Радиоқабылдағыштар оқушылар үшін қосымша апқарат көзі болып табылады. Олар меңгерілген материалмен уақыт бойынша келісілмеген, сондықтан мұғалім ғылыми-танымал радиохабарламаларды магнитофонға жазып алып, сәйкес сабақта қолдана алады. Магнитофонды жазба физикалық диктантарды өткізу кезінде қолданылады. Олай болса, дәстүрлі ОТҚ оқу процесінде үлкен мәнге ие, олар оқушылардың оқу-танымдық іскерлігін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, олар білім көзі және көрнекілік құралы болып табылады. Қазіргі заманға ОТҚ жатады: - видеопроекторлар; - қараңғыланған және аз жарықталынған бөлмеде жұмыс істейтін үлкен экран; - фреймграбер және т.б. А.В.Смирновтың жетекшілігімен жасалған нақты жүйені мысал ретінде қарастыруға болды. Бұл жүйе алдымен МАЖ (АРМ) – мұғалімнің автоматтандырылған жұмыс (физика мұғалімі) орны деп аталды, ал жаңа модификацияда – ОАК (АКП) (оқытушының автоматтандырылған комплексі). Смирновтың ОАК схемасы төмендегі суретте көрсетілген:
Достарыңызбен бөлісу: |