7) теңдеулерді құру және оларды шешу; 8) ізделініп отырған шаманы есептеу; 9) алынған жауапты талдау.
Сұйықтар мен газдардың қозғалысы тарауы бойынша қарастырылатын эксперименттік есептерді қарастырайық. Эксперименттік тәсіл бойынша есептер эксперимент жүргізудің негізінде шығарылады.
1-есеп. Май шамның қысқа бөлігін алып, оны суда жүзетіндей етіп, астыңғы жағынан жүк байланады. Мұны тәжірибе жүзінде көрсетеді. Май шамды тұтатқанда, оның қандай деңгейге дейін жанып барып сөнетіндігін анықтау керек.
Жауабы: Май шам жанған сайын оның салмағы азаяды да, ол жоғары көтеріле береді. Нәтижесінде жалын майдың ең төменгі қабатында сөнеді. Май шам жанып таусылар шамасында.
2- есеп: Стаканның бөлігіне қайнаған су құйылады. Оған 2-3 түйір қант еріледі. Сұйықтың бетіне шай қасығын көлбеу орналастырып, оған аз-аздан шай құйылады. Бұдан кейін қант ерітілген қайнаған су бетіне қабат түзіледі. Сөйтіп қою шай мен қант ерітілген судың араласпайтындығы тәжірибе көмегімен демострацияланады. Мұның себебі неде?
Жауабы: Бұл құбылыстың себебі, тәтті су мен шайдың тығыздықтарының бірдей еместігінен.
3- есеп: Айран шынысының ішінен қағаз жағып салып, оның аузына аршылған (піскен) жұмыртқаны тез қоя салсақ, ол бірте-бірте шынының ішіне тартылып барып түсіп кететіндігіне тәжірибе жасалады. Мұның себебін айтыңдар.
Жауабы: Жанған қағаз жалыны шыныдағы ауаны қыздырады. Қызған ауаның көлемі ұлғайып, оның бірқатар бөлігі сыртқа шығып кетеді. Шыны аузын жұмыртқамен жапқан кезде, жанып-сөніп ондағы ауа суыйды да қысымы азаяды. Айран шынысы ішіндегі және сыртындағы қысымы болмағандықтан, жұмыртқа ыдыс түбіне қозғалады.
4- есеп: Жалпақ тарелкаға тиын салып оның беттік деңгейінін сәл ғана асатындай су құйылады. Тарелкадағы су астындағы тиынды қолды ылғалдамай алуға бола ма?
Жауабы: Қағазды жағып стакан ішіне саламыз стаканды тезірек тиынның жанына тарелка ішіне төңкеріп қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкадағы су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта болады. Мұның себебі жану кезінде, стакандағы ауа қысымы артып іштегі ауа қысымын атмосфералық қысымнан азайтады. Нәтижесінде тарелкадағы су ауа қысымы аз стакан ішіне қарай бағытталады.
5- есеп: Болат шарик сынапта жүзіп жүр. Егер сынаптың үстіне су құйса, шариктің оған батуы өзегере ме?
Жауабы: шарикке әсер етуші Архимед күші ұлғаяды. Бұл шариктің суға батып тұрған бөлігін ығыстырып шығарған судың ауырлық күшіне тең. Сондықтан оның сынапқа бату тереңдігі азаяды.
6- есеп: Неліктен үрленген қайық су түбіне батпайды?
Жауабы: Үрленген қайықтағы ауа тығыздығы, судікіне қарағанда кем. Сонымен бірге қайық қабырғаларының салмағы да аз.
7- есеп: Таңғажайып жұмыртқа деген тәжірибе жасалды. Жартылай су құйылған шыны ыдысқа саламыз. Ол сұйық бетінде жүзіп жүреді. Егер ыдысқа тағы да су құйсақ жұмыртқаның бату тереңдігінде өзгерістер бола ма?
Жауабы: Бастапқысы тұзды су, соңғысы таза су. Жұмыртқа бастапқы қалпында сол биіктігінде қалады. Өйткені тұздалған судың тығыздығы жұмыртқанікінен артық болуына байланысты, ол су бетінде жүзіп жүреді. Ал жұмыртқаның өз тығыздығы таза судікінен артық. Сондықтан ол оның бетіне шыға алмайды.
8- есеп: Неліктен шалқалақтап жүзген оңай?
Жауабы: Шалқалақтап жүзген кезде дененің көп бөлігі су ішінде болуына байланысты кері итеруші Архимед күшін көбейтеді.
9- есеп: суға көлемдері бірдей конус немесе цилиндр батырылған. Конус төбесі мен цилиндрдің жоғарғы бетінің бірдей деңгейінде екендігі экранда кодоскоп көмегімен көрсетіледі. Осыларға әсер етуші кері итеруші күштер қандай?
Жауабы: конусқа немесе цилиндрге бірдей кері итеруші күш сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелді.
Графиктік тәсіл арқылы есептер шығарылғанда, олардың жауаптары түрлі графиктерді талдау негізінде алынады. Негізінен физикалық шамалардың арасындағы тәуелділікті сипаттайтын графиктерді зерттеуді талап ететін есептер графиктік есептер болып табылады. Кейбір есептерде график есептің шартында берілсе, кейбір есептерде оларды салуды көздейді. Есептің шарты график арқылы берілсе, оқушылардың оқу танымдық әрекеті графикті «оқудан» тұрады. Яғни есептің талабын орындау үшін қажетті физикалық шамалардың мәндерін графиктен алады. Егер график есептерді шығарудың әдісі болса, онда оқушы оны салады.
Төмендегі графиктік есептерді шығарыңдар.
1. Берілген графиктер бойынша (14-сурет) денелердің бастапқы координаттарын және олардың жылдамдығының проекцияларын табыңдар. Дене қозғалысының x(t) теңдеулерін жазыңдар. II және III денелердің кездесетін жері мен уақытын табыңдар.
14-сурет
2. Тыныштық қалыпта қозғала бастаған велосипедші алғашқы 4с бойы 1м/с2 үдеумен жүріп келеді, содан соң 0,1 мин бірқалыпты қозғалды және соңғы 20 метрді бірқалыпты баяу қозғалып барып тоқтады. Барлық жолдағы орташа жылдамдықты табыңдар.x(t) графигін сызыңдар.
Бақылау сұрақтары:
1.Есеп шығару кезеңдерін көрсетіңіз.
2.Физика есептерінің қандай түрлері бар?
3.Эксперименттік есеп шығару тәсілі қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар
Усова А.В. Практикум по решению физических задач: Для студентов физ.-мат.фак. /А.В.Усова, Н.Н.Тулькибаева М.: Просвещение, 2001, - 206с.
Симакин М.В. Методика решения задач по физике для 10 класса естественно-математического направления, Кокшетау: Келешек – 2030, 2008. – 120с.
Каменецкий С.Е., Орехов В.П. Методика решения задач по физике в средней школе: кн. Для учителя. М.: Просвещение, 1987
Усова А.В., Тулькибаева Н.Н. Практикум по решению физических задач.М.:Просвещ.,1992
Лукашик В.И., Иванова Е.В. Сборник задач по физике. 7-9 кл. М.: Просвещение, 2001
Рымкевич А.П. Сборник задач по физике. 10-11 кл. М.: Дрофа, 2000
Степанова Г.Н. Сборник задач по физике. 10-11 кл. М.: Просвещение, 2000
Козел С.М. Сборник задач по физике. 10-11 кл. (Для углубленного изучения.) М.: Просвещение, 2000
Практикалық сабақ барысында жекелеген студенттер оқытушының алдын ала берген тапсырмасы бойыша есептеу, графиктік және эксперименттік есептердің әдістемелік талдауына жауап береді.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 5-7
ТАҚЫРЫБЫ: «Механика бойынша виртуалды лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (3 с.)
Мақсаты: Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Кішкене денелерді өлшеу», «Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау», «Рычагтың тепе-теңдік шартын анықтау», «Мензурканың бөлік құнын анықтау. Дененің көлемін анықтау», «Денені бірқалыпты көтерген кезде атқарылатын жұмысты анықтау», «Көлбеу жазықтықтың ПӘК анықтау».
«Кішкене денелерді өлшеу»
Зертханалық жұмысты орындауға жіберу бойынша бақылау сұрақтары:
1.Кішкене денелердің диаметрін қандай тәсіл арқылы анықтауға болады?
2. Кішкене денелердің диаметрін қандай формуламен анықтауға болады?
Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау
Пробиркаға 10-20 шарик салыңдар.
Сызғышпен пробиркаға салынған шариктердің ұзындығын өлшеңдер.
Бір шариктің орташа диаметрін есептеңдер.
Сызғыштың бөлік құнын біле отырып, өлшеу қателігін анықтаңдар.
Бір шарикке келетін қателікті есептеңдер.
Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.
15-сурет.
Бұранда шегенің орам оймалары орналасқан бөлігінің L ұзындығын сызғышпен өлшеп алыңдар.
Оймалардың N орам санын мұқият санап шығыңдар.
Бұранда қадамын d анықтаңдар.
Өлшеу қателігін анықтап, кестеге жазыңдар.
Бір орамға келетін қателікті есептеңдер.
Тары дәндерін сызғышқа қарай тартыңдар.
Алынған тары дәндерінің қатарын сызғышпен өлшеңдер.
Сызғыш бойында жатқан тары дәндерін N санаңдар.
Бір тары дәніне келетін орташа диаметрді есептеңдер.
Өлшеулер мен есептеулерді кестеге жазыңдар.
Өлшеу қателігін анықтап, кестеге жазыңдар.
Бір тары дәніне келетін қателікті есептеңдер.
Өлшеулер мен есептеулердің нәтижелерін мына кестеге жазыңдар:
1-кесте
Зерттелетін дене
|
|
|
d, мм
|
|
|
Шарик
|
|
|
|
|
|
Бұранда шегенің қадамы
|
|
|
|
|
|
Тары дәні
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |