1.11/02-2014

Басылым №2 03.09.2014 ж.

74 беттің беті





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМК құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-18-19.1. 11/03-2014

ПОӘК

«Ғылым философиясы мен тарихы» пәні бойынша магистрантарға арналған оқу-әдістемелік кешен




Басылым № 1

03.09.2013 ж. орнына

Басылым №2

03.09.2014 ж.




ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК

КЕШЕНІ

«ҒЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ»

Барлық мамандық магистранттарына арналған


магистрантқа арналған пән бағдарламасы

Семей

2014

Кіріспе

1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырушы “Философия және саясаттану” кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымының кандидаты ________ Д.Б.Жаркимбаева

« 03 » 09 2014 ж.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының отырысында.

« 03 » 09 2014 ж. Хаттама №1

Кафедра меңгерушісі ____________ А.А.Мукатаева

2.2 Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті оқу-әдістемелік бюросының отырысында

« 09 » 09 2014 ж. Хаттама №1

Төрағасы ___________ С.Х.Тойкин

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

« 11 » 09 2014 ж. Хаттама №1



ОӘК ___________ Г.К.Искакова

4 АЛҒАШ ЕНПЗІЛД

МАЗМҰНЫ

1. Глоссарий



2. Дәрістер

3. Семинар сабақтары

4. Магистрлік жұмыс

5. Магистраттық өздік жұмысы

1-ГЛОССАРИЙ

Абсолюттік – мәні жағынан алғанда шартсыз, сыртқы бөтен құбылыстарғатәуелсіз мазмұнды білдіретін ұғым (мәселен, И.Ньютонның класикалық механикасындағы абсолюттік кеңестік пән уақыт ұғымы).

Агрегат - (лат. Агрего – қосамын деген сөз) - түрліше объектілер мен бөлшектерді біртұтас нәрсе етіп қосу, механикалық жағынан біріктіру.

Адаптация – (лат. Бейімделу дегенді білдіреді) организімдердің құрылысы мен іс-әрекнтінің тіршілік жағдайларына бейімделуі.

Адрондар – (грек. Adros -күшті деген сөз) күшті өзараәрекеттессікке түсетін элементар бөлшектердің жалпы атауы.

Алгоритім – белгілі бір есепті немесе көпке тараған проблеманы шешу үшін белгілі бір ережелер бойынша жүйелі түрде қолданылатын амалдардаң системасы

Аминқышқылдар – өсімдіктер мен жануарлардың белоктарын құратын негізгі элементтердің қызметің атқаратын органикалық қосылыстар тобы.

Анализ – (грекше – талдау бөлшетеу деген сөз) нәрселер мен құбылыстардың ішкі байланыстарымен қатынастарын ашу үшін зерттеу объектісін оның мәнді және мәнсіз қасиеттеріне, белгілеріне ойша жіктеу әдісі. Анализ өзіне қарама – қарсы ойлау әдісі – синтезбен бірлікте қолданылады.

Анология - грекше ұқсастық деген сөз бірнеше нәрселердің қайсы бір белгілерімен кленеттерінің ұқсастығығының негізінде қорытынды жасайтын ойлау формасы.

Автабөлшек - бөлшекке (протонға нейтронға т.б.) қарама – қарсы заряд бар(антипротон антинейтрон т.б.) бөлшек

Антроппойдтар (грекше адам тәріздес деген сөз) – ертедегі адамға ұқсас маймылдар.

Антропогенез (грекше antropos – адам, генезис – шығу деген сөздерден құралған)-адамның шығуы туралы ілім.

Антропология – адамның шығуы мен дамуы туралы ғылым.

Атом (грекше atomos – бөлінбейтін деген сөз ) – химиялық элементтің ядродан және электроннан тұратын аса ұсақ бөлшегі.

Бактериялар – микроскоппен ғана көрінетң, көбнесе бір клеткадан тұратын тірі организімдер.

Белоктар – аминоқышқылдардан тұратын және барлық организімдердің тіршілігінің негізін құратын жоғары молекулалы органикалық заттар.

Биология – тірі табиғат туралы ғылымдардың жиыны.

Биосфера(грекше биос – өмір, сфера - шар) – жерде тірі организімдер дүниесінің өмір сүретін бөлігі. Оған кіретіндер: атмосфераның төменгі бөлігі, гидросфера және тірі оргонизмдер өмір сүретін литосфера бөлігі.

Биоценоз- тіршілік жағдайлары бірдей географиялық ортаны мекендейтін жануарлармен өсімдіктер және микроорганизмдер жиынтығы.

Вакуум- ( латынша вакуум- бос кеңістік деген сөз )-өрістің кванттарынын саны нөлге тең кездегі төменгі энергетикалық күйі.

Валенттік- (латынша валентия –күш деген сөз)- атомының химиялық байланыстар жасау қабілеті.

Вирус-(латынша вирус –у деген сөз)- өсімдіктерде, жануарлар мен адамда жұқпалы аурулар тудыратын, ДНҚ немесе РНҚ деп аталатын нуклейн қышқылдарынан тұратын, тірі клеткалардың ішінде ғана көбейетің, бірақ клеткалық емес аса ұсақ бөлшектер.

Верификация (латынша верус –ақиқат және фацио-жасаймын деген сөздерден)- ғылымның теориялық қорытындыларын зерттелуші нәрселерді сезім мүшелерімен тікелей қабылдау арқылы тәжірибеде тексеру, эксперимент арқылы негіздеу.

Вертуальдық бөлшектер- теориялық тұрғыдан есептеп шығарылған элементар бөлшектер(олар аса қысқа мерзім ішінде үздіксіз пайда болып, үздіксіз ғайып болып отырады.

Галактика (грекше галактикос –құс жолы дегенді білдіреді)- 2,10 санды жұлдыздарды, оның ішінде Барлық планеталарын қоса Күн системасын қамтитын біздің жұлдыздар системасы.

Гелиоцентризм- айналасында ұшып жүрген планеталары бар Күн системасынын орталығы Күн деген теория.

Ген (грекше генес – туу пайда болу деген сөз)- тірінін тұқым қуалаушы информацияның одан әрі бөлінбейтін функционалдық негізі. Химиялық құрамы жағынан гендер нуклейн қышқылдарына (ДНҚ мен РНҚ) жатады. Тірі оргонизмнің гендерінің жиыны онын генотипін құрайды.

Герменевтика( грекше hermeneutike- түсіндіру өнері деген сөз) – әртүрлі текстерді түсіндіру, аудару және ұғыну проблемаларын зерттейтін гуманитарлық таным методологиясын бағыты.

Геном- жануарлардың немесе өсімдіктердің берілген клеткасындағы бір хромосомдар жиынында бар гендердің жиынтығы.

Географиялық орта- адамның өмір сүруі іске асатын жер табиғаты.

Географиялық детерминизм- қоғам дамуына шешуші әсер ететін географиялық орта деп түсіндіретін ілім.

Геосаясат – қоғам өміріндегі бірден бір шешуші күш географиялық фактор: елдің географиялық ортасы, климат, табиғи байлықтары т.б. деп санайтын теориядан туған саяси –әлуметтік бағыт.

Геоцентризм- дүниенің орталығы қозғалмай бір орында тұрған Жер деп түсінген 16 ғ. дейінгі көзқарас.

Гидросфера- жердегі барлық мұхит, теңіздерді, көлдер мен өзендерді су қоймаларын т.б. қамтитын табиғат ортасы.

Графитация(латынша графитас –ауырлық деген сөз)- тартылыс өрісін құратын дүниежүзілік тартылыс күші.

Глобальды эволюционизм- бүкіл әлемдік даму теориясын, яғни өзгермейтін, тдамымайтын ештене жоқ, бәрі де өзгерісте, дамуда болатынын мойындайтын ғылыми теория.

Дедукция – дүниені танып білудің жалпыдан жекеге қарай жүру әдісі немесе ғылыми ойлаудын жалпы алғышарттардан жекеше пікір(қорытынды) тұжырымдаудың логикалық формасы. Дедукция ған қарама-қарсы ойлау формасы- индукциямен тығыз байланысты.

Дискреттік (латынша дискретус- бөлінген,үзілісті деген ұғым үздіксіздікке қарама-қарсы үзілістік ұғым)

Диссимилияция(латынша диссимилатио- ұқсассыздану )- оргонизмде күрделі заттардың қарапайым заттарға бөлініп, энергия бөлініп шығады, ассимилияциямен бірге зат алмасудың- метаболизмді сипаттайды.

Дифференциация – ғылыми танымды бір ғылымның бірнеше жеке салаларға бөліну процесі, мәселен, биология ғылымының тірі оргонизмдердің түрлі салаларын зерттейтін жеке пәндерге бөлінуі.

Евгеника(грекше eygens-тегі жақсы деген сөз)-адамның тұқым қуалаушы тегінің саулығы және оны жақсарту жолдары туралы, сондай ақ адамзаттың биологиялық табиғаттың жетілдіру эволюциясына әсер етудің мүмкін әдістері туралы ілім.

Жаратылыстану – табиғат туралы ғылымдар системасы.

Заң – заттардың, құбылыстар мен олардың қасиеттерін арасындағы қажетті, мәнді, тұрақты және қайталанушы байланыстар. Ғылым ашатын табиғат заңдары зерттелуші шындық дүниенің объективтік сипаттамасы болып табылады.

Индукция(латынша induction- қорытып шығару дегенді білдіреді)- жеке – дара фактілерді білдіретін алғышарттардан жалпы қорытынды шығарудың логикалық пайымдау әдісі (дедукцияға қарама- қарсы пайымдау тәсілі). Индукция толық, толымсыз және ғылыми индукция түрлеріне бөлінеді.

Интеграция (латынша интегратио – қалпына келтіру, бірігу дегенді білдіреді) – белгілі бір бөлшектерді біртұтас етіп біріктіру, ғылыми таным процесінде бір ғылымның әдіс тәсілдерімен теориялары туыстас басқа ғылымдарда қолданудың нәтижесінде жаңа ғылымдар туады (мәселен биохимия, биофизика т.б.).

Интерпретация ( латынша интерпретатио – делдал, келістіруші деген сөз) – қайсы бір белгілер системасын (символды, сөз, сөйлемді ) мәнін түсіндіру.

Интерференция – физикада қарама – қарсы фазаларда толқындарды бір біріне қосқанда спектордың қара және жарық түс жолақтарының ұштасуы.

Катализ – химиялық реакцияның тездететің немесе баяулататын затты қолдана отырып, химиялық реакцияның жылдамдығын өзгерту.

Квант – энергияның дискреттік ұсақ бөлшегін белгілеу үшін М.Планк еңгізген ұғым.

Кварк – бөлшектенген электр зарядтары бар атом ішілік аса ұсақ жорамал бөлшек. Ол термиялық тұрғыдан есептеп шығарылған. Кейбір есептеулерге қарағанда, мезондар бір кварттан және антикварттан, албариондар үш кварттан тұарды.

Кибернетика (грекше басқару өнірі деген сөз) – машиналарда, тірі оргонизмдерде және қоғамда басқарудың жалпы принциптері туралы ғылым.

Кинетикалық химия – химиялық процестердің сандық және сапалық өзгерістердің түсіндіретін тарау.

Клетка – элементарлық тірі система, барлық тірі оргонизмдердің тіршілігімен құрылысының негізі.

Корпускула (латынша бөлшек деген сөз) – классикалық (кваттық емес) физикада блшек ұғымы.

Корпускалық – толқындық дуализм – аса ұсақ заттық бөлшектерге тән екі жақсылық жаратылыс, яғни оларға бөлшектік қасиетпен бірге толқындық қасиеттен тән екен.

Концепция (латынша түсінік, система деген сөз) – яғни қайсы бір құбылстарды түсіндірдің белгілі бір тәсілі, олар жайлы көзқарастар системасы.

Космогония – космостық денелер мен олардың системаларының пайда болуы және дамуы туралы ілім.

Космология – астрономиялық бақылаулар және басқа зерттеу тәсілдері арқылы зерттеулерге негізделеген бүкіл әлем туралы жалпы ілім.

Креационизм (латынша креатио – жасау деген сөз ) – адам мен бүкіл дүниенің жаратушы құдай деп мойындайтын көзқарас.

Қоршаған орта – оған Жердің сыртқы беті және кең байлығымен қоса күн системасының адам қызметімен байланысты бөлігі және сондайақ адам жасаған материялдық дүниеде кіреді.

Макроэволюция – тірі оргонизмнің ұйымдасуының түрден жоғары жаңа фориаларының қалыптасыуна алып келетін ұсақ тарихи эволюциялық өзгерісі.

Метоболизм (грекше метаболе - өзгеріс) – оргонизм денесіндегі ассимиляция және диссимиляция процестерінің бірлігінің нәтижесі болып табылатын зат алмасу процесі.

Метагалактика – бүкіл әлемнің бүгінгі таңға дейін зерттелген барлық галактикалары мен басқа объектілерінің жиыны.

Метод (грекше методос – әдіс -тәсіл) – табиғат пен қоғам өмірінің құбылыстарын зерттеудың, танып білудің әдіс – тәсілдері. Ол әдіс-тәсілдер жеке ғылымдық және жалпы ғылымдық болып екіге бөлінеді.

Микроэволюция – популяциялардың генофондтарында айтарлықтай қысқа мерзім ішінде болатын эволюциялық өзгерістердің жиынтығы.

Мутация (латынша мутатио – өзгеріс деген сөз ) – табиғат немесе жасанды сұрыпталу жолымен тұқым қуалау құрылымында бірден болатын өзгерістер.

Нейтрон – атомның ядросының құармына кіретін, электрлік жағынан бейтарап бөлшек.

Ноосфера (грекше ноос – ақыл, ой+ сфера ) – адамның ақыл ой қызметі биосфераның дамуында шешуші факторға айналуға байланысты биосфераның жаңа эволюциялық күйі.

Нуклейн қышқылдары – белоктың биосинтезінде және организмдердің тұқым қуалау белгілерінің берілуінде жетекші роль атқаратын барлық тірі системалардың қажетті құрамдас бөлігі.

Онтогенез (грекше онтос –бар болу деген сөз+генез) – өсімдіктің және жануардың пайда болғаннан бастап өлгенге дейінгі жеке басынан дамуы.Онтогенезді текті немесе түрдің тарихи дамуымен (филогенезбен) бірлікте қарау керек.

Өзіндік ұймдасу – элементтердің өзара әркекеттесуінің нәтижесінде системада жана құрылымның немесе реттіліктің пайда болуы.

Популяция (французша популуз-қоныстану деген сөз) – белгілі бір територияға қоныстанған,басқа түрлерден оқшауланған өзіндік ерекше генефонды бар бір түрге жататын тірі организмдердің жиынтығы.

Проблема – грек сөзі шешілуге тиісті бірақ әлі шешілмеген теориялық немесе практикалық мәселе.

Прокариоттар (латынша рго-алда + karyan ядро) – қалыптасқан клеткалық ядросы жоқ организмдер (вирустар,бактериялар т.б.).

Протон – атомның ядросының құрамына кіретін он зарядталған бөлшек.

Селекция (латынша селектио – тандау,сұрыптау) – сұрыптаудың ғылыми әдістерін қолдану жолымен өсімдіктердің жана сорттары мен жануарлардың жана тұқымдарын шығару және жақсарту.

Синэнергетика – организмдердің өздігінше ұйымдасу теориясы.ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында пайда болған.

Синтез (грекше синтезис – қосу,ұштастыру) – заттың,құбылыстың мәнді белгілері мен қасиеттерін ойша біріктіріпе біртұтас нәрсе деп зерттеу әдісі(анализге қарама-қарсы).

Система (грекше система-біртұтас.біріккен деген сөз) – іште өзара заңды байланысқан көптеген ээлементтердің (құбылыстар мен заттардың,білім және көзқарастардың т.б.) біртұтас жүйесі.

Табиғии орта –адамның тірі және өлі табиғаттағы тіршілік ететін ортасы.

Телеология (грекше телос – мақсат +логия ) – дүниедегі әр бір нәрсенің өзгерісі мен дамуы алдын ала белгіленіп қойылған мақсаттарға қызмет етеді деп түсіндіретін көзқарас.

Теория (грекше theorie – бақылау,зерттеу)-шындық дүниенің белгілі бір саласының дамуы заңдылықтарын бейнелендіруші ғылыми білімдердің бір жүйеге келтірілген жозғарғы формасы.

Техносфера – техниканың табиғатқа, бүкіл адамды қоршаған дүниеге әсер ету сферасы.

Тірі материя –өлі системадан айырып тұратын мынадай белгілері бар: зат алмасуға,көбеюге,тұқым қуалау информайиясын беру және табиғи сұрыпталу негізінде дамға қабілеті организмдердің жиынтығы.

Фенотип (грекше phaino –болу және тип ) – организмнің жеке даму процесінде қалыптасқан барлық белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы.Фенотип организмнің тұқымс қуалау қасиеттері (генотип) мен тіршіліе ортасының жағдайларының өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасады.

Ферменттер (латынша ферментум – ашытқы деген сөз) – биологиялық катализаторлар химиялық табиғаты бойынша – белоктар: олар организмдегі заттарды өзгертіп,оның зат алмасуына бағыт береді және реттейді.

Филогенез (грекше phyll – тегі, тайпа дегенді білдіреді) – организмдердің, олардың түрлерінің тегінің, тұқымдастығының, отрядының, класстарының, типінің тарихи даму процесі.

Фотон – электр магниттік өрісінің кванты.

Эволюция (латынша evolution – өркендеу) – табиғат пен қоғам өмірінде болып жататын өзгеріс, қозғалыс формаларының бірі: үздіксіз, біртіндеп өзгеру мен дамуды білдіреді.

Экология (грекше oikos – үй баспана,тұратын орын деген сөз+логия) – тірі организмдердің қоршаған сыртқы ортамен қарым-қатынастары туралы ғылым.

Экосистема – тірі организмдермен олардың тіршілік ортасы (атмосфера, топырақ, су т.б.) арасында қалыптасқапн тұрақты табиғи система.Ол тірі және өлі организмдер арасында зат және энергия алмасудың тұйық шеңбері мен сипатталады.

Экосфера – барлық экосистемалардың жиынтыңы.

Электрон – теріс зарядталған бөлшек.

Электрондық қабық – атомның ядросын қоршаған электрондар.

Элементар бөлшектер – одан әрі бөлінбейтін, күрделі бөлшектерден сапасы өзгеше және материалдық дүниенің құрылысының терең деңгейін құратын ұсақ бөлшектер.

2. Дәрістер

1. Философия тарихы ғылым ретінде

XX ғ.- ғылым ғасыры десе де болады. Ғылымның қазіргі қоғамдағы беделі мен маңызы өлшеусіз артып отыр, сол себепті де қазір «білім» деген ұғымды көбінесе «ғылыми білім» деген ұғыммен тепе-тең ұғым деп түсінеміз. Адам білімінің көптеген түрлері ғылыми емес. Мәселен, күнделікті тұрмыста қалыптасқан білім, бір денеден алатын эстетикалық әсер т.б. ғылыми білімге жатпайды.

Ал ғылыми зерттеулер, ізденістер арқылы алынатын білімдердің мазмұны мен сипаты мүлде басқаша. Ғылыми білімнің мазмұны мен сипаты, мәселен, күнделікті тәжірибеде қалыптасқан тұрмыстық білімдерден ажырату үшін ғылым деген не екенін, оның мазмұны қандай екенін білу қажет.

Ғылыми дегеніміз адамның шындық дүние жайлы қызметінің арнайы бір жүйеге келтірілген идеялық системасы. Демек, ғылыми дүниетану қызметінің басты мақсаты шындық жайлы ақиқат білімге қол жеткізу екен. Ол білім не үшін керек? Ол болашақ өндірістік іс-әрекетке қолданып, практикалық қызметті ілгері дамыту, жетілдіру үшін, сөйтіп барған сайын шындық дүние заттары мен құбылыстарын өз мақсат- мүддесіне сәйкес меңгеру үшін қажет. Бұл ғылымның өндіргіш күш ретіндегі қоғамдық- әлеуметтік функциясы болып саналады. Ғылымның екінші бір функциясы – мәдени дүниеге көзқарастық функциясы. Бұл жайлы кейінірек арнайы әңгіме болады.

Сөйтіп, ғылым, жалпы алғанда дүниетану процесі болып табылады екен. Бірақ, ол жай күнделікті таным процесі емес, арнайы ұйымдастырылған теориялық білімдер жүйесі. Теориялық білімдер жүйесінің бастамасын салған Ертедегі Греция елі деп саналады.

Антик заманының мәдениеті, ғылым- білімі, қысқы тарихи мерзімнің ішінде тамаша математикалық теориялар, космологиялық модельдер жасап, физика, биология т.б. болашақ ғылымдар үшін құнды идеяларды тұжырымдады. Алайда, ең бастысы сол, нағыз ғылыми білімнің бірінші үлгісі сынақтан өтті, оны ғылыми емес білімдерден айрылып тұратын негізгі ерекшеліктері көрінді. Олар мыналар:



  • Ғылыми білім жүйелі, сондай-ақ оны басқа білімдерден логикалық жолмен қорытып шығаруға болады;

  • Ғылыми білімнің объектісі тікелей шындық дүние заттары мен құбылыстары емес, идеялық объектілер, яғни олардың ойдағы бейнелері;

  • Ғылыми білімнің мазмұны оны танып білуші адамның мақсат-мүддесіне тәуелсіз, объективтік ақиқат болуы тиіс;

  • Ғылым қайталанушы құбылыстарды ғана емес, белгілі бір топқа, класқа жататын заттар мен құбылыстардың бәріне тән жалпы заңдылықтарды іздейді, т.с.с.

Ғылыми танымның тек бұл эмперикалық деңгеймен кейін келетін теориялық деңгейін айыра білу қажет. Бұлардың арасындағы айырмашылық, ерекшелік зерттеулерге тиісті нақты материалды жалпылаудың түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты. Ғылымның мақсаты – заңдылықтарды ашу. Ал заң, заңдылық дегеніміз бұл құбылыстардың арасындағы жалпы, мәнді, қажетті, тұрақты, қайталанбалы байланыстар, яғни шындық дүниенің қайсыбір құбылыстар тобына,класына қатысты жалпылық.

Заттар мен құбылыстардың бойындағы жалпылық абстракциялау жолы мен анықталады, яғни олардың әрқайсысына тән жекеше, ерекше белгі, қасиеттерге назар аудармай, жалпы, ортақ белгі, қасиеттерді ойша бөліп алу арқылы іске асады. Абстракция деген латын тіліндегі сөзді қазақша алсақ «көңіл аудармау» дегенді білдіреді. Логика деген ғылымда қарастырылатын формалды-логикалық жалпылау әдісі осы абстракциялау әдісімен іштей байланысты.

Олай болса, танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлерін бір-бірінен ажыратып тұратын негізгі ерекшелік – заттар мен құбылыстардағы мәнді жалпылықты табу арқылы заңдылықты ашудың тек сыртқы ортақ белгілерді ғана анықтауға болады екен, ал ішкі мәнді белгілерді ашуға дәлелдеуге танымның тек теориялық деңгейі ғана мүмкіндік береді.

Ғылымның күрделі творчествалық іс деп саналуының бір себебі сол, онда тәжіребиден теорияға көшетін тікелей өткелі жоқ.Оның ғылыми жолы – салыстыру, абстракциялау, жалпылау, талдау, синтездеу сияқты жалпы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы іске асатын диалектикалық таным жолы.

Ғылыми танымның аталған деңгейлерінің зерттеу объектілері бойынша да өзара айырмашылықтары бар. Танымның тәжірибелік зерттеудің объектісі тікелей табиғат және қоғам құбылыстары мен заттары болса, ал теория тек идеяландырылған объектілерімен жұмыс істейді.

Эмпириктік деңгейде қолданылатын негізгі әдістер: бақылау, баяндау, сипаттау, өлшеу, эксперимент т.б. Ал теория болса, аксиомалық әдісті, системалық құрылымдық функционалдық талдау, математикалық моделін жасау әдістерін т.б. пайдалануға тырысады.

Ғылымның басқа қоғамдық сана формаларынан басты бір айырмашылығы сол, онда жана білімді қорытып шығарудың әдіс-тәсілдері, яғни ғылыми әділ шешуші рөл атқарады. Ғылыми білімнің даму тарихы бұл пікірді толық растайды. XVII ғасырда, яғни классикалық жаратылыстанудың туу дәуірінде, ағылшын ғалымы Ф.Бекон мен франсуз ғалымы Р.Декарт ғылымды дамытудың бір-бірімен қарама-қарсы екі методологиялық программасын: эмпириктік ( индукциялық ) және (дедукциялық) әдістерін тұжырымдады.

Бұл методологиялық әдістер таным процесінде манызды тарихи рөл атқарды. Біріншіден, олар толып жатқан нақты ғылыми зертеулердің іске асуында көмектесе, екіншіден, ғылыми танымның құрылысын дұрыс анықтауға жол ашты. Ғылыми факторлерді жинап беретін индукциясыз дедукциялық әдіссіз индукция ықтимал ғана білім берер еді. Сондықан қазіргі заманға ғылыми танымды бұл екі әдіс өзара бірін-бірі отырып, диалектикалық бірлікте қолданылады.

Теория шындық дүниенің белгілі бір саласындағы заттар мен құбылыстардың арасындағы мәні байланыстар мен қатынастары жайлы бір тұтас түсінік беретін ғылыми білімдердің жинақталған формасы. Ол теория ғылыми болуы үшін ақиқат болуы тиіс, алайда, ақиқат білімнің бәрі бірдей теория бола бермейді, мәселен, күнделікті тұрмыстық білімдер ақиқатты білдіргенімен, бірақ теориялық білімге жатпайды.

Білімнің ғылымилығын көрсететін критерий (өлшеуші) не? – деген сұраққа ең алдымен – практика деп жауап беруіміз керек, өйткені, таным процесінің негізгі, мақсаты – пракикалық қызмет. Ғылыми білім ең алдымен практикалық қызметке, материялдық игіліктер өндіру ісіне қызмет етеді олай болса, ғылыми білімнің ақиқаттылығының, оның ғылымилығының бірінші ақиқаттығының, оның ғылымилығының бірінші өлшеуші, критерийі практика болып табылады.

Ғылым тарихында жалған ғылыми идеяларды нағыз ғылымнан айыра білу үшін бірнеше принциптер тұжырымдалған. Солардың бірі верификация принципі деп аталады. Латынша verification – дәлелдеу, расталса деген сөзден шыққан бұл принцип бойынша қандай да бір ұғым, пікір болмасын тікелей тәжіребиеде расталса ғана, яғни эмпирикалық тексеруге болмаса, онда ол ақиқат болмағаны.

Верификация принципі ғылыми білімді ғылымға жат, жалған білімдерден бірден айыруға мүмкіндік бергенімен, бірақ таза теориялық идеялардан тұратын ғылыми білімдер үшін оның пайдасы жоқ. Мұндай жағдайда білімнің ғылымилығын негіздеу үшін XX ғасырдағы ірі ағылшын философы К.Поппер бекерлеу принципі дегенді ұсынады. Бұл принцип бойынша тек логикалық жағынан бекерлеуге болатын білімді ғана ғылыми деп тануға болады. Мәселен, ағаш басынан жерге қанша алма үзіліп түссе де ол дүниежүзілік тартылыс заңының ақиқаттағы толық дәлелдеуге жеткілікті негіз бола алмайды, ал үзілген алманың біреуі ғана жерге түспей, әрі қарай аспанға ұшып кетсе болғаны, мұның өзі ол заңнын ақиқаттылығын толық дәлелдеуге жеткілікті негіз бола алмайды « бекерлеу принципі».

Сондықтан теорияның ақиқаттылығы мен ғылымилығын дәлелдеуде ол бекерлеу әрекеттін мүмкіндігінше негізді болуын талап етеді, - дейді Поппер. Бекерлеуге болмайтын теория ғылыми болмайды. Мәселен, дүниені құдай жаратқандығы жайлы теорияны бекерлеу мүмкін емес, олай болса, ол ғылыми емес. Білімнің ғылымилығына бұлайша қараудың бір тәуір жағыда бар: кез- келген білімге өзгермейтін абсолютті ақиқат деп қаратуға болмайтынын, оған сын көзбен қарау қажеттігін білдіреді. Білім тарихи өзгермелі, ақиқат салыстырмалы екендігін мойындай отырып, ғылымдар сонымен бірге нағыз ғылымды ғылымға ілімдерден айыру онша қиын еместігін, ол үшін ғылымилықтың белгілі бір өлшемі мен нормасы, ғылыми ойлаудың ішкі бірлігін білдіретін тұрақты ережелері болуын атап көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет