Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орнында білім беру үдерісіндегі цирлы технологиялар»



бет36/41
Дата07.02.2022
өлшемі410,96 Kb.
#85304
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
3.Сапалы білім беру нәтижелерін қолдайтын оқыту дизайндары
Жоғары оқу орындарында білім алушылардың оқу үдерісі кезіндегі тәжірибесі сан қилы сипатта көрініс табуы ықтимал. Бұл үш түғыр: ассоциативтік, когнитивтік және жағдаяттық деп сипатталған. Оқыту ортасын жобалауға осы- ларды қолдансақ, олардың әрқайсысы нақты оқу нәтижелеріне жетуге мүмкін- дік беретін тәжірибені игеруге жағдай жасайды. Жобаның мақсаты: оқытудың сапалы нәтижелеріне жетуге жағдай жасайтын және АКТ-ге негізделген оқыту дизайндарын зерттеуге бағытталды. Бұл тұста түсініктердің өзгеруіне және білім беру мазмұнын тереңінен игеруге көмектесетін оқу нәтижелері жайлы айтып отырмыз. Жоба аясында «жоғары сапалы оқыту» дегеніміз не екенін анықтау үшін сарапшылардың пікірі сұралып, дизайн жасау тобының ойлары ескеріле отырып, жоғары оқу орындарында білім алушыларға аса сапалы оқуды ұсынатын принциптер кешені дайындап шығарылды. Бұл принциптер жоғары білім беру кезінде аса сапалы оқытуды қамтамасыз ете алатындай әлеуеті бар оқыту дизайнының басты элементтерін сипаттау үшін жоғарыда аталған тұғырларды қолданды. Бұл принциптер мынадай:
• Білім алушылардың білімді игеруге атсалысуы. Білім алушылардың бұрын игерген білімдері мен қалауларын ескере отырып, соның негізінде олар күткен деңгейде білім үсыну. • Оқыту контексіне мән беру. Оқыту дизайнын жүзеге асыру мәселесін және білім алушыға ұсынылатын кеңірек оқыту бағдарламасы аясындағы оның орнын қарастыру. • Білім алушының алдына қойылатьш міндет. Оның өз оқуына сыни көзбен қарауына, зияткерлік дағдыларына қолдау көрсету үшін белсенді атсалысуын ынталандыруға және құлшынысын арттыруға арналған тәсілдерді іздеу. • Практиканы қамтамасыз ету. Білім алушылардың үйреніп, қалыптастырып жатқан білімдерін өздеріне және өз сыныптастарына көрсетіп, оны бөлісуге ынталандыру.
Осы принциптердің кейбірі басқаларына қарағанда әртүрлі оқу контексінде барынша айқын көрініс табуы мүмкін. Дегенмен, жоғары білім беру контексінде осы принциптердің төртеуі де бірдей дәрежеде маңызды саналады. Оқытудың нәтижелерін де, үдерісін де қамтитындықтан және білім алушылар оқыту дизайнын практикада қолдана бастаған кезде ғана оқу іске қосылады деген ойға бағытталғандықтан, аталған принциптер тұтастай бір жүйе іспеттес. Дайындаушылар өздері құрастырған оқыту дизайндары қайткенде сапалы оқу үдерісін қалыптастырады деген мақсатпен, яғни өздерін білім алушылардың орнына қойып, оқу жобасын солардың көзімен қабылдауға тырысуға тиіс. Дәстүрлі педагогикалық жобалау ісі осы күнге дейін жақсы тұжырымдалып келді және оқу үдерісінің реттілігін қалыптастыру кезінде педагогикалық жобалаушыларға бағыт беру үшін көптеген әдіснамалық нұсқаулықтар мен модельдер дайындалып шығарылды. Жоғарыда аталған сапалы оқу нәтижелеріне жетуге жағдай жасайтындай оқу ортасына арналған жобалау – аса күрделі әрі қыр-сыры терең үдеріс. Йонассен (1994); «Білімдерді қалыптастыру оқыту контексіне тәуелді болатындықтан, жобалау үдерісіне нақты бағыт беретіндей бір стандартты модельдің болуы мүмкін емес», – деп есептейді. Ал Лефоның пікірінше, (1998): «Оқыту дизайнының теориясы қатаң бағыт беретін принциптердің орнына, оқу ортасын жоспарлауға көмектесетін икемді принциптермен және жалпы тұжырымдамалармен қамтамасыз етеді». Осы қиындықтарға қарамастан, Мастерман және Мэнтонның сөзімен айтқанда (2011), «манифестік дизайндарды» жасап шығаруға ұмтылды. Мұндай жобалар оқьпушылардың әдетте қолданып жүрген, алайда басқалармен бөлісуге ыңғайлы емес, өздері «жасырын дизайн» деп атайтын «кедір-бүдыр» дайын эскизінен біршама ерекшеленеді.
Оқыту дизайндарын сипаттауға арналған құрылымдар.
Әртүрлі пәндерді оқыту кезінде қолдануға болатындай етіп дайындалған оқытудың сан алуан түрлерінің сипатын әрі ауқымын нақты тұжырымдау керек еді. Бізге әртүрлі оқыту дизайндарын, сондай-ақ олардың нұсқалары мен қолдану жағдайларын сипаттауға көмектесетін белгілі бір стратегия қажет. Йонассеннің еңбегін (2000) басшылыққа алдық, өйткені оның еңбектері іс-әрекет теориясы жайлы түсініктерге негізделген пайдалы құрылыммен қамтамасыз етілген. Іс-әрекет теориясы нақты бір оқу мақсатын көздеген Білім алушылар тобының іс-әрекет жүйесі аясындағы қызметіне басым назар аударуға мүмкіндік береді. Йонассен жүйесі (2000) оқыту дизайндарын оқиғалар мен іс-шаралардан бастап, стратегиялық жоспарлауды, білім алуушылардың нәтижелеріне қарай шешімін табатын әрқилы әрекет түрлеріне негізделген ережелерді қолдануды көздейтін 11 проблемадан тұратын іс-шаралар немесе мәселелер кешені ретінде сипаттайды. Йонассеннің (2000) осы проблема түрлерін әрі қарай зерттеуінен 11 оқыту дизайнының ішінде тағы үш жеке оқыту дизайны пайда болды. Осылардың әр- қайсысының құрамына бірқатар проблема түрлері кірді және олар келешекте құрылуы мүмкін оқыту дизайндарын әрі қарай жүктеу мақсатында қолданылуы ықтималтын. Йонассен сипаттамаларында қарастырылған бұл проблемалар әдетте ережелерге, оқиғаларға немесе белгілі бір стратегияға негізделген. Осының негізінде төртінші оқыту дизайны ұсынылды. Оқыту дизайндары – бө- лек-бөлек жүйе, сонымен қатар оларды өз аясында қамтылған мәселелердің күр- делілігі мен ашықтық ауқымын сипаттайтын үздіксіз үдеріс ретінде қарастыру қажет. Оқыту іс-әрекетінің әрбір түріне және олармен байланысты оқыту нәтижелеріне сипаттама берілген. Оқыту дизайндарының жалпы сипаты әрбір оқыту дизайнындағы негізгі элементтерді бірізділікпен сипаттау үшін Оливер және Херрингтонның (2001) ұсынған оқыту ортасының ең маңызды үш элементіне негізделген уақытша бірізділік стратегиясы дайындалды.
Бұл элементтерге: оқыту тапсырмасы, оқыту ресурстары және оқу жабдықтамасы жатады. Оқыту дизайнын көрнекі түрде бейнелеу үшін оқу тапсырмалары – тік төртбұрыш, оқыту ресурстары – үшбүрыш және оқу жабдықтамасы дөңгелек түрінде суреттелген. Осы тараудың келесі бөлімдерінде тапсырма, ресурс және жабдықтама арасындағы өзара әрекеттестікті сипаттайтын уақытша бірізділікті қолдана отырып жасалатын оқыту дизайнының жекелеген түрлерінің жалпы жіктемесі келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет