Пәннің оқу-әдістемелік кешені (контент) «мектепке дейінгі, бастауыш білім және өнер» кафедрасының мәжілісінде қаралды



бет55/77
Дата12.12.2021
өлшемі1,59 Mb.
#99910
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   77
Байланысты:
315727788.docx жас ерекшел псих лекция
Емтихан нәтижесі-1,2,3,4,5 поток бойынша, Емтихан нәтижесі-1,2,3,4,5 поток бойынша, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция
БОӨЖ тақырыптары:


  1. 6 жастағы дағдарыс, олардың бірнеше симптомдары.

  2. «Алты жастағы бала тұлғасы туралы» Эльза Келер еңбегі.


9-АПТА

9-ДӘРІС

Мектепке дейінгі жас кезеңдегі психикалық жас ерекшелік
Дәрістің мақсаты: Студенттергемектепке дейінгі жас кезеңдегі балалардың жас ерекшелігінің жаңа әлеуметтік ситуацияның пайда болуымен сипатталатынын түсіндіру.
Дәрістің міндеті: Мектеп жасына дейінгі балалардың айналадағы адамдар арасында алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылығын ұғындыру.
Дәрістің жоспары:

9.1 Мектепке дейінгі балалық шақтағы баланың жас ерекшелігінің психологиялық ерекшеліктері.

9.2 Мектеп жасына дейінгі баланың іс – әрекетінің негізгі түрлері және мектеп жасына дейінгі баланың интеллектуалдық жас ерекшелігі.

9.3 Мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.


Мектепке дейінгі балалық шақтағы (3-7 жасқа дейін) организмінің қарқынды жетілуі жалғаса түседі.

Мектепке дейінгі жас бала жас ерекшелігінің жаңа әлеуметтік ситуациясының пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы адамдар арасында алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылығы болады.

Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болады.

Баланың үлкендермен байланысы жаңа формаға ие болады, бірлескен іс-әрекет ересек адамның нұсқауларын дербес орындаумен алмасады.

Тұңғыш рет баланы белгілі программа бойынша біршама жүйелі оқыту мүмкін болды. Бірақ Л.С.Выготский айтып көрсеткеніндей, бұл программаның жүзеге асуы оның қаншалықты дәрежеде баланың өзіндік программасына айналуына тығыз байланысты болып келеді.

Бастауыш саты — оқушыда, оның интелектісі дамуының іргетасы танымдық әрекеті қалыптасуының куатты жүретін кезеңі. Танымдык түрлерін меңгеру оқушы ойын тәртіптеп, оның белгілі бір бағыты жүйелі «арнамен жүруін» қамтамасыз етеді; жеке тұлғаның негізгі психикалық үрдістері қалыптасып, ырықты, зейін, рефлексия, өзін-өзі бақылау, әрекет амалдың ішкі жоспары сияқты нысандар пайда болады. Оқушы әр түрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп орындаудың ортақ тәсілдерін, өз әректін бақылап бағалаудың, нәтижесін эталонмен салыстыруды меңгереді. Бастауыш мектеп жасындағы баланың биологиялық, әлеуметтік мәдени, педагогикалық ерекшеліктері мен белгілері танымдық әрекеттің қалыптасуында басты назарда ұсталады.

Бала дүниеге келгеннен бастап, оның танымдық әрекетінің қалыптасуы үздіксіз жүріп отырады. Мектепке дейінгі шақтың соңында баланың психикасы мектепте оқи бастауға қажетті және жеткілікті даму дәрежесіне жетеді. Мәселен, жеті жастағы балаға:

1. Сөйлеудің даму дәрежесі, сөз қоры, белсенді және пассивті сөздігі қажет;

2. Қоршаған дүние жайлы үғымдар қажет;

3. Қажетті іс-әрекет жайлы икемділігі мен дағдылырының (қарындашты ұстай білу, желімдеу, кесу, сурет салу) дамуы;

4. Іскерлікке өзін жеге білу үстінде көрінетін бала еркінің дамуы, күрделігіне қарамастан берілген тапсырмаларды ынталана орындауы, мұғалім қоятын талаптарға бағынуы тән.

Мектепке келген кезінен-ақ, балада ақыл-ой әрекеті сияқты аса маңызды қабілет қалыптасады. Бұл қабілет оқи білуге үйрену ынтасынан көрінеді. Окытудың алғашқы қадамдарынан бастап мектеп осы қабілетті жан-жақты дамытып, әрі жаттықтырып отыруға тиіс.

Бастауыш мектепте баланың бүкіл психикалық әрекетін: зейін, қабылдау, есте сақтау мен есте қалдыру, ойлау, бақылау әрекеттерін реттеп отыру арқылы анымдық әрекеті қалыптасады.

Бастауыш сынып оқушыларының маңызды тағы бір ерекшелігі — оларды эмоционалдық көңіл-күйінің көтеріңкілігі. Жарқын айтылған бір ауыз сөз, көрілген фильм, оқылған кітап не әңгіме балаларды баурап алады, олардың жан сарайында жаңғырық тудырады. Бұл жастағы балалар айтқанға оп-оңай көнгіштігімен ерекшеленеді, олар ересек адамдардың, әсіресе, мұғалімнің тәрбиелеу ықпалына тез беріледі.

Бастауыш сынып оқушылары әдетте әр түрлі тапсырмаларды ұқыпты орындайды, іс үстінде зор табандылық көрсетеді. Тапсырмалар беру жүйесін қүру, оның орындалу сапасын бақылау, қол жеткен табыстары үшін балаларды мадақтап отыру жолымен танымдық әрекетті қалыптастырудың маңызы зор.

Баланың өз мінез-құлқына, өз ақыл-ой әрекетіне ие болуы осы әрекет тәсілдерін меңгеру үрдісінде өтеді. Сондықтан мүғалімнің міндеті бастауыш сынып оқушысына оқу жұмысының неғүрлым жетілген әдістерімен мұғалімді тыңдай білу, бақылау, оқулықты оқи білу, мән-мағына есте сақтау, оқылған нәрсені есте қалдыру, жатқа білу, есептерді талдап, шешу, дәптердегі оқу материалына ынта қою, тағы осылар сияқты әдістерімен қаруландыру керек.

Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.

Бастауыш мектептің алдында үнемі оқу, жазу, есептеудің тиянақты дағдыларын, қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, қоғам және табиғат туралы бастауыш білім беру, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуге бағдарланған, басқаша айтқанда, баланың жеке тұлғасын қалыптастыру, оның жеке қабілетін қалыптастыру міндеті тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет