Дәрістін жоспары: 1.Минералдар және тау жыныстары
2.Жер бедері формалары
Дәрістің қысқаша мәтіні. 1.Жер қыртысындағы магмалардың қозғалысы, минералдар мен тау жыныстарының түзілуі. Орасан зор қысымның нәтижесіндe жер ішіндегi заттар жоғары температураға қарамастан қатты күйде болады. Бұл заттар қысым бәсендеген кезде ғана сұйык, магмалық күйге көше алады, ал мұның өзінe жер заттарының жылжуы немесе газдардың 6ipaз мөлшері босап шыққан күнде ғана болуы мүмкін. Егер жер қыртысында сызат пайда болса, онда оның астындағы қысым кемиді де, магма сұйылып сызат бойымен азайған жаққа қарай көтерілуге тырысады. Магмадан бөлінген газдар магманы 6ipre ұшырып шығарады. Магма жер қыртысының сызаттарында баяулап қатады. Бұл кезде оныц құрамды бөліктерінің аралрында химиялық реакциялар болады, соның нәтижесінде әр түрлі химиялық табиғи қосылыстар — минералдар түзіледі, ал олардан тау жыныстарының кристалды массивтері (гранит, сиенит т. б.) пайда болады. Сызаттарды бойлап Жер бетіне асып төгілген магмалар 6iршамa тез қатады да, бу мен газдар көп мөлшерде бөлініп шығады. Бұл кезде әр түрлі минералдар да түзіледі, ал олардан тығыз немесе өте ұсақ кристалды, кейде шыны тәріздес, ал кейде кеуекті тау жыныстары (базальт, трахит, андезит, т. б.) пайда болады.