Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Географиялық орта химиясы» «5В011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


тақырып. Қоршаған ортаның экологиялық мониторингі



бет12/34
Дата17.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#102087
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Байланысты:
3c1dda9c-1e00-11e3-8705-902b34bdced6УМКД хим горг сред общ

4 тақырып. Қоршаған ортаның экологиялық мониторингі.

Мақсат: Қоршаған ортаның экологиялық мониторингісімен таныстыру;

Негізгі сұрақтар:

1. Экологиялық мониторинг ұғымы және оның міндеттері.

2. Экологиялық мониторинг түрлері

3. Химиялық мониторинг



1. Экологиялық мониторинг ұғымы және оның міндеттері.

Экологиялық мониторинг – табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау,тексеру және болжау жүйелері. «Мониторинг» деген термин «Монитор»- сақтандырушы,қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин Б.Ұ.Ұ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жыл,маусымда), «бақылау» ұғымын толықтыру ретінде пайда болды.


Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық шектеулі рауалы жүктеме саналады. Экологиялық шектеулі рауалы жүктеме былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қарекеті. Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қауыпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына, қоршаған ортаның адамның денсаулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауырып соғады. Қазіргі уақытта бұл шектен асушылық орын алып отыр деп пайымдауға барлық негіз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі жүктемелердің жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып кетті. Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы, ауа мен топырақтың температурасының, қысымның, ылғалдықтың өзгеруі кейбір тұрақты орташа шамалар шегінде өтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер өте баяу түрде өзгереді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет