ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «жоо химияны оқытудың жаңа технологиялары»



бет1/5
Дата12.03.2018
өлшемі1,07 Mb.
#39079
  1   2   3   4   5

ПОӘК 042-18-34.1.105/03-2014

№ 2 басылым

11.09.2014 ж.



61 беттің беті






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК042-18-34.1.105/

03-2014


ПОӘК

« ЖОО Химияны оқытудың жаңа технологиялары» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары


№ 2 басылым

11.09.2014 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«ЖОО ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ»
6М011200 – Химия» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2014

ӘЗІРЛЕНГЕН
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: А.К. Сапакова, б.ғ.к., доцент м.а., Д.Р. Онтагарова, п.ғ.к., «Химия және география» кафедрасы

Мазмұны


1.

Глоссарий

4

2.

Дәрістер

6

3.

Практикалық сабақтар

46

4.

Білім алушылардың өздік жұмыстары

57



  1. ГЛОССАРИЙ


Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, химиялық формулалар, сөздіктерді, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз

Білім беру жүйесі-білім беру мекемелері мен білім беруді басқару ұйымдары арқылы жүзеге асатын білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттардың өзара байланыстылығының жиынтығы.

Гуманитарлық технология - адамдардың өзін көрсету, олардың интеллектуалдық қасиеттерін өздері жүзеге асыру технологиясы

Даму –қажетті және бағыттық сипаттағы материалдық және идеалды нысандардың заңдылықты сапалық өзгерісі

Даму –қажетті және бағыттық сипаттағы материалдық және идеалды нысандардың заңдылықты сапалық өзгерісі.

Дәріс– оқу материалын реттеп беру

Диагностика –арнайы жобаланған ғылыми әдістердің көмегімен педагогикалық үрдіс,құбылыс т.б. сандық бағамдау мен сапалық сараптау жасау.



Диверсификация ( лат.diversus= түрлінше + facere=жасау)-мыс.білім беру мекемелерін д.//бірмезетте түрлі типтегі оқу орындарының қатар дамуы;қазақша айтсақ,білім беру мекемелерінің түрлінше дамуы.

Дидактика – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы

Жаңа ақпараттық технология –коммуникациялауды жүзеге асыратын ақпараттық сараптау мен өңдеудің өзара берік байланыстағы тәсілдері,амалдары және құралдарының тұтасқан жүйесі.



Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басында мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу–тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

Жаңашылдық //жаңа енгізілім (инновация)-мектепішілік басқару жүйесіне жаңа тұрақты элементтерді,өзгерісті белгілі бір бөліктер бойынша енгізу үрдісі.

Жобалап оқыту технологиясы -тақырып (жобалық) оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек және ол магистранттың қызығушылығын тудыруы қажет; оқытушының рөлі өзгереді, ол тек қана ұйымдастырушы әрі кеңесші болуы тиіс; жобалай оқытудың өн бойында іздену әрекеті, зерттеу әрекеті, талдау және жинақтау әрекеті ұйымдастырылады.

Интерактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы

Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология.

Модуль дегеніміз –қандайда бір жүйенің,ұйымның нықталатын, біршама дербес бөлігі.

Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Мотивация-жеке бастық және ұжымдық мақсаттарға қол жеткізу жолындағы түрткі үрдіс.

Педагогикалық технология – жобалау, реттеу, әрі іс-тәжірибеде оқыту мен тәрбиелеу жобасын жүзеге асыру.

Педагогикалық технология– педагогтің жеке басының шығармашылық күш-қуатын өрістетуде қамтамасыз етудегі, адамаралық және іс-әрекеттегі қарым-қатынасты жоғарлатудағы, кәсіби еңбектегі адамның рухани жоғары биіктен көрінуіне ықпал ететін адамгершілік жүйе», –деп анықтама береді.

Проблемалық оқыту – ойлау операциялары (логика, талдау, қорытындылау және т.б.) мен оқушылардың ізденіс әрекеттерінің заңдылықтарын (проблемалық, ситуациялық, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.б.) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тәсілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі

Сабақ - өте күрделі, жан –жақты, көп қызмет атқаратын педагогикалық үрдіс.

Технология -латын сөзі «texne» – өнер, кәсіп шеберлік, «Iogoc» – ғылым, ілім деген мағынананы білдіреді.



Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе.


  1. ДӘРІСТЕР

1 МИКРОМОДУЛЬ «ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ».

Дәріс №1-4

Тақырыбы: Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар туралы түсінік, олардың жалпы белгілері.

Жоспар:

1. Педагогикалық технология туралы түсінік.

2. Педагогикалық технологияның құрылымы.

3. Педагогикалық технологияның мақсаты, міндеттері.

4. Педагогикалық технологияны қалыптастыруға үлес қосқан ғалымдар.

5. Оқытудың педагогикалық технологиясының ерекшелігі мен маңызы.


1. Педагогикалық технология туралы түсінік.

Қоғамның XXI ғасырдың алғашқы шебінде, яғни ғылыми техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуірінде бет бұру кезеңінде жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі мектеп, студент, магистрант алдында тұрған негізгі міндет. Педагогикалық технология оқыту проблемаларын, тәрбиелеу мәселелерін шешуді технологиялаңдыру мәселесінің туындауына байланысты соңғы кезде өмірге келді. Ал қазіргі кезде оқыту теориясындағы «технологиялық қатынас», «технология», «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы», «тәрбие технологиясы», «ойын технологиясы» т.б. ұғымдарды бір-бірінен ажыратып, жеке-дара қарастырудың қажеттілігі туындап отыр.



Технология латын сөзі «texne» – өнер, кәсіп шеберлік, «Iogoc» – ғылым, ілім деген мағынананы білдіреді. Дүниежүзілік технологиялық үрдісте, ғылым технология ұғымының қалыптасу, даму тарихына тоқталсақ, ол өз дамуын өте ертеден, Я.А. Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегінен алады. Я.К. Коменский «Оқыту нәтижелі жүру үшін оның техникалық технологиялық деңгейге көтеру керек» – деген болатын . Технология тәртіп бойынша реттеліп жоспарланған іс-әрекет, үрдіс (процесс) және педагогикалық тәсілдердің жиынтығы түрінде берілген педагогикалық жүйе.

Қазіргі заманғы ғылыми-теориялық әдебиеттерде және атақты отандық педагогтардың іс-тәжірибелерінде технология негізгі төрт түрге бөлінеді:


Техникалық. Экономикалық. Гуманитарлық. Педагогикалық.

Гуманитарлық технологиялар басқару гуманитарлық педагогикалық және психологиялық болып бөлінеді. Гуманитарлық технология - адамдардың өзін көрсету, олардың интеллектуалдық қасиеттерін өздері жүзеге асыру технологиясы.

Педагогикалық технология – жобалау, реттеу, әрі іс-тәжірибеде оқыту мен тәрбиелеу жобасын жүзеге асыру. «Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы» еңбегінде: «Педагогикалық технология дегеніміз – педагогтің жеке басының шығармашылық күш-қуатын өрістетуде қамтамасыз етудегі, адамаралық және іс-әрекеттегі қарым-қатынасты жоғарлатудағы, кәсіби еңбектегі адамның рухани жоғары биіктен көрінуіне ықпал ететін адамгершілік жүйе», –деп анықтама береді . Педагогикалық технологияның ең басты мәнді белгісі: мақсаты айқын, нақты алдын ала болжау арқылы диогностикалық негізде, нақты жеткен нәтижелерді ескере отырып қойылатындықтан, оқыту процесін нәтижелі жүргізуге көмектеседі. Оны төмендегі сызбадан көруге болады:
2. Педагогикалық технологияның құрылымы.

Педагогикалық технология төмендегідей бөліктерден құралады:

- диагностикалық жолмен мақсат қою деңгейін және оқушылардың білімді меңгеру сапасын, дамыту дәрежесін, тәрбиелік деңгейін обьективті түрде анықтау, бақылау;

- мақсатты конструктивті, айқын, нақты түрде қою; - жеке тұлғаны тұтас дамыту.

Педагогикалық технология жөніндегі қатаң түсініктің басты белгілері болып мыналар табылады:



  • мақсаттың диагностикалық сипаттамасы;

  • педагогикалық процестің өндірушілігі (оның ішінде оқытудың мақсатына және оқытушы мен оқушы іс-әрекетінің (қызметінің) сипатына сай этаптардың жасалуы);

  • педагогикалық нәтижелердің өндірушілігі;

  • технологияның кез келген оқу-тәрбие мекемелерінің жұмыс жағдайында қайта жаңғыртылуы.


3. Педагогикалық технологияның мақсаты, міндеттері.

Жалпы, педагогикалық технологияның тереңдік мағынасы төмендегідей болып табылады.


Біріншіден, педагогикалық технология тәжірибе жүзінде бұрынғы педагогикалық экспериментті жоққа шығарып, оны алдын-ала жобаланған оқу-тәрбие процесс жолына аударады, кейін бұл жобаның сыныпта жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Бұл дидактикалық (тәрбие) түсініктеме тілдерінде мүмкін болып табылады.

Екіншіден, бұрынғы мұғалімдерге арналған сабақ жоспарларынан өзгеше, педагогикалық технология оқушының өзіндік жұмыс мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесіндегі жоба ұсына-ды, яғни бұл оқу танымдық жұмыс жобалануы кез-келген оқушылар санын жоғарғы тұрақты табысқа жетуге болады дегенді білдіреді.

Үшіншіден, педагогикалық технологияның айшықты қасиеті – мақсат білімділік процесі. Бұл педагогикалық технологияның негізгі мәселесі дәстүрлі педагогикадан басты айырмашылығы. Ол екі қырынан талқыланады:

  • мақсат білімділіктің болжамы және оқушылардың оқу бағдарламасын сапалы меңгеруін объективті бақылау;

  • жалпы тұлғаның дамуы.

Төртіншіден, педагогикалық технологияны нақты педагогикалық жүйе жобасы ретінде білу арқасында оның маңызды қағидаларының бірі – бүкіл оқу-тәрбие процесінің тұтастық қағидасын (құрылымдық және мазмұндық) тұжырымдауға болады. Тұтастық қағидасы педагогикалық жүйенің барлық элементтерінің үйлесімділігі.

Тұтастық қағидасы болашақ кез-келген педагогикалық жүйенің барлық элементтерінің үйлесімділігін, өзара іс қимылына қол жеткізу қажеттілігін көрсетеді. Педагогикалық жүйенің (ПЖ) бір элементіне өзгеріс енгізу үшін, басқа да элементтерді қайта құруға тура келеді. Мысалы, оқу мақсаттарын өзгерте отырып, бірақ оның мазмұнын және оқу процесін сол қалпында қалдырсақ, деформацияланған педагогикалық жүйеге тап боламыз. Тәжірибе көрсеткендей, олар өміршең болмайды. Бірақ әлемде жалпы "педагогикалық технология" деген не және оның ішінде жеке оқу "технологиясы" туралы түсініктемелер қалыптасып келеді.

Отандық педагогикадағы "Педагогикалық технология" түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, ол жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым стандартты емес ғылыми көріністерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді.

Педагогикалық еңбектерде дәстүрлі сабақты: жаңа оқу материалын өту сабағы; білім, дағды, қабілетті жетілдіру сабағы; жинақтау және жүйелеу сабағы; аралас сабақ; бақылау, білімге дағды, қабілетке түзету енгізу сабағы. Сабақты дидактикалық міндеттеріне сәйкес: кіріспе сабақ; жаңа сабақты өту; білімді бекіту сабағы; жинақтау сабағы; есепті-бақылау, аралас сабақ; диспут, КВН сабақтары деп ажыратады. Қазіргі таңда оқушылардың өз бетінше жұмысын жандандыру және шығармашылықпен іс-әрекет жасауын қамтамасыз ету үшін сабақтың дәстүрлі емес формаларын кеңінен оқыту процесінде қолдануда.



Диагностикалық жолмен айқындалған мақсат қою:

- біріншіден, оқушының бойында қалыптастыруға қажет сапалардың нақты сипатын білдіру керек;

- екіншіден, осы сапаларды диогностикалық айқындаудың нақты тәсілдерін мұғалім де, оқушы да толық меңгеруі қажет; - үшіншіден, сапалардың өзгеру мүмкіндігін ескеру керек. Сонымен технология дегеніміз – педагогикалық тәсілдердің жиынтығы түрінде берілген педагогикалық жүйе деп қарастыруымызға болады.
4. Педагогикалық технологияны қалыптастыруға үлес қосқан ғалымдар.

Педагогикалық технология – дара тұлғаны қалыптастыруға педагогикалық ықпалдарды ұйымдастыру қажеттілігінен туындаған өзара байланысты процесстер. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік жоспары, ұлттық үлгісі қалыптасуда. Осыған орай, оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиялары пайда болуда. Бүгінде елімізде білім беру ошақтарында 50-ден астам педагогикалық технологияларды теориялық және ғылыми қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы етіп, оларды оқыту үрдісін жетілдіру бағытында қолдану мәселелерімен Отандық ғалымдар: Д.М.Жүсіпбалиева, Б.Ә.Әбдікәрімұлы, М.С.Мәлібекова, Г.Қ.Нұрғалиева, Қ.Қабдықайырұлы, Ж.А.Қараев, Ш.Т.Таубаева т.б. өз зерттеулерінде қарастырған, педагогикалық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін нақтылау қажеттілігін айқындай түсуде. ТМД елдерінің оқыту жүйесінде кең өріс алып жатқаны белгілі. Жобалай оқыту технологиясының теориялық алғаш негіздеген ғалымдар: Д.Дьюри мен В.Килпатрик болатын. 1) Ресей ғалымдарынан В.П.Беспалько, В.В.Давыдов, В.К.Дьяченко, Л.В.Занков, П.Я.Гальперин, Н.В. Кузьмина т.б. ғалымдардың теориялық зерттеулерінің нәтижесінде; 2) Е.Н.Ильина, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов т.с.с. әдіскерлердің практикалық тәжірибелерінің негізінде енгізілгені анықталуда. Білім беру жүйесінің әр буынында қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгерту үрдісінде оқыту технологияларын қарастырған, оларды таңдап қолдаудың ғылыми-әдістемелік мәселелерін арнайы зерттеген жұмыстар қатарында Ф.Ш.Оразбаеваның комуникативтік технологиясы, К.Жақсылықова мен М.Жампейісованың модульдік оқыту технологияларын, Қ.Қадашованың жаңғырта оқыту технологиясын, З.Бейсенбаеваның студенттермен өздік жұмыстар жүргізу технологиясын, Н.Құрманованың дамыта оқыту технологиясы, Н.Оразахынованың сатылай кешенді талдау технологиясын т.б. өз зерттеулерінде қарастырған. Бұл аталмыштарды ескере отырып, әлі де педагогикалық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін нақтылау қажеттігін айқындай түсуде.
5. Оқытудың педагогикалық технологиясының ерекшелігі мен маңызы.

Кредиттік жүйе маман жұмыскерлерден бастап, жоғары ғылыми білікті мамандарға дейін білім берудің сатысын және деңгейін, академиялық дәрежесін бірдей бағалауға жол ашады. Кредиттік технологияны енгізу білім берудің барлық идеологиясын қозғайды. Оқытушы білім беріп қана қоймай, қалай оқу керектігіне, білімді алуға, дағды мен іскерлікті алып, өз бетімен практикада қолдануға үйретеді. Магистранттың өзіндік жұмысының ролі нығайып, оқыту саласына талап күшейеді, жастардың білімге бірдей жетуіне және оқытудың ашықтығы қамтамасыз етіледі, кәсіптік элита қалыптасады. Оқытудың кредиттік технологиясының жетістіктері:

- мамандарды әлемдік стандарттар деңгейінде даярлау мүмкіндігі;

- білім алушылардың өзіндік білім алуға және өзіндік дамуға қабілеттерін дағдыландыру;

- білім алушылардың өз бетімен білімді шығармашыл игеруге дағдыландыру;

- білім алушылардың біріккен оқуын ұйымдастыру;

- сырт елдердің жоғары оқу орындарымен серіктес қарым-қатынас орнату болып табылады.

Магистранттың өзіндік жұмысы жеңілдетіліп, білімнің сапасы жоғарлайды.

Кез келген материалды игеру үшін мүмкіндік жоғарлап, практикалық дағдылар жинақталады. Оқытудың кредиттік технологиясын енгізудің алғашқы кезеңі оқыту үрдісі болып табылады, яғни білім алушылардың білім беру бағдарламаларын игеруге бағытталған бақылау жүйесін анықтау, әр түрлі оқу сабақтарын, оқу жүктемелерін жоспарлау, оқу жоспарымен бағдарламаларын құру бойынша шаралардың жиынтығы. Сонымен қатар, оқу сұрақтары магистранттардың өзіндік жұмысын және кәсіби практикасын ұйымдастырумен байланысты. Бақылау шаралары пәндер бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұсынады . Оқу үрдісін жоспарлау жоғары оқу орнының білім беру әрекетін басқару жүйесінде алғашқы элемент ретінде қарастырылады және академиялық күнтізбені (календарь) құру жолымен жүзеге асырылады. Академиялық күнтізбе – демалу күндері көрсетілген (каникул, мереке) оқыту үрдісінің күнтізбесі.

Білім беру әрекетін жоспарлау бірнеше кезеңдерден тұрады:

1. Типтік оқу жоспарлары, бағдарламалары, мемлекеттік білім беру стандарты негізінде жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өңдеу;

2. Таңдау бойынша пәндерді – элективті курсты анықтау, білім алушылардың жеке оқу жоспарын құруы;

3. Академиялық күнтізбе құру;

4. Мамандықтың жұмыстық оқу жоспарына және білім алушылардың жеке оқу жоспарына сәйкес университет, факультет, деканат жұмыстарын жоспарлау;

5. Оқу жұмыстарының түрлері бойынша педагогикалық жүктемелердің нормаларын анықтау, оны профессорлар-оқытушылар құрамы мүшелерінің арасында бөлу және штатты жоспарлау;

6. Академиялық топтардың оқу сабақтарының кестесін даярлау. Академиялық күнтізбеде оқу жылы 1 апта бойынша 4 кезеңнен тұрады, олар төмендегідей атауларды құрайды: - бірінші триместр (күз), - екінші триместр (қыс), - үшінші триместр (көктем), - жазғы триместр (жаз). Әрбір триместр апталық сынақтық-емтихан сессиясымен аяқталады.



Оқытудың педагогикалық технологиясы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қ.Бітібаева әдебиетті тиімді оқыту жолдарын бүгінгі күннен 20-25 жыл бұрын оқытып шыққан. Сол оқыту әдістері күні бүгінге дейін жаңалығын жоймай келеді, жоймайды да. Бүгінгі педагогикалық оқыту технологиясының инновациясына жататынына да күмән жоқ. Сондықтан әр оқытушы өзінің міндетіне шығармашылықпен ойлап, оқытудың жаңалығын аша берулеріне мүмкіндіктер жасау өздерінің ізденістеріне байланысты және ол дұрыс тиімді ұйымдастырылған сабақ болса, ешқашан да ескірмейді, тиімділігінің, нәтижесінің ерекшелігіне қарай жылдан-жылға жаңара, жақсара береді. Аталынған оқыту түрлері мүлдем жаңалық екен деп түсінбеу керек, бұл қашаннан белгілі, оқу процесінде үнемі талап етіліп, жан-жақты ізденіспен жүргізіліп жүрілген мәселелер. Солай бола тұрса да, бұл аталмыштың бүгінгі күнгі оқытудың негізгі тірегі, бағыты болып отыр. Бұл мәселелерге оқытушылар ерекше мән беріп, оқытудың жаңа технологиясын ізденуде, яғни оқытудың жаңаша формаларын табудың талпыныстарында. Бұл оқыту түрлерінің әрқайсысының мазмұны шығармашылықпен ізденген құрылысы ақпарат беттерінде терең түрде болмаса да біршама көрінуде де. Қалай болса да, бүгінгі оқытушылардың ізденістерінде екені және жаңалықтарға ұмтылыстары әрине бар, оны құптарлық деймі.
Бекіту сұрақтары:

1. Педагогикалық технология дегеніміз не?

2. Педагогикалық технология қандай бөліктерден тұрады?

3. Гуманитарлық педагогика мен ақпараттық педагогиканың аырмашылығы қандай?

4. Педагогикалық технологияларға үлес қосқан отандық ғалымдар жайлы не білеміз?
Қолданылған әдебиеттер:

1. Коменский Я.А. Избранные педагогические сочинения. – М., 1955. – с.650.

2. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989. – с.18.

3. Кларин М.В. Педагогическая технология в учебном процессе. – М., 1989. – с.18.

4. Ильясова М.Т. О роли кредитной технологии в совершенствовании учебного процесса в вузе // Қазақстан Республикасында жоғары білім беру сапасын жетілдіру және дамыту перспективаларының өзекті мәселелері: Жоғары оқу орын арал, ғыл.-әдіст. Конф. материалдары. 16 наурыз 2004. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. – с.301-302.

5. Мырзалиева Б.А. Кредитная система обучения: опыт внедрения, проблемы и перспективы. Под общей редакцией. – Шымкент: «Ғасыр – Ш», 2005. – 225 с.


Дәріс №5-16

Тақырыбы: Химияны оқытудағы технологиялар.

Жоспар:

1. ЖОО химияны оқытудағы технологиялардың маңызы.

2. Химияны оқытуда қолданылатын жаңашыл әдістердің тиімділігі.

3. Химияны оқытуда жаңа технологияларды қолдану.






1. ЖОО химияны оқытудағы технологиялардың маңызы.

Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.



Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басында мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу–тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. Жоғарғы оқу орындарында химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін объектісі – сол пәнді оқыту әрекеті. Химияны оқыту әдістемесі ғылыми оқыту әрекетін әдістемелік деңгейде зерттейді. Барлық жеке пәндерді оқыту, солардың ішінде химияны оқыту әдістемесі дидактиканың ашқан жаңалықтарына сүйенеді, оларды өзінің әдіснамалық негізі ретінде пайдаланады. Химияны оқыту әдістері, ғылыми зерттеу әдістерімен ұштасып жатады, білім алушылардың химия объектілерін танып-білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады.

Химиялық жоғары білім беру бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын үш орындалатын міндеттен тұрады. Ол оқытудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттары деп аталады. Химия пәнінің білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктері, химиялық жоғары білім берудің негізгі міндеті аға ұрпақтардың жинақтаған тәжірибесі негізіндегі білімді логикалық және дидактикалық өңдеуден өткізіп, түсінікті етіп беру.

Қазіргі кездегі оқытудың мақсаты жеке адамды жан-жақты және кешенді оқыту, тәрбиелеу және дамыту. Қазіргі кезеңде ЖОО-да білім берудің жаңа тұжырымды идеялары мен даму жолдарына сай оқытуды саралау, бағдарлы оқыту, білім мазмұнын кірістіру, ЖОО өмірін ізгілендіру идеяларын іске асыру мәселелері қарқынды жүргізілуде. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі-Республикамызда төл оқулықтардың, сонымен қатар электронды оқулықтардың жазыла бастауы. Өйткені қоғамның білім беру саласындағы әлеуметтік тапсырысына оқулық негізгі компоненті болып саналатын оқу-әдістемелік кешен жасап, оны оқу процесіне енгізбей тұрып орындау мүмкін емес. ЖОО білім алушы оқулық мазмұнынан тек ақпарат пен дайын білімді алумен ғана шектелмеуі тиіс, ол білім алушының қабілеттерін жан-жақты дамытатындай, өз қызығушылықтарын іске асыруға, шығармашылық ойлауын және өмірлік құзіреттіліктерін қалыптастыруға көмектесетіндей болғаны жөн. Сонымен қатар қазіргі оқулық педагогикалық тәжірибенің жинақталған ақпараттық моделі ретінде білім мазмұнын іске асыра отырып, оқушылырдың жалпы ақпарат көздерінен алған мәліметтерін бір жүйеге келтіріп, кірістіруге мүмкіндік жасауы қажет.

Оқытушылардың бүгінгі күні оқыту үрдісінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерден дер кезінде хабардар болып отыруы - сапалы білім берудің кепілі.

Пән апталықтарының өткізілуі білім алушының пәнге деген ықыласы артып, қызығушылықтары анықтала бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Мұндай жұмыстар студенттер білімін дамытып қана қоймайды, оларды жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Магистрант бойындағы бейімділік пен икемдікті дамыту мақсатында түрлі сайыстар, интеллектуалды ойындар, пікірталастар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда оқыту үрдісін жоспарлау, қолдану және бағалаудың тиімді әдістерін ұсынушы жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп, негізгі мақсаты – өз бетінше дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Химияны оқытуда магистранттардың шығармашылығын дамыту жолын магистранттардың ақпараттық және коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға бағыт беретін білім технологияларын қолдану арқылы дамыту керек деп білеміз.

Магистрант әр түрлі ақпарат көздерімен сусындап өз түйінін айта білуі керек. Топқа бөлінген студенттер өз сұрақтарына тынымсыз жауап іздейді. Әр магистрант өз идеясымен бөліседі. Бұл оларға сол проблема бойынша өз көзқарастарының қалыптасуына, пікірлерін қарсыластарының көзқарастарымен салыстыруға, өз пікірін қорғауға үйретеді, сол проблеманы өздігінен терең зерттеуге итермелейді. Пікір – сайыс жастардың білімдерін жан –жақты жетілдіріп, мәдени деңгейлерін көтереді, басқа адамдардың пікірімен санасуға және түсіністікпен қарауға үйретеді, шешендік өнерге баулиды. Болашақ маман кәсіби шығармашылық деңгейін өзінің жаңашылдыққа ұмтылуымен, креативтілігімен, өз ісіне жауапты қарауы мен өзін-өзі жетілдіруі, кәсіби шыңдауы арқылы қол жеткізеді. Сондықтан да болашақ маманның кәсіби құзырлығын жетілдіру мәселесі маңызды болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет