3. Оқытушылардың жобалау практикасын қолдау құралы ретіндегі оқу дизайны Оқыту үдерісіне мүлде жаңа дизайндарды да енгізіп отыруға мүмкіндік бар, әсіресе бұл үдеріс шектеулі мамандандыру мен шағын топтарға қатысты жүзеге асырылады. Басқалары командалық та, жеке де жобалармен айналысқан кезде экспериментке қатысушылардың тек жетеуі дербес жұмыс істеуді таңдаған. Топтық дизайн әдетте бағдарламаны терең мамандандыруды немесе деңгейлендіруді жоспарлағанда, сондай-ақ пәндерді ірі топтарға біріктіру керек болып, оқытушылар құрамынан команда құру қажет болғанда қолға алынады. Кеңейтілген деңгейдегі элективті курс сияқты кішірек бірліктер дизайнын әріптестерімен кеңесе отырып, кез келген оқытушы өзі жасақтай береді. Жалпы алғанда, бұл нәтижелер австралиялық университеттік контекстің қолында оқу дизайны мен оны қолдау құралдарын бейімдеудің алғышарттары бар екенін дәлелдейді. Осы құралдарға сүйене отырып, оқытушылар өздерінің қалай және нені оқыту керектігі жөнінде негізгі шешімдерді қабылдай алады. Австра- лиялық 30 оқытушының қатысуымен алынған деректер педагогтердің дизайн жа- сақтау практикасы туралы хабардар етсе де, олар жалпы нәтиже шығару мүм- кіндігін шектейді. Қазіргі күні зерттеуші топ халықаралық контекстегі деректер жинау үшін қосымша онлайн-сүхбат жүргізіп отыр. Зерттеудің екінші және үшінші кезеңдерінде оқытуды онлайн-басқару жүйесінде оқу дизайндары оқытушыларға қалайша онлайн-қолдау көрсете алатынын анықтау үшін жұмыстар жүргізілді. Бұл зерттеудің негіздемесі қолданыстағы түғырларды онлайн жасақталған қолдаулардың жоқтығы, яғни оқытушылардың бос «кеуектермен» дизайнмен жұмыс істеуі оқу үдерісін шектейтіні еді. Нақты жағдайларда бұл нұсқалардың қай-қайсысы да оқытудың түрлі стратегиясын қолдануда немесе белгілі бір құралдардың түрлі контекстерге бейімделген жағдайында бұл стратегияларды қашан және неліктен жүзеге асыруға мүмкін болатынын айқындай алмады. Оқытуды басқару жүйесіндегі онлайн ортаға дизайндауды қолдауды енгізу идеясы – онлайн дизайндауды қолдаудың мүлде жаңа стратегиясы. Негізгі оқытуды басқару жүйесінің бірде-бірі қазіргі кезде тиімді оқыту үшін дизайндаудың нақты қолдау/тіректерін онлайн тіркемейді. Олардың барлығы да оқытушыларға мазмұнды жасау мен реттеуге және коммуникация құралдарын қосуға жәрдемдесетін функцияларды ғана корсетеді, әрі техникалық қолдау үшін анықтамалық материалдармен қамтамасыз етеді. Соңғы жасақтамалар оқытуды басқару жүйесіндегі қолжетімді оқыту мен сабақ беру құралдарының түр-түрін көбейтуге немесе оқытушыларға басқалар сақтап, қолданбасын деген мақсатпен, оқытуды басқару жүйесінен тыс сабақтың цифрлық жоспарын жасауға көмектесу үшін визуалды интерфейстер жасақтауға бағытталды. Бірақ мұнда да оқытуды басқару жүйесінде білім беру сапасын арттыру үшін ол құралдарды қалай пайдалану керектігі жөнінде нүсқаулықтар жоқ. Зерттеудің екінші кезеңіндегі алғашқы қадам оқу дизайны жобасы үшін даярланған оқу дизайндарын олардың сапасын, өзектілігін және бейімделгіш- тігін анықтауға негізделген қатаң өлшемдерге сәйкес бағалау болды. Басты міндеттердің бірі білім беру үдерістерін сипаттау үшін арнайы әзірленген, стандартталған компьютерлік тілді қамтамасыз ететін оқытуды басқару жүйесінің оқу дизайнын жасақтау болды. Негізгі тұжырымдама – бір сабақ үлгісін немесе бүкіл курсты құжаты түрінде сақтап, кейін оны талапқа сәйкес келетін кез келген оқытуды басқару жүйесінде оқи алу мүмкіндігі болды. Оқытуды басқару жүйесінде сабақты немесе бүкіл курсты орналастырып, оны ІТ сабақ беруді басқаратын жүйеде құжат түрінде сақтағаннан кейін оқытушы оны оқу ұжымы, ұйымдар немесе электрондық кітапханалар арасында тарата алады. Бұл жобаның талапқа сәйкес кез келген (оқытуды басқару) өңделуіне мүмкіндік береді, ал жаңа версия жаңаша құжат ретінде сақталады. Бұл тұғыр нақты сабақтар мен курстарды басқалардың қайталап қолдануы мен өз қажетіне бейімдеуінің қолжетімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге осылардың негізіне алынған оқу дизайндарымен алмасуға және оларды қайталап қолдануға мүмкіндік береді. Жобаның дәл осы аспектісі бойынша бүгінгі күнге дейін жүргізілген жұмыстар осы бағытта толыққанды жұмыс істейтін жүйе жасақтау техникалық түрғыдан мүмкін болғанымен, өте үлкен қиындықтар тудыратынын көрсетіп отыр. Жүргізілген зерттеулердің тұтас алғандағы негізгі нәтижелері төмендегідей:
• Австралиялық контексте оқу жоспарларын университет оқытушыларына кө- мекші құрал ретінде пайдалану – пайдалы әрі мақсатқа сай.
• Контекстуалды құрамаларды қамтамасыз ететін оқу дизайнының сипаттамасы жобаның тиімді сипаттамасы бола алатын бағалау деректерін қайта пайдалану мен қамтамасыз етуге кеңес береді.
• Оқытуды басқару жүйесіне оқу дизайндарын жасақтауға нүсқаулық форма- сында қосу – алдағы уақытта да зерттеуді қажет ететін мәселе.
Зертгеу нәтижелері бойынша оқу дизайндарын зерделеу – пәнаралық мульти- сабақтардың жобасын бағыттап отыратын ойлау процесін дамытудағы қарым- қатынаста пайдалы болуы мүмкін, - деген қорытынды жасалған.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Оқу дизайндарының жоғары оқу орны оқытушыларын қолдаудағы рөліне сипаттама беріңіз.
2. Жоғары сапалы оқу дизайндарының кезеңдерін мысал келтіре талдаңыз
3.Оқытушылардың жобалау практикасын қолдау құралы ретіндегі оқу дизайнының кезеңдеріне талдау жасаңыз.
4. Оқытушылардың жобалау практикасын қолдау құралы ретіндегі оқу дизайны құрастырыңыз.