Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Географиялық орта химиясы» «5В011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет27/34
Дата17.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#102087
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34
Байланысты:
3c1dda9c-1e00-11e3-8705-902b34bdced6УМКД хим горг сред общ

Құйынды шаң аулағыштар. Қосымша орайтын ағымның болуы олардың циклондардан ерекшелейтін негізгі айырмашылығы болып табылады. Сүйірмек түріндегі аппаратта шаң-тозаң болған газды ағым күрек құйынға айналдырғышпен оралады және жоғары көтеріледі, осы кезде тангенциалды орналасқан сүйірмектерден шығатын қосалқы газдың үш ағыстың ықпалына ұшырайды. Ортадан тебетін күштердің әрекетімен бөлшектер шет жақтарға лақтырады, ол жерден ағыспен оларды төмен бағыттайтын қозған қосалқы газдың шиырма ағысты дөңгелек құбыр аралық кеңістікке лақтырады. Тазартылатын газдың ағысын шиырмалы қамту барысында қосалқы газ біртіндеп толығымен оған енеді. Кіретін түтікше айналасындағы дөңгелек кеңістік шаңды бункерге қайтармай түсіретін тіректі шайбамен жабдықталған. Күректі түрдегі құйынды шаң аулағыш қосалқы газ тазартылған газдың шет жақтан алынатындығымен және көлбеу күректері бар дөңгелек бағыттаушы аппаратпен берілетіндігімен ерекшеленеді. Құйынды шаң аулағышарда қосалқы газ ретінде таза атмосфералық ауа, тазартылған газдың бөлігі немесе шаң-тозаң болған газдар қолданылуы мүмкін. Шаң-тозаң болған газдардың қосалқы газы ретінде пайдалану экономикалық тұрғыда ең тиімді зат болып табылады. Бұл жағдайда аппараттың өнімділігі тазалау тиімділігі біршама төмендемей 40-65%-ға көтеріледі. Циклондардағыдай диаметрдің көбеюімен құйынды аппараттардың тиімділігі түседі. Қосалқы газдың оңтайлы шығыны бастапқының 30-35%-ын құрайды. Циклондармен салыстырғанда құйынды шаң аулағыштардың ерекшеліктеріне мыналар жатады:

- жоғары дисперсті шаңды аулаудың ең жоғары тиімділігі;

- аппараттың ішкі беттерінің жабысқақ күйде тозуының болмауы;

- суық қосалқы ауаны пайдалану есебінен жоғары температурасы бар газдарды тазалау мүмкіндігі;

- қосалқы газ мөлшерінің өзгеруі есебінен шаңды бөлу процесін реттеу мүмкіндігі.

Кемшіліктері:

- қосымша үрлейтін құрылғының қажеттілігі;

- аппараттан өтетін қосалқы газ есебінен газ көлемдерінің арттуы;

- пайдалану кезінде аппараттың үлкен күрделілігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет