Пәннің оқу-әдістемелік кешені (контент) «мектепке дейінгі, бастауыш білім және өнер» кафедрасының мәжілісінде қаралды


Сәби шақтағы қарапайым танымдық тапсырмалардың шешімі



бет32/77
Дата12.12.2021
өлшемі1,59 Mb.
#99910
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   77
Байланысты:
315727788.docx жас ерекшел псих лекция

Сәби шақтағы қарапайым танымдық тапсырмалардың шешімі

Аймен есептегендегі жас

Жетістіктер

Сәтсіздіктер

0-12




Баланың көзінше бір зат жасырылса, ешқандай нақтылы әрекет байқалмайды.

2-4

Нәресте қозғалып жатқан затты көзімен бақылайды

Нәресте тоқтап қалған соң қозғалып жатқан затты бақылауды жалғастырады. Басқа жаққа ауыстырылғанын көре тұра затты бұрынғы орнынан іздейді

4-6

Нәресте 2-4 айларға тән қателіктерге жол бермейді. Ол беті жартылай жабылған затты табады.

Нәресте беті толық жабылған затты таба алмайды

6-12

Нәресте беті толық жабылған затты табады

Нәресте затты бұрын тапқан жерінен іздейді,алайда көзінің алдында жасырылған орында аңғармайды

Бірінші жылдық соңына қарай нәресте күрделі әрекет ойындарға бет бұрады. Бұл кейбір психологтарға шартты түрде сәби шақта заттың сақталуы туралы түсініктің пайда болғаны жайында тұжырымдауға мүмкіндік берді. Мысал ретінде Т.Бауэрдің бақылауларын келтірейік «менің бір қызым бір түннің ең жақсы бөлігін алақанына кішкентай заттарды қоюмен өткізді. Ол алақанына жауып, қайтадан ашып жатты, сөйтіп салған заттарының бар я жоқ екенін тексерумен болды. Ол бұған қызығып, таңғы 4-ке дейін осы ойынмен айналысты». Тағы бір ескеріп өтелік, нәресте осы жастық кезеңде әлемді көру-әрекеттік шеңберде тани бастайды, бірақ оның ішкі әлемі кейінірек қалыптасады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет