ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химия есептерін шығару әдістемесі»



бет10/63
Дата14.04.2017
өлшемі8,27 Mb.
#13901
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63
fэкв - эквиваленттің факторы; Vеріт - ерітіндінің көлемі;

с — эквиваленттің молярлы концентрациясы.



Еселі қатынас заңы. Екі немесе бірнеше элементтердің атом-дары бірімен бірі әрекеттескен кезде, осы элементтердің масса-лық қатынастар жағынан айырмашылығы бар әртүрлі заттар алы-натындығы XIX ғ. химиктерінің жұмыстарында көрсетілген. Мы-сал ретінде азоттың оксидтерін келтіруге болады:

Бүл оксидтерде азоттың бір массалық бөлігіне мынадай оттектің массалық бөлігі келеді: 0,57; 1,14; 1,71; 2,28; 2,85.

Мүнда, оттектің массалық бөліктері, өзара бүтін сандар болатыны көрініп түр:

1, 2, 3, 4, 5.

Осындай мысалдарды қарастыра отырып, Дж. Дальтон 1803 ж. еселі қатынастар заңын өрнектеді:



егер екі элемент өзара бірнеше химиялық косылыстар түзсе, онда бір элементтің массасы осы қосылыстардағы екінші элементтің массаларына бүтін сандар ретінде қатынасады.

Еселі қатынастар заңы құрам түрақтылық заңының логика-лық дамуы болып табылады. Осы заңдарға сүйене отырып, Даль-тон бірінші рет химияға элементтің атомдық массасы деген түсінікті енгізді. Оның айтуынша, әрбір химиялық элементтің атомдары бірдей және белгілі массасы болады. Атомның абсолюттік массасын анықтау мүмкін емес, сондықтан Дальтон ең жеңіл элемснт сутектің атомдық массасын бірге теңестіріп, салыстырмалы атомдык масса туралы түсінікті үсынды.

Бірақ, сутек барлық элементтермен реакцияға түсе бермейтіндіктен, сутекті бірлікгі колдану, кейбір қиындықтар туғызды. Сондықтан, 1906ж. атомдық массаның өлшемі ретінде, оттек ато-мының массасы 1/16 тең оттекті өлшемге ауысуға тура келді.

Ал 1961ж. жаңа біртекті атомдык массаның көміртекті өлшемі қабылданды. Атомдық массаның өлшемін көміртекті өлшемге ауыстырудың себебі, оттек атомының үш изотопы ашылды:



16О (99,759%), 170 (0,037%), І8О (0,204%).

Осыған байланысты, екі өлшем бірлігі колданды: физикалық (өлшем бірлігі ретінде І6О атом массасының 1/16 бөлігі) және химиялық (өлшем бірлігі ретінде, табиғи оттектің орташа атом-дық массасының 1/16 бөлігі).

Қазіргі уақытта атомдык массаның өлшем бірлігі ретінде, көміртек атомының ең жеңіл изотопы 12С массасының 1/12 бөлігі қолданады. Химиялық злементтің салыстырмалы атомдық масса-сы - өлшеусіз шама, олар көміртек бірлігімен немесе атомдық масса бірлігімен (а.м.б.) өлшенетін атомдық масса болады.

Атомның массасы көміртек массасы бірлігінің оның салыс-тырмалы массасының көбейтіндісіне тең.



Моль. Халықаралық жүйедегі бір-лікте (СИ) заттың мөлшері мен масса-сы әртүрлі физикалық шамаға жататы-нын есте үстау керек. Заттың мөлшері (моль) затта болатын қүрылыстық бірліктің санына пропорционал. Қүры-лыстық бірліктер - ол молекулалар, атомдар, иондар және т.б.

Заттың массасы массалық бірлікпен өрнектеледі - кг, г немесе атомның массалық бірлігі (а.м.б.) деп аталады.



Моль - затгың мөлшері. Мүнда көміртек изотопының 0,012 кг қаншама атомдары болса, соншама молекулалар, атомдар, ион-дар, электрондар немесе қүрылыстық бірліктер болады.

Көміртектің 0,012 кг С12 изотопының 6,02-1023 атомдары бар. Мына сан 6,02-10" Авогадро түрақтылығы деген атпен аталады (NА).

Демек, моль - заттың мөлшері, ол құрылыстық бірлікке 6,02*1023 (Авогадро санына) дискретті.

Заттьщ салыстырмалы молекулалық массасы (Мг) - ол да моле-куланың массасын көміртек бірлігімен өрнектейтін, өлшемсіз шама.



Заттың молярлық массасы (М), заттың мольмен өрнектел-ісіі массасының бірлік массасына қатынасын көрсететін шама. Берілген заттьщ молярлық массасы (М, г/моль), оньщ салыстырмалы молекулалық массасына тең.

Мысалы, Мг(Н2 4)=98, ал М=98 г/моль немесе Мг(NаОН)=40, ал М=40г/моль.

Толық өрнектеулердің орнына ("химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасы", "заттың салыстырмалы молекулалық массасы") қысқартылған өрнектеулерді "атом-дық масса", "молекулалық масса" қолдану ұсынылды.
Идеалды газдардың заңы. Авогадро заңы. Гей-Люссак пен Бойль-Мариоттың заңы идеалды газдардың заңы. Осы заңдар бойынша газдарды зерттегенде молекулалар арасындағы байланыс, молекулалық әрекеттесулер ескерілмейді. Авогадро заңы былай өрнектеледі:

бірдей жағдайда алынган газдардың тең көлемінде молекулалар саны да бірдей болады. Авогадро заңынан мына салдар шығады: молекулалык сандары бірдей газдардың, бірдей жағдайда, көлемі де бірдей болады. Кез келген газдың 1 молінде молекулалар саны бірдей, газ-дың 1 молінің көлемі бірдей болады. Бұл көлемді газдың моляр-лық көлемі дейді және қалыпты жағдайда (қ.ж. 0°С және 101,325кПА) 22,4 л тең. Қалыпты жағдайдағы газдардың моляр-лық көлемінің түрақтылығы - Авогадро заңының ең маңызды тұжырьгмы.

Газды заттың көлемі (қ.ж.) 22,4л, құрылыстық бірліктің саны (молекуланың) Авогадро санына NА=6,02-1023 тең.



Авогадро заңының негізінде газдардың салыстырмалы тығызды-ғын және газдардың молекулалық массаларын оңай анықтауға болады. Салыстырмалы тығыздық (D) — өлшемсіз шама. Ол бірдей жағ-дайда және бірдсй көлемде газдың тығыздығы стандартты газдың тығыздығынан қашла рет көп немесе кіші екендігін көрсетеді. Стандартты газ ретінде сутекті немесе ауаны қолданады. Авогадро заңы бойынша, екі газдың тең көлемді массалары (m1, m2) бір-біріне олардың молекулалық массаларындағы (М1, М2) қатынастай болуы керек:

Сонымен, газдың молекулалық массасы (М1) басқа газдар-дың қатынасы бойынша анықталған, оның тығыздығының екінші газдың (стандартты) молекулалық массасының (М2) көбейтін-дісіне тең. Газдардың молекулалық массасы, мынадай теңдеулермен анықталады:

сутек бойынша М1= D(H) 2,016

ауа бойынша М2= D ауа-29



Осы тендеу арқылы, элементтің валенттілігін анықтауға болады. Элементтің валенттілігін білу арқылы, атомдық масса анықталады:

Аг=ВЭ, А=ВЭ г/моль


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет