ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «КӘсіптік педагогика және психология негіздері»


Сыртқы әрекеттерді 3 топқа бөлуге болады



бет4/5
Дата28.06.2017
өлшемі0,79 Mb.
#20355
1   2   3   4   5

Сыртқы әрекеттерді 3 топқа бөлуге болады.

  1. Адамның көру, есту, т.б. сенсорлы каналдар арқылы информацияны қабылдау құралдары.

  2. Адамның қимыл-қозғалыс органдары арқылы немесе дауыс арқылы информацмияны еңгізу құралы.

  3. Әрекеттің белгілі бір вариантын таңдау құралдары.

Адам әрекеті жан-жануарлар белсенділігінен айырмашылығы;

  1. Адамның әрекеті продуктивті, творчестволық жасаушы б.т. Жан-жануарлар белсенділігі инстинкт негізінде болады, ол табиғатта жаңа нәрсені жасамайды, туындамайды.

  2. Адамның әрекеті материалдық және ішкі рухани заттардыңқарым-қатынасынан көрінеді. Бұл заттар негізгі құрал, немесе өзінің қажетін өтеу немесе өзінің даму заты ретінде қолданады. Жан-жануарлар үшін адамның құрал-жабдықтарының қажеті жоқ.

  3. Адамның әрекеті, оның өзінің даму деңгейін, қажетін, қаблеттерінің өмір сүру тіршілігінде ешқандай өзгерістер әкелмейді.

  4. Адамның әркеті оның әртүрлі формалары мен құрал-жабдықтарының тарихи өнімі. Жан-жануарлар белсенділігі олардың биологиялық эволюциясы қортындысы ретінде көрінеді.

  5. Заттық әрекет адамдарға туа сала берілмейді. Ол мәдени дамуда беріледі. Бұндай әрекетті оларда оқыту, тәрбиелеу негізінде қалыптастырып, дамыту керек. Сол сияқты ол ішкі нейрофизиологиялық, психологиялық құрылысқа да байланысты. Жан-жануарлар белсенділігі туа сала беріледі, анатомиялық-физиологиялық пісіп жетілуіне байланысты дамиды.

Адам әрекетінің компоненттері ішкі және сыртқы болады.

Ішкі компоненттер – анатомиялық физиологиялық құрылыс процесінде адамның әрекетін орталық нерв системасы арқылы басқару және психологиялық процестерді қалыптастыру адам әрекетінің регуляциясына қосылу.

Сыртқы компоненттер - әртүрлі әрекеттерді практикалық тұрғыдан шешу. Әртүрлі қимыл-қозғалыстар. Бұл әрекеттердің дамуы әртүрлі болады. Ол интериоризациядан және автоматтанудан тұрады.

Экстериоризация - әрекеттер барысында белгілі бір қиындықтардан туындауы. Оларды қайта құру, ішкі компоненттерді қажет ету, сырттан ішке өту.

Автоматтанған – ішкі нәрсе қайтадан сыртқа өтеді, саналы түрде басқарылады.

ІС-ӘРЕКЕТ

Себеп - әрекетке Әрекет Мақсат, әрекеке жету

итермелейтін күш


ӘРЕКЕТ

Моторлы орындау Орталық реттеу Сенсорлы ортада

(қимыл-қозғалыс) (ойлау) Бақылау (сезімдік)

Әрекет психологиялық теориясының негізгі түсініктері отандық психология кезеңінде 50-жылға жуықтай дамыды. Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, А.Р. Лурия, А.В.Запорожец, П.Я.Гальперин есімдерімен байланысты. Бұл теорияның отандық психологияның негізі болуы себебі:


  • Осы уақытқа дейін біз адамның психикасы мен дамуына еңбек пен әрекеттің атқаратын қызметін ашып көрсеттік. Бұл зерттеудің методологиялық негізі болып есептелінеді;

  • Психологиялық әрекет теориясы бұл көзқарас тұрғысында адамның психикалық феномендерді, соның ішінде сананың да әрекетте көрінуін анықтады.

Әрекет теориясының психологиялық принциптері:

  • Сана өзіне өзі тұйықталып бітетіні сияқты қарастырылмауы тиіс, ол әрекетте көрінуі тиіс;

  • Тәртіпті адамның санасынан бөліп алып қарастыруға болмайды;

  • Әрекет – мақсатты түрде бағытталған, белсенді процесс;

  • Адамның мақсаты әлеуметтік мінездемеге ие.


Негізгі ұғымдар: іс-әрекет, әрекет, түрткі, интериоризация, операциялар, ойын, еңбек, оқу.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Ішкі және сыртқы іс-әрекет қалай қатынасады?

  2. Адам іс-әрекетінің құрылымы мен динамикасы қандай?

  3. Іс-әрекет түрлеріне талдау жасаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Жақыпов С.М. Жалпы психология негіздері. Оқулық – А.: Алла прима, 2012

  2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.

  3. Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003

  4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПб., 1999

  5. Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998


12-тақырып. Адам аралық қатынастар психологиясы.

  1. Адам аралық қатынас дегеніміз не?

  2. Қатынас құралдары, түрлері, құрылымы және қызыметі.

  3. Қатынастың дамуы.

Қатынас дегеніміз – адамның басқа адаммен қоғам мүшесі ретінде өзара әрекеттесуінің ерекше формасы. Қатынастың өзара тығыз байланыстағы үш қырлары бар, олар: коммуникативті, интерактивті, перцептивті қырлары.

К.Қ. – адамдардың өзара ақпаратпен алмасуы.

И.Қ. – адамдар арасындағы өзара әрекеттестікті ұйымдастыру, м-ы, әрекетті бөлісу, көңіл-күйге әсер ету және т.б.

П.Қ. – қатынас б-ша жұптардың бірін-бірі қабылдауы және осының негізінде өзара түсінушілікті қалыптастыру.

Қатынас құралдары:



  1. Тіл – сөздер жүйесі, олардың мағыналық қолданудағы қ-қ-та қолданылатын байланыстар ережесі. Бір тілде сөйлейтін адамдар үшін сөз және оларды қолдану ережесі ортақ, ал бұл қатынастың тілдің көмегі арқылы мүмкіндігін көрсетеді.

  2. Интонация – түрлі сөз тіркестеріне түрлі мағына беретін эмоцианалды дауыс ырғағы.

  3. Мимика – дене бітімінің сырт көрнісі, көзқарас. Айтылған фразалардың мағынасын күшейтуші немесе керісінше әлсіретуші қызметін атқарады.

  4. Ым-ишаралар – сөздің неғұрлым қанықтылығын көрсететін құрал ретінде саналады.

  5. Арақашықтық – қатынас жасаушылардың арақашықтығы. Бұл түрлі мәдени, ұлтық дәстүрлерге, сондай-ақ сөйлеуші жұптардың бір-біріне сенім арту деңгейіне байланысты.

Қатынастың жүзеге асырылу этаптары:

  1. Қатынас жасауға деген қажеттік адамды басқа адамдармен байланысқа түсуге итермелейді.

  2. Қатынас жасау мақсатын, жағдаяттарын реттестіру .

  3. Қатынас жасауға шақырылған адамның жеке тұлғалығына ыңғайласу.

  4. Қатынас мазмұнын жоспарлау(көп жағдайда бұл бейсаналы жүреді).

  5. Бейсаналы немесе саналы түрде адамның қолданатын нақты құралдарын іріктеуі, өзін-өзі ұстау мәнеріне бағыттау.

  6. Кері байланыстың негізіндегі қатынастың тиімділігін бақылау, оны қабылдау, бағалау.

  7. Бағыттылық, қатынас әдісі мен стилін коррекциялау.

Қатынас түрлері:

  • Жеке қатынас. Жеке адамдар, яғни екі адамдардың арасындағы сүйіспеншілік пн жеккөрушілік, сыйластық пен араздық, сенім мен күдіктенудің негізіндегі қатынастар.

  • Формальды немесе қызметтік қатынастар. Қатынастардың бұндай түрін “маскалық контакт” деп атайды. Өзара түсінушілік, келесі адамның жеке ерекшелігін ескеру сияқты жағдайлар болмайды.Керсінше, сыпайылық , қаталдық , қарапайымдық немесе керсінше, сияқты маскалар пайдаланылды.

  • Қызыметтік қатынаста , жеке ерекшеліктер: мінез, жас ерекшелігі, көңіл-күй ескеріледі, бірақ ортақ істің маңызы олардан гөрі басым.

  • Примитивті қатынас, адам қатынасқа түсу үшін екінші адамды керек немесе керек емес объект ретінде бағалаған жағдайда. Керек болған жағдайда байланысқа белсенді кіріседі, керек емес болса – дөрекілік көрсетеді.

  • Формальды-ролдік қатынас, қатынастың мазмұны қолданылатын құралдар алдын ала қатаң жоспарланады. Бұнда адамның жеке ерекшелігі емес, оның әлеуметтік ролі бірінші орынға шығады.

  • Рухани қатынас, қызығушылығы, дүниетанымы, көзқарастары ортақ адамдар арасындағы қатынас. Бұнда артық толықтырушы сөздер артық болып есептелінеді.

  • Манипуляциялық қатынас , қатынасқа түсуші адамнан міндетті түрде қандайда бір пайда өндіруде қолданылады. Бұнда қорқыту, жағымсу, өтірік айту, жасанды мейрімділік көрсету,шантаж және т.б. тәсілдер қолданылдады.

Снымен қатар, ақсүйектік, дау-дамайлы және т.б. көптеген адам аралық қатынас түрлері бар.
Негізгі ұғымдар: қарым-қатынас, коммуникация, қарым-қатынас құралдары, тіл, интоннация, ым-ишара,қарым-қатынас түрлері.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Қарым-қатынас - адамның әлеуметтік қажеттілігі ретінде талдау жасаңыз.

  2. Қарым-қатынас құралдарын атап беріңіз.

  3. Қарым-қатынастың жүзеге асырылу этаптары қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Жақыпов С.М. Жалпы психология негіздері. Оқулық – А.: Алла прима, 2012

  2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.

  3. Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003

  4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПб., 1999

  5. Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998


13-тақырып. Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі.

  1. Жалпы педагогикалық процесті ұйымдастырушы орталықтар.

  2. Педагогикалық ұжым - әлеуметтік ұйым ретінде.

  3. Отбасы – ерекше педагогикалық жүйе.

  4. Педагогтың оқушы ата-аналарымен жұмыс істеу формалары.

Педагогикалық процесті ұйымдастыру оның сапасын жоғарлату жалғыз мектептің ісі емес, бұған мектеп, отбасы және жұртшылыұ бірігіп жұмыс атқаруы тиіс.Ал бұл жұмысты жүзеге асыру үшін оның өзіндік ерекшеліктері: әдістері немесе түрлеріне көңіл аудару қажет және ол ерекшеліктер бірқатар факторларға байланысты:

  • педагогикалық процестің объективті заңдылықтарын білу;

  • қазіргі кездегі мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу;

  • қазіргі отбасының ерекшеліктері иен даму тенденцияларын түсіну;

  • жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты, мұғалім ата-аналармен және жұртшылықпен жұмысқа дайын болу;

Бұл факторларды ескере келетін болсақ, бұл жұмысты басқарушы әлеуметтік институит – мектеп болып табылады.

Мектептің, отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік қызметінің біртұтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізілген жұмыстарының нәтижесі. Бұл нәтиже қазіргі заманғы білім беру мекемесіне қойылатын басты талаптың бірі.Мектеп отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейтеді және дамытады, сәйкес осы бағытта педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізеді және бұған қоғамдық ұйымдардың қатысуын ұйымдастырады. Осы жүйенің жұмысы нәтижелі болуы үшін мектеп мына талаптарға жауап беруі керек:



  1. бүкіл педагогикалық ұжым әрекетінің мақсаттылығы, яғни нақты педагогикалық проблемаларды шешу үшін арнайы жиналыс өткізу, ағарту дәрістері және жеке отбасыларына ықпал жасау;

  2. педагогтың бұл жұмыстар бойынша кәсіптік біліктіліктерін арттыру;

  3. педагогтың ата-анамен жүргізетін жұмысына бірыңғай талап қою.(талапты орындаушылық кліспеушіліктерге әкеледі);

  4. ықпалды қоғамдық ата-аналар ұйымын қалыптастыру;

Тәрбие ықпалдарының бірлігі – мәселелерін Н.К.Крупская, А.С.Макаренко қарастырған. Бұлар кеңестік идеологиясында болғанымен, бұл мәселенің негізгі ғылыми принципін жете түсіндірген “Бірыңғай ықпал болмаған жерде – тәрбие жоқ ”. Осы принципті жүзеге асырушы ретінде педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшеліктерін В.А.Сухомлинский көрсеткен және тәжірибе алмасу керектігін айтқан.

Кез келген ұжым сияқты педагогикалық ұжымның да өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер:



  • кәсіптік қызметіне байланысты, ал кәсіптік қызмет тиімділігі:

    1. оның мүшелерінің мәдениет деңгейімен;

    2. тұлғалардың қатынас сипатымен;

    3. ұжымдық және дербес жауапкершілікті сезінумен;

    4. ұйымшылдық, ынтымақтастық деңгейімен;

Оқушылар ұжымы бола отырып, педагогикалық ұжым оның басқарушысы болады. Сондықтан, педагогикалық ұжым немесе оқушылар ұжымы басқарудың да, өзін-өзі дамытудың да субъектісі болады.
Негізгі ұғымдар: мектеп, отбасы, қоғам, педагогикалық ұжым, әлеуметтік-психологиялық климат.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Қоғамға және нақты жеке адамға қатынасына қарай отбасының ерекшеліктері қандай?

  2. Педагогикалық ұжымдағы қолайлы психологиялық ахуалдың белгілері қандай?

  3. Педагогикалық кеңес беру дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004

  2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003

  3. Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988

  4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006

  5. Ұзақбаева С. Эстетикалық және экономикалық тәрбие негіздері. –А.,1991

  6. Фридман Л.М., Кулагина И.Ю. Психологический справочник учителя. – М.; 1991


14-тақырып. Білім жүйесін басқарудың қоғамдық мемлекеттік сипаты.

  1. Білім беру жүйесін мемлекеттік және қоғамдық басқарудың негізгі белгілері.

  2. Педагогикалық жүйені басқарудағы мәселелер.

  3. Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік-педагогикалық және уақыттық шарттары.

Басқару дегеніміз – шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтиженің қорытындысын шығару болып табылады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі. Бұнда білім беру жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министірлігі, облыстық білім департаменттері,қалалық және аудандық білім бөлімдері қарастырылады.

Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елдегі “Білім туралы” заң негізінде бірыңғай мемлекттік саясаттың жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында ҚР білім саласы оған әсер ететін еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси, халықаралық саласындағы жетістіктерімен байланыстырылады.

Білім беруді басқарудың мемлекеттік сипаты “Білім туралы” заңда белгіленген мемлекеттік саясат принциптерінмынадай бағыттармен де айқындайды:


  • Білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығын, жеке тұлғалықбостандығының басымдылығы.Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

  • Білімнің жалпыға бірдейлігі, білім беру жүйесінің дайындығы, даму деңгейі мен ерекшеліктеріне бейімделгіштігі;

  • Республикадағы мәдени және білім беру кеңестігінің біртұтастығы, аз ұлттардың білім беру жүйесіні қорғалуы;

  • Білім беру жүйесінің еркіндігі мен көптүрлілігі;

  • Білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттік-қоғамдық сипаты.Білім беру мекемелерінің дербесті.

Мемлекеттік басқару органдары – білім және ғылым министірлігі, облыстық білім департаменттері өздерінің компетенциясы шеңберінде білім берудің мақсат бағдарламаларын жасайды және іске асырады; мемлекеттік білім стандартын жасап, білім туралы құжаттардың баламаларын (постификация) айқындайды; білім мекемелері қаржыландырады және т.б. көптеген мәселелерді шешеді.

Мемлекеттік басқару органдарымен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылады. Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата-аналар мен жұртшылық өкілдері енеді. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрнісі ретінде – мектеп кеңесі сияқты органдардың қызметіне танылады.Кеңес жұмысының мазмұны мен қызметі мемлекеттік нормативтік құжаттармен айқындалады.

Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының арта түсуінің тағы да бір көрнісі білім жүйесін мемлекетсіздендіру және білім мекемелерін диверсификациялаудан көрінеді.

Педагогикалық жүйені басқарудағы негізгі мәселелер:



  • Педагогикалық жүйені басқаруды демократияландыру және ізгілендіру;

  • Басқарудың жүйелілігі мен тұтастығы;

  • Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың парасатты үйлесуі;

  • Жеке билік пен басқарудың біртұтастығы;

  • Педагогикалық жүйені басқарудағы ақпараттардың объективтілігі мен толықтылығы.

Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік-педагогикалық шарттары деп оның ахуалы мен дамуының тұрақты жағдайын айтамыз. Мектепті басқарудың шарттары екі топқа бөлінеді:жалпы және арнайы.

Жалпы шарттарға - әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық шарттарды жатқызуға болады.

Арнайы шарттарға – оқушылардың әлеуметтік-демографиялық құрамы, мектептің орналасқан жері (қалалық немесе аудандық), мектептің материалдық мүмкіндіктері, қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндігі және т.б.

Педагогикалық жүйенің уақыттық сипаты балалардың дербес-психологиялық дамуы мен жас ерекшелігіне сәйкес өзара тығыз байланысты үш кезеңнен тұрады.Ол жалпы ұзақтығы он бір жылды құрайтын жалпы білім беретін мектептің үш сатысын құрайды: бастауыш – І-ІҮ; негізгі орта – Ү-ІХ; жоғары – Х-ХІ кластар. Оқытудың бір сатысынан екінші сатысына өту дербестігі тұлғалық дамуда елеулі секіріс болып табылады.


Негізгі ұғымдар: басқару, мектепішілік басқару, мектепішілік менеджмент, орталықтандыру.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Мектеп басқарудағы педагогикалық талдаудың мазмұны қандай және оның ролі?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004

  2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003

  3. Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988

  4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006

  5. Ұзақбаева С. Эстетикалық және экономикалық тәрбие негіздері. –А.,1991

  6. Фридман Л.М., Кулагина И.Ю. Психологический справочник учителя. – М.; 1991

  7. Педагогикалық басшылық.БМ. Т1,1987


15-тақырып. Мектепті басқарудың негізгі формалары.

  1. Мектеп басшысының басқару мәдениеті.

  2. Мектеп басшысының функциялық міндеттері.

  3. Мектепішілік кең таңдау, оның түрлері мен мазмұны.

  4. Мектеп жұмысы жоспарының түрлері, оған қойылатын талаптар.


Мектеп басшысының басқару мәдениеті.

Олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болыа табылады. Кәсіптік-педагогикалық мәдениет – педагогикалық қызметтің белгілі нормалары, ережелері, техника және шеберлік, сонымен қатар педагогикалық құндылықтар, педагогикалық шығармашылықтар.



Педагогикалық құндылықтардың мазмұны : мектеп басшысының педагогикалық ұжымды, процесті ұйымдастыру мақсатымен анықталады.

Басқару мәдениетінің технологиялық компоненті: педагогикалық процесті басқарудың әдістері мен тәсілдері.

Басқару мәдениетінің тұлғалық-шығармашылық компоненті: педагогикалық жүйені басқарудағы шығармашылық әрекеттер.

Мектеп басшысының функционалдық міндеттері.

Әрбір жалпы білім беретін оқу орындарының “жалпы білім беретін мемлекеттік оқу орындарының” негізіндегі өз жарғысымен айқындалады.



  • Мемлекет және қоғам алдында балалар құқығын қорғау талаптарының орындалуына жауапты, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, оның орындалу барысын және нәтижесін қадағалайды, оқу орнының тиімді және сапалы жұмыс істеуіне жауап береді;

  • Мемлекеттік және қоғамдық орындар алдында мектептің мүддесін танытады;

  • Мектептен тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті жағдай туғызады;

  • Мектеп директорының орынбасарын тағайындайды, олардың функциялық міндеттерін белгілейді;

  • Педагогикалық ұжымның, ата-аналардың және оқушылардың пікірін ескере отырып, оқу орнының педагог кадрларын орналастырады, соның жетекшіліктерін тағайындайды;

  • Оқу орнының педагог, әкімшілік, оқу-тәрбие және қызмет көрсетуші кадрларын жұмысқа қабылдайды және босатады;

  • Белгіленген тәртіп бойынша оқу орнына бөлінген бюджет қаржысының ұтымды жұмсалуын ұйымдастырады;

  • Педагогикалық кеңестің келісімімен ерекше көзге түскен мұғалімдерге жалақыға үстеме қосады;

  • Шығармашылық жұмыс істейтін мұғалімдердің педагогикалық эксперимент жасауына, өз әдістерін практикада қолдануға жағдай жасайды;

  • өзінің қызметі бойынша білім басқармасы органдарына және педагогикалық кеңеске алдында жауап береді;

Педагогикалық прцесті талдау тікелей мектеп басшысының функциясына кіреді. Кез келген ұжымы талдаудан басталып, талдаудан аяқталады. Уақытында жүргізілмеген талдау жалпы педагогикалық прцестің ұйымдастыруда қиындықтар туғызады. Сондықтан, педагогикалық талдау өз қызметінде сырттай көлеңкелі сипат алғанымен, мектеп басшысынан жинақтау, салыстыру, жүйелеу арқылы педагогикалық құбылыстарды талдауға керекті ақыл-ойдың ширақтығын талап етеді.

Педагогикалық тладауды мектепішілік басқару теориясына енгізген – Ю.А.Копержевский. Талдаудың субъектісіне қарай оның түрлері анықталады. Топтастыра келе оның үш түрін атауға болады:



  1. параметрлік;

  2. тақырыптық;

  3. қорытынды талдау;

Параметрлік талдау – оқу процесінің барысы мен нәтижесі туралы күнделікті мәлімет жинап, ондағы мәліметтердің себебін анықтауға бағытталады. Бұнда өзгерістер мен түзетулер енгізілуі мүмкін. Параметрлік талдау: ағымдағы сабақ үлгерімі, мекткептегі бір күндік, апталық тәртіп, мектептің санитарлық жағдайы, сыныптан тыс шараларға қатысу, сабақ кестесінің сақталуы және т.б. Параметрлік талдау – фактілерді атап көрсету емес, оларды салыстыру, оның қалыптасу себебін анықтау.

Тақырыптық талдау – педагогикалық практика барысында тұрақты ағымдар мен нәтижелерді зерттеуге бағытталады. Тақырыптық талдау мазмұны келесі мәселелерді қамтиды: оқытудың озық әдістерін үйлестіру, оқушылардың білім жүйесін қалыптастыру, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің адамгершілік, этикалық, ақыл-ой тәрбиесінің жүйесі, мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру.

Қорытынды талдау – уақыт, кеңістік және мазмұн жағынан да кең көлемді қамтиды. Ол оқу тоқсаны, жарты жылдық, оқу жылының қорытындысымен өткізіліп, қол жеткен нәтижелер, олардың алғышарттарын озық үйретуге бағытталады.

Мектеп басшысының келесі функциясының бірі – мектеп жұмысының жоспарын дайындау, оның орындалуына жағдай туғызу, қадағалау.

Мектеп жұмысының прктикасында жоспардың негізгі үш түрі кең қолданылады:


  1. перспективалық;

  2. жылдық;

  3. ағымдық;

Перспективалық жоспар мектептегі соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады.
Негізгі ұғымдар: басқару мәдениеті

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Білім беру мекемесі басшысының басқару мәдениетінің негізгі компоненттерін атаңыз.

  2. Басқару жүйесіндегі бақылау және тексеру қызметтеріне қойылатын педагогикалық талаптар қандай?

  3. Жоспар түрлерінің жасалу этаптары қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004

  2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003

  3. Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988

  4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006

  5. Ұзақбаева С. Эстетикалық және экономикалық тәрбие негіздері. –А.,1991

  6. Фридман Л.М., Кулагина И.Ю. Психологический справочник учителя. – М.; 1991

  7. Педагогикалық басшылық.БМ. Т1,1987


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет