ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «жоо химияны оқытудың жаңа технологиялары»



бет4/5
Дата12.03.2018
өлшемі1,07 Mb.
#39079
1   2   3   4   5

Қолданылған әдебиеттер:

1. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к.,ББЖКБАРИ


2. Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.
4. Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы.


Дәріс №29,30

Тақырыбы: Қашықтықтан оқыту технологиясы

Жоспар:

1. Қашықтық білім беру туралы түсінік.

2. Қашықтан оқытудың ерекшеліктері.


3. Қашықтықтан оқыту технологиясының сипаттамалары.

4. Қашықтықтан оқыту технологиясының типтері мен құрылымы.



5. Қашықтан оқыту жүйесін құру қағидалары.


1. Қашықтық білім беру туралы түсінік.

Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады.
Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон арқылы оқытушылармен келісілген байланыс жасауына, сонымен қатар, күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып үйренушінің мақсатқа бағытталған және бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды.
Қашықтан оқыту білім жүйесі жоқшылыққа, географиялық немесе уақытша оқшаулануға қатысты себептермен, әлеуметтік қорғаны жоқ және дене бітімі жетілмеуіне байланысты білім мекемелеріне бару мүмкіндігі жоқ немесе өндірістік және жеке жұмыстары болу себебінен, ешкімнің оқуға мүмкіндігін шектеуге болмайды деген гуманистік қағидаларға жауап береді.
Қашықтан білім беру – жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі және сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі.
Қазіргі замандағы телекоммуникациялық және электронды басылымдар дәстүрлі оқыту түрінің барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді.

2. Қашықтан оқытудың ерекшеліктері.

Қашықтан оқытудың ерекшеліктері классикалықпен қатар салыстыру бойынша мынандай жетістіктерге ие:

  • Жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі;

  • Икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі және қимылы бойынша);

  • Жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі;

  • Оқу ақпаратына қол жеткізу ,оны жедел жаңарту;

  • Экономикалық (оқу алаңы, транспорты, техникалық құралдардың шығынын қысқарту есебінен);

  • Жаңа технологияларды қолдану;

  • Оқып үйренушілердің әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың тұратын жерлері мен денсаулық жағдайына қарамастан);

  • Барлық елдегі ақпараттық – оқыту ресурстарының шығысы мен кірісі;

  • Материалдарды көбейту мәселелерінің жоқтығы, оларды тарату ыңғайлылығы;

  • Оқып үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.

Ақпараттық технологиялармен оқытудың айрықша тиімділігі, қашықтықтан оқыту үрдісін автоматтандыру үшін, барлық қажетті компоненттерді шоғырландырушы қашықтан оқытудың арнайы ақпараттық жүйесі бағдарламаларын қолдану болып табылады.


3. Қашықтықтан оқыту технологиясының сипаттамалары.

Кез келген қашықтан оқыту жүйесіне қажетті, аса маңызды сипаттары:

  • Құрылымының ашықтығы. Жүйе ашық жүйе үрдісіне сәйкес құрылуы тиіс.

  • Сәйкестілігі. Ақпараттық ресурстарды сақтау форматы сәйкес келуі тиіс. Халықаралық стандартты қолдану керек.

  • Кеңейгіштігі. Жүйенің құрылымы модульді болуы керек және жүйенің функционалды компоненттерін өсіруге мүмкіндік беру.

  • Жан-жақтылығы. Жүйе көп функциялы және қолданыста жан-жақты болуы керек.

  • Сенімділігі. Ақпараттар ресурстарын сақтау сенімді болуы керек. Мүмкін болатын қауіптер әсерінен ақпараттар жоғалмауы тиіс.

  • Үлестірімділігі. Жүйе әр түрлі желі конфигурациясы жұмысына бағытталуы керек (әртүрлі жедел жүйелерді басқаруға негізделген Интранет, Интернет) және үлестірілген ақпараттық ресурстарды сақтауды қолдауы керек.

  • Масштабталуы. Әр түрлі конфигурация жұмысы үшін жүйенің құрылымы масштаб жүйесін өзгерте алуы тиіс.

  • Қолданушының ортақ интерфейсі. Қолданушының интерфейсі қарапайым, түсінікті болуы тиіс.

  • Өңдеудің қарапайымдылығы. Өңдеу жылдам және тиімді болуы тиіс.

  • Тасымалдануы. Жүйе әртүрлі аппараттық – бағдарламалы тұғырнамада жұмыс істеуі қажет.

  • Жүзеге асыруды орындау тәуелсіздігі. Жүйені ақпараттық толықтыру оны нақты жүзеге асырудан тәуелді болмауы тиіс.

  • Қауіпсіздігі. Ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіз болуы тиіс.

  • Басқару қарапайымдылығы. Интерфейс басшысы жеткізерліктей, қарапайым және ыңғайлы болуы тиіс.

  • Көпмәнділігі. Жүйе бірнеше қолданушылардың сұранысын қатар өңдеу керек.

  • Жұмыстың тиімділігі. Жүйенің құрылымы оның аталуын (аты-жөнін) әдеттегі аппараттық-бағдарламалы тұғырнамасында есінде тұту керек.

Жүйенің кеңінен дамуы үздіксіз оқыту мен ақпараттық ортада жеке тұлғаны әлеуметтендіру табысын қажетті мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді.

4. Қашықтықтан оқыту технологиясының типтері мен құрылымы.

Қашықтан оқыту үлгілері:

Педагогикалық практикада танымал оқыту түрлері қалыптасқан. Олардың ішіндегі ең кең тарағандары: дәрістер, семинарлар, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, емтихандар және т.б.



  • ҚО дәрістері, дәстүрлі дәрісханалықтан айырмашылығы, оқытушымен бетпе-бет қатынасуды болғызбайды. Дегенмен, бірнеше артықшылық жақтары да бар. Дәрістерді жазу үшін аудио және бейне-кассеталар, CD-ROM дискілерді және т.б. қолданады. Жаңа ақпараттық технологияларды (гипермәтін, мультимедиа, ГИС-технологиясын және т.б.) қолдану дәрістерді көрнекі және мазмұнды түрде береді. Мұндай дәрістерді кез келген уақытта, кез келген қашықтықта оқуға болады.

  • ҚО семинарлары оқу сабақтарының белсенді түрі болып табылады. ҚО семинарлары бейнеконференциялардың көмегімен жүргізіледі. Олар пікірталасқа оның дамуының кез келген жерінде кіруіне мүмкіндік береді және бұдан бұрынғы айтылған сөздерді оқып, бірнеше қадам артқа қайта оралады. Оқытушы материалдың меңгерілуін пікірталасқа қатысушының белсенділік дәрежесі бойынша бағалай алады. Студенттердің арасында өзара іс-әрекет ету саны артады, ал оқытушы тең құқылы әріптес ретінде көрінеді.

  • ҚО кеңестері пәнді өз бетімен оқып үйренуде білім алушыларға жетекшілік жұмысын жасау және оларға көмек көрсету түрлерінің бірі болып табылады. Телефон және электронды пошта, сонымен бірге телеконференциялар қолданылады.

  • ҚО зертханалық жұмыстар материалды тәжірибелік меңгерілуі үшін беріледі. Дәстүрлі білім беру жүйесінде зертханалық жұмыстар мынаны талап етеді: арнаулы жабдықтарды, макеттер, имитаторлар(бірдемені мүмкіндігінше дәл қайталайтын аспап), тренажерлар, химиялық реактивтер және т.б. ҚО жүйесінің келешекте мультимедиялық технологиялар, ГИС-технологиялар, имитациялық үлгілеулер және т.б. қолдану есебінен зертханалық практикумдарды жүргізу міндеттерін қысқартуға маңызды мүмкіндігі болады. Білім алушыларға қарапайым жағдайда көрсетуге өте күрделі немесе мүлде мүмкін емес құбылыстарды виртуаллды шындық көрсететін мүмкіндігі бар.

  • ҚО бақылау – бұл білім алушының оқу материалын теориялық және практикалық меңгеруі нәтижелерін тексеру. ҚО өзін дәлелдете білді және тестік бақылаудың лайықтылығын құптайды. Тест ережесі, пән бойынша кеңейтілген сұрақтар тізімін қамтиды, олардың әрбіреуіне бірнеше жауаптар нұсқасы ұсынылады.

Қашықтан оқыту жүйесінің типтері:

Қашықтан оқыту типтерін бірнеше көзқарас төңірегінде көрсету мүмкін. ҚО тағайындау бағдарында білім берудің толық масштабтағы және сайланатын жүйесі деп бөлуге болады. Білім берудің толық масштабтағы жүйесінде белгілі бір бағыттағы бакалаврларды немесе нақты мамандықтың инженерлерін дайындау бойынша оқу жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етеді. Демек, мұндай жүйеде барлық жоспарланған пәндерді оқып үйрену үшін, құралдардың жеткілікті түрде(оқулықтар мен оқу құралдары, зертханалық практикумдер, курстық және дипломдық жобаларды орындау үшін құралдар) бар болуы қажет. Білім берудің сайланатын жүйесі деп аталған шартты жүйесі өнеркәсіп қызметкерлерінің біліктілігін жоғарлату үшін, қосымша(екінші) жоғарғы білім алу үшін, білім берудің қызмет көрсетулерін пайдаланатындарға жеке сауалдарын қанағаттандыру үшін бағытталады. ҚО жүйесінің әрбір типтерінен оқу үрдісін жабдықтау және ұйымдастырудағы ерекшеліктері қатарына қарамастан, орындалатын функциялар мен ұқсас тағайындауларының құрылымды компоненттерін көрсету керек.



ҚО жүйесінің құрылымы:

ҚО жүйесінің құрылымына келесі элементтер кіреді:



  • Оқыту мақсаты. Маманның үлгісімен және мемлекеттік тапсырыспен сәйкес қалыптасатын, білім және білік жүйесін оқып үйренушілердің меңгеруі.

  • Оқыту мазмұны. Әлеуметтік сұраныстың педагогикалық үлгісі. Оқыту үрдісі, әдістері мен ұйымдастыру түрлерінің жүзеге асырылуы оның мазмұнымен анықталады.

  • Оқыту объектісі. ҚО білім беру қызметін пайдаланушылар білім алатын берілген түрінің объектісі болып табылады (студенттер, тыңдаушылар, оқушылар және т.б.). ҚО тыңдаушылары білім алудың дәстүрлі түрі студенттерінен өзгешелігі, ерекше қайсарлық, білімге деген құштарлық, ұйымдастырушылық көрсетіп, өз бетімен жұмыс істей білу, компьютермен жұмыс істей білу және телекоммуникациялық байланыс құралдарымен дағдысы болу керек.

  • Оқыту субъектісі. ҚО субъектісі оқытушылар болып табылады. Оқытушы- ҚО білім беру үрдісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін басты буын. ҚО оқытушысы іс-әрекетіне тән бірқатар ерекшелік тьютор терминін енгізу қажеттілігін туғызды. Ол-кеңес беруші-оқытушы, информатика және телекоммуникация іргетасы негізін білетін болу керек, оның білімділігі алдыңғы озық сипатта болу керек.

  • Оқыту әдістері. ҚО түрі: ақпараттық – ереже жиынтығы, репродуктивті(дауыс күшейткішін реттеу), мәселелі мазмұндау, теориялық зерттеудегі логикалық тәсілдер мен ережелер жиынтығы мен зерттейтін 5 жалпы дидактикалық оқыту әдістерінен тұрады. Олар оқытушы мен білім алушылардың өзара іс-әрекеті педагогикалық актілерінің барлық жиынтығын қамтиды.

  • Оқыту құралдары. ҚО білім беру үрдісінде оқытудың дәстүрлісі қалай қолданылса, компьютерлік техниканы және телекоммуникацияны, сонымен бірге білім беру технологиясы облысындағы соңғы жетістіктерін қолдануға негізделген инновациялық оқыту құралдары да солай қолданылады.

  • Ғылыми – білім материалдық базасы. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу үшін қажетті материалдық және техникалық құралдар жиынтығы. Олар оқу және оқу-көмекші бөлмелері; зертханалық қондырғылар, техникалық оқыту құралдары, оқулықтар, оқу құралдары және басқа да оқу - әдістемелік материалдардан тұрады.

  • Идентификациялық бақылау жүргізу жүйесі. ҚО кіретін бақылаудың ерекшелігі абитуриенттің кәсіптік сапалары мен қабілеттерінің даму деңгейін бағалау, тиімді құралдар мен оқыту әдістерін таңдайтындай, онымен сәйкес әлеуметтік психологиялық бейнесін құру болып табылады.
    5. Қашықтан оқыту жүйесін құру қағидалары.

  1. Оқытудың адамгершілік қағидасы.

  • Оның ішкі мазмұны оқытуға үндейтін және әлеуметтік жинақталған тәжірибені оқып үйренушілердің меңгеруі үшін жоғары қолайлы шарттарды туғызып, білім беру үрдісіндегі бүтіндей адамға бағытталады.

  1. ҚО жүйесінде білім беру үрдісін жобалау кезінде педагогикалық көзқарастың басымдылығының қағидасы.

  • Бұл аталған қағиданың мәнісі, ҚОЖ -ін жүзеге асыруға болатын көріністердің дидактикалық үлгілерін құрайтын теориялық тұжырымдамаларды талдаудан бастау қажет екендігінен тұрады.

  • 3. Педагогикалық мақсатқа лайықты жаңа ақпараттық технологияларды қолдану қағидалары.

  • Ол жобалаудың әрбір қадамының тиімділігіне және ҚОЖ жасауға педагогикалық баға беруді талап етеді. Сондықтан да, ең бірінші жоспарға техниканы енгізуді емес, білім беруге қызмет ететін және оқу курстарының сәйкес мазмұнды толықтыруларын қою қажет.

  1. Білім беру мазмұнын таңдау қағидалары.

  • ҚО жүйесінің білім мазмұны ҚР –ның Мемлекеттік  білім беру стандартымен сәйкес келуі тиіс.

  1. ҚОЖ –де таралатын ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары.

  • Ұйымдастырушылық және техникалық тәсілдердің қажеттілігі жағдайында керекті мәліметтерді қауіпсіз және құпиялы сақтауды, қолдану мен беруді қарастыру, оның қауіпсіздігін сақтау, беру мен қолдану кезінде қамтамасыз ету қажет.

  1. Білім беру деңгейінің бастапқы қағидасы.

  • ҚОЖ-де тиімді оқыту білім, білік, дағдыларының нақты жиынтығын талап етеді. Мысалы, оқуға, кандидаттың нәтижелі оқуы үшін, өзіндік оқу еңбегінің ғылыми негіздерімен таныс болуы керек, компьютермен және т.б.жұмыс жасай алатын нақты дағдыларына ие болуы тиіс.

  1. Оқыту технологиясының сәйкестендіру қағидалары.

  • Оқыту технологиясы Қашықтан оқыту үлгілерімен сәйкес болуы қажет. Сонымен, дәстүрлі пәндік үлгіде оқытуда ұйымдастыру түрін оқыту ретінде дәрістер, семинар және практикалық сабақтарда, боямалы немесе іскерлік ойындар, зертханалық сабақтар, өзіндік жұмыстар, өндірістік тәжірибелер, курстық және дипломдық жұмыстар, білімдерінің меңгерілуін бақылау қолданылады. болу керек, ҚО жүйесі қалыптасу барысында, қажет жағдайда оған қосуға болатын жаңа үлгілері пайда болуы мүмкін. Оқытудың ұйымдастырушы түрі қатарындағы осы үлгілерінде компьютерлік конференциялар, телеконференциялар, ақпараттық сеанстар, телеконсультациялар, жобалау жұмыстары және т.б. қолданылатын болады.

  1. Оқытудың ұтымды қағидалары.

  • ҚО жүйесі жобасы қажетті әлеуметтік және экономикалық тиімділік шарты бойынша, егер  Бұл білім алушының оқып жүрген оқу орнында сәйкес қызмет көрсетулер болмаған жағдайда, қажетті бағыттағы өзінің білім беру бағдарламасын түзетуге немесе толықтыруға ықпал ететін ақпараттық жүйелерді және қашықтан оқыту үшін берілген білім базалары мен банктерін құруда жасалады.

  1. Білім берудің ҚО қолданылатын түрлеріне қайшы емес қағидалары.

  • Егер жасалған және енгізілген ақпараттық технологиялар жоғары білім берудің дәстүрлі жүйесінде бөтен емес элемент болып, яғни оған біріктірілетін табиғи бейнеде болса, ҚО жобасы қажетті әлеуметтік және экономикалық тиімділігін бере алады.

  1. Білім берудің алдына шығу қағидалары.

  • Бұл оқытудың қағидасы өткен ұрпақтан қалып жинақталған ғылыми және мәдени мұраларын кейінгі буындарға жеткізу ғана емес, сонымен қатар, қазіргі ұрпақтың өзгеріп отыратын заманға тез бейімделіп, оның сана –сезімі мен дүниетанымын қалыптастыруға көмек жасау болады.



  • Бекіту сұрақтар:

  • 1. Қашықтан оқыту технологиясы дегеніміз не?

  • 2. ҚО технологиясның маңызы мен құрылымы қандай?

  • 3. ҚО технологиясының үлгілері?

  • 4. ҚО технологиясының типтеріне тоқтал

  • 5. ҚО технологиясының маңызды сипаттамалары



  • Қолданылған әдебиеттер:

  • 1. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к.,ББЖКБАРИ
    2. Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
    3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.
    4. Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы.



  • 3. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР.

  • ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.

  • Практикалық жұмысты орындау ЖОО Химияны оқытудың жаңа технологиялары пәнінен білімдерін бекітуді қамтамасыз етеді, магистранттардың өз беті мен жұмыс істеуін дамытады. Аудиторияда жұмыс табысты өту үшін, пәннің дәрістерінен, оқулықтан теориялық материалды алдын-ала оқып білу қажет.

  • Тақырып бойынша теориялық білімін оқытушы тексерген соң, практикалық жұмыстың орындалу әдісін меңгеріп және тақырып бойынша практикалық жұмысты жазу журналын дайындаған магистрант ғана практикалық жұмысқа бағаны алады. Практиалық журналды толтырғанда келесі талаптар қойылады:

  • Практикалық жұмысты орындау күні;

  • Практикалық жұмыстын реті;

  • Практикалық жұмыстын тақырыбы;

  • Практикалық жұмыстын мақсаты;

  • Практикалық жұмыстын барысы;

  • Қорытынды.



  • Практикалық сабақ №1,2.

  • Тақырыбы: Мектептегі химия пәнінің құрылымының қалыптасуы және оған қойылатын талаптар.

  • Мақсаты: Мектептегі химия пәнінің құрылымын және оған қойылатын талаптарды оқып білу.

  • Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар:

  1. Тақырып бойынша әдебиеттке шолу жасау.

  2. Мектепетегі 8 сыныптағы химия пәнінің құрылымын талқылау.

  3. Мектепетегі 9 сыныптағы химия пәнінің құрылымын талқылау.

  4. Мектепетегі 10 сыныптағы химия пәнінің құрылымын талқылау.

  5. Мектепетегі 11 сыныптағы химия пәнінің құрылымын талқылау.

  6. Мектептегі химия пәнінің құрылымына қойылатын талаптарды анықтау.

  7. Тақырыптық коучинг құрастыру.

  • Бақылау сұрақтары.

  1. Химия пәнінің құрылымдық компоненттері.

  2. Қай кезеңде мектептегі химия пәнінің құрылымы қалыптасты?

  3. Мектептегі химия пәнінің құрылымын қалыптастырған ғалымдар?

  4. Неше және қандай ғалым ұжымдары мектептегі химия пәнінің құрылымын алғаш рет қарастырды?

  5. Ғалым ұжымдарының пікірлері?

  • Әдебиеттер:

  1. Сластенин В.А. Общая педагогика в 2-х ч. Ч.1.-М.:ВЛАДОС, 2003. – 287 с.

  2. Сластенин В.А. Общая педагогика в 2-х ч. Ч.2.-М.:ВЛАДОС, 2003. – 253 с.

  3. Сластенин В.А. Педагогика.-М.:Академия, 2004. – 567 с.

  4. Селиванов В.С. основы общей педагогики: теория и методика воспитания.-М.:Академия, 2004.-336 с.

  5. Чернобельская Г.М. Основы методики обучения химии. – М., 1987.

  6. Зайцев О.С. Методика обучения химии: теоретические и прикладные аспекты. – М., 1999.

  7. Мектептегі химия оқулықтары (8-11 сынып).



  • Практикалық сабақ №3,4.

  • Тақырыбы: Мектеп химия білімі, оның функциясы және маңызды компоненттері.

  • Мақсаты: Мектеп химия білімін, оның функциясы және маңызды компоненттерін оқып білу.

  • Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар:

  1. Тақырып бойынша әдебиетке шолу жасау.

  2. Мектеп химия білімін талдау.

  3. Мектеп химия білімінің функциясын қарастыру.

  4. Мектеп химия білімінің негізгі компоненттерін анықтау.

  5. Тақырыптық негізгі ұғымдарды анықтау.

  6. Тақырыптық кластер құрастыру.

  • Бақылау сұрақтары:

  1. Мектеп химия біліміне анқытама беру?

  2. Мектеп химия білімінің негізгі функциялары қандай?

  3. Әрбір функцияның сипаттамасы және ерекшелігін атаңыз?

  4. Мектеп химия білімінің маңызды компоненттерін атаңыз?

  5. Мектеп химия білімінің маңызы?

  • Әдебиеттер:

  1. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе образования: Научный фонд и перспективы развития. – Алматы, 2001.

  2. Койшибаев Б.А. Педагогический мониторинг комплексного образования (Тезаурус и модели). – Алматы, 2001.

  3. Качество. Инновации. Образование: Электронное издание.-№3.-2005.-СD-ROM.

  4. Дьяченко В.К. Основные направления развития образования в современном мире. –М.,2005.

  5. Кенесарина З.У. Педагогика высшей школы. – Алматы, 2007.

  6. Мухамедхан Д. Качество высшего образования и кредитная система обучения. – Алматы, 2005.

  7. Коджаспирова Г.М., Коджаспирова А.Ю. Педагогический словарь. – М., 2000.



  • Практикалық сабақ №5,6.

  • Тақырыбы: Студенттердің өздік іс-әрекеттерін ұйымдастыру технологиясы.

  • Мақсаты: Студенттердің өздік іс-әрекеттерін ұйымдастыру технологиясын

  • оқып білу.

  • Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар:

  1. Технологияның сипаттамасы.

  2. Технологияның тәсілдері, кезеңдері, стратегиялары.

  3. Технология тәсілдерінің келісім матрицасын құрастыру.

  4. Әдістемелік ұсыныстар.

  5. Технологияны химияда қолдану мысалдары.

  • Бақылау сұрақтары:

  1. Студенттердің өздік іс-әрекеттерін ұйымдастыру технологиясына сипаттама беру?

  2. Студенттердің өздік іс-әрекеттерін ұйымдастыру технологиясының негізгі тәсілдерін атаңыз?

  3. Студенттердің өздік іс-әрекеттерін ұйымдастыру технологиясының негізгі кезеңдері?

  4. Студенттердің өздік іс-әрекеттерін ұйымдастыру технологиясының негізгі стратегиялары?

  5. Матрица дегеніміз не?

  • Әдебиеттер:

  1. Масырова Р.Р., Линчевская Т.А. Инновационные школы в Казахстане. - Алматы, 2000.

  2. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии / Г. К. Селевко // М.: Народное образование, 1998. – 256 с.

  3. Селевко Г. К. Педагогические технологии на основе информационно- коммуникационных средств / Г. К. Селевко // М., 2005. – 208 с.

  4. Современные педагогические технологии основной школы в условиях ФГОС/О.Б.Даутова и др. – СПб.: КАРО, 2013. – 176 с.

  5. Қошкарбеков Н. Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары (1 кітап). – Алматы, 2007.- 76 б.

  6. Қошкарбеков Н. Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары (2 кітап). – Алматы, 2009.- 68 б.
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет