Дәріс№5,6 Оқушыларды есеп шығартуға үйретудің әдістемелік ерекшеліктері
Жоспары:
Оқушыларды есеп шығартуға, үйретуге байланысты студент-
терге қажетті білім мен біліктерді қалыптастыру
Есеп шығартуға үйретудің әдістемелік принциптер
Химия сабағында сандық есептерді пайдалану әдістемесі
Химиялық есептерді шығару арқылы оқушылардың білімдері
мен біліктерін пысықтау
1. Оқушыларды есеп шығартуға , үйретуге байланысты студенттерге қажетті білім мен біліктерді қалыптастыру
Химиялық есептерді шығаруда мұғалім оқушылардың психологиялық жас ерекшелігін, білім дәрежесін ескеру керек.Осыған байланысты есеп шығарудың процесін жүргізу керек. Егер оқушылардың білім дәрежесі жеткілікті болса, кейбір есеп шығарудың әдістемелік бөлімдерін ескермей кетуге болады. Есеп шығарғанда кейбір қайталана беретін аралық есеп шығарудың әдістері ескерілмей, нәтижелері бірден жазылады. Бұлай істеу тек қана оқушылар түсінгенде ғана істеу керек. Кейде салыстырмалы атомдық массадан бірден заттың массасына көшеміз. Мысалы, мына химиялық теңдеулер арқылы есептеу жүргізейік.
2 Al + 3 H2SO4 = Al2(SO4)3 + 3 H2
Есепті шығару үшін алюминий мен күкірт қышқылының массасын және сутегінің көлемін білу керек. Теңдеу бойынша формуланы пайдаланып
m= ν· м алюминий мен күкірт қышқылының массасын табамыз:
m(Al) = 2 моль ∙ 27 г/моль =54г
m (H2SO4) = 3 моль ∙ 98 г/моль = 294 г
Мына формуланы пайдаланып V=ν∙Vm сутегінің көлемін табамыз:
V(H2) = 3 моль · 22,4 л/моль = 67,2 л.
Міне, осы әрекеттер кейде ескерілмей есеп шығарғанда бірден мынадай жазуды көруге болады:
2 Al + 3 H2SO4 = Al2 (SO4)3 + 3 H2 ↑
54 г 294 г 67,2 л
Мұндай іс-әрекеттер есеп шығаруда өте көп кездеседі. Бұны ассоциалық тізбектің қысқаша бірігуі дейді(ықшамдап жазу). Егер оқушы бұл процестің мәнін білсе , бұл әдіс тиімді.Ал егер бұл есептеулерді білмесе, онда алғашқы ескертулерді жүргізу керек. Күшті оқушылар алғашқы қадамдарды қолданбай бірден толықтырған күйін жазуға көшеді. Кейде есеп шығарғанда өлшем бірлік көлемнен массаға көшу керек болады. Түсінген оқушыға егер V(H2O) = 250 мл болса, оның массасы да m(H2O) = 200г тең екендігі белгілі. Алайда оны былай өрнектеп жазу керек:
V(H2O) = 250 мл m = V∙ p m(H2O) = 1000г/л · 0,25л =250 г
m(H2O)-?
p(H2O) = 1000 г/л
Есеп шығаруда «ықшамдап жазу» әдісі көп қолданылады. Бұл әрине жеке адамның өз әрекеті. Кез келген адам үйреніп алғаннан кейін тиімді тәсілге көшеді. Дегенмен де, қайталап жазушылық көп кездеседі. Мысалы, мынадай есеп шығарайық:
Есеп№1. Мырш тұз қышқылымен әрекеттескенде 5,6 л сутек түзіледі. Реакцияға қанша грамм мырш қатысады.
Реакция теңдеуін жазып есептеулер жүргіземіз.
х г 5,6л
а) Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2
65 г 22,4л
Теңдеуден пропорционалдық тәуелділік нақтылы анық көрініп тұр. Сонда да оқушылар екінші тәуелділікті жазады:
65 г мырыштан (Zn) --------- 22,4 л сутегі алынады
х г Zn -------- 5,6 л Н2
х ═ 65 ∙ 5,6 : 22,4 = 16,25 (г)
Дегенмен де, екінші жазуда мынадай пропорция қатынасы жоқ:
22,4 : 5,6 = 65 : х немесе 22,4 : 65 = 5,6 : х
Сондықтан да, мұғалім ықшамдау әдісіне көшкенде оқушылардың физикадан, математикадан алған білімдерін ескеру керек. Есеп шығартқанда тиімді әдістерді пайдалану кажет. Есептерді бір типті пропорция әдісімен шығарту дұрыс емес. Бұл оқушылардың білімін, ойлау іс-әрекетін тежейді. Физикадан, математикадан алған білімдерін тежеуге мәжібүр болады.
Мысалы, мынадай есепті оқушыларға пропорция арқылы шығарыңдар деу дұрыс емес.
Есеп № 10-6 . 800 кг 4% ерітіндідегі еріген заттың массасын табу.
Пропорция әдісі оларға тиімді ме? Оларға тиімді формула арқылы шығару:
w = m(е.з) : m(ерт) m е.з = m(ерт) · w
m е.з = 800 кг · 0,04 = 32 кг
Пропорция әдісін математиктер пайдаланбайды. Мысалы, кім сатып алған затына пропорция арқылы ақша төлейді.Есеп шығарғанда оның құрамына кіретін компоненттердің арасында байланыс бар екендігін білу керек. Есептің де кері байланысы бар, яғни есепті тура бағытта да, кері бағытта да шығаруға болады.Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |