Дәрістің қысқаша мәтіні. 1.Абиотикалық факторлар Өсімдіктердің өсетін ортасы, жекелеген элементтердің қатарынан- экологиялық факторлардан тұрады. Бұл факторлар өсімдіктердің тіршілік етуіне бірден-бір қажет және оларға қандайда бір болмасын әсер етеді. Қоршаған орта тірі (биотикалық) және өлі (физикалық) факторлардан тұрады. Экологиялық факторлар өсімдіктерге тікелей (жылу, ылғалдық, топырақтың құнарлығы) немесе жанама (теңіз деңгейінен биіктігі, ауа, жел) әсер етеді.
Ортаның экологиялық факторлары әдетте мынадай топтарға бөлінеді.
климаттық факторға — жарық, жылу, ауа (оның құрамы, қозғалуы немесе ағыны), жауын-шашын, ауаның ылғалдығы, электр құбылыстары;
топырақ факторына — физикалық қасиеті, механикалық қасиеті. топырақ пен грунттардың химиялық құрамы мен микробиологиясы;
орографиялық (рельеф) факторға — теңіз деңгейінен биіктігі, беткейлердің экспозициясы (күннің түсуі) мен тіктігі;
Экологиялық фактор ретінде жарыққа қатысты өсімдіктердің төмендегі топтарын болып көрсетуге болады: гелиофиттер (грек тілінен аударганда һеIіоs — күн, рһуton — өсімдік), сциофиттвр (грек тілінен аударғанда skia — көлеңке) және көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті гелиофиттер).