Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»


Қазақстан табиғи аймақтар биоценозы



бет94/203
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#86512
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   203
Байланысты:
ed04d2c0-d947-11e4-b960-f6d299da70eeУММ жаратылыстану

Қазақстан табиғи аймақтар биоценозы
Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Тор-ғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазакстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған.
Неогенде Торғай бұғазының суы тартылып, құрғағаннан кейін екі жағы қосылған. Осы кезде полтава флорасы шығысқа қарай тарап, Зайсан көліне дейін жеткен. Керісінше, шығыста өскен өсімдіктер батыска ауысқан. Соның нәтижесінде Қазақстанда торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлері қалыптасқан. Оған грек жаңғағы, емен, шамшат, терек т.б. жатады.
Теңіздің шегініп, құрлық көлемінің ұлғаюы арта бастаған кезден (палеоген дәуірден) бастап, Иран арқылы Африка флорасы кірген. Олардың ішінде эфемерлі өсімдіктер, жоңышқа, қараған бұталары мен ағаштардың кейбір түрлері болған.
Палеоген дәуірдің алғашқы жартысында жазық ойпаңдарды теңіз басып жатқан тұста, оның жағалауындағы қыраттар мен тауларда субтропиктік жалпақ жапыракты орман өсіп тұрған. Палеоген дәуірінің екінші жартысында, теңіз суы тартылып, құрғап, орнына осы күнгі ірілі, ұсақты көлдер қалыптасқан.
Неоген дәуірде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу сүйгіш өсімдіктер жойылып кетіп, қазіргі орман типтері қалыптасқан, грек жаңғағы, өрік, алма сияқты өсімдіктер сақталып қалған. Сібір жақтан ауысып, арктикалық, альпілік өсімдіктер тараған. Қазақстанның осы күнгі өсімдіктер жамылғысы осылай біртіндеп ұзак кезеңді басынан өткізіп қалыптасқан. Қазіргі өсімдіктердің қалыптасуына жергілікті өсімдіктермен қоса сырттан келген түрлер де едәуір әсер еткен.
Қазіргі Қазакстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес. Оған Қазақстан жерінде шөлді, шөлейт аймақтардың көптігі, топырақ пен климат әсер етеді. Екіншіден, Қазақстанның едәуір бөлігі геологиялық тарихы жағынан жас. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңіз астынан неоген дәуірде ғана босаған. Үстірт пен Бетпақдаланың босауы одан сәл ғана ертерек. Сол себептен бұл өлкелердің өсімдік жамылғысы әлі толық қалыптасып үлгірмеген.
Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Өсіресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталған. Онда палеоген дәуірінен қалған грек жаңгагы, бадам,түркістан үйеңкісі, алмурт және т.б. түрлері кездеседі.
Сырдария-Қаратау флорасы бұдан да бай. Онда 1000-нан асатын өсімдік түрі, оның 150 түрі тек осы ауданға ғана тән, басқа жерде ұшыраспайтын өсімдіктер. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жоңғар Алатауының тау беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар таралған. Оларда шырша, май қарағай, бал қарагай, самырсын түрлері өседі. Биік таулы белдеу шымды-шалғынды, бұталы шалғынды болып келеді. Тау алды мен аласа таулы белдеулерде дала зонасына тән өсімдіктер өседі. Алтайдың таулы даласында итмурын, долана, бөріжидек бұталары мол. Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань тау жүйесінің тау алды жазьқтары шөлге ұқсайды. Оларда эфемерлеі мен эфемер тәріздес өсімдіктер (өлең, қоңырбас, көкнәр, қызгалдақ және т.б.) кең тараған. Аласа таулы белдеулер теректі, кайыңды, жабайы ағашты, алма, өрікті, доланалы ормандардан тұрады.
Солтүстіктен оңтүстікке дейін 1600 км-ге созылып жатқан Қазақстанның кең жазиралы жазығында дала мен шөл өсімдіктері басым. Шөлді аймақтарда (Сарыесік Атырау, Мойынқұм, Бетпақдала т. б.) сексеуіл, өзендер бойында жыңгыл, жиде, тораңгы тоғайлары кездеседі.
Қазақстанда өсімдік дүниесінің 303 түрі Қызыл кітапқа енген жөне оның сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды. Өйткені шөп қоры мал жайылымы есебінде бағалы, ал орман өндіріс үшін керекті материал болып саналады. Қазақстан дүние жүзі бойынша орманы аз елдердің қатарына жатады. Бүкіл аумағының 11,4 млн гектар жерін (4,2%) ғана ормандар алып жатыр. Ол табиғатты тазартуда, топырақты эрозиядан сақтап, оның тамырын бекітуде, егіндік-шабындық жерлерді қорғау мен құм көшкіндерін бөгеуде аса маңызды рөл атқарады. Ауаны шаң-тозаңнан тазартып, аңызақ желден, құрғақшылықтан сақтауда да ормандар мен жасыл өсімдіктер пайдалы. Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері қылқан жапырақты ормандар, ұсақ жапырақты орман-тогайлар, бұіталы тогайлар, даланың бұталы өсімдіктері, сексеуіл, шөлдің бұталы өсімдіктері, дала өсімдіктері, субтропиктік өсімдіктер, шалгындар, тақырлар, шөлдің бір жылдық өсімдіктері болып бөлінеді. Оларға геоботаникалық жағынан Еуразияның қылқан жапырақты орманы (Оңтүстік Алтай), Еуропа, Сібірдің орманды даласы (Солтүстік Қазакстан), Еуразия даласы (Еділ-Жайық, Мұғалжар-Торғай, Есіл-Нұра, Қарағанды, Ұлытау-Сарысу, Зайсан бойы), Азияның шөлді аудандары (Тұран ойпаты, Солтүстік Тянь-Шань, Қара-тау) кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет