Дәрістің мақсаты: Студенттерді жас ерекшелік психологиясының зерттейтін әдістерінің бағытын, оның қалыптасуы мен дамуына, оқыту мен тәрбиелену процессінде балалардың психикалық жас ерекшелігінің негізгі жолдарымен таныстыру.
Дәрістің міндеті: Адамның өмірде қалыптасатын күрделі психикалық іс-әрекеттері ойлау, сөйлеу мен неғұрлым қарапайым табиғи функцияларын қозу мен тежелу процестерінің арақатынасы мен ерекшелігін ажырата білу.
Дәрістің жоспары:
1.1. Жас ерекшелік психологиясының пәні.
1.2. Жас ерекшелік психологиясының фундаменталді және қолданбалы, теориялық және практикалық міндетері.
1.3. Жас ерекшелік психологиясының қызметтері.
Психология ғылымның бір саласы бола отырып, Жас ерекшелік психологиясының зерттейтін ғылыми талдауға ұшырауы мүмкін психологиялық фактіні – бақылау мен эксприментті алудың негізгі екі әдісін пайдаланады.
Адамзат тарихында іс- әрекетті жүзеге асыру құралдары ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол-оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып табылады.Оқыту баланың психикалық жас ерекшелік процесінде айқындаушы роль атқарады.
Адамның психикалық іс-әрекеті - өте күрделі құрылым. Оның ерекшеліктері алдымен баланың тіршілігі және тәрбиесімен сабақтас. Сөздік-логикалық ес, ұғынымды ойлау, заттық қабылдау және (басқа да жоғары психикалық жолмен қалыптасып), адамға тән жоғары психикалық функциялар биологиялық тұқым қуалаушылық жолмен қалыптасып берілмейді. Бұл олардың тарихи жас ерекшелік процесінде өзгерістерге ұшырап, жетілі түсінуге мүмкіндік береді.Адамның өмірде қалыптасатын күрделі психикалық іс-әрекеті (ойлау, сөйлеу) мен неғұрлым қарапайым табиғи функцияларын (қозу мен тежелу процестерінің арақатынасы мен ерекшелігі) ажырата білу керек. Психикалық іс-әрекет өзіне басқа да көптеген компоненттермен қоса осынау қарапайым функцияларды да қамтиды. Балалардың жас ерекшелікының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді, іс-әрекет әдістерін күрделенуден тұрады.
Қазіргі кезде көптеген психолог-зерттеушілер оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді және іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың жас ерекшелігін елеулі өзгертуге болатынын дәлелдеп берді.
Қазіргі кезде тәжірибелік психологияда қолданылатын әдістемелер жинақтары қазақ тілінде жоқтың қасында. Сондықтан оқушылардың мінез-құлқындағы үйлеспеушілікті диагностикалау өте қиын болып отыр, ал мінез-құлқында ауытқуы бар балаларға дер кезінде көмек көрсетудің маңызы үлкен екенін дәлелдейдің қажеті жоқ проблема екені баршаға аян.
Қазіргі балалар психологиясының негізгі мәселелерінің бірі – бастауыш оқушыларының психикасын дамыту мәселесі. Бала психикасының дамуын зерттейтін констатациялық серияның міндеттері:
1. Проблемалы жағдайларды шешуді талап ететін тапсырмаларды жасау.
2. Оқытуға дейінгі сақталу принципінің деңгейін анықтау.
3. Көрнекті көріністің алдында заттарды бағалау мен сөздік ой-пікірлердің байланысын зерттеу.
Әл-Фараби еңбектерінде осы пікірді былай деп қолдайды: ―қандайда бір ғылым болмасын көңілге дербес ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды. Бізге осы ерекше мәндердің, кейбіреулерін ұғыну ған жеткілікті, ал қалған көпшілігін сезінудің өзі тиімді. Осы жағдайларды біздің сезіміміз қабылдап, ұғынуымыз жинақталғаннан кейін ғана барып, біздің санамыз өзіне тән ролді атқара бастайды. Бастауыш мектептегі оқыту процесінде мұғалім баланың танымдық іс-әрекетін дамытуға әсер ете отырып, біріккен іс-әрекет барысында олардың ойлау күрделеніп, есте сақтауы мен зейіні тұрақталып, шоғырланады. Оқыту процесі баланың зейінінің дамуына көмектеседі. Адамның психикалық дамуы оқыту процесі әсерінен тыс болмайды. Интеллектуалды даму деңгейі оқытудың сапасымен мазмұнымен және оны меңгеру процесімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |