4 тақырып: Ерте сәбилік шақтағы баланың психологиялық даму ерекшеліктері
Сәбилік кезеңге жалпы сипаттама.
3 жас дағдарысы.
Бұл кезеңде бала өзбеттіліктің кейбір деңгейлерін меңгере бастайды: алғашқы сөздер пайда болады, сәби жүре бастайды, заттармен әрекеті дами түседі.
Ерте балалық шақтағы әлеуметтік жағдайдың дамуы «Бала- заттар- ересектер» ретінде көрінеді.
Сәбилік кезеңде негізгі іс-әрекет болып- заттық әрекеттер табылады (алғашында ересектердің көмегімен, соңынан өзбетінше).
Бұл кезеңнің жалпы психологиялық сипаттамасы:
сенсомоторлық даму қарқынды жүреді: тік жүру негізінде кеңістікте бағдарлана алады; қолдарын заттармен әрекет жасау үшін, оларды зерттеу үшін босатады;
тіл арқылы қарым-қатынас дамиды, үлкендердің сөзін түсінеді, сөздік қоры байи түседі, сөйлем құрудың лингвистикалық және грамматикалық нормаларын меңгереді (2 жасында сөйлем құрайды, 3 жаста сөйлемдердің жалғауын дұрыс қолдана біледі);
сөйлеу арқылы жалпылауды үйренеді, тіл ойлау процесінің дамуына және өзінің мінез-құлқын басқаруға әкеледі;
балада түрлі жағдайларды білуге құмарлық пайда болады (Бұл не? Неге? Не үшін? деген сұрақтарды жиі қояды), ертегі, тақпақ, өлеңдерге қызығушылық танытады;
ойындық әрекеттер дамиды (үлкендерге еліктеушілік пайда болады);
заттардың түрін, түсін, формасын қабылдау, олардың тұрақты белгілерін ажырату- қабылдау, еске сақтау, ойлау процестерін дамытады;
қарапайым өзіндік санасы қалыптасады («Мен-өзім»);
ырықты өзіндік басқару қабілеттері дами түседі;
тазалықты, өзінің физиологиялық функцияларын меңгере бастайды;
ұялу, ренжу сезімдерін меңгереді.
Үш жас кризисі туралы ең алғаш Эльза Келер өзінің «Үш жасар баланың жеке тұлғасы жайлы» еңбегінде суреттеген болатын. Эльза Келер осы жастағы кризистің бірнеше маңызды симптомдарын атап көрсетті:
Негативизм. Бір адамның екінші адаммен қарым-қатынасындағы жағымсыз реакция. Бала үлкендердің қойған талаптарына мүлдем бағынбайды. Негативизмді тіл алмаушылықпен алмастыруға болмайды. Тіл алмаушылық кез-келген шақта болады.
Қырсықтық. Өз шешімінде тұру. Қырсықтықты табандылықпен шатастыруға болмайды. Қырсықтық баланың өзінің тілегін орындауды талап етуден көрінеді. Бұл жерде баланың талабымен санасу көрінс береді.
Достарыңызбен бөлісу: |