4-мысал. Әрқайсысының массалары 10г екі мырыш пластинканы 2-валентті металдардың тұздарының екі ерітінділеріне батырып ұстаған. Біраздан соң шығарып алып, жуып, кептіріп, өлшегенде, бірінші пластинканың массасы 9,5235г, ал екінші пластинканың массасы 17,091 г болған. Бірінші ерітіндіде темір (ІІ) тұзы болған. Екі ерітіндіде де реакцияға түскен металдардың зат мөлшері бірдей. Екінші тұздың ерітіндісінің құрамына кіретін металды атаңыздар және пластинкалардың бетінде жүретін процестерді түсініңдер.
Шешуі:
Алдымен жүретін реакциялардың теңдеуін жазып аламыз:
Zn + FeAn = ZnAn + Fe (1)
65,4 г/моль А г/моль
Zn + МeAn = ZnAn + Мe (2)
65,4 г/моль А г/моль
Мұндағы Ап кез-келген 2 валентті анион, ал Ме – белгісіз металл, А – оның молярлық массасы. Реакцияға түскен металдардың зат мөлшерін (олар есептің шарты бойынша бірдей) х моль деп белгілейік. Сонда мынандай теңдеулер құруға болады:
10 – 65,4х + 55,8х = 9,5235 (3)
10 – 65,4х + Ах = 17,091 (4)
Есептің шартында пластинкалардың массалары жрғарғы дәлдікпен келтірілгендіктен бізде металдардың массаларының дәлірек мәндерін пайдалануымыз керек. (3) теңдеуді шешсек:
9,6х = 0,4765 х = 0,0469 моль
Енді х-тің мәнін (4) теңдеуге апарып қойсақ:
10 – 65,4 · 0,0469 + А · 0,0469 = 17,091
(А – 65,4)0,0469 = 7,091
0,0469 · А = 7,091 + 3,244 = 10,335
А = 10,335 : 0,0496 = 208,36
Бұл 2-валентті металдардың ішінде қорғасынның атомдық массасына жақын.
Достарыңызбен бөлісу: |