Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орнында білім беру үдерісіндегі цирлы технологиялар»


Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде оқыту нәтижелерінің сапасын көтермелейтін оқыту дизайны



бет35/41
Дата07.02.2022
өлшемі410,96 Kb.
#85304
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде оқыту нәтижелерінің сапасын көтермелейтін оқыту дизайны
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде оқыту нәтижелерінің сапасын көтермелейтін оқыту дизайны
2. Оқыту дизайны
3. Сапалы білім беру нәтижелерін қолдайтын оқыту дизайндары
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Жоғары оқу орындарында виртуалдық оқу ортасын және оқытуды басқару жүйелерін кеңінен енгізу және қолдану арқасында бүгінгі күні кептеген оқытушылар оқу үшін тартымды әрі тиімді жағдай қалыптастыруға мүмкіндік алып отыр. Цифрлық ақпараттың стандартталған репозиторийлері арқылы тікелей ұсынылатын оқу объектілері түріндегі онлайн-контентті дайындап шығару бағытындағы бүтінгі қызмет – оқыту технологияларын өз жұмысында тиімді түрде қолданғысы келетін оқытушыларды сан алуан цифрлық ресурстармен қамтамасыз ете алады.
АКТ негізінде оқыту дизайнының сипаттамасына тоқталсақ, цифрлық құралдардың, сондай-ақ оқу ресурстарының кең көлемде ұсынылуы мұғалімдердің технологияларды кез келген курсты оқытудың ажырамас әрі басты бөлігі ретінде қолдануына қызығушылық тудырды. Дегенмен, білім беру теориясы ұзақ жылдар бойы электрондық оқыту кезінде барынша конструктивистік әрі сенімді тұғырларды қолданып келе жатқанына қарамастан, көптеген технологиялық жабдықтамалар мен шаблондар құрылымға салынған әдеттегі әрі дәстүрлі білім беру түғырларын пайдалануға жағдай жасап отыр. Мысалы, оқу нысандарын онлайн-оқытудың құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға арналған стандарттарды сипаттау бағытындағы жұмыстардың көпшілігі – білімді ұсынудың бірізді әрі қатаң құрылымға салынған тәртібін қолдануды көздейді. Ал осы тұста оқытушылар электрондық оқытуды жүзеғе асыратын тиімді стратегиялар мен шараларды дайындап шығаруға арналған теориялық және қолданбалы нұсқаулықты бұрынғысынша іздеуге мәжбүр. Сол уақыттан бері жоғары оқу орындарындағы ұстаздар оқыту нәтижелерінің сапасын көтеру мақсатында бұл оқыту дизайндарының жиынтығын өз тәжірибелерінде қолданып келеді.
Оқыту дизайны
Әдетте білім алушылар өзара қарым-қатынас жасайтын топтарда оқыту үдерісіне тьютер жетекшілік етеді. Мұндай сабақтарды жоспарлау кезінде оқытушы білім алушылардың оқу іс-әрекеті түрлерін олардың қызығушылығын оятатындай және оқыту нәтижесінде дағды қалыптастыра алатындай етіп құруға тырысады. Технологиялар арқылы жүзеге асатын оқу ортасындағы оқу іс-әрекеті кезінде оқытушы тікелей рөл атқармайды. Осындай оқу ортасында білім алушылар, негізінен, оқытушы шешуге тиіс мәселелердің түйінін өз бетінше шешуі тиіс. Электрондық оқыту ортасында білім алушылардың оқу іс-әрекетін бағыттау үшін оларға конспектілер, жаттығулар және нұсқаулар беріледі. Бұларды тьютор жасап шығарады, алайда міндетті түрде білім алушылармен тікелей жұмыс істейтін оқытушының өзі дайындамауы мүмкін. Мысалы, білім алушылардан тарауды оқып, нақты бір ақпаратты игеру талап етілуі мүмкін. Оларға қандай да бір мәселені қалай шешетінін жоспарлауы үшін нақты бір ақпаратты қолдану жөнінде тапсырма беріледі. Білім алушылар бір топқа біріктіріліп, ақпарат жинап, бірлесе баяндама дайындауы қажет болуы ықтимал. Бұл тапсырмалар білім алушыларға нақты бір білім мен дағды жиынтығын үйрету мақсатында арнайы дайындалған оқытуды дизайндау үдерісінің бөлігі болып саналады. Оқыту дизайны үдерісінің құрамына әдетте білім алушылардың және басқа білім алушылармен өзара әрекеттесе отырып, ақпаратты жинап, түсінуге арналған құралдар мен құрылғыларды ұсынатын оқу ортасының сипаттамасы кіреді. Оқыту дизайндары, негізінен, барынша икемді оқу орталары мен кеңістіктерінің сипаттамасын қамтиды және бұл дизайндар оқытуды жобалауға арналған бұрынғы стратегиялардағы тәртіптен едәуір ерекшеленеді. Ғылыми әдебиеттерде оқу нәтижесінің сапасын қамтамасыз ететін оқу жағдайларының түрлері қандай болатынын сипаттайтын еңбектер көп болғанына қарамастан, оқытушылар оңай түсініп, қолдана алатындай оқыту үдерістері мен түрлерін егжей-тегжейлі сипаттайтын ақпарат жеткіліксіз екенін атап еткен жөн. Бритэйн (2004) осы оқытуды дизайндау үдерісін білім алушылардың оқуына жағдай жасайтын іс-әрекет үдерісі деп сипаттайды. Оқытуға арналған жобалаудың құндылығы мынада: оқытушылар білім алушыларға курс соңында көзделген нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін оқу тәжірибесін жоспарлау үшін осы ұсынылған оқыту дизайндарын қолдана алады. Дұрыс ойластырылған жұмыс үдерісі жекелеген білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Мұндай жүмыс үдерісі білім алушылардың қызығушылығын сақтауға мүмкіндік беретін мотивациялық әрі ынталйндырушы ортаны ұсынып, олар өз білімдері мен дағдыларын, түсініктерін дамытуы үшін олардың әбден үйреніп алған жайлы ортасынан шығып, өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істеуге көмектеседі. Сондай-ақ дұрыс ойластырылған оқу үдерісі білім алушыларға өз іс-әрекетін таңдауға мүмкіндік беріп, олардың өз оқу тәжірибесі үшін жауапкершілік жүктейтінін мойындайды. Сонымен бірге оқу үдерісі дұрыс қалыптастырылып, сипатталған жағдайда оны оқытушылар мен білім алушылар басқа оқу нәтижелеріне жету үшін қайталап қолдана алады. Оқу міндеттерін ортақтаса қүрып, дамытуға деген зор қызығушылық пен белсенділік оянған сайын, оқытуды дизайндау үдерісіне деген құлшыныс та арта түседі. Бұл қызығушылықтың себебі оқу міндеттері оқытушыларға шектеулі ғана мүмкіндік беруінде жатыр. Алайда оқыту тәжірибесін барынша мағыналы түрде ұйымдастыра алатын дыбыстық оқыту дизайндарын қолданған кезде оқу міндеттері өте пайдалы нәтижелерге әкелетіні сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет