ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физиканы оқыту теориясы» «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет9/21
Дата27.12.2016
өлшемі2,15 Mb.
#5623
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

Тұрақты сыртқы күштердің әсер ету ұзақтығы „отырықшылық” уақытынан недәуір үлкен болған жағдайда сұйық „ағады”, өзінің пішінін өзгертеді. Егер күштердің әсер ету ұзақтығы „отырықшылық” уақытымен шамалас болса, онда сұйық өзін қатты дене сияқты ұстанады.

5. Жаңа сабақты бекіту. Жалпылама сипаттағы жоспармен жұмыс (4-кесте).

6. Үй тапсырмасы: § 5, егер кестені толтырып үлгермесе үйде аяқтау, „Жылулық қозғалыс. Ішкі энергия” („Физика 8”) қайталау.

7.Оқушылардың білімдерін бағалау.

4-кесте

Заттың күйі

Зат-тың күйі

Молекулалардың ара қашықтықтарының (молеклулалардың өлшемдерімен салыстырғандағы)

Негізгі қасиеттері

Молекулалардың қозғалу сипаты

Көлемі мен пішінін сақтай ма?

Мысал

1

Газ

Молекулаларының ара қашықтықтары молекулалардың өздеінің өлшемдерінен анағұрлым артық

а)сығылғыштық;

ә)меншікті көлемі және пішінінің болмауы;

б)молекулалар арасындағы ара қашықтық үлкен

Бір-біріне тартылысы жоққа тән болғандықтан молекулалар барлық бағытта қозғала отырып, тез арада ыдыстың ішін түгел толтырады

Көлемін де, пішінін де сақтамай-ды

Бөтелкенің немесе балонның жартысына дейін газ толтыруға болмайды

2

Сұйық

Сұйықтардың молекулалары өте тығыз орналасқан, әрбір екі молекуланың ара қашықтығы молекуланың өз өлшемінен кем

а)сығылмайды;

ә)көлемін сақтайды, бірақ меншікті пішіні болмайды

Бір орнында тербеледі, сосын „секіреді” молекулалар секірмелі қозғалады

Көлемін сақтайды, пішінін өзгертеді

Бір ыдыстағы суды қотарып екінші ыдысқа құюға болады

3

Қатты дене

Молекулалары белгілі бір ретпен орналасқан

а)көлемін де, пішінін де сақтайды;

ә)молекулаларының белгілі бір ретпен орналасуы;

б)молекулалары белгілі бір нүктенің төңірегінде тербеледі

Молекулалары белгілі бір нүктенің төңірегінде тербеледі

Көлемін де пішінін де сақтайды

Қатты дененің пішінін өзгерту үшін күш жұмсау керек

Оқыту әдістерінің жүйесі

Физика мұғалімі оқу процесін ұйымдастыруда, оқыту әдістерін таңдауда мектептердің оқу-тәрбие жұмысының ұзақ уақыттық практикасына негізделіп жасалған жалпы әдістемелік қағидалар болып табылатын дидактикалық принциптерді басшылыққа алады. Бұл принциптер өз пәнін оқытуда білім беру және тәрбие беру міндеттерін неғұрлым ойдағыдай шешуді қамтамасыз ету үшін мұғалімнің қалай әрекет жасауға тиістілігі туралы нұсқауларды қамтиды.

«Методиканың» мәні «метод-әдіс» деген сөзден шыққандықтан, «оқыту әдісі» деген ұғым физиканы оқытудың бірнеше жолын қарастырады. Олар – кешенді әдіс, жобалық әдіс. Дедуктивтік және индуктивтік әдіс, т.б. Сонымен, оқыту әдісі ұғымы – оқытудың мазмұнына, күллі оқу жұмысының барысына, оқу ісін ұйымдастыруға, әртүрлі шығармашылық шараларға негізделеді. Мұғалімнің білім беруі іскерлікке, дағдыға үйретеді және оқушылардың осыларды меңгеруі оқытудың әртүрлі әдістерімен жүзеге асады.

Физика ғылымының өзіндік зерттеу әдісі болатыны секілді физиканы оқытудың да өз әдісі бар. Оқыту әдісі деп мұғалімдердің оқушыларды біліммен қаруландыру тәсілдерін және материалды қабылдату айла-шараларын айтады. Оқыту әдістері – көп тармақтан тұратын, көп компоентті ғылыми-практикалық ұғым. Оқыту әдістерін ғылыми негізде талдау жасасақ, оған әртүрлі тұрғыдан анықтама беруге болады: оқыту әдісі – оқытушы мен оқушының бірлесіп жұмыс істеу тәсілдері; оқыту әдісі – оқу үрдісіндегі алға қойылған мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушының бірігіп атқаратын қарекеті; оқыту әдісі – оқу үрдісіндегі педагог пен оқушының арасындағы өзара әрекет; оқыту әдісі – оқушыларға білім беретін жол; оқыту әдісі – оқушылардың танымдық процесін және олардың жеке басының дамуын ұйымдастыру формасы; оқыту әдісі – оқу үрдісін оптималдандырудың бір амалы. Мұндай тұжырымдамалардың барлығының түпкі мақсаты оқушылардың білім алуының тиімді жолы мен әдіс-амалын анықтау болып табылады.

Оқыту әдістерін зерттеу – негізінен дидактиканың міндеті, ал жеке пәнді оқыту, оның ішінде физиканы оқыту әдістемесінің мақсаты – физика мазмұнының ерекшелік сипатына лайықты сабақта оқыту әдістерінің тиімді тәсілдері мен әдістемелік амалдарын қолданудың жолдары мен формаларын анықтау.

Мектеп өмірінде оқыту әдістерінің бірнеше түрлері қолданылатыны белгілі, сондықтан оларды классификациялау принциптері де әртүрлі. Олардың ішіндегі дұрыс деп қолданылып келген принцип – оқушылардың алатын білім көздеріне және мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жүргізетін қызметіне байланысты классификациялау. Бұл принцип тұрғысынан оқыту әдістері үш түрге бөлінеді: 1)сөзбен баяндау әдістері; 2)көрнекілік әдістер; 3)практикалық әдістер.

Сөзбен баяндау әдістері мұғалімнің ауызша түсіндіруі арқылы жүзеге асырылады. Оқушыларға берілетін білімнің негізгі көзі – мұғалімнің сөзі, ал мұғалімнің әрекеті – сөзбен түсіндіру, оқушылардың қызметі, міндеті – тыңдау, ойланыу және т.б. Мұғалімнің оқу материалын ауызша сөзбен баяндау әдісі әңгімелеу, әңгімелесу (сөйлесу), түсіндіру, дәріс арқылы жүргізіледі.

Әңгімелеу – оқу материалын сабақта диалогсыз тек мұғалімнің өзінің үздіксіз сөзбен ауызша баяндау тәсілі. Бұл тәсілді қолданудың мақсаты мынадай: 1)физикалық заңдар мен жаңалықтардың ашылу тарихымен, физик-ғалымдардың (өнер тапқыштың) өмірбаянымен оқушыларды таныстыру қажет болғанда; 2)ғылым мен техниканың жетістіктерімен, даму перспективаларымен менктеп оқушыларын таныстырғанда; 3)физикалық заңдар мен құбылыстардың ғылымдағ техникада, өмірде қолдануын түсіндіргенде, табиғатта және техникалық қондырғыларда байқалатын физикалық құбылыстарды баяндағанда.

Әңгімелесу – мұғалім оқушыларда бар білімге, практикалық тәжірибе мен тәжірибелік көрсетулерге сүйеніп, сұрақтардың көмегімен оқушыларды жаңа білім түсінуге және меңгеруге алып келетін оқыту әдісі.

Материалды әңгімелеу әдісімен баяндау мұғалім мен оқушы арасында диалог түрінде өтеді. Мұғалім тәжірибелер жасап көрсетіп немесе мектеп оқушылары орындайтын тәжірибелерге сүйеніп, оларға сұрақтар қояды.

Диалог түрінде жүргізілетін әңгімелесу тәсілі арқылы:

1)физикалық заңдар (Паскаль, Ньютон заңдары) түсіндіріледі;

2)физикалық құбылыстардың мәні ашылып көрсетіледі;

3)физикалық ұғымдар (үдеу, қуат, ішкі энергия) қалыптастырылады;

4)оқу материалдары қайталанып, бекітіледі;

5)оқушылардың алған білімі, іскерліктері, дағдылары тексеріледі.

Түсіндіру – бұл мұғалімнің курстың неғұрлым күрделі мәселелерін дәйектілікпен, қатаң логикалық тұрғыда баяндап беруі.

Физиканы оқытуда түсіндіру әдісін мынадай оқу міндеттерін шешу кезінде қолданады:

1)физикалық құбылыстардың мәнін неғұрлым жалпы физикалық теориялар негізінде ашқан кезде;

2)денелердің физикалық қасиеттерін заттардың атомдық-молекулалық құрылысы туралы түсініктер мен электрондық теория негізінде түсіндіргенде;

3)физикалық заңдардың мәнін оқып үйрену мен олардың арасындағы байланысты ашқанда;

4)физикалық құбылыстар мен заңдарға негізделген технологялық процестердің мәнін оқытп үйренген кезде.

Түсіндіру көбінесе әңгімелесу әдісімен ұштастырылып отырады, мұғалім оқушыға өз пікірлерін айтып, өзінше түсінік беруді ұсынады.

Дәріс - әңгімелеумен және түсіндірмен салыстырғанда баяндаудың үлкен ғылыми қатаңдығымен және едәуір ұзаққа созылатындығымен сипатталады. Дәріс әдісін негізінен жоғары сыныптарда қолдануға болады, өйткені ол оқушылардан ұзақ уақыт бойытұрақты зейін қюды, жоғары дәрежеде дамыған абстрактілі ойлауды, дәріс барысында негізгі идеяларды, қортындыларды, заңдардың тұжырымдамаларын, формулаларды жазып отыру іскерлігін талап етеді.

Көрнекілік әдіспен оқу материалын түсіндіргенде мұғалім көрнекі және техникалық құрадарды қолдану арқылы физикалық құбылыстарды, процестерді, денелерді, заттарды көрсетеді, демонстарциялайды, иллюстрациялайды, қолдарына ұстатып, сездіреді. Бұл жағдайда мұғалімнің сөзі қосымша роль атқарады, ал оқушылардың алатын білім көзі көрнекті құралдар болып табылады. Мұнда мұғалімнің оқыту қызметі – көрсету мен демонстарциялау, сабақтағы оқуышлардың оқу қызметі – бақылау, эксперименттік фактілерді көріп ойлану, қортынды жасау, білім қорын байыту. Көрнекілік әдістердің түрлеріне демонстарциялық эксперимент, схема-плакат, сызу-сурет, кино-диафильмдерді және т.б. жатқызуға болады. Педагог Я.А.Коменский көрнекілік әдісті мұғалім үшін «алтын ереже» санаған. Себебі, оның нәтижесінде оқу материалын оқушылардың нәтижелі қабылдауларына мол мүмкіндік туады. Мысалы, көруге болатынды көреді, және т.с.с.

Практикалық әдістерге физиканы оқыту процесінде жүргізілетін лабораторялық жұмыстар, физикалық практикумдар, сыныптан тыс бақылаулар жүргізіп, есеп шығару жұмыстары жатады. Олар оқушылардың эксперименттік, өлшеу, зерттеу, жалпыеңбектік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Оқушылардың өзбеттерінше әртүрлі практикалық жұмыстарды орындауы, ізденіп ойлануы, есеп шығаруы олардың алатын білім мен іскерліктерінің көзі болып саналады. Мұнда мұғалімнің қызметі – жұмысқа түсінік-нұсқау беру, тексеру, қортынды жасауға көмектесуі жатады.

Бұл көрсетілген әдістердің ешқайсысын әмбебеп әдістер деп қарасыруға болмайды. Оларды қолдану оқыту мақсаттарының түрлеріне сай келуі тиіс. Сабақта олар көбіне «аралас» түрінде қолданылады. Мысалы, мұғалімнің сабақты ауызша баяндап түсіндіруі көбіне көрнекі құралдарды пайдаланып, физикалық эксперментті демонстарциялаумен, яғни көрнекілік әдіспен қос қабат жүреді. Сондай-ақ материалоды сөзбен түсіндіру көбіне практикалық әдіспен (зертханалық жұмыста) бірігіп пайдаланылып отырады.



Өзін өзі бақылау сұрақтары:

1. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары жайында түсіндіріңдер..

2. Оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы қандай?

3. Мұғалім іс-әрекетінің құрылымы қандай іс-шаралардан тұрады?

4. Физика мұғалімінің негізгі құжаттарын атап беріңдер.
7 - тақырып. Демонстрациялық эксперимент, оның мәні.

Дәріс мақсаты: Демонстарциялық эксперимент және оның сабақ түсіндірудегі мәнін ашып көрсету.

Жоспар:

1. Физикалық оқу эксперименті, оның міндеттері және жүйесі.

2. Демонстарциялық эксперименттің әдістемесі және оған қойылатын талаптар.


3. Сыныптан тыс тәжірибелер және бақылаулар.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Арнаулы құралдардың жәрдемімен физикалық процестерді демонстрациялап көрсету және оқушылардың өздерінің істеп, зерттеп, бақылауы физикалық оқу эксперименті деп аталады. Физикалық оқу эксперименті физиканы оқытудағы ең негізгі көрнекі құрал болып табылады. Өйткені оны пайдаланудың нәтижесінде физикалық ұғымдар (жылдамдық, үдеу, өріс, жарық дисперсиясы және т.б.) қалыптастырылады, құбылыстар арасындағы өзара байланыстар (күш пен масса, ток күші мен кедергі, жылудың механикалық эквиваленті) тағайындалады, физикалық заңдар (Ньютон, Ом заңдары және т.б.) тексеріледі.

Ұйымдастыру формасына қарай физикадағы оқу экспериментінің жүйесі мынадай түрлерден құралады (2-сурет):

1)демонстрациялық эксперимент;

2)лабораториялық эксперимент;

3)физикалық практикум;

4)сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін эксперимент;

5)эксперименттік есептер шығару;

6)қолдан физикалық приборлар мен көрнекі құралдар жасау.

Физикалық оқу эксперименті

демонстрациялық эксперимент

лабораториялық эксперимент

физикалық практикум

кластан және мектептен тыс жүргізілетін эксперимент

эксперименттік есептер шығару

қолан физикалық приборлар мен көрнекі құралдар жасау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет