БОӨЖ тақырыптары:
1. Э.Фогель-биология мен мәдени ерте дамуға ықпал етуші өзара әрекет.
2. Дж Боулби теориясында кете алмаушылық ұғым.
3. Үш жастағы дағдарыс, олардың бірнеше симптомдары.
4. Дәрісте, семинар сабақтарда алған білімдерін бекіту, толықтыру.
11-АПТА
11-ДӘРІС.
Бастауыш сынып оқушысының таным процестерінің жас ерекшелігі
Дәрістің мақсаты: Студенттерге бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестердің қалыптастыратын баланың биологиялық, физиологиялық ерекшеліктері маңызды рөл атқаратынын ұғындыру.
Дәрістің міндеті: Балалар кез келген материалды емес, өздерін қызықтыратын, олардың сезімдеріне дұрыс әсер ете алатын материалды ғана естерінде сақтайтындығын түсіну.
Дәрістің жоспары:
11.1 Оқу іс–әрекетінің қалыптасуы.
11.2 Қабылдауды, зейінді, есте сақтауды, қиял мен ойлауды дамыту.
11.3 Бастауыш сынып оқушыларының жеке басының жас ерекшелікы.
Оқу іс – әрекетінің процесі бірқатар жалпы заңдылықтарға бағынады. Алдымен оқытушы балалармен бірге оқу ситуацияларына жүйелі түрде тартып, балалармен бірге тиісті оқу әрекеттерін, сондай-ақ тексеру мен бағалау әрекеттерін тауып, көрсетіп отыруы керек. Балаларға оқу іс-әрекетінің белгілі бір жүйелілігін егжей – тегжейлі және асықпай көрсету, олардың арсынан заттың, сыртқы тілдік немесе ақыл-ой шеңберінде орындалатындарын ерекше бөліп көрсету керек. Бұл жерде заттық әрекеттер тиісті дәрежеде қорытындылап, қысқартылып және игеіліп ақыл-ой формасына келетіндей жағдай жасау маңызды. Баланың оқу ситуациялары жүйесіндегі зжұмысы І сыныптан басталады, бірақ нақтылы-практикалық есептерді шығаруды іске асыратын оқу міндеттерін өз алдына дербес қою іскерлігі едәуір кейіндеу пайда болады. бастапқы оқудың тұрақталған әдістері жағдайында бұл іскерлік үлкен еңбекпен қалыптасады және барлық оқушыда бінрдей емес.
қабылдауға үйретуде сөзді кірістірудің рөлі зор.
Танымдық әрекетті қалыптастыруда баланың биологиялық, физиологиялық ерекшеліктері маңызды рөл атқарады. С.Г.Хорошавина мидың үлкен жарты шарларының функцияналдық асеметриясын ескере отырып, адамда жарты шардың біреуі жұмыс жасайды, сондықтан біреулер дәл ғылымға, келесілері бейнелік ойлауға икемді келеді деген пікірді айтады. З.И.Калмыкова адамдарды мидың сол жақ жарты шары дамыған, оң жақ жарты шары дамыған, екі жарты бірдей дамыған деп бөліп қарайды.
Медицина, биология, психологияда және басқа ғылымдарда адам миының сол жарты жары доминантты балалар ақпаратты бір мәнді логиканың заңдарына сәйкес үздіксіз, вербальды түрде, жалқыдан жалпыға көшу ұстанымына сәйкес қабылдайды, ал оң жақ жарты жары доминантты балаларды ақпаратты көп мәнді логиканың заңдарына сәйкес жалпыдан жалқыға көшу ұстанымы бойынша дискретті қабылдайды. Бұдан, мидың оң жақ жарты жары доминантты балалар ақпаратты қабылдау кезеңінде оқу үрдісімен тұйықталады, ал екінші топтағы балаларға оқу үрдісіне негізделіп құрылады. Сондықтан бірінші топтағы балалар мектепте оқу жылдарында оқулықтағы материалдың берілу стилі мен мұғалімнің түсіндіру логикасына сүйенуіне тура келеді. Бұдан дидактогендік тұрғыдағы проблема туады: балалардың мектептегі дискомфортты олардың физикалық және психикалық денсаулықтарының төмендеуіне әкеліп соғады. Сонымен, білім мазмұны мен оқыту жағдайының бала генотипі ерекшеліктеріне сәйкес келуіне қамтамасыз ету оқу ақпаратын қабылдау сипаттамасын анықтайды, оқыту тиімділігін күшейтудің қажетті жағдайы, жалпыға арналған мектептердегі валеологиялық параметрлердің жақсаруы болып табылады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті - күрделі процес. Ол іс-әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды. Оқу-танымдық іс-әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады.
Оқу үрдісі оқушылардың оқу-танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу-танымдық, әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін ісі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігіне негізінде дамиды. Белсенділіктің жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуі болып табылады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалды, жеке қасиеттерін және кәсіби біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы. Демек - оқу танымдық іс-әрекет -оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі құбылыс. Ол оқу шешіліп, мақсаткерлік мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен және т.б. сипатталады.
Нәтижесінде, оқушылардың танымдық іс-әрекеті - жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік, сезімталдық үрдістері мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалдық, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын, оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көрмейтін жан-жақты оқу жұмысы - деп анықтама беруге мүмкіндік болды.
Берілген анықтама негізінде, оқу-танымдық іс-әрекет - оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |