Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орнында білім беру үдерісіндегі цирлы технологиялар»



бет32/41
Дата07.02.2022
өлшемі410,96 Kb.
#85304
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
2. Технологиялық бай ортада белсенді оқытуды жобалау. Білім алушылар үшін дизайндау
Нәтижеге бағытталған немесе оқу бағдарламасы арқылы басқарылатын тұғыр «білім алушы өз тапсырмасын оқу бағдарламасы тағайындаған міндеттерге сай орындап, оқу бағдарламаларын жасақтаудағы «тұлғаға бағдарланған» тұғыр білім алушылардың тапсырмаларға қосатын түрлі өзіндік қорларынан, бастамаларынан, қызығушылықтарынан бастау алуға тиіс. Білім алушылардың қолжетімділік, инклюзивтілік және қатысу белсенділігі сияқты ерекшеліктері жобалау үшін қолайсыздық емес, басты себеп ретінде қарастырылуы қажет. Тұлғаға бағытталған тұғырды қолдануға байланысты екі проблема бар және екеуі де технологияларға бай ортада жаңа аспектілерге ие. Біріншісі – білім алушыларды бір-бірінен ерекшелейтін көптеген сипаттамалардың арасында қолда бар құралдардың көмегімен білім алу үшін маңыздыларын айқындау (докторанттар туралы кейбір анықтама сұрақтарын 3-қосымшадан қараңыз). Тапсырма мен контекске байланысты білім алушыларға қатысты мына мәселелерді қарастыру қажет болуы мүмкін:
1. Пәнге қатысты тәжірибе, білімдер мен біліктілік. 2. Оқудың барлық түрін, соның ішінде физикалық және сенсорлық кемшіліктерді де ескере отырып, қолжетімді етуге деген қажеттілік. 3. Оқу ынтасы мен оқу ситуациясынан күтілетін нәтижелер. 4. Оқудың, әсіресе аталған режимдегі оқудың (мысалы, онлайн-оқу) осыған дейінгі тәжірибесі. 5. Оқытудың оңтайлы түғырлары. 6. Әлеуметтік және түлғааралық дағдылар. 7. Цифрлық және ақпараттық сауаттылық.
Бұл ерекшеліктер өзара күрделі байланыста. АКТ саласындағы біліктілік өз алдына дербес проблема емес, бірақ ол білім алушылардың сенімі, орын таңдау және педагог тарапынан қолдауды қажет ету сияқты, басқа да көптеген факторларға ықпал ете алады. Электрондық оқытудағы жеке тұлғалық ерекшеліктерді шолудың нәтижесінде білім алушылардың өздеріне ұсынылатын технологияларға деген эмоциялық көзқарасы, әсіресе көңілі қалу және жатсыну сияқты сезімдер, олардың білім алуында шешуші факторға айналуы мүмкін деген тұжырым пайда болды. Жақында жүргізілген зерттеулер оқытушының мәдени ұстанымдары, өзіне деген сенімділігі немесе мазасыздығы білім алушылардың технологиялармен жұмыс жасау тәжірибесіне терең ықпал ететінін көрсетті. Цифрлық әлеует білім алушылардың жынысы, мәдениеті, ана тілі және шығу тегі сияқты ерекшеліктеріне тәуелді емес. Сондықтан білім алушыларға қажеттіліктері әртүрлі топ ретінде қарауға болмайды: олар өздерінің міндеттерін дара болмысы мен мақсаттары тұрғысынан ұғынып, түрлі технологияларды, оз бойындағы әлеуметтік және мәдени ерекшеліктеріне сай әртүрлі қолдануға болатын міндеттерге тап болуы мүмкін. Қандай да бір жаңа технология енгізілген кезде оқытушылар білім алушылардың бұрынғы тәжірибесі бұл үдеріске қалай ықпал ететінін анықтау үшін ресми тексерулер немесе олардың өзіндік талдау жасауын ұйымдастырылуы тиіс.
Докторантқа бағдарданған жобалау үлгісіндегі екінші мәселе – білім алушылардың вариативтілігін (ауытқушылықтарын) тиімді түрде шешу. Бұрынғы кезде жобалау бейімдеп оқытуға, материалдарды және жүйелі жауаптарды білім алушылардың қабілетіне немесе міндеттерді оқу «стиліне» қарай орындауға немесе қандай да бір диагностикалық корсеткіштерге сәйкестендіруді қамтамасыз етуге бағытталатын еді. Бейімдегіш жүйелердің техникалық қиындықтарынан бөлек, мұндай тұғырдың теориялық негіздемесі мен артықшылықтары даулы мәселе болып саналады. Мысалы, мұндайда білім алушылардың өз қалаулары анық байқалмайды. Егер докторанттар оқу нәтижесі үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, балама стратегиялар жасақтауға мәжбүр болса, оқытудың нәтижесі біршама жоғары болуы мүмкін. Оның үстіне жеке оқыту топтық оқытудың кемшіліктерін жойып қана қоймай, сонымен бірге көптеген артықшылықтарды да жоққа шығарады.
3.Цифрлық ресурстар мен технологияларды қолдана отырып дизайндау
Оқу ортасында қолжетімді технологияларға сай білім алушылардың іс-әрекеттің нақты түрлеріне сай қолдануға ынталандырылуы дизайндау үдерісінің маңызды аспектілері болып танылады. Бұл жерде бізді цифрлық камералар мен микроскоптар, сан түрлі деректерді жазатын тіркеуші жабдықтар, мобильді құрылғылар мен планшеттер, портативті компьютерлер сияқты заттай құрылғылар мен ондағы тетіктерді (мысалы, орналасқан мекенжай, бағыты, жарықтандыру деңгейі т.б.) қамтитын дизайндалған жасанды өнімдер қызықтыратынын ескерген жөн. Веб-парақшалар, мәлімет жинақтары, бағдарламалық жасақтама мен жүйелер сияқты бұқаралық ақпарат құралдарының алуан түрінде дизайндалған. Тұтыну интерфейстері – ақпарат пен білім алушылардың арасында байланыстырушы қызмет атқарып, оларды қолданушылардың тәжірибесі мен іс-әрекетін үйлестіру үшін егжей-тегжейлі талдаудың мезеттік деңгейдегі принципіне арқа сүйей отырып жасақталады. Осы тұста Энгестремнің іс-әрекет жүйесі күрделіліктің жаңа деңгейін енгізуге жол ашады. Оқу іс-әрекетін аралықтандыратын жасанды өнімдердің өзі дизайн бойынша ертеректегі жұмыстардың нәтижесі бола отырып, білім алушылардың осы әрекет жүйесіне тән қолданушы ретіндегі сипаттамалары мен оның өзіне лайық болжамды оқу нәтижелерінің ерекшеліктерін қамтиды. Дизайндалған жасанды өнімнің қасиеттері кейде оның нақты бір нәтижені көздейтін «тұспалды мүмкіндігі» деп аталады: бұл жердегі олардың тұспалды мүмкіндігі оқытуға бағытталған. Ендігі жерде құралдар мен ресурстарды оқытуды аралықтандыратын қасиеттеріне тоқталамыз. Жасанды өнімдер іс-әрекеттің түрлі жүйелерінде түрлі мәнге ие болуы мүмкін және олардың арнаулы мақсаттары мен олардың іс жүзінде қолданыс мақсаттары бірдей болуы міндет емес. Іс-әрекет теориясын акторлар желісінің теориясынан өзгешелейтін бір мәселе – мұнда жасанды өнімдер іс-әрекет жүйелері арасындағы өтпелі объектілер ретінде қарастырылады. Өзіне тән дизайн үдерісінің нәтижелері ретінде олар нақты бір мақсаттарды, рөлдерді, ережелерді және еңбек бөлінісін айқындайды, әрі оқу іс-әрекеті үдерісінің компоненттері ретінде олар жаңадан пайда болатын нәтижелер мен қатынастарды байланыстырушы рөл атқарады. Іс-әрекет теориясында іс-әрекет өнімдері ешқашан факторлардың озі ретінде қабылданбайды, олар адами факторлар мен күрделі және өзара байланысты іс-әрекет жүйелерінің делдалдары ретінде қызмет етеді. Компьютерлер алғаш рет білім беру мақсаттарына орай қолданыла бастаған кезде ңифрлық жасанды өнімдердің қайсысы оқытуга арналғаны түсінікті болатын. Ұлыбританияда университет студенттеріне арналған компьютерлік білім беру бағдарламаларына орасан көлемдегі мемлекеттік қаржы бөлінді (1996). Бірақ бағдарламалық жасақтаманы өңдеушінің білім беруге қатысты мақсаттары дәріс берушінің мақсаттарына дәлме-дәл үйлеспесе, бұл бағдарламалық жасақтаманы білім беруге лайықты деп қабылдау екіталай екенін ескерген ете орынды. Бағдарламалық жасақтаманы қолдану педагогтердің «өз» білім алушылары үшін оқу мүмкіндіктерінің басты жобалаушылары ретіндеғі рөліне қатысты көзқарасын өзгертіп жіберді. Басқаша айтқанда, ауқымы кеңейе түскен жүйеде ережелер, рөлдер және еңбек бөлінісі мәселелеріне қатысты қайшылықтар туындады. Бүгінгі таңда білім беруге арналған жасанды өнімдер нақты оқу тәжірибесінен гөрі іс-әрекеттің бағытына қолдау көрсетеді. Дәрісханалардағы электрондық интерактивті тақталар мен технологиялар оқытудың/оқудың нақты тәсілдерін жетілдіруді мақсат тұтады. Арнайы бағдарламалық жасақтама нақты бір академиялық немесе кәсіби тәжірибеге қолдау көрсету үшін жасалып, дамытылып жатыр, бірақ, қалай болғанда да, олар іс-әрекеттің кең ауқымына ғана қолдау көрсетуде. Мысал ретінде басқаруға арналған анықтамалық-бағдарламалық жасақтаманы, берілген деректерді сапалық және ңифрлық талдау құралдарын, компьютерлендірілген жобалау жүйелерін және басқарылатын оқу орталарын келтірсек болады. Білім алушылардың басым көпшілігі академиялық контентке қол жеткізіп, академиялық тақырыптарды талқылау үшін де мобильді негіздегі қосымшалар немесе браузер арқылы қолданатын веб-сервистерді күнделікті тапсырмалар үшін қолдануы тиіс. Бұл ыңғайлы жағдай цифрлық технологияларды үйреншікті сайттын білім алушыар үшін желілерде оқу мүмкіндіктерін еш қорқыныш-уайымсыз етуді қамтамасыз етеді. Цифрлық ресурстарға қатысты жағдай да осыған ұқсас. Интернетте оңай табылатын материалдардың мол қорының пайда болуына орай, мемлекеттік қаржыландыру білім беру контентін жасақтаудан білім берудің шынайы құнды қорларына бағытталған, басқаруға келетін қолжетімділікті қамтамасыз етуге қарай ауысты. «Ашық білім беру ресурстары» қозғалысына басқаша трансформациялық ерекшеліктер тән болғанымен, белгілі бір мағынада бұл – оқуға арналып дизайндалған контентті интернетте табуға болатын басқа контенттің бәрінен ажыратып алуды көздейтін соңғы ұмтылыс. Ақпаратты өңдеу дағдылары білім берудегі кәсіби дизайнерлер үшін маңызды болып қала береді, ал бүгінгі білім берушілер ресурстарды о бастан жаңадан дайындағанша, білім алушыларын ақпараттың ашық қорларына бағыттауға немесе өз дәрістерін ашық контент ретінде жария етуге бейім. Оқу ресурстары мәселесіндегі тағы бір жаңа фактор – бірінші реттік мәліметтердің, соның ішінде жариялы әлеуметтік мәліметтердің, цифрландырылған түпнүсқалық мәтіндердің немесе мемлекет есебінен қаржыландырылған зерттеулер нәтижелерінің анағұрлым қолжетімді бола түсуі. Білім алушылар бірінші реттік ресурстарға сілтеме алып, білім алу барысында осы ақпарат көздерінің педагогикалық әлеуетін пайдалана алуы тиіс. Нақты білім беру технологияларын немесе ресурстарды қолдануды талап еткенше, білім алу мақсатын тиімді түрде қамтамасыз ете алатын қолжетімді жасанды өнімдер жасақтап және осыған орай білім алушылардың таңдау жасауына көмектесетін оқу үлгісін көрсеткен жөн. Жоғарыда айтылғандай, нақты бір пәнге арналған ерекше жүйені меңгеру қажет болатын жағдайларды санамағанда, білім беру үлгісін жобалаушы үшін «үлгіге» оқу тапсырмаларының нақты бір шешімін енгізудің орнына, цифрлық технологиялардың қайсысы және қалайша тиімді болатынын қарастыру әлдеқайда маңызды. Оқыту теориясы оқытуға арналған цифрлық теорияларды таңдау және қолдану туралы пікірлерге ерекше ықпал етті. Виртуалды цифрлық құралдарды оқу іс-әрекетін қамтамасыз етуші қызметі түрғысынан қарастыруды жеңілдететін медианың бес түрін бөліп керсетеді. Олар: баяндаушы, коммуникативті, интерактивті, өнімді және бейімді. Соңғы он жылда көз алдымыздағы ақпараттық және коммуникациялық құралдар конвергенциясының, сондай-ақ ортақ платформада бірнеше қосымшаның немесе веб-сервистің пайда болуы нәтижесінде Скотт Уилсон (2006) жаңа уеб-сервистік ортада оқуға жәрдемдесетін бес тәсілді атап көрсетті. Оның ойлап тапқан үлгісінде және мен бейімдеген ерекше нүсқада, бұлар: ойлап табу; идеяларды ұсыну және бөлісу; жинақтау, біріктіру, жазып алу және редакциялау; проблемаларды шешу және әдістерді жасақтау; басқалармен жұмыс істеу. Пәндердің басым бөлігі білім алушылардан – деректер базасынан іздеу, онлайн-ресурстарды табу және бағалау, тестілеу мен эксперименттер жүргізу немесе шынайы, не қолдан жасалған жағдаяттарды зерделеу сияқты – зерттеу тапсырмаларын орындауды талап етеді. Бұл іс-әрекеттер цифрлық құралдардың және ақпаратты-цифрлық оңдеу тәсілдерінің көмегімен орындалуы немесе «Көрнекі адамдық жоба» сияқты толыгымен виртуалды кеңістікте жүзеге асырылуы мүмкін. Барған сайын жан-жақты ойластырылып, жетіле түскен жасанды ортада өмір сүріп, еңбек етіп жүргендіктен, оқытудың соңғы түрі, бәлкім, анағүрлым қолайлы және «шынайы» сияқты болуы ықтимал. Жағдаяттық зерттеу тапсырмалары барысында цифрлық модельдеу тәуекелді жағдаяттарды азайтып, деректерді өздігінен жаңғыртуға, дәлме-дәлдікке және оқу ақысын үнемдеуге жол ашуы мүмкін. Бірақ сонымен бірге оқыту үшін шешуші мәнге ие болатын адамның басқа адамдармен тікелей қарым-қатынасы немесе жанасу сезімдері сияқты ерекшеліктерді шектеуі ғажап емес. Виртуалды ортадағы табиғи немесе зертханалық жұмыспен танысу, немесе оның дағдыларын игеру алдын ала тәжірибе ретінде өте пайдалы болуы мүмкін, себебі білім алушылар бұл ортада шынайы өмірдегі жағдайларға дайындалып, жаттыға алады. Цифрлық құралдар – соның ішінде смартфондағы графикалық, видео және аудиотаспалар сияқты дербес қүрылғылар – тапсырмаларды орындау әлшемдеріне сай деректерді жазу үшін кеңінен қолданылады. Ақпараттық тапсырмаларды орындау барысында студенттер ресурстарды тауып және бағалап қана қоймай, деректердің шектелген базаларын немесе бұлтты кеңістіктерде тегтердің көмегімен сақтаудың, таратудың т.б. зерттеу жүмыстарының нәтижелерін басқаруды да үйренуге тиіс. Көбінесе оқытушылық құрамға қарағанда, білім алушылар түрлі медиаларда өз жұмысының нәтижелерін өңдеу және олармен алмасуға арналған құралдарды әлдақайда сенімді пайдаланады. Презентацияларға арналған бағдарламалық жасақтама, мәліметтерді визуалдандыруға арналған қосымшалар, анимация құралдары, видеожазбаларды редакциялауға арналған жинақтар, уики мен блогтар, тіпті қосымшаларды жобалап шығаруға арналған жеңіл құралдардың өзіне төмендегілер жатқызған.
Анықтау
Басқалармен жұмыс істеу
Жинақтау, біріктіру, жазу, редакциялау
Идеяларды ербіту және бөлісу
Технологияларды жасақгау кезінде проблемаларды шешу
Оқу іс-әрекетінің бес түрі күн санап саны үлғайып отырған көптеген білім алушыларға қолжетімді. Дегенмен, білім алушылар лайықты дағдылардың біразын игергенімен, жиі-жиі академиялық коммуникация ережелерін ұғына алмай жатады. Осы жерде академиялық ой-пікірді білдіру формасын емес, критерийлерін тағайындайтын модель оқытушыларға білім алушылардың цифрлық «ноу-хау» әдістерін қызықты түрде қолдануға жол ашады. Бірақ, әдеттегідей, оқытушыларға түрлі оқу нәтижелерін әділ бағалап, пайдалы кері байланыс орнату үшін уақыт пен өз-өзіне деген сенімділік қажет. Цифрлық оқу нәтижелерінің ықшамдыгы кері байланыс пен сарапшылық бағалау түрғысынан үлкен артықшылыққа ие. Іс-әрекет нәтижелерін жария ету – білім алушылар үшін өте жауапты мәселе, сондықтан бұл аса ынталандырушы шаруа болғанымен де, оған асықпай және барынша жауапкершілікпен қараған жөн. Қазіргі кезде АҚШ, Ұлыбритания және Австралияның жоғары білім беру жүйесінде плагиатты анықтауға арналған бағдарламалар барлық жерде қолданылады, ал ғылыми басылымдарда жиі жарияланып отырған мақалалар білім алушылардың ой-өріс ерекшелігінің жоқтығы былай тұрсын, «көшіру-қою менталитеті» кесірінен басқа адамның еңбегін қүрметтеуден де қалғанын сынға алуда. Білім алушылардың жазуға қатысты көзқарастары шын мәнінде өзгергені жайында дәлелдер бар, бірақ бұл ғалымдардың өздеріне де қатысты. Шындап келгенде, бұл саладағы білім алушылардың тәжірибесін ғылыми дискурсты белсенді түрде жаңарту және қайта қүру амалы ретінде позитивті кезқарас түрғысынан қарастыруға да болар еді. Цифрлық сұхбат – кейбір оқу курстарында «құрақ» мәтіндер қолданылу кезінде оқыту барысын бағалау мақсатымен, білім алушыларды өз дамуына қатысты цифрлық жасанды өнімдер туралы ойлануға ынталандыратын әдіс. Проблемаларды шешу және әдістерді жасактау – нақты пәнге сай міндеттердің бірі, бірақ бұл жерде де кейбір жалпылама тұжырымдар жасауға болады. Цифрлық технологиялардың пайда болуы мен оларды өз саласындағы алдыңғы қатарлы қолданушылардың тұтынуының арқасында пәндік курстардың басым бөлігі, олардың аясындағы зерттеу жүмыстары мен кәсіби мамандандыру ба- рысы бұл әдістерді шапшаң дамытып отыр. Осындай жаңа әдістердің кейбірі тәжірибені жетілдіріп жатса, басқалары, мысалы әдеби пәндердегі мәтінді код- тау немесе орналасу жері сияқты компонентті қамтитын пәндердегі геотегтеу, бүкіл жағдайды түбегейлі өзгертуде. Зор қызығушылық тудыратын пәнаралық жүмыстар көптеп жүргізілуде, ал цифрлық желілер пәндік салалар мен олардың әдістері арасындағы дәстүрлі шекараларды бұзуға себеп болуда. Оқытуда дизай- нерлер тарапынан сыни кезқарасты талап ететін мәселелер мыналар:
• білім алушыларды цифрлық әдістермен қаншалықты ерте таныстырған жөн, кейбір оқытушылар проблемаларды шешу мен мәліметтерді талдаудың «дәстүрлі» тәсілдері білім алушылардың басты мақсатты дұрыс үғынуына көмектеседі деген пікірді ұстанады;
• пән саласында болып жатқан өзгерістерге қалай қараған жөн – кейбір оқытушылар бұл өзгерістер негізгі принциптер мен әдістерді түсінуге кедергі жасайды деп санаса, басқалары осы пәннің шапшаң дамып жатқанын білу білім алушыларды оны тездетіп игеріп алуға ынталандырады дейді.
Жаңа әдістерді енгізу барысында білім алушыларға жаңа кеңістікті зерттеуге және игеріп алуға мүмкіндік беру деген – жақсы идея. Топтық жұмыс болса, білім алушыларға түрлі ресурстарды қолданып, тәуекелді мәселелерді бірігіп шешуге жол ашатын өте қолайлы тәсіл болуы мүмкін. Егер оқытушы рефлексияның осы түрін жөн деп санаса, түрлі тәсілдерді қолдануға болатынын білу білім алушыларға әдісті саналы түрде таңдауға және оны ендіруге сыни түрғыдан қарауға жәрдем бола алады. Жоғарыда аталған міндеттердің кез келгені дерлік ынтымақтаса қызмет ету арқасында орындалуы мүмкін, бірақ кейбір цифрлық құралдар оқу барысында оалрдың арасындағы өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Бірде-бір технология білім алушылардың оларды қолдануға қатысты сенімі мен біліктілігі ескерілмей тұрып, енгізілмеуі керек. Ең дұрысы — оқу осы біліктілікті жетілдіре түсуі қажет, мысалы, білім алушылар осы технологияның түрлі функцияларын зерделеп, бұл құралды қолдану әрі оны функциялары ұқсас басқа үйреншікті құралдармен біріктіре пайдалану туралы шешім қабылдағаны жөн. Жеке және әлеуметтік технологияларды қолдану жеке түлғаның дара болмысын қалыптастырудың маңызды аспектісі болып саналады және бұл олардың қолда бар дағдылары мен құндылықтарының және ресми білім алудағы қажетті сауаттылық түрлері арасындағы алшақтықтың алдын алуға көмектесе алады. Алайда бұл талпыныс білімдер мен дағдылар арасындағы алшақтықты жою мақсатымен көтермеленіп отырмаса, білім алушылар өз ізденістерінің ресми контексіндегі цифрлық практика қалыптастыру барысында өздерін өте сенімсіз сезінуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет