Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химия есептерін шығару әдістемесі»


Есеп №2. 20г МдО күкірт қышқылымен әрекеттескенде шыққан МдЅО4 массасын табыңдар Есеп №3



бет35/109
Дата07.02.2022
өлшемі4,92 Mb.
#83942
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   109
Байланысты:
285b4f1b-dc71-11e4-b960-f6d299da70eeУММ ХЕШ (2)

Есеп №2. 20г МдО күкірт қышқылымен әрекеттескенде шыққан МдЅО4 массасын табыңдар
Есеп №3. 19,7г ВаСО3 алу үшін Ва(ОН)2 арқылы қанша көлем СО2 жіберуге болады.
Білімді тексеруде де сандық есептерді пайдалануға болады. Білімді тексергенде көбінесе ауызша сұрақтар беріледі. Бұл оқушылардың жаттап келуіне итермелейді. Сөйтіп оқушылардың білімі жаттанды болады, олардың творчествалық іс-әрекеттері дамымайды. Сондықтан есеп арқылы білімді тексеруге болады. Мысалы: «Оттегінің қасиеті» тақырыбында оқушыдан үйге берген тапсырманы есеп шығарту арқылы сұрауға болады.
Есеп №1. 1,08г АI оттегінде жанғанда шыққан АI2О3 массасын табу.
Оқушылар бұл есепті шығаруда оттегіне байланысты реакция теңдеулерін жазып , есептеулер жүргізеді.
Білімді тексеруде сапалық есептердің маңызы өте зор. Мысалы: «Оттегінің қасиеттері» тақырыбында мынадай есептер беруге болады.
Есеп №2 Көмір шала жанғанда иіс газына айналады, ал толық жанғанда көмір қышқыл газына айналады. Иіс газы -улы, суда аз ериді, көк түсті болып жанады. Көмір қышқыл газы –улы емес, суда ериді, жанбайды. Осы оксидтердің формуласын жазып, құрамындағы «С» проценттік мөлшерін анықтаңдар. Оттегі мен көмір қышқыл газын бір-бірінен қалай ажыратуға болады.
Егер мұғалім жаңа сабақтың алдында үйге берген тапсырманы сұраса, немесе есеп шығартса, онда есеп өткен материалмен жаңа материалды жалғастыратындай болу керек. Мысалы: «Молярлық концентрация» тақырыбы алдында мынадай есеп шығартуға болады.
Есеп №3 Ауадағы оттегінің мөлшері О2-23,2%; N2- 75,5% құрайды (массалық үлесі) Егер 1л ауаның салмағы 1,293г болса, ондағы О2: N2 моль саны қанша болады:
ω (О2) = 0,232 ω = m (комп) : m (қоспа); Осыдан:
ω(N2) = 0,755 m = ω· m (қоспа); γ = m (қоспа) : М;
ρ(ауа) =1,293г/л
γ = ω ∙ m (қоспа) : М
γ(О2) ; γ(N2) -? γ (О2) = 1,293· 0,232 : 32г/моль = 0,009моль;
γ (N2) = 1,293· 0,755 : 28г/моль = 0,035моль;


Жауабы: 1 л ауада 0,009 моль 02 және 0,035 моль N2 болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет