ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физиканы оқытудың жаңа технологиялары»



бет4/13
Дата17.02.2017
өлшемі4,35 Mb.
#9608
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Физика ғылымының алға дамуына, оның техника мен өндірісте қолданылуына, мектептерде орта білім беруді жетілдірудің жаңа міндеттеріне байланысты бағдарламада өзгерістер болып тұрады. Физика оқулығы бағдарламаға сәйкес өзгеріске ұшырап, жазылып отырады. Бағдарламада бүкіл жыл бойына қай сыныпта қанша сағат оқытылатыны және аптасына неше сағат жүретіндігі, әр тарауға қанша сағат бөлінгені көрсетіледі. Әрбір пән мұғалімі бағдарламаны басшылыққа ала отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасауы қажет. Ол үшін, жыл бойына бөлінген жалпы сағатты тоқсандарға бөлеміз.

I тоқсан: 1 қыркүйек – 4 қараша (9 апта);

II тоқсан: 10 қараша – 28 желтоқсан (7апта);

III тоқсан: 11 қаңтар -23 наурыз (10 апта);

IV тоқсан: 1 сәуір- 25 мамыр (8 апта).

Бағдарламада әрбір тарауға сағаттар бөлінген. Бағдарламадағы тарауларға бөлінген сағаттың саны қатып қалған, өзгертуге болмайтын нәрсе емес. Өтілетін тараулардың көлеміне, кейбір тақырыптардың күрделілігіне байланысты резервтегі уақыттан алуға болады. Тарауларға бөлінген сағаттардың ішінде оқу материалын яғни, жаңа білімді меңгерту, алған білімді есеп шығаруда қолдану, лабораториялық жұмыстарды жүргізу және т.б. міндеттер қамтылады. 6-дәрісте 7-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспардың бір бөлігі көрсетілген. Сол мысалды басшылыққа алып 7-11 сыныптарға күнтізбелік жоспар жасаңдар.




Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

р№

Өтілетін тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі

Көрсетілетін демонстрация-лық тәжірибелер

Үйге тапсырма

1

2

3

4

5

6

І-тараудың атауы (тарауға бөлінген сағат саны)



















Күнтізбелік жоспар жасалғаннан соң өздеріңе бөлінген тақырып бойынша сабақ жоспарын жазыңдар. Сабақ жоспарын жазудың мысалы 6-дәрісте көрсетілген.

Сабақ жоспары келесі элементтерден тұруы керек:


  • сабақтың тақырыбы мен міндеттері;

  • әрқайсысының уақыты көрсетілген сабақ кезеңдері;

  • білімді тексерудің әдістері мен мазмұны;

  • жаңа материалды оқытудың жүйелілігі мен әдістері;

  • қажетті мәліметтері бар көрсетілім тізбесі.


Бақылау сұрақтары:

    1. Мұғалім қандай жоспарларды құрады? Оларды сипаттаңыз.

    2. Күнтізбелік жоспар қалай жасалады?

    3. Күнтізбелік жоспар жасау не үшін қажет?

    4. Сабақ жоспары қалай жазылады?

    5. Сабақ жоспарын жазу не үшін қажет?

Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

  1. Орта жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11- сыныптарына аралаған бағдарламалар. Авторлары: Башаров Р.Б., Тоқбергенова У.Қ., Қазақбаева Д.М., Байжасарова Г.З., Кронгардт Б.А. -Алматы, 2006.-23 б.

  2. Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978.

  3. М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.

Сабақтың соңында студенттер жаңа оқу материалын меңгертуге арналған сабақтың жоспарын жазу үшін тақырыптар алады.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 2-3

ТАҚЫРЫБЫ: «Мектеп физикалық экспериментінде компьютерлік технологияларды, моделдерді қолдану» (2 с.)

Мақсаты: Физикалық эксперименттерді демонстрациялауда компьютерлік технологияның алатын орын көрсету.

Зертханалық жұмысты орындауға жіберу бойынша бақылау сұрақтары:

    1. Физиканы оқытуда компьютерлік техниканы қолданудың жолдары қандай?

    2. Физиканы оқытуда компьютерлік техниканы қолдануда мұғалім қандай мәселелерді білуі керек?

Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау

Студенттер өздеріне алдын ала бөлінген тақырыптар бойынша компьютерлік техниканы қолданудың жолдары көрсетілген сабақтың жоспарын жасап көрсетеді.



Бүгінгі сабақта өздерің дайындап келген тест тапсырмалары бойынша компьютерлік тест жасаймыз. Қазіргі уақытта компьютерлік тестілеу кеңінен қолданылады. Бұл әдістің маңызы, біріншіден, уақытты үнемдейді, екіншіден, тест сұрақтары кез-келген тақырыпты қамтиды. Тестік қабықша – тестер үшін контейнер функциясын атқаратын арнайы дайын программа. Тест тапсырмаларын құрудың бірінші қадамдық жұмысы: Экзаменатор деп аталатын тест қабықшасын қарастырайық.

  1. Ол үшін берілген бағдарламаны енгізу үшін Пуск – Программы – Экзаменатор – Quest Editor командаларын орындаңыз. Сонда сұрақтар файлын құру үшін бағдарлама терезесі ашылады (11-сурет).


11-сурет. Сұрақтарды редактирлеу бағдарламасының терезесі.


2.Терезе тақырып жолынан, инструменттер панелінен және нұсқалардың текстік аймағынан тұрады. Сұрақтарды құруға кірісу үшін инструменттер панеліндегі Опции проекта түймесін басыңыз.


12-сурет. Опции проекта сұхбаттық терезесі.
3.Тестілеу тақырыбы бөліміне тақырыпты енгізіңіз: мысалы, физика. Тестілеуден өту уақытын қойыңыз, мысалы 5 минут, 1 бағасына – 1 балл, 2 бағасына – 2 балл, 3 бағасына – 3 балл, 4 бағасына – 4 балл, 5 бағасына – 5 балл енгізіп, ОК түймесін басыңыз (2-сурет).

4. Ендігі кезек сұрақтарды құру. Ол үшін инструменттер панеліндегі сұрақты қосыңыз (добавить вопрос) түймесін басыңыз, немесе Правка – Добавить вопрос командасын орындаңыз (13-сурет).




13-сурет. Жаңа сұрақ диалогтық терезесі.
5. Оған сұрақты жазыңыз:

Поезд 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Егер ток берілуін тоқтатсақ, онда поезд бірқалыпты баяу қозғала отырып, 20с өткеннен кейін тоқтайды. Поездің үдеуі:

Және жауап нұсқаларын теріңіз:

1 нұсқа - а=-0,5м/с2 -5 балл

2 нұсқа - а=-2м/с2 -0 балл

3 нұсқа - а= 4м/с2 – балл

4 нұсқа - а= 1 м/с2 – 0 балл

5 нұсқа - а=-3м/с2 – 0 балл

6. Далее түймесін басып, бірнеше сұрақтарды, жауап нұсқаларымен қоса осылайша енгізіңіз.

7. Проект – жаңа нұсқа (Проект – новый вариант) командасын орындап тестілеудің екінші нұсқасын құрыңыз.

8. Файл – сақтау (Файл – Сохранить) командасын орындап, тестік файлды Тест І атымен жұмыс үстелінде сақтаңыз.

9.Бағдарлама терезесін жабыңыз.

10.Тесттер бағдарламасын жүктеу үшін, Пуск – Программы – Экзаменатор немесе жұмыс үстеліндегі экзаменатор белгішесін шертіңіз.

11. Бағдарлама іске қосылады да үш кнопка көрінеді: Начать тестирование, Настройка, Выход. Ең алдымен біз бағдарламаны баптауымыз керек, сондықтан Настройка деген кнопканы шертеміз. Пайда болған менюде келесі өзгерістерді енгізіңіз: Файл вопросов менюінде: Обзор кнопкасын шертіңіз де жұмыс үстеліндегі Тест І.qst файлын таңдаңыз.

12. Менять местами варианты ответов, Менять местами вопросы білгі қойыңыз және 1 нұсқаны таңдаңыз.

13. Сондай-ақ осы терезеде шрифтының түсін және фонын өзгертуге, пароль қоюға болады. Барлық өзгерістерді енгізіп болғаннан кейін ОК түймесін басыңыз.

14.Сосын Начать тестирование нұсқасын таңдаңыз. Анкета сұхбаттық терезесі көрінеді, сол терезеде Фамилиясын, атын және сыныбын көрсетіп, ОК түймесін басыңыз. Сосын сұрақтарға жауап беруге көшуге болады.

15. Тест аяқталғанда экранға нәтижесі шығады. Нәтижесін көрген соң жабу түймесін басыңыз.



Зертханалық жұмысты қорғау бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Физиканы оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың жолдарын көрсетіңдер.

  2. Компьютерлік тест жасаудың кезеңдері қандай?


ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 4

ТАҚЫРЫБЫ: Физика сабақтарында есептер шығару

Мақсаты: Физика бойынша есептер шығару әдістерін меңгеру, есептеу, графиктік және эксперименттік есептерді шығару әдістемесімен танысу.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:

Есептер шығару процесі сабақта жаңа оқу материалын меңгертуде, ұғымдар қалыптастыруда, жаңа сабақты бекітуде және оқушылардың алған білім, іскерліктерін тексеруде ұйымдастырылады. Олай болса, есептер шығару – қайталауды, пысықтауды және оқушылардың білімін тексерудің маңызды құралы.

Есептерді шығарудың басты шарты – оқушылардың бойында физикалық заңдылықтар жайында білім қорының болуы, физикалық шамаларды дұрыс түсінуі, сондай-ақ оларды өлшеу тәсілі мен өлшем бірлігін білуі болып табылады. Есептерді шығарудың міндетті шартына оқушылардың математикалық дайындығы да жатады.

Оқушыларда есеп шығару дағдысын қалыптастыруда есептің шартын жазу техникасына қойылатын талаптың маңызы зор. Есеп шығару кезеңдері:

1) есептің берілгенін оқып, жаңа терминдердің, қиын ұғымдардың мағынасын түсіну;

2) есептің шартын қысқаша жазу, суреті болса салу;

3) есепті талдау, берілген есепте қарастырылатын физикалық процестер мен заңдылықтарды түсіну, фиизкалық шамалардың арасындағы тәуелділіктерді қарастыру, физикалық мағынасына көңіл аудару;

4) есеп шығарудың жоспарын құру (тәжірибе жасау), есепке керекті тұрақтыларды және кестелік мәндерді жазу;

5) физикалық шамаларды СИ жүйесінде жазу;

6) ізделініп отырған физикалық шамамен берілген шамалардың арасындағы заңдылықты тауып, оны жазу;



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет