Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орнында білім беру үдерісіндегі цирлы технологиялар»



бет37/41
Дата07.02.2022
өлшемі410,96 Kb.
#85304
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Оқыту дизайнының типологиясына арналған құрылым
Оқыту дизайнының бағыты
Сипаттамасы. Оқыту нәтижелері
Ережелерге негізделген
Оқыту міндеті оқушылардан шешім қабылдау кезінде стандартты процедура мен ережелерді қолдануды талап етеді. Мысалы, алгоритмдік тұғырлар, берілген процедуралар мен ережелерді қолдану.
Процедуралар мен үдерістерді түсініп, рефлексия жасай отырып, қолдана білу
Оқиғаларга негізделген оқу іс-әрекеті білім алушылардың іс жүзіндегі шынайы оқиғалар мен шараларға қатысуына негізделген. Оқыту үдерісі әрекеттер мен оқиғаларға негізделген шешімдерді қабылдауды және олар жайлы ой жүгіртуді талап ететін әрекеттерге сүйенеді.
Процедураларды, рөлдерді түсіну және білімдерді қолдана алу
Стратегияга негізделген
Оқыту стратегиялық жоспарлау мен іс-әрекетті талап ететін тапсырмаларға негізделген
Білімдерді шынайы өмірде маңызды мақсаттарға жету кезінде қолдана алу
Рөлге негізделген оқыту барысы білім алушылардың шынайы оқиғалар кезінде белгілі бір ойындарды ойнауы арқылы жүзеге асады. Білім алушылар шынайы өмірдегі сценарийдің шарттарын түсіне отырып шешім қабылдап, өз болжамдарына сүйенеді.
Проблемаларды, үдерістерді және көп нұсқада өрбуі мүмкін жағдайларды түсіне білу оқыту дизайндарының ресурстар топтамасын қалыптастыратын жоба аясында дайындаған оқытудың нақты параметрлерінің мысалдарын келтіру. Аталған жобаларды терең зерттегісі келетін оқырман олармен осы бөлімдердегі мысалдар мен пайдаланылған әдебиеттер тізіміндегі веб-сілтемелер арқылы таныса алады.
Ережелерге негізделген дизайндар
«Ережелерге негізделген дизайн» деп аталатын оқыту жобасының уақыттық бірізділігі көрсетілген. Ережеге негізделген дизайндар, негізінен, қандай да бір ережелерді, процедураларды немесе алгоритмдерді қолдануды қажет ететін жабық тапсырмалар. Ережеге негізделген оқыту дизайндарында білім алушылар қолданатын ресурстарға олардың жетістікке жетуі үшін қажет болатын қосымшалар мен оқу ортасын қолдайтын жабдықтамалар, яғни процедуралық және жүйелік сипаттамалар жатады. Оқыту шешімдерді қабылдау кезінде стандартты процедуралар мен ережелерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, алгоритмдік тұғырлар шешімді жүзеге асыруға арналған нақты проце- дураларды қолдануды және ережелерді нақты бір жолмен орындауды көздейді. Тапсырмалар білім алушыларға процедуралар мен процестерді ресурс жағынан шектеулі әрі жабық, нақты логикаға бағынатын міндеттерді шешу барысында саналы түрде және түсіне отырып қолдануға мүмкіндік береді. Дайындалған сызбаны қолдана отырып, осылай оқыту құрылымының үлгісі көрсетілген.
Оқыту дизайндарына тән элементтер: оқыту дизайнының бағыты, оқыту міндеттері, оқыту ресурстары, оқытуды қолдау.
Жабық тапсырмаларға шынайы оқиғалардың шарттарымен шектелген логикалық тапсырмалар, әрекеттер процедурасы, сұрастыруға негізделген дизайндар мен үлгілер жатады.
Нақты бір оқиғаларға негізделген материалдар, іс жүзіндегі ресурстар, сан алуан ақпарат кездері, алгоритмдік сипаттамалар және оқу құралдары жатады.
Ынтымақтастыққа негізделген оқыту, оқытушы тренер ретінде рөл атқарады, идеяларды бөлісіп, рефлексия жасау үшін мүмкіндік беріледі.
Ережелерге негізделген дизанда: оқиғалардың сипаттамасы және сценарийі, кейстерден құралған материалдар. Теориялық негіздерде оқытушы тренер ретінде рөл атқарады, идеялармен бөлісіп, рефлексия жасау үшін мүмкіндік беріледі.
Оқиғаларға негізделген дизайнда күрделі, әлі айқын емес тапсырмалар, шешімдерді қабылдауға арналған тапсырмалар, қателерді жоюға арналған тапсырмалар, диагностикалық шешімдер, стратегиялық міндеттер беріледі.
Шынайы ресурстар, кептеген перспектива, сараптамалық лайымдар, теориялық негіздер, тапсырмалар мен шешімдердің мысалы: Оқытушы тренер ретінде рөл атқарады, ынтымақтасу арқылы оқыту, топтарды бағалау, идеяларды бөлісіп, рефлексия жасау үшін мүмкіндік беріледі.
Стратегияға негізделген
Шынайы өмірдегі жағдайларға сәйкес келетін рөлдер жайында болжам жасау, сценарийлердегі рөлдерді ойнау жатады.
Процедуралық сипаттамалар, релдерді тағайындау, рөл тағайындап, оны басшылыққа алуға арналған ресурстар, теориялық негіздер
Оқушылар жеке рөлдерді ойнап, оқытушы модератор рөлін атқарады, идеяларды бөлісіп, рефлексия жасау үшін мүмкіндік беріледі
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде оқыту нәтижелерінің сапасын көтермелейтін
оқыту дизайны туралы нақты мысал келтіріп, өз ойыңызды дәлеледеңіз.
2. Оқыту дизайнына сипаттама беріңіз
3. Сапалы білім беру нәтижелерін қолдайтын оқыту дизайндарына мысал келтіріңіз.
4. Оқыту дизайндарын сипаттауға арналған құрылымдарды схема түрінде сызыңыз.
5. Ережелерге негізделген дизайндарды өз тәжірибеңізбен дәлелдеңіз.

1

№ 14 дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет