Бақылау сұрақтары:
Химиялық эксперимент тің таным көзі және тәрбилеу құралы болуын қалай түсіндіресің?
Химиялық эксперимент түрлерінің жіктелу негізі неде?
Қандай эксперимен түрі химиялық нысанның қасиеттерін жан-жақты қарастыруға арналған?
Эксперименттік практикумның мәні неде?
Сарамандық және зертханалық тәжірибелердің ерекшелігі неде?
№3,4 дәріс. Оқытудың ұйымдастырушылық формалары жүйесіндегі химиялық эксперимент.
Қысқаша мазмұны
1. Химиялық экспериментті қоюда мұғалімнің жұмысы.
2. Химиялық экспериментті жүргізуде оқушының оқу әрекеттері.
3. Химиялық экспериментті қоюда зертханашының жұмысы.
1. Химиялық экспериментті жүргізуде оқушының оқу әрекеттері.
Әдістемелік әдебиеттерде жаңа оқу материалын үйрену кезінде оқушы экспериментін басқару үшін қолданылатын екі әдіс қарастырылады: зерттеу және иллюстративті. Зерттеу әдісін сипаттауда әдіскерлер мен дидактар арасында бірауыздылық жоқ;біреулері оұытудағы зерттеу әдістерін шамадан тыс күрделенедіріп, ғылыми зерттеу әдістермен қатар қояды;екіншілері бұл талаптарды азайтып, көптің қолы жететін еткізеді.
Зерттеу әдісінің күрделі вариантына мыналар кіреді:
Химиялық оқу экспериментінің мақсатын түсіндіру.
Оқушылардың гипотеза жасауы.
Экперимет жұмысының жоспарын құру.
Тәжірибе жасайтын приборларды немесе қондырғыларды ойласытру немесе құрастыру.
тәжірибені орындау, бақылау, жазу;
бақылаудан қорытынды және есеп беру;
алынған нәтижелерді қолдану.
тәжірибені орындау, бақылау, жазу;
бақылаудан қорытынды және есеп беру;
алынған нәтижелерді қолдану.
Зерттеу әдісінің мұндай күрделі варианты орта мектептегі химияны оқытуда кеңінен қолданылуы (оны сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланады) мүмкін емес. Бұл әдістің оңай вариантын белгілі методист-педагог К. П. Ягодовский сипаттап жазған, ол зерттеу әдісі деп аталу үшін екі жағдай керек екенін атап өтеді:
Әр түрлі оқу объектілерін зерттеу негізінде оқушылар белгілі дәрежеде өздігінен ббрын өзіне белгісіз ғылыми деректі (заттың белгісіз каеиеттерін, химиялык реакцияның ерекшеліктерін және басқа мәліметтерді) ашады.
Белгілі деректер негізінде (тәжірибеден, бақылаулардан немесе кітаптан оқушылар өздері алған біЛім) оқушылар белгілі дәрежеде өздігінен бүрын өзіне белгісіз ғылыми қорытындыны жасайды.
Оқушылар ашқан ғылыми деректер және корытындылар оларға бейтаныс болғанмен ғылымда белгілі болуы мүмкін. Оқушылардың даярлығына және басқа жағдайларға байланысты оқушылардың зерттеу әдісінін жоғарыда келтірілген күрделі схемадан өзге белгілері де болуы мүмкін.
Иллюстративті әдісті кейбір дидактикалық еңбектерде хабарлама әдіс немесе дайын білім әдісі деп атайды. Оның мәнісі мынада: мұғалім алдымен тәжірибе нәтижесінде алынуға тиістіні хабарлайды, айтылғандардын дүрыстығының иллюстрациясы есебінде оқушылар тәжірибені орындайды. Оқушылардың химиялық эксперименті- күрделі педагогикалық процесс. Оның төрт негізгі бөлігі бар:
1) заттарды (тәжірибеге берілген немесе тәжірибе нәтижесінде алынған) зерттеу; 2) прибор әзірлеу немесе дайынын пайдалану; 3) тәжірибені орындау; 4) есеп жазу.
Заттарды зерттеу. Окушылар химиялық тәжірибелер жасағанда жалпы міндетке және тәжірибенің мазмұнына сәйкес заттарды әр түрлі дәрежедегі тереңдікте зерттейді. Мәселен, айрылу реакциясы туралы үғымның қалыптасу процесіндегі тәжірибені орындағанда оқушы негіздік көмір кышкыл мыстың сыртқы түрін және айрылудың екі өнімін (су және мыс оксиді) білуі керек. Үшінші өнімді (көмір қышқыл газын) оқушы , оның қасиетін (жанған шыраны сөндіру және ізбес суын лайландыру) біліп анықтайды.
Заттың сыртқы түрімен таныстыру сөзді көрнекілік құралдармен үйлестірудің бірінші немесе үшінші формасы бойынша жүзеге асуы мүмкін. Бұл жағдайда сөз мұғалімнің ауызша сөзі немесе тапсырмада басылған болуы мүмкін. Көмір қышқыл газын білу үшін екінші немесе төртінші форманы колдану қажет, өйткені оның пайда болғаны туралы бұрын алған білім негізінде: шала жанған шырамен сынау немесе ізбес суы арқылы өткізіп біледі[11,19].
Анализаторлар жәрдемімен қабылданбайтын физикалық қа-сиеттерді: тығыздығы, электр өткізгіштігі, қайнау және қату тем-пературасы танып білу қиынға түседі. Олар туралы приборлардың көрсетуі бойынша біледі. Мәселен, еру процесін өткенде оқушылар таза судың және еритін заттардың, содан соң алынған ерітіндінің электр өткізгіштігін сынайды. Бұл жағдайда да окушылар ерітіндінің тікелей қабылданатын қасиеті ретінде прибордың керсетуін (лампа жанады) қабылдайды. Электролиздің электрхимиялық процестері таныс емес 8 - сынып оқушысы үшін электр лампасының қызуы қышқылдар мен сілтілер ерітінділерін лакмуспен сынағандағы тәрізді индикатор болып табылады. Электролиз процесін білетін 9-сынып оқушыларында прибордың керсетуі мен зат қасиеттерінің арасында қысқа байланыс туады.
8- сыныптағы тәжірибелерде көмір қышқыл газын анықтау үшін ізбес суын индикатор ретінде пайдаланады.
Тәжірибе нәтижесінде алынатын заттарды зерттеу біраз күрделірек. Бүл жағдайда сөзді көрнекі қүралдармен үйлестірудің баска формалары
колданылуы мүмкін. Бірақ барлық жағдайда химиялык, тәжірибелер кезіндегі заттарды зерттеу процесі үлестірілетін материалды зерттеуге үқсас.
Лабораториялық жұмыс жасай отырып окушылар жаңа білім алмайды, заттар мен процестерді жакыннан бакылап білімді нақтылай түседі. Сонымен бірге олар мұғалімнің айтуы немесе жазбаша нұскау бойынша өздігінен жұмыс істеу дағдыларын және химиялык эксперимент техникасы бойынша дағдыларды үйренеді. Оқушылардың орындаған тәжірибелері мұғалімнен білгенін растайды. Бақылау жасамастан бұрын бакылау нәтижелерін жазады. Бақылағандарымен мұғалімнен білгендерінің арасында айырмашылық болған жағдайда окушылар мүғалімнің айтқанына сенеді. Бүл тақырыпка зерттеу әдісімен өткізілген зертханалық жұмыс басқаша ұйымдастырылады. Тақырып сол болғанымен максат басқа: оқушылар мұғалімнің басшылығымен химиялық тәжірибелерді ездігінен жасай отырып, білімді тәжірибс мен бакылау негізінде қабылдауға үйренеді. Мәселен, «Қосылу реакциясы» такырыбына оқушыларды лабораториялык жүмыска даярлайтын әңгімелесуде мүғалім кандай күбылыстар химиялық деп аталатыны, заттардын, механикалық араласуынан олардың айырмасы, өздері бақылаған сынап оксиді айрылу реакциясын атом молекулалық ілім түрғысынан калай тусіндірілетіні жөніндегі білімдерін нактылайтын сұрактар береді. Содан соң мүғалім зертханалық жұмыстардың тақырыбын және мақсатын тұжырымдайды, бұл жұмыстың жоспарын ұсынады:
1.Темірдің (ұнтақ күйінде) қасиеттерін зерттеу: а) сырткы
түрі; б) кышкылмен әрекеттесе ме (реакцияның белгісі — иіссіз газ
бөлінуі).
Күкіртті зерттеу.
Күкірт пен темірдің коспасын зерттеу.
4.Күкірт пен темірдің химиялық косылу реакциясын жүзеге
асыру (бұл тәжірибені орындау техникасы бойынша мүғалім нұс-
қаулар береді).
Күкіртті темірдің касиеттерін зерттеу.
Қорытындылар.
Бұл жұмыс химияны оқытудың бастапкы кезеңінде оқушыларда ұзак уакыт өздігінен жұмыс жасау дағдысы жок кезде өткізілетін болғандықтан мұғалім жоспардың әр бөлімі бойынша нұсқау береді және әр бөлім орындалған соң ұжымдық тексеру жүргізеді. Жұмыстың қорытындысын жалпылама әңгімелесуде тұжырымдайды
Бақылау сұрақтары:
Химиялық эксперимент тің таным көзі және тәрбилеу құралы болуын
қалай түсіндіресің?
2.Химиялық эксперимент түрлерінің жіктелу негізі неде?
3.Қандай эксперимен түрі химиялық нысанның қасиеттерін жан-жақты қарастыруға арналған?
4.Эксперименттік практикумның мәні неде?
Сарамандық және зертханалық тәжірибелердің ерекшелігі неде?
Дәріс 5,6. Химиялық эксперименттің әдістемесі.
Жоспары:
1. Көрнекі тәжірибе технологиясы.
2. Лабораториялық тәжірибелерді қою..
3. Практикалық сабақтарды қою..
4. Эксперименттік есептерді шешу.
5. Химиялық ой-эксперименті.
6. Мәселелік оқытуда химиялық эксперимент.
7. Химиялық эксперимент және техникалық құралдар..
1. Көрнекі тәжірибе технологиясы. Химиялық тәжірибелер көрсетудің мақсаты - мектепте бар техникалық құралдарды барынша пайдалана отырып, оқушыларға өтілетін химиялық құбылыстың мэні мен сырткы көрінісін айқын жэне көрнекі гүрде керсету. Мұғалімнің көрсеткен тэжірибесін бақылай отырып, оқушылар қүбылыстың мэнін түсінумен қатар, прибордың қүрылысы, оның бөлшектерінің орналасуы, жеке жұмыстарды орындау реті, жұмысты дүрыс істеу мен құрал - жабдықты дүрыс қолдана білу жөнінде түсіиік алады. Мұғалімнің іс - әрекеті оқушыларды өзіне тартады, оқушылар бақылаған тэжірибені мүғалім істегендей етіп орындауға тырысады. Міне, сондықтан да, тәжірибе көрсету кезінде мұғалім құбылысты көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар прибордың құрылысын айтып, оның әр бөлшегінің атқаратын қызметін (колба, тамызу воронкасы, жуғыш не кептірғіш шөлмек, сіңіру түтігі жэне басқалар) түсіндіріп, оқушыларға жеке жүмыс тэсілдерін үйретеді: сұйық құйылған, қатты зат салынған пробиркалар қалай қыздырылады, пробирка штативке қалай бекітіледі жэне неліктен жалынның қай бөлігімен қыздыру керек, ыстың затқа спирт шам пілтесіп тигізуге балмайтындығы неліктен, қандай жағдайда «ашык отта» қыздыруға болады (сұйық құйылған дөңгелек түпті колба), асбестелген торды, қашан қолдануға болады, спирт шамды қалай жағу жэне қалай сөндіру керек, прибордың газ шығатын түтігі неліктен жоғары (не төмеи) қаратылған, сутегін жинауға арналған ыдыс (цилиндр, стақан) неліктен теңкеріліп, ал көмір қышқыл газын жинауға арналған ыдыс аузы жоғары каратылып қойылады, от алдыру алдында сутегінің тазалығын қалай тексеруге болады т.б.
Тәжірибе көрсетіп тұрғанда орындалатын қосымша жеңіл - желпі жүмыстарға мұғалім оқушылардың назарын аударуы керек; ол жүмыстар: күкіртті жэне фосфорды оттегінде жаққанда қасықта азда болса жанбаған зат қалады. Егер қасықты банкадан суырып алса:. күкірт (фосфор) жана береді, жану продуктысы ауаға тарап. ауаны ластайды. Жалынды үрлеп сөндіруге болмайды. Қасықты жанып түрған затымен бірге су кұйылған стақанға (банкаға) батыру керек жэне өздері тэжірибе жасаған кезде осылай істеуі үшін бұған оқушылардың назарып аудару керек. Егер оқушыларға белгілі бір эдіс не прибордың белгілі бір бөлігі таныс болса, бұл әдісті оқушылар пысықтай түсуі үшін мұғалім тиісті сұрақ қояды.Қандай қызғылықты, қандай түсінікті тілмен ауызша түсіндіру іс жүзінде нақты көрсетуден артық болмайды.
Демонстрациялық тәжірибелер - ең алдымен мына жағдайларда мектепте қолданылатын эксперименттің қажетті түрі:
1. Оқытудың алғашқы сатысында оқушылар тэжірибе жасау техникасын әлі толық білмейтін, сондықтан тэжірибеиі өз бетінше орындай алмайтын кезде. Айрылу реакциясын еткенде суды электр тогымен айыру тәжірибесін жасау керек. VII сынып оқушылары бүл * жүмысты жақсы нүсқау берген жағдайда да орындай алмайды, өйткені ол электр түзеткіпіті қолдана білмейді, оның қандай қызмет атқаратынын білмейді, газдарды жинауды да, оны сынап көруді де т.б. білмейді. Бүл мэселелер жөнінде оқушыларға нүсқау беру, түсіндіру оқушылардың назарын басқаға бүрады, сондықтан бү_л тэжірибені демонстрациялык тәжірибе ретінде ғана көрсетуге болады. Эвдиометрде суды синтездеу тэжірибесі жөнінде де осыны айту керек: бүл тәжірибе техника жөнінде тіпті мүғалімнің өзіне қиынға соғады, қопарылыс болатын тәжірибелерді, мысалы сабын көпіршігінде сутегінің оттегімен қоспасын қопаруды т.б. демонстрация түрінде өткізу керек.
2. Тәжірибе жасалатын приборлар оқушылар үшін күрделі жэне қажетті қүрал - жабдықтар жеткіліксіз болған жағдайда. Мысалы, газометрде газ жинау, Кипп аппаратында сутегін алу тэжірибелері демонстрациялық тәжірибе ретінде өткізіледі, оқушылар бұл приборларды қолдану дағдыларына бірте - бірте кейін үйренеді. Газдардың немесе сүйықтың көп мөлшерін қажет ететін тәжірибелер демонстрация ретінде өткізіледі; мысалы, суда еріген ауаның мөлшерін анықтау, газдардың жақсы ерігіштігінің мысалы ретінде аммиактың жэне хлорлы сутегінің ерігіштігі (фонтан түзе) т.б. кейде мұғалім қажетті реактивтер жеткіліксіздіктен оқушыларға түсінікті тэжірибелердің өзін демонстрация түрінде көрсетуге мэжбүр болады.
3. Уақытты үнемдеу үшін кейде сарамандық тәжірибелер орнына демонстрациялық тәжірибелер жасағанда, оқушылар тәжірибе жасауға, оны демонстрациялап көрсетуге қарағанда, үш есе артық уақытын жібереді. Дегенмен есте болатын бір жағдай -демонстрациялық тәжірибелер қаншалықты жақсы болғанмен, оның оқушылардың білім алуы жөніндегі бағалылығы сарамандық тэжірибеден төмен болады, ал практикалық дағдыларды қалыптастырудағы маңызы тек бақылаумен жэне бақылағандарын есте қалдырумен айқындалады. Сондықтан демонстрацияны басқа эдістерден көп пайдалануға, тіпті эксперименттің бірде - бір түрі есебінде қолдануға болмайды.
4. Қауіпсіздік шараларына сәйкес оқушыларға жүмыс істеуге кейбір заттарды беруге болмайтын жағдайда оқытудың алғашқы сатысында мүндай тэжірибелерге мыналар жатады: бром буының ауадағы, сутегіндегі диффузиясы, эфирдің суда еруі - одан бөлінген буды от алдыру, мыс тотығының айрылуы, мыс тотыгын көміртегі тотығымен тотықсыздандыру, жылытылған суды концентрациялы күкірт қышқылына қүю (сүйылту ережесін өткенде) жэне басқалар.
5. Сыртқы көрінісінің әсері жэне айқындығы жөнінен демонстрация оқушылар жасайтын тэжірибеден артық болған жағдайда.
Оқушылар осындай тәжірибелерді өздері орындай алатын жағдайда да (әрине, жеңілдеу тәжірибелер) демонстрациядан бас тартуға болмайды. Болат сым, фосфор және басқа заттарды оттегі бар ұлкен банкада жағу, дәл осы тэжірибені оқушы столындағы кішкене банкаға жасағанға қарағанда, элдеқайда қызықты. Сутегінің оттегімен қоспасын сабын көпіршігінде қопа-ру, бұл қоспаны пробиркада қопаруға қарағанда, көңілге қонымды. Химиялық реакция кезінде массаның сақталу заңын дэлелдеу үшін үлкен демонстрациялық таразыға өлшеп көрсетілген сандық тэжірибе (ерітінділерді бір-біріне араластыру, колбада фосфорды жагып өлшеу жэне басқалар), темір жоңқаларын жабық пробиркада қыздырып, аптека таразысында өлшеи жасаған оқушының тәжірибесіне қарағанда, кызғылықты келеді. Осыған сүйене отырып кейбіреулер қызғылықты демонстрациялық тэжірибеден кейін оларды оқушы столында кайталаудың ешбір мәні жоқ деген пікір айтады. Бүл өте қате пікір. Тәжірибе оншалықты қызғылықты болмағанымен, оны окушылардың өздері жасағандықтан, тиісті нәтижеге ие болады.
3 - сурет. Суда еріген ауаның мөлшерін анықтау (тәжірибенің бір варианты).
Кейде алдымен тәжірибе демонстрациясын көрсету керек пе, элде оқушылардың практикалық жұмысын жүргізу керек пе деген сүрак туады. Барлық жағдайда алдымен демонстрациялық тэжірибе көрсеткен тиімдІрек, өйткені оқушылар оны бақылай отырып әз беттерінше жүмыстеуге қажетті ксйбір жүмыс одістерін үйренеді.
Дегенмен курстың кейбір тарауында демонстрациялық тәжірибелер көрсетудің қажеті жоқ, оның барлық комплексін сарамандық жүмыс жэне практикалық сабақ ретінде орындау керек.
Ерімейтіи негіздердің қышқылдармен эрекеттесуі, қышқылдар мен негіздердің ерітінділерінде индикатор түсінің өзгеруі, судағы ерітінділерде түздар арасындағы алмасу реакциясы тәрізді жеңіл тэжірибелерді оқушылар алдын ала демонстрациялық тәжірибелер көрсетпей-ақ қиналмай орындайды.
Осы кезде қолданылып жүрген программада эр тақырыптан кейін тэжірибелер тізімі келтірілген, бірақ олар демонстрациялық және сарамандық тәжірибелер деп бөлінбеген. Эксперименттің бүл түрлерін қандай қарым-катынаста қолдану қажеттігін нақты жағдайға сәйкес мұғалім белгілейді. Ал, егер мұғалім ерімейтін негіз, ерімейтін тұз тұнбаларының түзілуін, иидикатор түсінің өзгеруін т.б. көрсеткісі келсе, мұндай тәжірибелерді экран (кара не ақ), жылжымалы стол пайдалана отьгрып химиялық стақанда, жалпақ колбада көрсету керек.
Жарықты бүйірінен түсіру немесе шыныдан жасалған жэшіктің төменгі жағынан түсіру не кішкене рефлектор қолдану өте пайдалы (жарык, бағытын бүрғышы не қалпағы бар электр лампысы). Тұнба мен ерітіндінің аз мөлшерін кэдімгі пробиркада көрсету, сарамандық жүмыстармен салыстырғанда, қызықтығы былай түрсын, тіпті пайдасыз, ал кейде зиянды да болады, өйткені олардан оқушылар зат жөнінде теріс үғым алады. Ішінде болмашы зат бар пробирканы сыныпты аралап жүріп оқушыларға көрсетудің де ешбір пайдасы жок.
Тәжірибені қалай болса солай олақ, үстірт көрсету оқушылардың ынтасын түсіреді, олар сарамандық тәжірибелерге, практикалық сабақтарға немқүрайды қарай бастайды, ал бүл ақырында химия пэніне оқушылардың көңілін суытады. Демонстрациялық экспериментке қойылатын негізгі талап - тэжірибенің көрнекілігі мен айқындылығы. Химия курсын өтудің алғашқы сатысында тәжірибе демонстрациясы кезінде үлкен күрделі приборларды, артық тетіктерді қолданбау керек.
Кипп аппаратының қалай дүрыс қойылатындығы көрсетілген. Жүмыс тэжірибесі аз жас мүғалім кейде таразыны, штативті жэне басқа приборларды столға дүрыс қоймайды, приборларды бір-біріне қатысты дүрыс орналастырмайды. Приборлардың бет жағын оқушыларға қаратып қою керек.
Мектепте өткізілетін эксперименттің барлық түріне қойылатын бір талап - қауіпсіздік шараларын бүлжытпай орындау. Жұмысқа немқүрайлы қарайтын мұғалім мен оқушының орындаған тіпті қауіпсіз тэжірибесінің өзі қауіпті болып шығуы мүмкін
Мектеп кабинетінде лап етіп жанған отты сөндіру үшін құм мен су, жанған киімді өшіру үшін одеяло не брезент болуы керек. Кабинетте не кабинетке жақын жерге өрт сөндіргішті іліп қою қажет. Мүғалім тәжірибені дайындау жэне көрсету кезінде қажет болса қорғауыш көзілдірік, қолғап киюі керек.
Тері күйгенде және басқа зақым түскенде алғашқы жэрдем кәрсету үшін марганец қышқыл калий ерітіндісі (күйген жерді үрту үшін), теріге, киімге тиген қышқылды нейтралдауға соданың 5 проценттік ерітіндісі, осы мақсатка аммиактың 10 проценттік ерітіндісі, көзді жууға соданың 2 проценттік ерітіндісі, бір жерді кесіп алғанда жәрдем кэрсету үшін иодтың 5 проценттік ерітіндісі, мақта, бинт болуы керек. Жүмыс кезіндегі қауіпсіздік сақтаудың негізгі ережелері оқулықта келтірілген. Бұл ережелерді оқушыларға әбден түсіндіру және мүлтіксіз орындауларын қадағалау керек.
2. Зертханалық тәжірибелерді қою.
Зертханалық тәжірибелер – оқу материалын өнімді түрде игеруде және нақты әрі берік білім алуда сабақтың кез келген кезеңінде жүргізілетін - өздік жұмыстың түрі. Сонымен қоса, зертханалық тәжірибелер кезінде оқушылар өздігімен жасайтындықтан оларда эксперименттік біліктілік пен білімділік, дағды қалыптасады. Тәжірибені орындай барлық сабақты толықтай қамтымай, тек бір бөлігінде ғана жүріп өтеді. Зертханалық тәжірибелер көбіне заттардың физикалық және химиялық қасиеттерімен танысу үшін, теориялық түсінікті нақтылау үшін, ал ең ситек жағдай- жаңа білім алуда жүргізіледі. Соңғылары оқушылар өздігімен шешуге тиісті, нақты танымдық тапсырмаларда қалыптасады. Бұл оқушылардың ойлау шығармашылығын белсендеретін – зерттеу элементі болып табылады.
Сарамандық жұмыстарға қарағанда зертханалық тәжірибелер аздаған фактілермен таныстырады. Сондай- ақ сарамандық жұмыс тәрізді оқушылардың назарын толық қамтымайды. Себебі өздігімен жасалған жұмыс соңы мұғалімнің түсіндіруімен жалғасады.
Зертханалық тәжірибелер мұғалім түсіндірген оқу материалына сәкес жүріп отырады, соның нәтижесінде оқушыларда зат қасиеті және химиялық процесс жайында түсінік пайда болады, құбылыстарды бақылауға және қабылдауға үйретеді. Демонстрацилық эксперименттердің көпшілігі : экспеименттік біліктілік пен дағдыны қалыптасатырады. Алайда кез келген тәжірибе зертханалық болмайды (мысалы аммик синтезі) және барлық зертханалық тәжірибелер демонстрациялық эксперименттен эффективті болмайды. Кейбір зертханалық тәжірибелерді жүргізу үшін көп уақыт қажет болады, және уақыттың жалғасуы оқушылардың біліктіліктері мен эксперименттік дағдыларына тәуелді болады.
Зертханалық тәжірибенің негізгі мақсаты- оқушыларды өтілген материалмен неғұрлым тез таныстыру. Бұл жағдайда қолданылатын тахника оқушылардың 2- 3 операция орындауларымен тең келіп , практикалық біліктілік пен дағдының формирленуіне шектеу болады.
Зертханалық тәжірибелерге дайындық демонстрациялық экспериментке қарағанда жоғары жауапкершілікпен жүргізілуі керек. Себебі, ескермеушілік пен салғырттық сынып дисциплинасының бұзылуына әкелуә мүмкін.
Зертханалық тәжірибелерді әр оқушының өздігінен орындауларына жағдай жасау қажет, тіпті болмаған жағдайда құрылғының бір комплекті минимум екі оқушыға ортақ болғаны жөн.
3. Эксперименттік есептерді шешу.
Экспериментттік тапсырмада – тек тапсырма көрсетіліп, ал эксперименттің жүргізілуі мен жолын оқушылар өздігінен анықтайды. Бұл оқушыларлан тек ьеорилық білімнің белсенділігін ғана емес , сонымен қоса эксперименттің технологиялық біліктілігін де талап етеді.
Экспериментальды тапсырманың негізгі мақсаты- практикда алынған біліммен байланысты жүйелі жаттығуларды орындау, түрлі зерттеулерге қажетті экспериментальды білікітлік пен дағдыны қалыптастыру.
Сарамандлық жұмыс пен зертханалық жұмыстан айырмашылығы эспериментальды тапсырманы бүкіл оқу жылы бойы, кез келген сабақтарда, бақылауларда да жүргізуге болады. Экспериментальды тапсырма жеке, топпен немесе сыныппен орындалуы мүмкін. Бұл тапсырманы орындау теориялық шешімді өздігімен ізденуге баулыйды.
Танымдық жағынан есептермен салыстырғанда экспериментальды тапсырма құндырақ. Себебі, мұндай тапсырманы орындауда тек есеп шығарылып қана қоймай , сол есептерге сәйкес тәжірибелер жасалынады.
Экспериментальды тапсырмаларды орындату кезінде мұғалім оқушылардың өтілген материал бойынша білімдерінің қаншалықты қалыптасқандығын, және ол білімді практикада қалай қолдана алу мүмкіншіліктерінің қаншалықты дәрежеде екендігін бақылай алады. Нәтижелерді талқылау қателерді тауып түсіндіруге, кемшіліктерді жөндеуге, олардың себептерін талқылауға мүмкіндік береді .
Құрамы бойынша экспериментальды тапсырмалар келесідей болып бөлінеді:
физикалық және химиялық құбылыстарды бақылауға және түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, « Қандай физикалық және химиялық қасиетіне қарап полиэтилен мен полистиролды анықтауға болады. берілген ыдыстарда осы заттардың қаысысы орналасқан?»
зат синтезіне және реакцияның жүру ждағдайын алдын ала анықтау немесе түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, « Столда бар реактивтерден: мыс(//) оксиді , су , мыс(//) хлориді, натрий гидроксиді және нартий хлоридінен екі жолмен мыс(//) гидроксидін алыңдар. әр реакцияның жүру жағдайын көрсетіңдер.»
заттарды тану және олардың өзіне тән қасиеттерін түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, « сапалық реакция арқылы қай пробиркада крахмал, қай пробиркада глюкоза бар екенін анықтап, олардың химиялық қасиетін түсіндіріңдер»
заттардың сапалық құрамын анықтап, олардың қасиеттерін сипаттауға арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, сапалық реакция арқылы берілген заттың алюминий хлориді екенін анықтап, оның химиялық қасиетін атаңдар.
Берілген өнімдегі қоспаларды анықтап, анықтау жолын түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, мыс купоросының құрамында натрий хлориді барын анықтаңдар. Оны анықтауға жолдың таңдалу себебін түсіндіріңдер.
Затты таза күйінде қоспалардан бөліп алу, сол бөліп алу әдісінің тиімділігін түсіндір. Мысалы, полиэтлен және темір ұнтақтары бар қоспалардан ас тұзын бөліп алу.
Заттардың классификациясын нақтылап, оларға анықтама беругше арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, аминосіркеқышқылы аминқышқылдарына жатпайтынын анықтаңдар. Заттардың осы класына анықтама беріңдер.
Сапалық реакция жүргізу және оладың типтік қасиеттерін түсіндіру. Мысалы, сапалық реакция көмегімен глюклзаны анықта. Оның типтік химиялық қасиетін атаңдар.
әр түрлі массалық уүлестегі ерітінділерді дайындау және дайындалу жолын түсіндіруге арналған экспериментальды тапсырма. Мысалы, 3 пайыздық массалық үлесі бар 300 г. нарий гидрокарбонатаның ерітіндісін дайында. Және не үшін ерітінді дайындау кезінде алдымен зат салынып, кейін барып су құйылады. Ал неге керісінше жасауға болмайтындығын түсіндіріңдер.
Эспериментальды тапсырмаларды сапалық және есептік эксперимент деп бөліп қарастырады. Сапалық эксперимент тәжірибелік жолмен шешіледі онда сандық бейнелер берілмеген. Мысалы, тәжірибелік жолмен темір сульфатындағы сульфат иондарының мөлшерін анықта.
Ал, есептік эксперименттік тапсырмаларды шешу үшін тәжірибе орындаумен қатар белгілі экспериментте берілген мәндерді өңдек керек. Мысалы, темір (ІІІ) гидроксидінің тұнбасын алып, түзілген тұнба массасы бойынша оны алуға қажетті ерітінді массасын анықта. Бұл жердегі КОН массалық үлесі 0,1н. ( 10 пайыз).Есептік және эксперименттік тапсырмалардың жоғары формасы екі тапсырманың да ең жақсы қасиеті шоғырланған – есептік эксперимент болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |