ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «жоо химияны оқытудың жаңа технологиялары»


Химияны оқытуда қолданылатын жаңашыл әдістердің тиімділігі



бет2/5
Дата12.03.2018
өлшемі1,07 Mb.
#39079
1   2   3   4   5

2. Химияны оқытуда қолданылатын жаңашыл әдістердің тиімділігі.

Химияны оқыту методикасының зерттейтін объектісі – сол пәнді оқыту әрекеті.Химияны оқыту методикасы ғылыми оқыту әрекетін методикалық деңгейде зерттейді.Барлық жеке пәндерді оқыту, солардың ішінде химияны оқыту методикасы дидактиканың ашқан жаңалықтарына сүйенеді, оларды ӛзінің методологиялық негізі ретінде пайдаланады.

Химияны оқыту әдістері, ғылыми зерттеу әдістерімен ұштасып жатады, оқушылардың химия объектілерін танып-білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады.


Химиялық орта білім беру бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын үш орындалатын міндеттен тұрады. Ол оқытудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттары деп аталады.Химия пәнінің білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктері, химиялық орта білім берудің негізгі міндеті аға ұрпақтардың жинақтаған тәжірибесі негізіндегі білімді логикалық және дидактикалық өңдеуден өткізіп, түсінікті етіп беру.

Қазіргі кездегі оқытудың мақсаты жеке адамды жан-жақты және кешенді оқыту, тәрбиелеу және дамыту. Қазақстан мектебінің алдына қойылып отырған мақсаты инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында өскелең ұрпаққа жүйелі, нақты білім беру болып табылады.Пәнді оқытуда қолданылатын жаңашыл әдістерді қолдану тиімділігі төмендегідей;

- Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың танымдық қызығушылығын және білім сапасын арттыру;

- Интербелсенді әдіс-тәсілдің дәстүрлі білім беруге қарағанда оқушыларда алған білімді жүйелеу;

- Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланғанда мұғалімнің уақытын үнемдеу және тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Оқушыларға химиядан жүйелі білім беруде сабақ басты орын алады.

Сабақ - өте күрделі, жан –жақты, көп қызмет атқаратын педагогикалық үрдіс. Сабақ мақсат қоюдан басталады. Қазіргі кезде сабаққа қойылатын мақсаттың үш түрі белгілі, олар: - жалпы педагогикалық (тәрбиелеу мен дамыту), дидактикалық (оқи білу дағдысын меңгеру), әдістемелік (химия пәні бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру, дүниетанымдық көзқарастарды түсініп, қорытындылар жасай білуге үйрету) мақсаттардың ортақтығы негізінде іске асырылады.

Сабақта оқытудың барлық формасында жақсы нәтижеге жету үшін бір формадан екінші формаға ауысып отыру оң нәтиже береді. Жаңа сабақтың материалын оқуда ұжымды жүргізіледі. Оқытудың түрлі формаларын қолдану оқушылардың белсенділігін, өз бетінше жұмыс істеу және таным қабілетін арттырады.Қазіргі сабақ оқушылардың ӛзіндік жұмыстарынсыз болмайды. Ол- оқушылардың алдына қойған мақсаттарын орындау қызметі. Ӛзіндік жұмыстарды орындау арқылы оқушылар кӛрсетілген бағдарламалық білімді, жаңа біліктер мен дағдыларды игереді, ӛзіндік шығармашылық қабілетін дамытады, ғылыми танымдық әдістерді меңгереді.

Химия пәні бойынша сабақтың бес типін көрсетуге болады:

1.Жаңа білім мен дағдыны меңгеру сабақтары.

2.Сарамандық білімді, дағдыны, іскерлікті жетілдіру және қалыптастыру сабақтары.

3.Білімді жүйелеу, қайталау, қорытындылау, жалпыламалау сипатындағы сабақтар.

4.Білімді бақылау, тексеру, есепке алу сабақтары.

5.Аралас құрама комбинациялы сабақтар.

Химия сабағындағы оқушылардың өзіндік жұмыстары сан алуан сарамандық сабақтар, сарамандық тәжірибелерді орындаулары, есептерді шешуі, формулалар бойынша реакциялардың теңдеуін құрастыру, жаттығуларды орындау, бақылау және тексеру жұмыстарын орындау, оқулықпен жұмыс, анықтамалар және әр түрлі қосымша әдебиеттермен жұмыс, сарамандық жұмыстардың есебін жазып орындау, танымжорық материалдарын ӛңдеу т.б. Химия пәнінен химия ғылымына көбірек қызығатын оқушылармен жүргізілетін жеке-дара жұмыстар. Бұларға теориялық немесе сарамандық жұмыстарды орындауға байланысты тапсырмалар, ғылыми баяндамалар, рефераттар даярлау, кабинетті жабдықтауға қажетті құралдар мен кӛрнекіліктер әзірлеу, талдауға, синтездеуге байланысты зерттеулер, олимпиадалық есептерді шығаруға дайындық, жарыс кештеріне даярлану, т.б. жатады. Оқушылар ұжымы бір тақырып не бір жоспар бойынша екі-үш адамнан құралған шағын топқа біріктіліп, бӛлініп жұмыс жасайды. Мұнда да оқушылар сарамандық жұмыстарды бірлесіп орындап, есептерді бірлесіп шешеді, стендтер әзірлейді, кӛрме ұйымдастырады, конкурстық немесе олимпиадалық есептерді шешеді, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Өндірістік танымжорықтар сабақ үстінде, үйірме сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарда кеңінен пайдалануға болатындай материалдарды жинақтауға мүмкіндік береді. Химияға деген қабілеттіліктерді дамыту үшін мүмкіндігінше оқушылардың ӛзіне тапсырмаларды кӛбірек етіп беріп, оларға химиялық проблемаларды шығармашылықпен шешу тәсілдерін біртіндеп түсіндіру қажет. Химия ғылымы мен химия өнеркәсібінің мәні – осы саладағы жүмыстардың жемісті болуы – сынақ тәжірибе жасай білуді, бақылаған құбылыстарды ой жүгірте талдай білуді оқытудың алғашқы қадамынан бастап-ақ дамыту қажеттілігін талап етеді. Химикке тән осы сияқты және бұдан басқа да, мысалы тәртіптілік, зейіндік, жұмысқа ептілігі, жинақылық тәрізді қасиеттер тек оқушылар сынақ тәжірибе жасауды сынақ тәжірибелік теория негізінде оқып-үйренумен ұштастырған жағдайда ғана ойдағыдай қалыптасады. Осының нәтижесінде әрбір оқушыда ақыл-ой және сарамандық іс-әрекеттің дараланған сипаты қалытасады, бірте-бірте ақыл мен естің химиктің қызметіне тән арнаулы қасиеттер дамиды, әдеттегі ғана емес, сонымен бірге теориялық және сарамандық мазмұндағы жаңа мәселелерді шеше білу шеберлігі пайда болады.

Сонымен қорыта келсек, сабақтағы ең басты және оны анықтаушы кӛрсеткіші оның мазмұны, дүниетанымдық бағыттылығы, мұғалімдердің педагогтық шеберлігін арттыру жөніндегі, істі ұйымдастырудың әдістемелік жағы болып табылады. Химияны оқытуды ұйымдастырудың барлық формаларында оқушылар ғылым негіздері бойынша белсенділік пен берік білім меңгеруін, оқу еңбегінде және алған білімін іс-жүзінде қолдануда икемділік пен дағдылар алуын, сол сияқты оқушылар ӛздерінде дүниетану кӛзқарасын қалыптастыруын қамтамасыз ету - мұғалімнің парызы болып саналады.




3. Химияны оқытуда жаңа технологияларды қолдану.

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері химия пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу- мектепте химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты күнделікті сабаққа:

  • мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);

  • зертханалық тәжірибелер;

  • компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);

  • анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);

  • интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.

Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі. Осы ретте мына мәселелерге баса назар аударғым келеді.

1.Мұғалім сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін іздеуге әрекет жасау керек.

2.Білім мен тәрбие беруде жариялылық, педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа талпыну қажет.

3.Мұғалім күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ-мұғалімнің өнері, шығармасы. Сондықтан әр сабақты тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймыз.

Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, химиялық формулалар, сөздіктерді, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Мысалы, бір ғана химиялық формуланың өзінен көп ақпарат алуға болады. Химиялық формула-химиялық тілдің ең маңызды бөлігі болып есептелінеді, себебі сол заттың химиялық құрамын ажыратып береді.

Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Өз басым интерактивті тақтаны әр сабақ барысында, соның ішінде химиядан зертханалық сабақтарды өткізген кезде жиі қолданамын. Мысалы: Бейорганикалық химия пәнін оқытуда интерактивті тақтамен жұмыс жасауда оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге, оны пайдалана алуына мүмкіндік береміз. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге, дағдыланады. Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. Оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Жауап нәтижелерін бақылап және оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтай алады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады.

Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту оқытушының оқушымен жеке жұмыс істегендей болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.

Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары болмақ. Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта мектептегі білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мультимедиялық технологиялар көбіне компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген компакт-дискілер бар. Мектептегі химия сабағын компьютердің көмегіне сүйеніп өткізуге көп мүмкіндіктер жасалған. Жаңа материалды түсіндіруде интерактивті компьютерлік графиканы пайдалануды көздейтін аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдалануға болады. Компьютерлік графикалық материал презентациялық монитор көмегімен көрсетіледі. Химия пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің барлығы химия бойынша минимум талаптарына сәйкес келеді. Келесі бір маңызды жағдай уақытты үнемдеу. Аз уақыттың ішінде бағдарламаның көптеген киын сұрақтарын формулалар мен эксперименттер көрсету арқылы түсіндіріліп, бекітіледі. Химия сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып өз бетінше жұмыс істеу факторы – есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, сабақтар өткізуді қолға алдым.



Бекіту сұрақтары:

1. Жаңа педагогикалық технологиялардың маңызы неде?

2. Интербелсенді әдіс пен дәстүрлі әдістің айырмашылығы?

3. Ақпараттық технологияларға не жатады?

4. Химия сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолданылудағы маңызы.




Қолданылған әдебиеттер:

1. И. Нұғыманов. Химияны оқыту әдістемесі // Алматы:Print- S 2005

2. А.Салихова. Оқушылардың шығармашылығын дамыту// Ғылыми- әдістемелік журнал, № 5 – 2009 ж.

3. Л.С.Омарова. Химияны оқыту әдістемесі. //[Электрондық ресурс]:- Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2007

4. А.А.Елизаров. Методика преподавания химии в школе.//Издательство « БИНОМ. Лаборатория знании» 2010

5. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті



50 елдің қатарына кіру стратегиясы».

6. «Химик анықтамалығы» журналдары. №1 (15),2010 жыл, №2 (16),

2010 жыл.

7. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

8. А. Салихова «Оқушылардың шығармашылығын дамыту»Ғылыми-әдістемелік журнал, №5-2009 ж



2 МИКРОМОДУЛЬ «ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАР».

Дәріс №17-20

Тақырыбы: Химияны проблемалық оқыту технологиясы.

Жоспар:



  1. Проблемалық оқытудың мазмұны және сол арқылы оқушылардың оқуға деген ықыласын арттыру.

  2. Проблемалық оқытудың мақсаты.




  1. Проблемалық оқытудың мазмұны және сол арқылы оқушылардың оқуға деген ықыласын арттыру.

Қазіргі кезде оқыту процестерін жетілдіру негізгі мәселе болып тұр. Оқыту процесін жетілдіру арқылы, оқушының білім дәрежесін көтеруге болады. Ал, білім нақтылы, тиянақты, тұрақты болу үшін, білім берудің негізін түрлендіру керек. Міне, соның бір жолы оқытудың проблемалық әдісі. Бұл әдіске көптеген мұғалімдер мән бермейді. Неге десеңіз бұл әдістер туралы материалдар аз және оның тиімділігіне кейбір мұғалімдер сенбейді. Міне, сондықтан да біздің зерттеп отырған жұмыстарымыздың маңыздылығы немесе актуалдығы сол, проблемалық оқыту әдісі арқылы оқушылардың ой-өрісін арттыруға, соған байланысты оқыту материалын салыстыруға, жүйелеуге қорытындылауға оқушыларды үйретуге болады. Осы әдістерді пайдаланып, сабақ берудің проблемалық әдістемелерін құрастыру керек. Бұл жағынан зерттеудің маңызы зор.
Бұл жұмыстың мақсаты: проблемалық оқыту әдісі туралы бағдарлама құру , оқу материалын іріктеп, оқытудың әдістемесі туралы материал құрастыру.
Проблемалық оқыту – ойлау операциялары (логика, талдау, қорытындылау және т.б.) мен оқушылардың ізденіс әрекеттерінің заңдылықтарын (проблемалық, ситуациялық, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.б.) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тәсілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан ол бәрінен гөрі көбінесе мектеп оқушыларының ойлау қабілеттерін дамытуды, оның жалпы дамуын және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Проблемалық оқыту арқылы оқушылардың оқуға деген ықыласын арттыру дегеніміз олардың ойлау қызметін жандандыру, дамыту болып саналады.
Демек, мәселелік оқыту мұғалімнің жан-жақты әрекеттерін талап етеді. Бұл әрекеттер оқушының жаңа ұғымының мәнін ашу тәсілдерін өздігінен іздестірумен сипатталатын танымдық әрекеттерін ұдайы тудырып отырады. Мұндай қызметті ізденіс деп атайды.
Ізденістің мәні неде? Оқушы нені іздейді?
Оқушы өзіне берілген сұраққа жауап іздейді, ол берілген мәселені шешудің тәсілін іздейді. Ақыл – ой ізденісі – күрделі процесс. Ол әдетте, мәселелік ситуациядан, мәселеден басталады. Бірақ мәселенің пайда болуымен ізденістің бәрі бірдей байланысты емес. Егер мұғалім оқушыларға қалай орындау керектігін көрсетіп, тапсырма берсе, онда өздігінен іздеудің өзі де проблеманы шешкендей болмайды. Оқушылар материалдар жинай отырып, ғылыми зерттеу жұмысына белсенді қатысып соның өзінде ешқандай мәселе шешпеуі мүмкін. Егер оқушы жалпы дербес ізденіспен емес, мәселелерді шешу жолдарын іздестіру ізденісімен айналысатын болса, онда оқу мәселелік оқуға айналады.
2.Мәселелік оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолын да меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау қызметін арттыру. Ойлау адамның проблемаға тап болуынан басталатын болғандықтан, мәселелік оқытудың негізі мәселелік ситуация блып табылады. Мәселелік ситуация – адам пайда болған құбылысты, фактіні, шындық процесін қалай түсіндіруді білмеген, мақсатқа өзіне мәлім тәсілмен жете алмайтын жағдайда туған оның интелектуалдық қиналуы. Мәселелік ситуацияның пайда болуынан бастап, мәселенің шешілуіне дейін бірнеше кезеңі болады:

а) мәселелік ситуацияның пайда болуы;

б) қиындық мәнін ұғыну мен мәселе қою;

в) ойлап табу немесе жорамалдар жасау мен гипотезаны негіздеу жолымен шешу тәсілін табу;

г) гипотезаның дәлелдемесі;

д) проблема шешімінің дұрыстығын тексеру.

Мәселенің шешілуі – бұрынғы білімдерге сүйенген жаңа фактілерді талдаудың нәтижесі, белгілі бір қағида ақиқаттығын дәлелдеудің нәтижесі.
Сөйтіп, мәселелік оқыту процесі кезеңдерге бөлінеді, бұл кезеңдердің бірізділігін ойлау процесінің логикасы күні бұрын белгілейді, ал оның басталатын жері мәселелік ситуация болып табылады.
Мектеп оқушысының мәселелік оқуын ұйымдастырудағы мұғалім қызметінің ерекшелігі неде?
Мектеп оқушыларының оқу процесін басқару жөніндегі мұғалім әрекетінің негізгі түрі (оқыту тәсілі) бұл жағдайда жаңа материалды түсіндіру емес, қайта мәселені және мәселелік ситуациялардың пайда болуына әкеліп соғатын сұрақтар, танымдық міндеттер, оқу тапсырмаларын қою болып табылады. Бұл мектеп оқушыларының ақыл – ой әрекетіне түрткі болады және олардың өзіндік ізденіс іс – әрекетін (мәселелік сұрақтарға жауаптар іздеу, өз бетімен есептер шығару) қамтамасыз етеді. Оқу міндеттерін (сұрақтар қою, тапсырмалар беру және т.б.) өзгерту жолымен мұғалім оқушыларды әр түрлі ақыл – ой әрекеттеріне ынталандырады.
Мектеп оқушысының танымдық дербестігін, шығармашылық ойлау дағдыларын үнемі қалыптастыру үшін, ең алдымен салыстыру, талдау, синтез жасау, абстракциялау үшін, жалпылау, нақтылау, классификациялау жүйелеу ой қорытындысы сияқты ойлау операцияларының дағдыларын қалыптастыру керек. Міне, мұндай оқушылардың шығармашылық ойлау іс-әрекеттері нақтылы тақырыптарды өткенде қалыптастыруға болады.
Мысалы, «Қаныққан, қанықпаған көмірсутегі» тақырыбында негізгі мәселе болып саналатын, ол көміртегі атомдарындағы химиялық байланыстың бағыттасу ерекшеліктері, соған байланысты гибридтенудегі механизмі. Ал, қосымша мәселе болып, бұл тақырыптарда көміртегі атомдардың кеңістіктегі орналасу ерекшеліктері саналады. Барлық сабақтар мәселелік болуы мүмкін емес, дегенмен де тақырыптың мазмұны алдыңғы сабақтарда жасалған мәселелік ситуацияларға негізделіп құрылады.
Қаныққан, қанықпаған көмірсутектер тақырыбында этилен көмірсутектерінен гөрі қанықпаған көмірсутектерінің болуы мүмкін бе деген мәселелік ситуацияны айқындаймыз. Жалпы формуласы СnH2n-2 бойынша қатардың бастапқы үш мүшесінің C3H4, C4H6, C5H8 формулаларын жазамыз. Бұлардың құрамының тым қанықпағандығын көмірсутектерінде тағы да бір π – байланыстың болуымен байланыстырамыз. Көмірсутектердің изомериясы туралы оқушыларға мағлұматтар диен көмірсутектері тізбегіндегі қос байланыстардың өзара түрліше орналасуынан туатын изомерияның жаңа түрімен толықтырылатынын атап айтамыз. Класқа диен көмірсутектерінің химиялық қасиеттері жөнінде жорамал жасауды ұсынамыз. Одан кейін мына мәселені шешеміз: Осы қатар көмірсутектердің қасиеттеріне еселік байланыстар санының өсуі әсер ете ме? 1:1 қатынасында галогенді қосып алу реакциясын талқылаймыз. Нәтижесінде галогендер атомдары ең шеткі көміртегі атомдарына қосылатынын, қос байланыстың 3 – жағдайға орын ауыстыратынын анықтаймыз:

H2C = CH – CH = CH2 + Br2 → H2C – CH = CH – CH2Br

Br
Галогендер мөлшері жеткілікті болса, реакцияның екінші сатысы жүруі мүмкіндігіне назар аударамыз. Дивинилдің полимерлену реакциясын талдау құрамында π – байланысы сақталатын полимердің қарапайым буындары құрылысының ерекшеліктеріне назар аударуға мүмкіндік береді.
Бекіту сұрақтары:

1. Проблемалық оқыту технологиясы дегеніміз не?

2. Проблемалық оқудың мақсаты мен міндеті қандай?

3. Химия сабағын өткізуде проблемалық технологиялардың маңызы




Қолданылған әдебиеттер:

1. Краевскии В.В. «Проблема научного образования обучения» Химия в школе. М.,Просвещение,1989.8-28 беттер.


2. Зуев Д.Д. «Проблемы структуры школьного учебника». М., 1975, 112-114 беттер
3. Махмутов М.М. «Проблемы обучение». М., Просвещение, 1975. 82-84 беттер
4. О.С. Зайцев «Методика обучения химии», М., «Владос» 1999. 117-143 беттер


Дәріс №21,22.

Тақырыбы: Модульдік оқыту технологиясы.

Жоспар:

1. Модульдік оқыту технологисының манызы мен құрылымы.

2. Модульдік оқыту технологиясының мақсаты мен міндеттері.

3. Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі.

4.Модульдік оқыту технологиясының өзектілігі.
1. Модульдік оқыту технологисының манызы мен құрылымы.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев «ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми қамтылған өндірістері үшін кадрлар қорын жасауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деп атап көрсетті. Бұл талаптар білім саласы қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктейді. Себебі әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.


2. Модульдік оқыту технологиясының мақсаты мен міндеттері.

Жобаның мақсаты: сабақтардың модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, жобалаудың тиімділігін анықтау.

Жобаның міндеттері:

- Модульдік оқыту технологиясының мазмұнымен таныстыру;

- Модульдік оқыту технологиясының құрылымын анықтау;

- Модульдік оқыту технологиясының тиімділігін анықтайтын сабақ үлгісін құрастыру;

- Модульдік оқыту технологиясының білім сапасына әсері;

- Модульдік оқыту технологиясы арқылы сабақты жоспарлаудың маңыздылығы



Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.


3. Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі.

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:

1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі;

2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру,

3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.

Оқушыларға: 1) өз ойларын толқы жеткізе алмауы; 2) материалды мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіруін қалауы; 3) нақты фактілерге мән бермеуі; 4) білімді жинақтауға мән бермеуі.

С.И.Ожеговтың пайымдауынша «Модуль дегеніміз – белгілі бір тақырып ішіндегі бөліктердің өзара топтастырылған жүйесі». Ал «технология» гректің «шеберлік» деген сөзі.

Яғни, модуль — тұтас жүйенің бір бөлшегі, пәннің негізгі заңдылықтарын ашатын ұғымдардың бір-біріне байланысты элементтердің жиынтығы.

Модульдік технология дегеніміз-білім алушының ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз бетімен ізденуіне, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық құрылым, адамның өзін-өзі дамуының амалы, жолы.

Оқыту технологиясының біз әзірлеген нұсқасының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерін, яғни жадының алуан түрін (есту, көру, қимыл-қозғалыс және т.б.), ойлау, ынта, қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас жасау, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілде) дамытуға бағытталуында.

М.М.Жанпейісованың технологиясында модуль 3 құрамды бөліктен тұрады:

1.Кіріспе

2.Сөйлесу

3.Қорытынды.

Әр оқу модулінің сағаты әр түрлі болады. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсеткен. Осы оқу модулінің ерекшелігі жалпы сағат санына қарамастан кіріспе және қорытынды бөліміне 1 немесе 2 сабақ саны бөлінеді, ал қалған сағаты сөйлесу сағаты болады.

Кіріспе бөлімде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттеріментаныстырады. Сонан соң осы оқу модулінің барлық уақытына есептелгеноқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте, және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Оқушылар бұл кезеңде бағдарламаның аталған тарауын неге және не үшін оқып үйренулері керектігін, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түсінуі қажет.

Сөйлесу бөлімінде оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейі, қарапайым білік пен дағдыларын және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы жүзеге асырылады.

Тақырып мазмұнына «өсу» бағытымен — қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмалар мен зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, жазбаша және ауызша тілін дамытуға мүмкіндік береді.

Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әрбір берілген оқу материалын сабақта үш күрделілік деңгейінде тыңдау, жазу, көру және айтуға мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.

3,4-сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай тапсырмалар беріледі (ІІІ және ІІ деңгейлер)

І деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне, яғни интеллектуалдық және креативтік дарынды балаларға арналған.

Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмалар қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындалу міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүкіндігіне қарай таңдауға ерікті.

Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. Бұл бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларынешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.

Егер сөйлесу бөлімінде оқушыларға үш деңгейлік (жеңілдетілген стандарт, стандартты, стандарттан жоғары) тапсырмалар берілсе, қорытынды бөлімде барлық оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай бірдей тапсырмалар беріледі.

Зерттеушілік сипаттағы тапсырмалар бөлек есептеледі. Олар баяндама, хабарлама, реферат түрінде болуы және оқушыллардың ғылыми қоғамына (ОҚҒ), конкурстарға ұсынылуы мүмкін.



Модульдік оқыту технологиясы

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптастасуда. Бұл сының процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Каменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект –субъектілері педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі ретінде , өзін өзі өзектілендірудге, өзін танығуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын жазушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық – бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін , білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы, дамуын қойып отыр

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

«Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу –тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің , мазмұнынң, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері ,мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».

Бүгінгі таңда М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал.

Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің және т.б.ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Модуль дегеніміз –қандайда бір жүйенің,ұйымның нықталатын, біршама дербес бөлігі.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады:

- кіріспеден , сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.

Кіріспе бөлімінде тәрбиеші балалармен оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы модулінің барлық уақытында есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде ), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен –қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр балаға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, тілін дамытады.

Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш негізгі кезеңне тұрады:

· кіріспе –қызықтырушылық

· опериационалдық-танымдық

· рефлексиялық-бағалау

Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруға түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекетін бастаған тиімдірік.

Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші — операциялық- танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.

Бұл бөлімді қарастыру үшін біз Л.Фридманның төмендегідей ережелеріне негізделген тұжырымдамасына сүйенейік:

1. Бала жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызмет жүйесі ретінде қаралады. Олар баланың қисынды ойлауын,қабілеттерін көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашлық және тағы да басқа дамытуға , яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.

2. Оқытуды басқарудың психологиялық сенімді түрі-ең алдымен баланың қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарындамытуға жағдай жасау.

3.Басқару икемді болуы тиіс. Балалардың іштей өсуі жүргенде ғана білім дәрежесінің артылуына мүмкіндік болады.

4. Балалар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғалыққабағытталған болуы тиіс.

5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.

Оқу модулінің сөйлесу білімін даярлағанда тәрбиеші оқу материалынның негізгі мазмұның бөліп,құрастырады.

Мұнда балалар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетіні есепке алу керек, бұл бөліктерде қызқаша сыйымды түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі.

Пысықтауды қажет ететін материалды тәрбиеші үш күрделілік деңгейінде дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын тандайтынын әр оқушының өзі шешеді. Бұның бір маңызы- күрделі , ізденушілік , шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған балаға , яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.

Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда тәрбиеші балалардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл аударады.

Тәрбиешінің сөйлесу бөлімін дайындаудағы бес әрекет-қадамнан тұратын даярлық құрылмы қалыптасады.

1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негзгі мазмұның белгілеу.

2. Оқу материалын біртұтас, жинақы, «өсу» бағытымен беру.

3. Тақырып бойынша жеңілдететін деңгейдегі және  білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау.

4. Осы бөліктің сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету.

5. Балалардың пәнге қызығушылығын және креативтігін дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау.

Модульдік оқытудың құрылымы

Оның мазмұнына:

1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;

2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

3. Балалардың білім деңгейін алдын ала бағалау:

4. Оқу әрекетінің жиынтығы;

5. Нәтижені бағалау:

Осының арқасынды оқу процессі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блокттардан жасалады. Қайта жаңғыртатын оқу циклі ретінде оқумодулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды:

· Кіріспе бөлім(модульге, тақырыпқа енгізу)

· Сөйлесу бөлімі(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)

· Қорытынды бөлім(бақылау).


  1. Модульдік оқыту технологиясының өзектілігі.

Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.

Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушылардың ойлау, елестету мен есте сақтау қабілетінің, ынтасының, белсенділігінің, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік (стандарттық) деңгейде білім алуына кепілдік береді.


Бекіту сұрақтары:

1. Модуль дегеніміз не?

2. Модульдік оқыту технологиясының мақсаты мен міндеттері.

3.Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі қандай?

4. Оқыту құрылымының маңызының бөліктерін ата.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы 2006 жыл.

2.Қамзина М. «Модульдік оқыту технологиясы».//Тәрбие құралы. 2005 жыл, №4.

3.Педагогтың кәсіби деңгейін өсіруде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары.//Ғылыми-практикалық жинақ. Алматы, 2008 жыл.

4.Искакова Р., Ерназарова З. «Жаңа технологияны пайдалану әдістері». Қызылорда, 2004 жыл.

5.Жадрина М.Ж. «ҚР-дағы жоғарғы білім беру дамытудың тенденциялары мен мәселелері». Алматы 2002 жыл.

6. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан //Қазақстан халқына

Жолдауы//, 28.02.2007.


Дәріс 23,24.

Тақырыбы: Модульдік оқытудағы педагогикалық бақылау.

Жоспар:

1. Модульдік оқытудағы педагогикалық бақылаудың міндеті.

2. Оқу модулінің ерекшеліктері.

3. Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейлері.

4. Оқу модулі құрылымының кезеңдері.

1. Модульдік оқытудағы педагогикалық бақылаудың міндеті.
Қазіргі білім парадигмасы мен философиясының өзгеруі білім беру жүйесі қызметкерлерін оқытудың ақпараттық және компьютерлік технологияларға негізделген сапасымен қарқындылығын қамтамасыз ету қажеттілігін талап етуде. Білім беру ұйымдары іс — әрекетінің негізгі нәтижесі тек білім , іскерлік және дағды жүйесі ғана емес, керісінше зиялы саяси қоғамдық, коммуникациялық, ақпараттық және басқа салаларындағы мемлекет тапсырыс беріп отырған негізгі құзыреттіліктердің жиынтығы.

Әлемдік оқу үрдісінің өзегі — жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады. Модульдік оқытудағы педагогикалық бақылауда мектептегі білім мен тәрбие беру жүйесінің міндеті — оқушылардың жан-жақты танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай алатын әр оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту. Әр мектеп білім беруді жоғары деңгейге көтеру мәселесін қолға алып, білім беру үрдісін басқару мәселесін жүзеге асыруда. Білім беру үрдісін басқару жүйесінің құрылымы жеке тұлғаның қайталанбас даралығының дамуына, шығармашылық бастама алуына бағыт беріп, жағымды орта қалыптастырудан тұрады.

Білім беру жүйесі — әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.

Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында тұрған басты міндет — өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту.

Осыған орай, жоба «Модульдік оқыту технологиясы» деп аталады.


2. Оқу модулінің ерекшеліктері.

Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.

Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады.

Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті.

Оқу модулінің өзгешілігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.



Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.

Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.

Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан кұрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті. Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып,ғ жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.

Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, зертханалық жұмыстар немесе эксперименттік есептер оқу пәнінің ерекшелігіне орай, оқу модулінің қорытынды бөлімінде беріледі.



Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.

Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі- тәрбиешінің даярлық жүйесі. Тәрбиеші бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұның және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды.

Бұл технология



  • баланың тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;

  • танымдық поцестерін дамытуға;

  • жағымды қызығушылық қалыптастыруға;

  • белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға;

  • тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік,сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруа ықпал етеді.


3. Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейлері.
Оқу модулі оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі:

1. Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.

2. Алгормитмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.

3. Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдеибеттерді пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.

4. Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді.

Модульдік оқыту технологиясы – баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, бала өз әрекетін жоспарлай, талдай, өз бақылай білуге үйренеді. Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының маңызды міндеттерінің бірі. Соңғы он жылдықта оқу-тәрбие процесіне жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту технологияларын енгізу мен жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға үлкен мән берудің өзі Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды талап етуде. Осы уақытқа дейін арнаулы оқу орындарында оқу процесі жаңаша педагогикалық ойлауға орай ұйымдастырылмады, оқу процесінде субъект – субъектілік қатынас жүзеге аспады. Өйткені, оқу процесі дәстүрлі оқытуға негізделді.

Атап айтсақ, білімді толық меңгерту әдістемесінде оқытушының жұмысы мынадай жүйеде құрылады (М.М.Жанпейісова бойынша):

Оқушыларды оқытудың мақсатымен таныстыру;

Топта берілген блок (мазмұны бойынша жақын) тарау бойынша жалпы оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру;

Оқытушының материалды қысқаша түсіндіруі (сызба, график, кесте және т.б.);

Оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру;

Оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;

Жалпы тарауды, тақырыпты 4-7 рет қайталау негізінде оқу материалын меңгерту;

Барлық тақырып бойынша тест (сынақ, сынақхат, бақылау жұмысы, т.б.) жүргізу.

4. Оқу модулі құрылымының кезеңдері.

Бұл технологияның ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқу модулінің құрылымы кіріспеден, диалог (сөйлесу) және қорытынды бөлімнен тұрады.

Оқу циклі ретінде ұдайы қайталанатын оқу модулінің өз құрылымы бар. Ол үш бөлімнен тұрады.

Кіріспе бөлім (модульге, тақырыпқа ену)

Сұхбат бөлімі (көбінесе сұхбаттасу, диалогты қарым-қатынас арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру)

Қорытынды бөлім. Бақылау жұмысын алу.Әр модульдегі сағаттар саны әртүрлі. Бұл бағдарлама бойынша тараулар тақырыптар блогына, тақырып берілген сағат санына байланысты.

Тарау көлеміне қарай, мен мұндағы тақырыптарды үш модульге енгіздім. Сіздерге ұсынарым №3 модуль. Бұл сабақты кіріспе бөліміне 1 – сағат, сұхбат бөліміне 4 – сағат, қорытында бөліміне 2 – сағат, жалпы 7 сағатқа бөлінеді.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет