Пәннің оқу-әдістемелік кешені (контент) «мектепке дейінгі, бастауыш білім және өнер» кафедрасының мәжілісінде қаралды



бет58/77
Дата12.12.2021
өлшемі1,59 Mb.
#99910
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   77
Байланысты:
315727788.docx жас ерекшел псих лекция
Емтихан нәтижесі-1,2,3,4,5 поток бойынша, Емтихан нәтижесі-1,2,3,4,5 поток бойынша, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция
БОӨЖ тақырыптары:

1. Центрация және эгоцентризм феномендерін зерттеу.

2.Жеткіншек жастық кризисін классикалық зерттеу.

10-АПТА

10-ДӘРІС.

Бастауыш мектеп жасындағы баланың психикалық жас ерекшеліктері
Дәрістің мақсаты: Студенттерге бастауыш мектеп жасындағы балалардыңалға қойған мақсаттарына жету үшін, іс-әрекет құрылымдарын жүйемен көрсетіп, түсіндіру арқылы үйрету.
Дәрістің міндеті:Мұғалім бастауыш мектеп жасындағы балалардың жаттауға деген ынта, жігерін, икемділігінүйрете отырып, оқуға қалай төселу керектігін үйретіп, жұмыс істеу.
Дәрістің жоспары:

10.1 Баланың мектептегі өмірінің бастапқы кезеңінің ерекшеліктері.

10.2 Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгеріс.

10.3 Бірінші сынып оқушыларының бастан кешіретін қиыншылықтар.


Бастауыш сынып оқушылары көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Олар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Осылай болуы олардың жаттауға икемділігінің молдығынан емес, оқуға әлі төселмегендігінен, қалай жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегендігінен кездеседі.М.М.Мұқанов өзінің «Жас және педагогикалық психология» еңбегінде бастауыш мектепте тапсырманың балаларға екі түрлі жолмен берілітінін көрсетті:

-біріншіден, берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді.

-екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі беріледі, мысалы, тақпақты жаттау үшін соның тексі беріледі. Осы текске өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді. Сол текске сүйене отырып бала оны жаттап алады.Баланың оқу әрекеті арқылы әрекеті әрекеттеніп, яғни мәселені шешуі, олардың танымдық іс-әрекетінің дамуына көмегін тигізеді.Қандай іс-әрекет болмасын қиық құрылымнан тұрады. Іс-әрекет жеке әрекеттерден тұрады да, алдыға қойған мақсатқа жетуге бағыттайды. Мақсат және мотив іс-әрекеті бірдей орындалмайды. Оны мысалы И.Кулагина «Жас ерекшелігі психологиясында» былай деп келтірілген: «Оқушының үй тапсырмасында математикадан есеп шығарып орындау. Оның мақсаты-осы есепті шығару. Оған негізгі мотив әр түрлі болады, біреулері шешесін ренжітпеуге тырысады, екіншілері «бестік» баға алу үшін немесе тезірек тапсырманы орындар достарымен ойнауға кету үшін». Осы үш жағдайда да баланың математикалық тапсырманы шешуі үшін мағына әр түрлі қалыптасады. Міне, сондықтан, іс-әрекет құралымын мынадай жүйемен көрсетуге болады: «мотив-іс-әрекет», «мақсат-әрекет», «меңгерілетін іс-әрекет-операция».

Қазіргі заманғы тәрбие жүйесінде бастауыш мектеп шағы бала өмірінің 7 жастан 11-12 жасқа дейінгі кезеңін қамтиды (мектептің І–ІІІ кластары). Балалар мектепке 6 жастан баратын, ал бастауыш оқу ұзақтығы біздің елдегіден бөлек елдерде бастауыш мекетеп шағынының, әрине, басқаша хронологиялық щектері болады. Баланың өмірінің ерекше кезеңі ретінде ол салыстырмалы түрде жуырда ғана айқындалады.

Жеті жастан он жасқа дейінгі кезеңде неғұрлым тән негізгі белгі мынада: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл бала өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұшұтастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған жас ерекшелік мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды.

Отбасы мен мектептің басты қорғаушы қызметі сақтала отырып, балада ортаның жағымсыз ықпалына қарсы тұра алу қабілеті арта түседі. Әлеуметтік статустың өзгеруі: оқушыға айналуы. Жас және педагогикалық психологияда бастауыш мектеп жасының өзіндік орны бар. Бұл жаста оқу іс-әрекетін меңгереді, психикалық функцияның еріктілігі құрылады, рефлексия туындайды, өзін-өзі бақылауы ерекшеленеді, ал әрекет ішкі жоспарға ара-қатынаста болуды бастайды. Бастауыш мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды, оған біраз мерзім үйренуі керек. Егер мектеп жасына дейінгі балалардың негізін әрекеті ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу іс-әрекеті шешуші рольді атқарады. Осыған орай баланың психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Себебі: ойынға қарағанда оқу талабы бала үшін қиын. Сонымен қатар, жаңа ортаға үйреніп, мұғаліммен, құрбыларымен қарым-қатынас жасауына психологиялық көмек қажет. Бастауыш мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек және балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әр түрлі дамиды.

Бастауыш сынып оқушыларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Бұл жаста дененің барлық органдары мен тканьдарында елеулі өзгерістер болады. Мысалы, омыртканың барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Әйтсе де скелеттің қатаюы әлі де аяқталмайды, оның аса иілгіштігі мен ширақтылығы да осыдан, бул дұрыс дене тәрбиесін беру және спорттың көптеген түрімен айналысу үшін елеулі мүмкіндіктер де ашады, сондай-ақ теріс зардаптарға да (дене дамуының қалыпты жағдайлары болмаса) әкеліп соғуы мүмкін. Бастауыш сынып оқушысы отыратын жихаздар көлемінің сай болуы, стол мен партаға дұрыс отырғызу — бала денесінің, оның тұлғасының қалыпты дамуының аса маңызды шарты, оның кейінгі бүкіл жұмыс қабілеттілігінің шарты екендігі осыдан. Бастауыш сынып окушыларының бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшық ет күші артады. Саусақ сүйектерінің қатаюы тоғыз-он бір, ал білек сүйектерінің қатаюы он — он екі жасқа қарай аяқталады. Егер осы жайды ескерсек, онда бастауыш сынып оқушысы неліктен әр кез жазбаша тапсырмаларды үлкен күш жұмсап орындайтыны түсінікті болады. Оның білегі тез талады да, ол өте тез және тым ұзақ жаза алмайды. Бастауыш сынып балаларына, әсіресе I-II сынып оқушыларына жазбаша тапсырмаларды аса көп беруге болмайды. Балаларда ұшырасатын графикалык жағынан нашар орындалған тапсырманы көшіріп алу тілегі кебінесе нәтижені жақсартпайды.

Сонымен, іс-әрекеттің құрылымына байланысты және бастауыш мектеп оқушысының дамуына әсер ету арқылы сыртқы жоспар ішкі жоспардың негізінде орындалады. Бастауыш мектепте оқыту іс-әрекеті жетекші болады. Сондай-ақ зейін процесінің жүйелі қалыптасатын кезеңі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет