Дәріс 11,12. Мектеп химия кабинетінде газдармен жұмыс.
Жоспары:
Газдарды алу және жинаудағы оқушылардың пракикалық іс-әрекеттері.
Газдармен жұмыстың жалпы тәсілдері
Газдарды жинау.
Газдарды құрғату және тазарту.
Газдарды сіңіру.
Газдарды сақтау.
Дәріс 13,14,15. Мектеп химия бағдарламасындағы оқу эксперименттері
Жоспары:
8-9 сыныптарда зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі
10 сыныптарда зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі
11 сыныптарда зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Экспериментттік тапсырмада – тек тапсырма көрсетіліп, ал эксперименттің жүргізілуі мен жолын оқушылар өздігінен анықтайды. Бұл оқушыларлан тек ьеорилық білімнің белсенділігін ғана емес , сонымен қоса эксперименттің технологиялық біліктілігін де талап етеді.
Экспериментальды тапсырманың негізгі мақсаты- практикда алынған біліммен байланысты жүйелі жаттығуларды орындау, түрлі зерттеулерге қажетті экспериментальды білікітлік пен дағдыны қалыптастыру.
Сарамандлық жұмыс пен зертханалық жұмыстан айырмашылығы эспериментальды тапсырманы бүкіл оқу жылы бойы, кез келген сабақтарда, бақылауларда да жүргізуге болады. Экспериментальды тапсырма жеке, топпен немесе сыныппен орындалуы мүмкін. Бұл тапсырманы орындау теориялық шешімді өздігімен ізденуге баулыйды.
Танымдық жағынан есептермен салыстырғанда экспериментальды тапсырма құндырақ. Себебі, мұндай тапсырманы орындауда тек есеп шығарылып қана қоймай , сол есептерге сәйкес тәжірибелер жасалынады.
Экспериментальды тапсырмаларды орындату кезінде мұғалім оқушылардың өтілген материал бойынша білімдерінің қаншалықты қалыптасқандығын, және ол білімді практикада қалай қолдана алу мүмкіншіліктерінің қаншалықты дәрежеде екендігін бақылай алады. Нәтижелерді талқылау қателерді тауып түсіндіруге, кемшіліктерді жөндеуге, олардың себептерін талқылауға мүмкіндік береді .
Құрамы бойынша экспериментальды тапсырмалар келесідей болып бөлінеді:
физикалық және химиялық құбылыстарды бақылауға және түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, « Қандай физикалық және химиялық қасиетіне қарап полиэтилен мен полистиролды анықтауға болады. берілген ыдыстарда осы заттардың қаысысы орналасқан?»
зат синтезіне және реакцияның жүру ждағдайын алдын ала анықтау немесе түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, « Столда бар реактивтерден: мыс(//) оксиді , су , мыс(//) хлориді, натрий гидроксиді және нартий хлоридінен екі жолмен мыс(//) гидроксидін алыңдар. әр реакцияның жүру жағдайын көрсетіңдер.»
заттарды тану және олардың өзіне тән қасиеттерін түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, « сапалық реакция арқылы қай пробиркада крахмал, қай пробиркада глюкоза бар екенін анықтап, олардың химиялық қасиетін түсіндіріңдер»
заттардың сапалық құрамын анықтап, олардың қасиеттерін сипаттауға арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, сапалық реакция арқылы берілген заттың алюминий хлориді екенін анықтап, оның химиялық қасиетін атаңдар.
Берілген өнімдегі қоспаларды анықтап, анықтау жолын түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, мыс купоросының құрамында натрий хлориді барын анықтаңдар. Оны анықтауға жолдың таңдалу себебін түсіндіріңдер.
Затты таза күйінде қоспалардан бөліп алу, сол бөліп алу әдісінің тиімділігін түсіндір. Мысалы, полиэтлен және темір ұнтақтары бар қоспалардан ас тұзын бөліп алу.
Заттардың классификациясын нақтылап, оларға анықтама беругше арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, аминосіркеқышқылы аминқышқылдарына жатпайтынын анықтаңдар. Заттардың осы класына анықтама беріңдер.
Сапалық реакция жүргізу және оладың типтік қасиеттерін түсіндіру. Мысалы, сапалық реакция көмегімен глюклзаны анықта. Оның типтік химиялық қасиетін атаңдар.
әр түрлі массалық уүлестегі ерітінділерді дайындау және дайындалу жолын түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, 3 пайыздық массалық үлесі бар 300 г. нарий гидрокарбонатаның ерітіндісін дайында. Және не үшін ерітінді дайындау кезінде алдымен зат салынып, кейін барып су құйылады. Ал неге керісінше жасауға болмайтындығын түсіндіріңдер.
Эспериментальды тапсырмаларды сапалық және есептік эксперимент деп бөліп қарастырады. Сапалық эксперимент тәжірибелік жолмен шешіледі онда сандық бейнелер берілмеген. Мысалы, тәжірибелік жолмен темір сульфатындағы сульфат иондарының мөлшерін анықта.
Ал, есептік эксперименттік тапсырмаларды шешу үшін тәжірибе орындаумен қатар белгілі экспериментте берілген мәндерді өңдек керек. Мысалы, темір (ІІІ) гидроксидінің тұнбасын алып, түзілген тұнба массасы бойынша оны алуға қажетті ерітінді массасын анықта. Бұл жердегі КОН массалық үлесі 0,1н. ( 10 пайыз).Есептік және эксперименттік тапсырмалардың жоғары формасы екі тапсырманың да ең жақсы қасиеті шоғырланған – есептік эксперимент болып табылады.
Демонстрациялық тәжірибелер - ең алдымен мына жағдайларда мектепте қолданылатын эксперименттің қажетті түрі:
1. Оқытудың алғашқы сатысында оқушылар тэжірибе жасау техникасын әлі толық білмейтін, сондықтан тэжірибеиі өз бетінше орындай алмайтын кезде. Айрылу реакциясын еткенде суды электр тогымен айыру тәжірибесін жасау керек. VII сынып оқушылары бүл * жүмысты жақсы нүсқау берген жағдайда да орындай алмайды, өйткені ол электр түзеткіпіті қолдана білмейді, оның қандай қызмет атқаратынын білмейді, газдарды жинауды да, оны сынап көруді де т.б. білмейді. Бүл мэселелер жөнінде оқушыларға нүсқау беру, түсіндіру оқушылардың назарын басқаға бүрады, сондықтан бү_л тэжірибені демонстрациялык тәжірибе ретінде ғана көрсетуге болады. Эвдиометрде суды синтездеу тэжірибесі жөнінде де осыны айту керек: бүл тәжірибе техника жөнінде тіпті мүғалімнің өзіне қиынға соғады, қопарылыс болатын тәжірибелерді, мысалы сабын көпіршігінде сутегінің оттегімен қоспасын қопаруды т.б. демонстрация түрінде өткізу керек.
2. Тәжірибе жасалатын приборлар оқушылар үшін күрделі жэне қажетті қүрал - жабдықтар жеткіліксіз болған жағдайда. Мысалы, газометрде газ жинау, Кипп аппаратында сутегін алу тэжірибелері демонстрациялық тәжірибе ретінде өткізіледі, оқушылар бұл приборларды қолдану дағдыларына бірте - бірте кейін үйренеді. Газдардың немесе сүйықтың көп мөлшерін қажет ететін тәжірибелер демонстрация ретінде өткізіледі; мысалы, суда еріген ауаның мөлшерін анықтау, газдардың жақсы ерігіштігінің мысалы ретінде аммиактың жэне хлорлы сутегінің ерігіштігі (фонтан түзе) т.б. кейде мұғалім қажетті реактивтер жеткіліксіздіктен оқушыларға түсінікті тэжірибелердің өзін демонстрация түрінде көрсетуге мэжбүр болады.
3. Уақытты үнемдеу үшін кейде сарамандық тәжірибелер орнына демонстрациялық тәжірибелер жасағанда, оқушылар тәжірибе жасауға, оны демонстрациялап көрсетуге қарағанда, үш есе артық уақытын жібереді. Дегенмен есте болатын бір жағдай -демонстрациялық тәжірибелер қаншалықты жақсы болғанмен, оның оқушылардың білім алуы жөніндегі бағалылығы сарамандық тэжірибеден төмен болады, ал практикалық дағдыларды қалыптастырудағы маңызы тек бақылаумен жэне бақылағандарын есте қалдырумен айқындалады. Сондықтан демонстрацияны басқа эдістерден көп пайдалануға, тіпті эксперименттің бірде - бір түрі есебінде қолдануға болмайды.
4. Қауіпсіздік шараларына сәйкес оқушыларға жүмыс істеуге кейбір заттарды беруге болмайтын жағдайда оқытудың алғашқы сатысында мүндай тэжірибелерге мыналар жатады: бром буының ауадағы, сутегіндегі диффузиясы, эфирдің суда еруі - одан бөлінген буды от алдыру, мыс тотығының айрылуы, мыс тотыгын көміртегі тотығымен тотықсыздандыру, жылытылған суды концентрациялы күкірт қышқылына қүю (сүйылту ережесін өткенде) жэне басқалар.
5. Сыртқы көрінісінің әсері жэне айқындығы жөнінен демонстрация оқушылар жасайтын тэжірибеден артық болған жағдайда.
Оқушылар осындай тәжірибелерді өздері орындай алатын жағдайда да (әрине, жеңілдеу тәжірибелер) демонстрациядан бас тартуға болмайды. Болат сым, фосфор және басқа заттарды оттегі бар ұлкен банкада жағу, дәл осы тэжірибені оқушы столындағы кішкене банкаға жасағанға қарағанда, элдеқайда қызықты. Сутегінің оттегімен қоспасын сабын көпіршігінде қопа-ру, бұл қоспаны пробиркада қопаруға қарағанда, көңілге қонымды. Химиялық реакция кезінде массаның сақталу заңын дэлелдеу үшін үлкен демонстрациялық таразыға өлшеп көрсетілген сандық тэжірибе (ерітінділерді бір-біріне араластыру, колбада фосфорды жагып өлшеу жэне басқалар), темір жоңқаларын жабық пробиркада қыздырып, аптека таразысында өлшеи жасаған оқушының тәжірибесіне қарағанда, кызғылықты келеді. Осыған сүйене отырып кейбіреулер қызғылықты демонстрациялық тэжірибеден кейін оларды оқушы столында кайталаудың ешбір мәні жоқ деген пікір айтады. Бүл өте қате пікір. Тәжірибе оншалықты қызғылықты болмағанымен, оны окушылардың өздері жасағандықтан, тиісті нәтижеге ие болады.
3 - сурет. Суда еріген ауаның мөлшерін анықтау (тәжірибенің бір варианты).
Кейде алдымен тәжірибе демонстрациясын көрсету керек пе, элде оқушылардың практикалық жұмысын жүргізу керек пе деген сүрак туады. Барлық жағдайда алдымен демонстрациялық тэжірибе көрсеткен тиімдІрек, өйткені оқушылар оны бақылай отырып әз беттерінше жүмыстеуге қажетті ксйбір жүмыс одістерін үйренеді.
Дегенмен курстың кейбір тарауында демонстрациялық тәжірибелер көрсетудің қажеті жоқ, оның барлық комплексін сарамандық жүмыс жэне практикалық сабақ ретінде орындау керек.
Ерімейтіи негіздердің қышқылдармен эрекеттесуі, қышқылдар мен негіздердің ерітінділерінде индикатор түсінің өзгеруі, судағы ерітінділерде түздар арасындағы алмасу реакциясы тәрізді жеңіл тэжірибелерді оқушылар алдын ала демонстрациялық тәжірибелер көрсетпей-ақ қиналмай орындайды.
Осы кезде қолданылып жүрген программада эр тақырыптан кейін тэжірибелер тізімі келтірілген, бірақ олар демонстрациялық және сарамандық тәжірибелер деп бөлінбеген. Эксперименттің бүл түрлерін қандай қарым-катынаста қолдану қажеттігін нақты жағдайға сәйкес мұғалім белгілейді. Ал, егер мұғалім ерімейтін негіз, ерімейтін тұз тұнбаларының түзілуін, иидикатор түсінің өзгеруін т.б. көрсеткісі келсе, мұндай тәжірибелерді экран (кара не ақ), жылжымалы стол пайдалана отьгрып химиялық стақанда, жалпақ колбада көрсету керек.
Жарықты бүйірінен түсіру немесе шыныдан жасалған жэшіктің төменгі жағынан түсіру не кішкене рефлектор қолдану өте пайдалы (жарык, бағытын бүрғышы не қалпағы бар электр лампысы). Тұнба мен ерітіндінің аз мөлшерін кэдімгі пробиркада көрсету, сарамандық жүмыстармен салыстырғанда, қызықтығы былай түрсын, тіпті пайдасыз, ал кейде зиянды да болады, өйткені олардан оқушылар зат жөнінде теріс үғым алады. Ішінде болмашы зат бар пробирканы сыныпты аралап жүріп оқушыларға көрсетудің де ешбір пайдасы жок.
Тәжірибені қалай болса солай олақ, үстірт көрсету оқушылардың ынтасын түсіреді, олар сарамандық тәжірибелерге, практикалық сабақтарға немқүрайды қарай бастайды, ал бүл ақырында химия пэніне оқушылардың көңілін суытады. Демонстрациялық экспериментке қойылатын негізгі талап - тэжірибенің көрнекілігі мен айқындылығы. Химия курсын өтудің алғашқы сатысында тәжірибе демонстрациясы кезінде үлкен күрделі приборларды, артық тетіктерді қолданбау керек.
Кипп аппаратының қалай дүрыс қойылатындығы көрсетілген. Жүмыс тэжірибесі аз жас мүғалім кейде таразыны, штативті жэне басқа приборларды столға дүрыс қоймайды, приборларды бір-біріне қатысты дүрыс орналастырмайды. Приборлардың бет жағын оқушыларға қаратып қою керек.
Мектепте өткізілетін эксперименттің барлық түріне қойылатын бір талап - қауіпсіздік шараларын бүлжытпай орындау. Жұмысқа немқүрайлы қарайтын мұғалім мен оқушының орындаған тіпті қауіпсіз тэжірибесінің өзі қауіпті болып шығуы мүмкін
Мектеп кабинетінде лап етіп жанған отты сөндіру үшін құм мен су, жанған киімді өшіру үшін одеяло не брезент болуы керек. Кабинетте не кабинетке жақын жерге өрт сөндіргішті іліп қою қажет. Мүғалім тәжірибені дайындау жэне көрсету кезінде қажет болса қорғауыш көзілдірік, қолғап киюі керек.
Тері күйгенде және басқа зақым түскенде алғашқы жэрдем кәрсету үшін марганец қышқыл калий ерітіндісі (күйген жерді үрту үшін), теріге, киімге тиген қышқылды нейтралдауға соданың 5 проценттік ерітіндісі, осы мақсатка аммиактың 10 проценттік ерітіндісі, көзді жууға соданың 2 проценттік ерітіндісі, бір жерді кесіп алғанда жәрдем кэрсету үшін иодтың 5 проценттік ерітіндісі, мақта, бинт болуы керек. Жүмыс кезіндегі қауіпсіздік сақтаудың негізгі ережелері оқулықта келтірілген. Бұл ережелерді оқушыларға әбден түсіндіру және мүлтіксіз орындауларын қадағалау керек.
Бақылау сұрақтары :
1.Химиялық эксперимент тің таным көзі және тәрбилеу құралы болуын қалай түсіндіресің?
2.Химиялық эксперимент түрлерінің жіктелу негізі неде?
3.Қандай эксперимен түрі химиялық нысанның қасиеттерін жан-жақты қарастыруға арналған?
4.Эксперименттік практикумның мәні неде?
5.Сарамандық және зертханалық тәжірибелердің ерекшелігі неде?
4.СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫБТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
Химиялық эксперимент таным көзі және тәрбилеу құралы.
Химиялық эксперимент түрлері.
Химиялық экспериментті қоюда мұғалімнің жұмысы.
Химиялық экспериментті жүргізуде оқушының оқу әрекеттері.
Химиялық экспериментті қоюда зертханашының жұмысы.
Көрнекі тәжірибе технологиясы.
Лабораториялық тәжірибелерді қою.
Практикалық сабақтарды қою.
Эксперименттік есептерді шешу.
Химиялық ой-эксперименті.
Мәселелік оқытуда химиялық эксперимент.
Химиялық эксперимент және техникалық құралдар..
Эксперименттік біліктер мен дағдылардың жіктелуі.
Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру үрдісінде байқаудың ролі.
Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру әдістемесі.
Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастырудың саралау қыры.
Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыруды бақылау және бағалау.
Химия кабинетінің құрал-жабдықтары
Химиялық реактивтер
Зертханалық шаруашылық
Достарыңызбен бөлісу: |