7 тақырып: Жеткіншектік кезеңнің психофизиологиялық даму ерекшеліктері
Жеткіншектік кезеңнің бала дамуындағы алатын орны мен маңызы.
Жеткіншек организімінің қайта құрылуы.
Жеткіншектік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері.
Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің 5-8 сыныбында оқитын кезеңмен сәйкес келеді де, 11-12 жастан, 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы 5 сыныпқа көшумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін.
Жеткіншектік кезеңнің бала дамуындағы ерекше орны, оның «өтпелі», «бетбұрыс», «пубертаттық», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір кезеңінен екінші кезеңіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің, сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, танымдық және оқу іс-әрекетінің мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
Алайда жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады, көптеген жағдайларға байланысты болады және осы себепті әркімде әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі жеткіншекте «балалық» пен «ересектіктің» қатар болуымен сипатталады. Мектеп оқушыларының өміріне екі түрлі себептер әсер етеді:
ересектіктің дамуын тежейтін жайлар: балалардың көбінде тұрақты және байыпты міндеттер болмай, тек оқумен ғана шұғылдануы; көптеген ата-аналардың балаларды тұрмыстағы еңбектен, қиыншылықтар мен қынжылыстардан қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы;
ересектендіретін жайлар: мазмұны жөнінен сан алуан ақпараттың орасан көп тасқыны; көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы және осының мүмкін салдары ретнде балалардың дербестікке ерте жетуі, жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы; дене күшінің даму мен жыныстық толысудың акселерациясы.
Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар жасайды, осыдан келіп оныңбелгілі бр жақтары дамуының түрлі көріністері мен айырмашылықтары келіп шығады.
Мысалы, 6-шы сыныпта бет-пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар ересектер өмірінің қайсыбір жақтарына ортақтасқан өте ересек балалар да бар; өздігінен білім алалтын «интеллектуал» балалар да бар, сонымен қатар оқу материалының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектер де бар; болашаққа жоспары айқын емес мектеп оқушылары бар, керісінше, болашақ мамандығына саналы түрде даярлана бастағандары да бар; кейбір балалар үйінде нағыз қолқанат- жәрдемшілері болса, енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға да ебі жоқ.
Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық және әлеуметтәк негіздері қолданылады және олардың қалыптпасуынң жалпы бағыты белгіленеді. Жасөспірімдік шақта олардың қалыптасуы жалғасады.
Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп санаады. Бұлай бағалау, біріншіден, осы уақытта болатынкөптеген сапалық өзгерістерге байланысты; бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірінен өзгертетін сипатта болады; мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмелі, қауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер жеткіншектің өзінде субъективтік қиыншылықтардың болуымен сипатталады, ал келесі жағынан, оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады: жеткіншек ересектердің ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың әр түрлі формаларышығады (қиқарлық, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық).
Жеткіншектік кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жағдайдың рөлі әсер ететіндіктен.Бұл проблеманың аса маңызды педагогикалық мәні бар.
2. Жеткіншек дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды: дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың барлығының сыртында организмнің морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процесі тұрады.
Организмнің қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерістерден басталады. Гипофиздің, әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі секрецияның басқа да өте маңызды бездерінің (қалқан жыныс, бүйрек үсті бездерінің) қызметіне қолайлы жағдай жасайды. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер, соның ішінденеғұрлым анық көрінетін өзгерістер туғызады (жыныс органдарының дамуы және екінші жыныстық белгілердің көрінуі). Бұл процестер қыз балаларда 11-13 жаста, ер балаларда 12-15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің акселерациясы байқалып отырған қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10-11, ер балалар 12-13 жаста жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады.
Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі- жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары. Бұл күрт өсу деген терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда, жеткіншектің пішіні өзгереді: дене пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды. Бас сүйегінің бет бөлігінің жедел жетілуі нәтижесінде бет әлпеті де өзгереді. Жеткіншектік кезеңде омыртқажылдық өсуіне байланысты бойдың ұзару қарқыны қалып қояды. 14 жасқа дейін омыртқалар арасындағы кеңістік әлі шеміршекпен толы болады да, шамадан тыс күш түскен жағдайда омыртқа қисайып кетуге бейім тұрады. Днен түзілісінің неғұрлым көбірек бұзылуы 11-15 жаста болады, дегенмен нақ осы жаста мұндай кемшіліктерді түзеу де одан кейінгі кездердегідей оңай болады. 20-21 жаста жамбас сүйектерінің бекуі аяқталады (қыз балалардың жыныс органдары осы сүйектердің аралығында болады).
Бұлшық ет күшінің артуынан жеткіншектің дене күшінің мүмкіндіктері ұлғаяды. Мұны ер балалардың өздері де ұғынады және олардың әрқайсысы үшін оның үлкен маңызы бар. Алайда, ересектерге қарағанда олардың бұлшық еттері тез шаршайды, сондықтан ұзақ уақыт жұмыс істейтін қабілеті болмайды. Спортпен және дене еңбегімен айналысқанда мұны ескерген жөн.
Мотор аппаратының қайта құрылуымен қозғалыстағы үйлесім жоғалады, өз денесін дұрыс ұстай білмеушілік шығады (шамадан тыс көп қозғалушылық, олардың жете үйлестірілмеуі, жалпы қолайсыздық). Бұдан қынжылу, өзіне сенімсіздік секілді жайлар туындауы мүмкін. Алайда бұл кезең қозғалыс сапалары оптимальді дамитын кезең болғандықтан спортта жетістіктерге жету мүмкіндіктері де артады.
Әртүрлі мүшелер мен талшықтардың өсуі жүректің қызметіне шамадан тыс талаптар қояды.Жүрек те өседі, әрі қан тамырларына қарағанда тез өседі. Мұның өзі жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметіндегі функциялық бұзылулардың себебі болып, жүректің қағуы, қан қысымының артуы, бастың ауыруы, бастың айналуы, тез шаршау түрінде көрінуі мүмкін.
Жеткіншектік шақ, бір жағынан, энергияның қауырт өсуімен, ал екінші жағынан патогендік әсерлерге деген басым сезімталдықтың артуымен сипатталады.Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт нервіге күш түсу, аффектілер, күшті эмоционалдық толғаныстар(қорқыныш, ыза, реніш) эндокриндік қолйсыздықтар (етеккір циклінің уақытша тоқтауы) және нерв жүйелерінің функциялық бұзылуына себеп болуы мүмкін. Олар тез шамданғыштықтан, тежегіш механизмдердің әлсіздігінен, тез шаршаудан, ұмытшақтық пен аңғалдықтан,жұмыста өнімділіктің төмендеуінен, ұйқының бұзылуынан байқалады.Жеткіншектік шақта жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерлеріне көңіл күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғалғыштығының мезгіл-мезгіл селқостығының, енжарлығының негізі болады. Қыз балаларда мұндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклінің басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |