Пәннің оқу-әдістемелік кешені (контент) «мектепке дейінгі, бастауыш білім және өнер» кафедрасының мәжілісінде қаралды



бет70/77
Дата12.12.2021
өлшемі1,59 Mb.
#99910
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   77
Байланысты:
315727788.docx жас ерекшел псих лекция
Емтихан нәтижесі-1,2,3,4,5 поток бойынша, Емтихан нәтижесі-1,2,3,4,5 поток бойынша, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция, 315727788.docx жас ерекшел псих лекция
Практикалық сабақтың тақырыптары:

13.1 Қартаюдың психологиялық кезеңденуі.

13.2 Қартаң мен қарттық жастың психологиялық дайындық (Д.Б.Бромблей, Д.Ф.Чеботарев).

13.3 Қартаю кезеңіндегі бейімделу процесі.

13.4 Инволюция психологиялық теориясының сыны.
БОӨЖ тақырыптары:

1.Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, Л.И.Божович оқытуларын-дағы жаңа тенденциялар.

14-АПТА

14-ДӘРІС.

Балаң жасөспірімдік шақтағы психикалық

жас ерекшелік
Дәрістің мақсаты: Студенттерге балаң жастық – адамның дене жас ерекшелігінің аяқталатын кезеңін. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайтын кезең екенін түсіндіріп ұғындыру.
Дәрістің міндеті:Физиологтардың екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш фазаға препубертаттық, пубертаттық және постпубертаттық фазаларға бөлінуі.
Дәрістің жоспары:

14.1. Жас өспірімдік және оның жас шамасының шектері.

14.2. Жас өспірім шақтағы баланың қарым – қатынасы.

14.3. Эмоциялық өмірі, достығы, өмірлік жоспарлары мен кәсіп таңдауы.


Жас ерекшелік психологиясында жас өспірімдік шақ жыныстық талысудан басталып, ересетіктің басталуымен аяқталатын жас ерекшелік стадиясы деп анықталады.

Акселерацияның, дене күшінің жедел жас ерекшелікы, нәтижесінде қазіргі балалар тез және байлары екі-үш ұрпақ бұрынғыға қарағанда, орта есеппен 2 жыл бұрын өседі. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады. Физиологтар екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш фазаға препубертаттық, пубертаттық және постпубертаттық фазаларға бөледі.

Балаң жастық – адамның дене жас ерекшелігінің аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу плюс-минус 13 ай), жігіттерде 17 мен 18-дің арасы (ауытқу плюс-минус 10 ай). Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тқрғыдан екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылданумен байланысты. Спорттың кейбір түрлеріне балаң жастық – ең көп жетістіктерге жететін кезең.

Жеткіншектер достығының мұраты-«қашанда бірге болып, бәрін бірдей бөлісу». Жеткіншектер дос-жолдасымен ортақ өмірге ұмтылады.



Жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың әрқайсысының өзіне тән жеке даралық ерекшеліктері бар. Сондықтан мектеп психологі алдында тұрған проблемаларының бірі - мінез-құлқында эмоционалдық үйлеспеушілігі бар балаларға тиімді көмек көрсету. Бұл проблеманың аспектілері психологияда жан-жақты талданған. Оған үлес қосқандар И.Кант, Э.Торндайк, И.П.Павлов, К.Роджерс, А.Маслоу Л.Е.Личко т.б. ғалымдар.

Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Көп тараған түсініктерге қарамастан, жыныстық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес. Өзіндік сана күрделі психологиялық   құрылым,   ол   ерекше компонеттер ретінде өзіне. В.С. Мерлиннің осылай деп санайтынындай, біріншіден, өзінің теңдестігін ұғынуды, екіншіден, белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз менің ұғынуды, үшіншіден, өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды, төртіншіден, өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің бәрі бір-бірімен функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты. Бірақ олар бір мезгілде   қалыптаспайды.   Адам тұлғасының даму үрдісі бүкіл өмір бойы тоқталмайды. Осыған сәйкес өзін-өзі бағалау дағдылары бүкіл өмір бойы қалыптасады және дамиды. Адамның басқа адамдармен қарым-қатынас тәжірибесі неғұрлым көп болса, ол тұлға ретінде өзі туралы соғұрлым көбірек ақпарат алады, практикада өзі туралы өз пікірлерін басқалардың пікірлерімен байланыстыруына тура келеді. Оның өз әрекетін, қылығын дұрыс қабылдау және бағалау қабілеті тезірек және белсендірек дами түседі. Сондай-ақ басқа да адамдардың түлғалық саналары дамиды.

Ерте жасөспiрiмдiлiкке өту жолында жоғары сынып оқушыларын оқытуда оларды адамгершiлiк қабiлетi, сана сезiмдерi, анықтаулары қалыптаса бастайды. Яғни, бұл кезең адамгершiлiктi жаңа деңгейiне өтудi бiлдiредi.

Егер төменгi сыныптағы шақта адамгершiлiк мәселелерiн шешуде – мұғалiмдер мен ата-ана болса, ал жасөспiрiмдер бұл сұрақтарды шешуде өзiнiң жора-жолдастары ұжымында және де ғылыми көркем публицистi әдебиеттi, өнер туындыларын, теледидар  т.б. жүгiнедi.

Т.В.Снегировтың зерттеуi бойынша өткен қазiргi және болашақ “мен”-мен қатынас жасауда жасөспiрiмдердiң жекелiк анықтауларының өзiндiк ерекшелiктерi көрiнiс беретiн  “мен”-«менi» құнды-уақытша құрылымының 6 типiн көрсетедi.

Барлық үшін “мен” бiр-бiрiмен байланысты тең дәрежеде идеал “менге” сәйкес келедi. Бұл адамның өзiне деген субъективтi гармониялық көзқарасы.

Нақты “мен” өткенге қарағанда жоғары деңгейде болашаққа тартып тұрады. Өткен “мен” жат болып көрiнедi және оған деген көзқарас өте сыншылдық болады. Ал нақты “мен” өзiн-өзi жеке тұлға ретiнде анықтауда жаңа басқыш болып саналады.

Болашақ “мен” қазiргiнiң үзiндiсi. Барлық “мен”- өмiр сүру уақыты әртүрлi секiлдi. Бiрақ идеал “мен”-мен тек болашаққа  сай келедi.

Идеал “мен” болашаққа да, қазiргiге де қосылмаған, ол олардан бөлек және жеке тұлғаның дамуына қатыспайды.

Ал, өткен және қазiргi “мен” бiр-бiрiмен байланысты болады. Олардан болашақ және идеал “мен” байланыстыратын жол қалыптасады. Ондай болмаған жағдайда кейбiр адамның өзiн-өзi бағалаулары төмен болып, өткен және қазiргi “мен”-дi идеал және болашақ “мен”-дi байланыстарға  болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет